
«6D020300 - Тарих» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ахметшина Гульден Уалихановна диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ахметшина Гульден Уалихановна «6D020300 – Тарих» мамандығы бойынша «Қазақстан Республикасы Ұлттық Архивінің қорларындағы тәуелсіздік тарихының мәселелері» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қазақстан тарихы кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Рецензенттер:
Калменов Мурат Дабылович - философия докторы (PhD)
Тәжекеев Әзілхан Әуезханұлы - философия докторы (PhD), Ұйым
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Қожа Мұхтар Бақадырұлы - ғылым докторы
Ақымбек Ералы Шардарбекұлы - философия докторы (PhD)
Табалдыев Кубатбек Шакиевич
Касенов Марат Сейтжанович - ғылым кандидаты
Ғылыми кеңесшілер:
Алпысбес Махсат Алпысбесұлы
Жеребцов Игорь Любомирович
Қорғау 2023 жылғы 18 қазан, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6D020300 – Тарих» мамандығы бойынша «8D022 – Гуманитарлық ғылымдар» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/82005479826?pwd=YU51eUNycTJqK1pkQXFLZDZvQXlzQT09, ID: 820 0547 9826, код: 340230
Мекен-жайы: А. Пушкина,11 №324 аудитория
Аңдатпа (қаз.): Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен қатар, Отан тарихындағы көптеген өзекті мәселелер жаңаша тұрғыдан қаралып, тереңінен зерделене бастады. Ұлттың өзін-өзі тануының бір жолы – төл тарихын білу. Сондықтан тәуелсіз ұлтқа тәуелсіздік тарихынан объективті ақпарат бере алатын танымдық маңызы жоғары тарих қажет. Ондай тарихты зерттеп жазу тәуелсіздік жағдайында Қазақстан тарихы ғылымының тікелей міндеті болды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы өміріміздің барлық саласына, әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани тұрғыдан дамуымызға оң әсерін тигізді. Соған қарамастан тәуелсіздік жалпы адамзат құндылықтарын қайтарып қана қоймай, оның орнығуына, өткен өмірімізге сыни тұрғыдан қарап, сабақ алуға, дамыған елдер қатарына ұмтылуға жағдай жасады. Тәуелсіздік алған жылдардан бері, тарихшы қауымы мен тарих ғылымы алдында аса зор міндеттер пайда болды. Тәуелсіздік тарихын обьективті тұрғыдан жазып, келешек жастарға аманаттап, тәуелсіздіктің жауапкершілігін ұлтымыздың қанына сіңіре білу- игі істердің бірі деп санаймыз. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жылдары бастан кешірген оқиғалары туралы берілген материалдардың танымдық ерекшелігі зор. Ел тәуелсіздігінің басты тараулары тәуелсіз Қазақстанның алғашқы қадамдарынан басталуы тиіс. Ел президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылы 5- қаңтарда жарық көрген, «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы да тақырып өзектілігін айқындай түседі. Бұл мақаласында президент тәуелсіздікті ұлықтап, қастерлеуге, дәріптеуге бағытталған іс-шараларды іске асыруға баса мән берген. Қазақстанның жаңа тарихын жүйелі түрде зерттеу қажеттілігін атап көрсетті. Міне, осы айтылып отырған мәселелердің өзі тақырыбымыздың өзектілігін ашып, ғылыми сұранысқа ие екендігін дәлелдейді. Әрине, тәуелсіздік алған жылдардан бері мәдени мұраны қорғау мен дамыту саласында қалыптасқан ахуал осы бағыттағы қызметті одан әрі дамыту мен жандандыруда кезек күттірмейтін кешенді шараларды қолдануды талап етіп отыр. «Архив-2025» бағдарламасы 2004-2006 жылдарға арналып қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының заңды жалғасы. «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты – рухани және білім беру саласын дамыту, елдің мәдени, мұрағаттық мұрасының сақталуы мен тиімді пайдалануын қамтамасыз ету болып табылды. Осы жағдайларға байланысты тарихи құжаттар мен деректер сақталатын Ұлттық Архивтің қалыптасу тарихын, Ұлттық Архив қорлары деректеріндегі