
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ауганбаева Мая Амиржановна «8D02310 – Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша «Бұқаралық коммуникация саласындағы лексикалық универсалийлердің когнитивті-прагматикалық аспектісі» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Шетел филология кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Оразалиева Эльмира Нұрланқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының академиялық қызмет жөніндегі вице-ректоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Куркимбаева Айжан Муратовна – PhD, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Саурбаев Ришат Журкенович – филология ғылымдарының кандидаты, шетел филологиясы кафедрасының профессоры, «Торайғыров Университеті» КеАҚ (Павлодар қ., Қазақстан Республикасы);
Нефедова Лилия Амиряновна – филология ғылымдарының докторы, профессор, лингвистика және аударма факультетінің деканы, «Челябі мемлекеттік университеті» ФМББМ ЖОО (Челябі қ., Ресей Федерациясы);
Гүлназ Төкенқызы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы “Тіл- қазына” ұлттық ғылыми практикалық орталығы Қолданбалы лингвистика бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Анафинова Мадина Латыповна – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Астана халықаралық университеті (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Шафиков Сагит Гайлиевич – филология ғылымдарының докторы, Ғылым және технология университетінің профессоры (Уфа қ., Ресей Федерациясы).
Қорғау 2025 жылғы 25 маусым, сағат 10:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D02310 – Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша «8D023 – Тілдер және әдебиет» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас форматта (оффлайн және онлайн) өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/88645612239?pwd=jxhMZK3CxPD9FAUS3ka8b7bMg76iL1.1
Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі, 2, Бас ғимарат, Мәжіліс залы, № 302 ауд.
Аңдатпа (қаз.): Ауганбаева Мая Амиржановнаның 8D02310 – Шетел филологиясы білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған «Бұқаралық коммуникация саласындағы лексикалық универсалийлердің когнитивті-прагматикалық аспектісі» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі тіл білімі саласында универсалийлерді әмбебап манифестациялық ойлаудың ерекше формалары ретінде жеке тілдердің мысалдары негізінде зерттеу бүгінгі таңда маңызды ғылыми мәселе болып табылады. Тілдік универсалийлерді зерттеу тілдің идиоэтникалық ерекшелігі туралы мәселе тұрғысынан да өзекті. Этникалық мәдениет өзінің негізгі функцияларынан басқа, адам санасында әлемнің тілдік бейнесін реттейтін «схемалайтын» механизм болып табылады. Әр адамның санасында бар әлем бейнесі өзінің әлеуметтік-мәдени ортасымен бөлісетін, әлемнің бейнесін сөзбен бейнелейтін белгілі бір реттелген идеялар жүйесіне ие. Тілдердегі бірегейлілік пен әмбебаптық құбылыстарды зерттеу аясында ғалымдар барлық тілдерде белгілі бір лексикалық универсалийлермен бірге, бұқаралық ақпарат құралдарына белгілі бір қоғамдық пікір қалыптастыра отырып, бұқаралық санаға әсер етуге мүмкіндік беретін уникалийлердің бар екенін анықтады. Сонымен қатар, кейбір тілдерде лексикалық универсалийлерді дискурстың әртүрлі түрлерінде, соның ішінде медиадискурста қолдану мүмкіндігі басқаларға қарағанда едәуір кең, бұл олардың күрделілік дәрежесіне, идиоэтникалық, сондай-ақ, көптеген экстралингвистикалық факторларға байланысты. Жоғарыда айтылған мәселелердің салдарынан бұқаралық коммуникация саласындағы лексикалық