тәуелсіздік тарихы мәселелерін зерттеп, зерделеу қоғамдық сұраныстан туындайтын, теориялық, практикалық тұрғыдан өзекті тақырып екендігі анық. Тәуелсіздік тарихын зерттеп, жазу барысында әрине Қазақстан Республикасының Ұлттық Архиві қорларындағы деректерді пайдаланудың маңызы зор. Архивтерде сақталатын ақпараттар мемлекеттің қоғамдық – саяси, экономикалық-мәдени дамуында ерекше орын алатын ұлттық стратегиялық байлық болып есептеледі. Сонымен бірге, архив ісінің әр кезеңдердегі өсіп-өркендеу ерекшеліктері мен қоғамдағы орнын зерделеудің тарихи сананы қалыптастыруға тигізер ықпалын қоса айтуымыз керек. Қазақстан Республикасы Ұлттық Архиві қорларындағы тәуелсіздік тарихы мәселелерін жүйелі түрде зерттеудің архив ісінің де, тарих ғылымының да дамуына қосар үлесі мол. Орындалған зерттеу жұмысы өзекті болып табылады, себебі, тәуелсіздік тарихына байланысты осы уақытқа дейін кешенді түрде зерттелмеген деректер қорының мазмұны мен құрамы туралы мағлұматты ғылыми айналымға енгізіп отыр. Ұлттық архив қорында тәуелсіздік тарихына қатысты сақталып тұрған құжаттар кешенін анықтап, талдау қоғамды құнды ретроспективті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві қорларындағы деректерге кешенді түрде тарихи зерттеу жасап, олардың ақпараттық қуатын Тәуелсіздік тарихының деректері ретінде талдап, ғылыми айналымға тартып, объективті түрде ашып көрсету, өзіндік тұжырым жасау – зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады. Ғылыми нәтижелері: 1. Ұлттық архив қорындағы тәуелсіздік тарихына қатысты құжаттар кешені тұңғыш рет зерттеліп, зерттеу тақырыбы бойынша табылған деректер құрамына қарай жіктеліп, талдау жасалды және еңбегімізді жазу барысында қолданылған әдістемеміздің мәні мен мазмұны ашып көрсетілді. Мәселенің мәнін ашып көрсету үшін архивтік құжаттарға алғаш рет сараптамалық жұмыстар жүргізіліп, диссертация барысында кеңінен пайдаланудың бағыттары нақтыланды. 2. Диссертацияда Ұлттық архивтің қалыптасу кезеңі анықталып, қорларға сипаттама беріліп, деректердің ғылыми айналымға ену мәселесі зерттелді. 3. Ұлттық архив мекемесінің шетелдік архивтермен ықпалдастық байланысының тарихы тұңғыш рет зерттелді. 4. Ұлттық архив қорындағы құжаттар кешенін жүйелі түрде зерттеу - Тәуелсіздік тарихы мәселелерін объективті тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. 5. «Мәдени мұра», «Архив-2025» бағдарламалары аясында архивтік мұраның, тарихи құжаттардың жинақталу барысы алғаш рет зерттеліп, бұл ақпараттар ғылыми айналымға енгізілді. 6. Ұлттық Архив қорларының материалдарын пайдалану арқылы Тәуелсіздік кезеңінде тарихи сананы нығайту үшін, жүргізген іс-шараларды саралауға қатысты құжаттар алғаш рет анықталып, талданып, ғылыми айналымға енгізілді. Зерттеу жұмысының нысанына Қазақстан Республикасының Ұлттық Архив қорларында сақталған Тәуелсіздік тарихына қатысты архивтік құжаттар кешені жатады. Зерттеу жұмысының пәні. Ұлттық Архив қорларында сақталған құжаттардың негізінде, Тәуелсіздік тарихына қатысты қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірдегі үрдістер жатады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Көтерілген мәселелердің маңыздылығы мен жеткілікті тұрғыдан талқыланбағаны берілген зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығын нақтылай түседі. Тақырыптың өзектілігі - Қазақстан Республикасының Ұлттық Архив қорларында сақталған, тәуелсіздік тарихына байланысты құжаттар мен бағдарламаларды тарихнамалық және әдіснамалық сараптаудан өткізу, яғни бүгінгі күн биігінен өткенге баға беру жұмыстың ғылыми жаңалығын анықтауға мүмкіндік береді. Тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміздің тәуелсіздік тарихына қатысты әртүрлі сипаттағы көптеген деректер мен құжаттар архив қорларында жинақталды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Архив қорларындағы еліміздің тәуелсіздік тарихына қатысты құжаттар кешені алғаш рет тұтас қарастырылды. Зерттеу міндеттері: 1. Тақырыбымыздың теориялық, әдістемелік және ғылыми аспектілерін ашып көрсету. 