универсалийлерді когнитивті-прагматикалық аспектісі тұрғысынан зерттеу жұмыстың өзектілігін арттыра түседі. Осы орайда, лексикалық универсалийлердің когнитивті-прагматикалық аспектісін зерттеу үшін олардың формасы мен субстанциясының ажырамас жұбы тіл ғана емес, сонымен бірге, жоғары бірлік – тілдің, сөйлеу қарым-қатынасының және адамның белсенді бірлігі басты назарда болады. Бұл үшбірлік адамға нақты әлемде өмір сүруге, ойлауға және тануға, айналасында құндылық-семантикалық кеңістік – адамзат мәдениеті мен өркениетінің ортасын құруға мүмкіндік береді. Мұның бәрі бұқаралық ақпарат құралдарының белгілі бір лексикалық универсалийлерді қолданудың арқасында қоғамдық пікірді басқарумен байланысты негізгі мақсатына жетуінің міндетті шарты болып табылатындығын атап өту керек. Сонымен қатар, қазіргі уақытта тақырып бойынша қызығушылықтың артуына қарамастан, бұқаралық коммуникация саласындағы лексикалық универсалийлерді когнитивті-прагматикалық талдау мүмкіндіктерін қарастырған зерттеулер жоқтың қасы. Тілдің әмбебап, сондай-ақ, идиоэтникалық бірліктерін талдау мадиадискурсты құрылымдаудың ұлттық-мәдени ерекшелігін өзектендіруге мүмкіндік береді. Зерттеудің нысаны – ағылшын және қазақ тілдерінің ақпараттық кеңістігіндегі лексикалық универсалийлер. Зерттеу пәні – бұқаралық ақпарат коммуникация саласындағы лексикалық универсалийлердің когнитивті-прагматикалық ерекшеліктерін зерттеу. Зерттеу жұмысында қолданылған әдістер. Диссертацияның мақсаты мен міндеттеріне, жалпы зерттеудің пәнаралық сипатына сәйкес интегративті, салыстырмалы-салғастырмалы, дистрибутивті, дескриптивті (сипаттамалық), компоненттік, идиографиялық (грек тілінен ἴδιος – ерекше, γράφω – жазамын), лингвокогнитивті-семантикалық, прагматикалық талдау әдістері, сонымен қатар, сауалнама қолданылады. Сондай-яқ, жалпылау, жүйелеу және топтастыру жалпығылыми әдістер мен тәсілдер пайдаланылады. Зерттеу жұмысының мақсаты: ағылшын және қазақ медиамәтіндерінде бұқаралық коммуникация саласындағы лексикалық универсалийлерді салыстырмалы-салғастырмалы талдау жүргізе отырып, олардың когнитивті-прагматикалық ерекшеліктерін сипаттау. Осы мақсатты жүзеге асыру және болжамды верификациялау үшін төмендегідей міндеттер қойылады: ‒ бұқаралық коммуникация саласындағы лексикалық универсалийлердің когнитивті-прагматикалық аспектісін зерттеу мақсатында, зерттеулердің теориялық және әдіснамалық негіздерін анықтау үшін отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне аналитикалық шолу жасау; ‒ бұқаралық ақпарат құралдарындағы лексикалық универсалийлердің когнитивті-прагматикалық зерттеудің рөлін, артықшылықтарын, негізгі тәсілдері мен перспективалық бағыттарын анықтау; ‒ ағылшын және қазақтілді ақпарат құралдарынан лексикалық универсалийлерді теру, жинақтау; ‒ лексикалық универсалийлердің әмбебап және идиоэтникалық сипаттамаларын анықтау, олардың ерекшелігін көрсету; ‒ бұқаралық ақпараттық кеңістіктің медиадискурсын салыстырмалы-салғастырмалы аспектідегі лексикалық универсалийлерді зерттеу нысаны ретінде сипаттау; ‒ зерттеу нәтижелерін ғылыми қолданысқа енгізу жолдарын қарастыру. Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы: ‒ бұқаралық ақпарат құралдарындағы лексикалық универсалийлердің когнитивті-прагматикалық мәнін, заңдылықтарын және жұмыс істеу принциптерін түсінудің жан-жақты тәсілдері жүйеленеді; ‒ лексикалық универсалийлердің когнитивті-прагматикалық функциялары сипатталып, салыстырмалы-салғастырмалы аспектіде ағылшын және қазақ тілдерінің лексикалық универсалийлер талданды, нәтижесінде олардың әмбебап және идиоэтникалық ерекшеліктері айқындалады; ‒ тілші ғалымдардың таным теориясына қатысты пікір-көзқарастары, тұжырымдары жүйеленіп, бүгінгі ғылым талабы мен бағыты тұрғысынан талданды, олардың маңызы дәлелденеді; ‒ ағылшын және қазақ медиа кеңістігіндегі медиамәтіндердің лексикалық универсалийлердің когнитивті-прагматикалық сипатын талдауға кешенді көзқарас ұсынылады; ‒ зерттеу жұмысының нәтижесінде «Лингвистикалық типология және тілдік универсалийлер» таңдау пәнінің оқу-бағдарламасы құрастырылады. Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы. Зерттеу жұмысының теориялық маңызы және оның ғылыми жаңашылдығы мен өзектілігіне негізделеді. Зерттеу нәтижелері лексикалық универсалийлерді салыстырмалы когнитивті-прагматикалық талдау тұрғысынан тереңірек түсінуге мүмкіндік береді, бұл тіл білімінің басқа салаларымен байланыс орнатуға жол ашады. Осылайша жұмыстың қорытындылары медиадискурста лексикалық универсалийлерді қолданудың когнитивті және прагматикалық аспектілерін айқындап, тіл мен мәдениет арасындағы байланыстарды зерттеуге жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Зерттеу жұмысының нәтижелері теориялық тұрғыдан қазақ тіліндегі лексикалық универсалийлерді зерттеу арқылы ұлттық тілдік ерекшеліктер мен жалпы тілдік заңдылықтарды түсінуге көмектеседі. Сондай-ақ, бұл жұмыс тілдік типология мен когнитивті лингвистика саласындағы зерттеулерге үлес қосады. Сонымен қатар, диссертацияның материалдары аталмыш мәселеге қатысты ғылыми қызығушылықты арттырып, болашақ зерттеушілерге зерттеудің жаңа бағыттарын ашып, мәселені тереңірек зерделеуге мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу нәтижелерін білім беру және қолданбалы мақсаттарда тиімді пайдалануға болады. Тұжырымдар мен нәтижелер білім беру саласында лингвистика, лингвомәдениеттану және басқа да оқу пәндеріне арналған оқу материалдарын құрастыруға негіз болады. Сондай-ақ, көптілді білім беру бағдарламаларында лексикалық универсалийлерді тиімді түрде оқыту әдістемесін әзірлеуге мүмкіндік береді. Қолданбалылық жағынан зерттеу жұмысы бұқаралық ақпарат құралдары мәтіндерінде лексикалық универсалийлерды қолдану стратегияларын жетілдіруге ықпал етеді. Сонымен қатар бұл нәтижелер медиа тілінің когнитивті-прагматикалық ерекшеліктерін ескере отырып, көптілді аудиторияға арналған коммуникация тиімділігін, қолданыс деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Зерттеу қорытындылары журналистика, аударма ісі, тіл саясаты және мультимедиалық контент жасауға кеңінен қолданылады. Зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: 1. Әр мәдениеттің ұлттық код жүйесінде сол мәдениетке тән негізгі, әмбебап және идиоэтникалық кодтарды, уникалийлерді бөліп көрсетуге болады. Мұндай кодтар осы лингвомәдениетте стереотиптік бейнелердің пайда болу себептерін түсіндіруге мүмкіндік береді және сол арқылы мәдениеттің өкілінің тәжірибесі мен білімі көрінеді. 2. Әлемнің тілдік бейнесінің ерекшелігін көрсететін тілдің әмбебап және идиоэтникалық бірліктерін сипаттау және анықтау лингвистикадағы әртүрлі тәсілдерді біріктіруді қажет етеді: когнитивті-прагматикалық, динамикалық, мәдени, функционалды, компоненттік, прототиптік және басқалар. Ол зерттеу мазмұнының объективтілігі мен тереңдігін қамтамасыз етеді. 3. Тілдің когнитивті-прагматикалық парадигмасы үш қасиетке ие: антропоцентрлік мәні, белсенділік табиғаты және динамизм. Лексикалық универсалийлерді және олардың стратификацияларын зерттеуге когнитивті-прагматикалық тәсілдің ерекшелігі мен артықшылықтары дамып келе жатқан лингвистикалық теорияның барлық компоненттерінің антропоцентрлік бағытына негізделеді. 4. Бұқаралық ақпарат құралдары мәтіндеріндегі лексикалық универсалийлердің семантикалық тұрғыдан ұлттық-мәдени сипаты басым, тілдегі медиадискурста когнитивті-прагматикалық аспектісі әр тілдің өзіндік құрылымдық ерекшеліктеріне сәйкес талдануы тиіс. 5. Әлемнің әмбебап бейнесін білу және түсіну тіл біліміндегі тіл мен сананың арақатынасы мәселелерін, әлемді тұжырымдау мен категоризациялаудағы тілдің рөлін, олардың өзара әрекеттесу формалары, танымдық процестер мен адам тәжірибесін жалпылаудағы рөлін, адамның жеке танымдық қабілеттерінің тілмен байланысын зерттеу үшін білім беру үдерісіне лингвистикалық типология және тілдік универсалийлерге қатысты таңдау пәнін енгізу қажет. Зерттеу жұмысының жариялануы мен талқылануы. Зерттеу жұмысының басты нәтижелері 12 ғылыми мақалада көрініс тапты. ҚР ҒЖМБ Ғылым және жоғары білім саласындағы бақылау комитеті (ҒЖБСБК) ұсынған тізімге енетін журналдарда 4 мақала, шетелдік халықаралық конференцияларда 7 мақала, Scopus базасына енгізілген журналда 1 мақала жарияланды. Диссертациялық жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Шетел филологиясы кафедрасы мәжілісінде талқыланып (24 ақпан, 2025 ж.) қорғауға ұсынылды. Диссертациялық жұмыстың қысқаша мазмұны Диссертациялық жұмыстың кіріспесінде зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны, зерттеу пәні, зерттеудің теориялық және практикалық маңызы, зерттеу әдістері, зерттеудің ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар, зерттеу жұмысының жариялануы мен талқылануы қамтылды. Диссертациялық жұмыстың «Лексикалық универсалийлерді когнитивті-прагматикалық зерттеудің теориялық және әдіснамалық» атты бірінші тарауы бес тараушадан тұрады. Тарауда тілдік универсалийлердің зерттелуі, негізгі теориясы баяндалады. Тіл білімінің бүкіл даму кезеңінде ғалымдар тілдерде әмбебап белгілердің болуына назар аударуда, алайда әмбебаптылықтың өзі 20 - ғасырдың екінші жартысында ғана лингвистикалық зерттеу бағыттарының бірі ретінде пайда болды. Тілдік универсалийлер бірнеше лингвистикалық пәндер үшін өте маңызды, сондықтан тіл білімінде семантикалық универсалийлерге қызығушылық арта түсуде. Лингвистикалық (тілдік) универсалийлер - бұл барлық немесе көптеген тілдерге ортақ тілдік құбылыстар. Тілдік универсалийлер мәдениетке, нәсілге, тілге және т.б. тәуелді болмайтын ойлаудың әмбебап заңдылықтарын көрсетін құбылыс. Лингвистикалық типологияның стратегиялық міндеті - универсалийлерді анықтау және түсіндіру. Алғаш рет лингвистикалық универсалийлердің проблемасы әйгілі «Лингвистикалық универсалийлер туралы меморандумда, Дж. Гринберг, Ч. Осгуд және Дж. Дженкинстар қарастырды». Онда универсалийлер кез келген тілге тән қасиеттер мен тенденциялар туралы жалпыланған мәлімдемелер ретінде анықталған болатын. Сондай-ақ, Гумбольдт та өз еңбектерінде әрбір жеке тілде басқа тілде қайталанбайтын, таза ұлттық элементтердің болуын және дәл осы салыстырмалы тіл білімі белгілі бір тілдің ұлттық ерекшелігінің тереңдігін анықтауға және сезінуге мүмкіндік беретінін атап өтеді. Гумбольдт бұл туралы: «Өз тілімен органикалық түрде тоқылған көптеген ұғымдар, сондай-ақ ерекше грамматикалық ерекшеліктер бар, олар барлық тілдердің ортақ меншігі бола алмайды және бұрмаланбай басқа тілдерге ауыса алмайды. Сондықтан әр тілдің мазмұнының едәуір бөлігі берілген тілге сөзсіз тәуелді, сондықтан бұл мазмұн оның өрнегіне немқұрайлы қарай алмайды» деп жазды. Екінші тарау «Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары тіліндегі лексикалық универсалийлердің когнитивті – прагматикалық талдауы» деп аталады. Бұқаралық ақпарат құралдары қазақстандық қоғамның ментальді кодын айғақтаушы негіз болып табылады. БАҚ тілі – тілдік материяның динамикасын айқын көрсететін зерттеу нысаны екені сөзсіз. Медиа мәтіндерде зерттеудің лингвокогнитивтік аспектісін өзектендіретін әлемнің бір немесе одан көп бейнесі жасалады. Когнитивті лингвистика тілді концептуалдау және категоризациялау мәселелерімен бірге зерттейтіндіктен, медиатекстер лингвокогнитивті зерттеулер жүргізу үшін баға жетпес материал болып табылады. Бұл туралы біз жүргізген БАҚ тілінің когнитивті және прагматикалық аспектісін зерттеуді бағалауға мүмкіндік береді, нәтижесінде: қазақстандық қоғамның ментальді кеңістігіне сәйкес келетін ақпарат кодталатын әлем туралы білімді ұсынудың «тұлға/ personality», «зұлымдық/ evil» ұғымдарының когнитивтік форматтары анықталды. Тұтастай алғанда, мәдени код – ұлттық менталитеттің көрінісі болып табылады. Ол ұлттық бейнелер, тіл, руханият, халықтың салт-дәстүрлері мен құндылықтары негізінде қалыптасады. Ұлттың мәдени коды өткеннің жәдігері ретінде емес, қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған озық және өміршең тәжірибесінің квинтэссенциясы ретінде ерекше өзектілікке ие. Зерттеу жұмысын орындау барысында мәдени кодтардың келесі ерекшеліктерін анықтаймыз: 1) адамның санасында шоғырлануы; 2) ұлттық мәдениетті сақтау және ұрпаққа жеткізу құралы болуы; 3) әлемнің концептуалдық бейнесінің элементі болуы; 4) универсалдық сипатқа ие қасиеті; 5) ұлттық ерекшелігімен сипатталауы; 6) тілдік бірліктерде, біздің жағдайымызда – лексикалық универсалийлерде орын алуы. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін ментальді ақпарат және коммуниканттар арасында жүзеге асатын медиа-коммуникация ғаламның медиа бейнесін құрайды, ол медиатизация үдерісіне әкеліп отыр, яғни бұқара санасына түрлі когнитивтік құрылымдар арқылы ықпал ету. Ғаламның медиа бейнесі адресант – адресат қатынасын есепке ала отыра қоршаған әлем құбылыстары мен оқиғаларын модельдеу бойынша когнитивтік лингвистиканың аясына кіретін ментальді-когнитивтік әрекеттің нәтижесі ретінде қарастырылады. Зерттеу жұмысының қорытындысы: Зерттеу лексикалық универсалийлердің когнитивті-прагматикалық қызметі дәстүрлі және жаңа бұқаралық ақпарат құралдарында маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Универсалийлер – ақпараттың тиімді және жылдам таралуын қамтамасыз ететін құрал. Бұл тілдік бірліктер қарапайымдылығы мен әмбебаптығының арқасында тыңдаушылардың да, оқырмандардың да ақпаратты түсінуін жеңілдетеді. Сонымен қатар, жаңа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттың тез таралуы когнитивті жүктемені төмендетіп, қол жетімділікті арттырады. Жоғарыда айтылған тұжырымдарға сүйене отырып, біз зерттеген тілдердегі әмбебап және идиоэтникалық бірліктер әрқашан бір-бірімен тығыз параллель болады деп тұжырымдаймыз. Сонымен қатар, егер біз универсалийлердің функцияларын кез келген салада, мысалы, бұқаралық ақпарат құралдарында, саясатта, әдебиетте, өнерде және т.б. пайдалану деңгейінде бақылай алсақ, онда бірегейлік (уникалий) туралы сөз болғанда, олардың жұмысын бақылау өте қиын, өйткені оларды белгілі бір мәдениеттің өкілдері қабылдау деңгейін ескеру қажет. Мұнда белгілі бір контексте бір немесе басқа бірегейлікті коннотативті, когнитивті, прагматикалық және әлеуметтік қабылдау маңызды. Зерттеу жетістіктері мен перспективалары. Әлемдегі қайшылықтардың күшеюі жағдайында, ең алдымен, әлем бейнесіндегі айырмашылықтарға байланысты, әлемнің тілдік бейнесін, оның ішінде әлемнің лингвистикалық универсалийлерінің ерекшеліктерін салыстырмалы түрде зерттеу, тіл біліміндегі тәуелсіз ғылым мәртебесін ала алады. Зерттеудің перспективасы – ғылымның міндеттерін сәтті шешу әр түрлі ғылымдарды ғана емес, сонымен қатар, әр түрлі мемлекеттердің ғалымдарын біріктіруді қажет ететіндігінде көрінеді. Диссертация мазмұны бойынша жарияланған еңбектер: Зерттеу жұмысының басты нәтижелері 12 ғылыми мақалада көрініс тапты. ҚР ҒЖМБ Ғылым және жоғары білім саласындағы бақылау комитеті (ҒЖБСБК) ұсынған тізімге енетін журналдарда 4 мақала, шетелдік халықаралық конференцияларда 7 мақала, Scopus базасына енгізілген журналда 1 мақала жарияланды: Web of Science Core Collection, Scopus халықаралық рецензияланатын журналдарда – 1 мақала: 1. Linguacultural and cognitive peculiarities of linguistic universals // Journal of Psycholinguistic Research. – 2024. - Volume 12, Issue 1. 53:3. (Scopus Author ID: 58819939700 Әлеуметтік ғылымдар, лингвистика және тіл білімі бойынша процентилі 90% Q1). Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда – 4 мақала: 1. Парадигмалық трансформация аясындағы лингвистикалық универсалийлерді зерттеудің негізгі тенденциялары // Қазақстанның ғылымы мен өмірі. – 2019. - №12(2). – Б. 224-228. 2. Linguo-cultural aspects of studying the national-cultural specifity of language // Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы. – 2020. - №4/1. – Б. 58-63. 3. Тілдік универсалийлерді анықтаудың интерлингвалды ерекшеліктері // Қазақ бiлiм академиясының баяндамалары. – 2020. - №4. – Б. 361-371. 4. Антропоцентрлік парадигма мәселелері мен тілдік универсалийлердің когнитивті аспектісі // Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. – 2024. - №3(148). – Б. 29-43. Отандық және халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинақтары мен шетелдік ғылыми журналдарда – 7 мақала: 1. Concepts of language universals in modern linguistics // Научные исследования XXI века. – 2019. - №2(2). – Б. 335-339. 2. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы лексикалық универсалийлердi анықтаудың когнитивтi аспектiсi // Горизонты современной лингвистики: тренды и научный диалог: атты профессор Э.Д. Сүлейменованың педагогикалық қызметінің 50 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция материалдары (Алматы, 2020. – Б. 76-82). 3. Language and language universals in understanding the world from the perspective of cognitive science // Global Challenges – Scientific Solutions II: international scientific conference (Бельгия, 2020. – Р. 346-352). 4. Peculiarities of the national language worldview and universal concepts in human cognitive system // 7th International Scientific and Practical Conference «Challenges in Science of Nowadays» (Washington, USA: EnDeavours Publisher, 2020. – Р. 614-621). 5. Әлемнің тілдік бейнесі және концепт лингвистикалық универсалийлерді анықтаудың негізі // Current trends in the development of science and practice: 17th International Scientific Conference (Хайфа, 2021. – Р. 167-173). 6. А. Байтұрсынов мұрасы: бұқаралық ақпарат құралдар – тілдік универсалийлерді зертеудің негізі // Ахмет Байтұрсынұлы: Тіл мен әдебиет мәселесі: халықаралық ғылыми-практикалық конференция (Ташкент, 2022. – Б. 90-95). 7. The problem of determining the essence of language universals // Ғылыми ойды жаңғырту және инновациялық даму жағдайындағы заманауи ғылым парадигмасы: теория мен практика: 17-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (Қостанай, 2023. – Б. 578-584).
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/8u0pb9p4ygE