2. Ұлттық архив қорындағы тәуелсіздік тарихына қатысты құжаттар кешенін зерттеу, деректемелер сипатын саралау. 3. Ұлттық архивтің қалыптасу жолдарын зерттеу, мұрағаттық қорлардың құрамын анықтау, архивтік құжаттардың ғылыми айналымға енуін қарастыру. 4. Ұлттық архив мекемесінің шетелдік архивтермен ықпалдастығы тарихын анықтау. 5. Ұлттық архив қорларындағы тәуелсіздік тарихы мәселелері, «Мәдени мұра», «Архив-2025» бағдарламасы аясында архивтік мұраның жинақталуын зерттеу, Ұлттық Архивтің Тәуелсіздік кезеңдегі тарихи сананы нығайтудағы роліне тоқталу. 6. Ұлттық Архив құжаттарының Тәуелсіздік тарихының басты деректер кешені ретіндегі ақпараттық құндылығын ашу. Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі 1991-жылдан 2017 жылға дейінгі уақытты қамтиды. Төменгі хронологиялық шеңбер, 1991 жыл Қазақстан тарихындағы межелік кезең, тәуелсіздік алған уақыттан бастау алады. 1990-шы жылдар – бұл Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу кезеңі және осыған байланысты қоғамдық және экономикалық даму барысын Ұлттық Архив қорларында жинақталған деректер арқылы зерттеу қажет. Жоғарғы хронологиялық шеңбер – қазіргі уақыт. Зерттеудің таңдалған кезеңі тәуелсіз еліміздің қалыптасуы мен дамуындағы өзгерістерді байқауға мүмкіндік береді. Зерттеу әдістері- диссертацияның теориялық-методологиялық іргетасын объективтілік пен субъективтілікті сақтайтын эвристикалық әдіс және кең тақырыпты бірнеше ықшам проблемаларға бөліп қарастыратын проблемалық-мерзімдемелік зерттеу әдісі құрайды. Сонымен бірге жүйелілік, ұлттық, нақтылық принциптері басшылыққа алынды. Төл деректерге басымдылық беру және тарихтың деректанулық мәселелерін зерттеуші отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі қарастырылып отырған тақырыпты жаңа көзқарас тұрғысынан жазуға мүмкіндік беретін ой-пікірлері басшылыққа алынды. Зерттеу жұмысын жүргізуге салыстырмалы-тарихи, ретроспективтік, кезеңдеу, математикалық модельдеу, сипаттап – баяндау, деректерді жіктеу әдістері қолданылды. Осы тәсілдер негізінде жасалынған тұжырымдар мен қорытындылардың өзара логикалық тұрғыда үйлесімді болуы басты назарда ұсталды. Келесі нәтижелер қорғауға шығарылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві қорларындағы тәуелсіздік тарихы мәселелерін зерттеу нәтижесінде негізгі тұжырымдар жасалды: 1. Қазақстан Республикасындағы Ұлттық архив қорындағы деректер кешені тәуелсіздік тарихымен тығыз байланысты, бұл құжаттардың көпшілігі ғылыми айналымға енбегендіктен өзіне назар аудару қажеттілігін туындатады. Тақырыптың зерттелу деңгейін ашып көрсету барысында отандық зерттеулермен қатар, шетелдік еңбектерге де тарихнамалық сараптау жүргізілді. 2. Ұлттық архив тәуелсіздік тарихын жинақтаушы мұрағат болғандықтан, оның қалыптасуы мен дамуы кезеңдерін анықтау қажет. 3. Ұлттық архив қорларындағы мұрағаттық құжаттарды талдау тәуелсіздік тарихына байланысты зерттелген деректердің өкілеттілік деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. 4. Ұлттық архив мекемесінің шетелдік архивтермен ықпалдастық тарихын зерттеу тәуелсіздік кезеңіндегі халықаралық қатынастар тарихынан ақпарат береді. 5. Ұлттық архивте қорларындағы материалдарды пайдаланып тәуелсіздік тарихына қатысты жинақталған құжаттар ретороспективті сипатта, бұл өз кезегінде жаһандану дәуіріндегі тәуелсіз еліміздің күнделікті тарихынан ақпарат береді. 6. Ұлттық архивтің тарихи сананы нығайтудағы ролін бағалау-архивтер қызметінің жаңа тұжырымдамасын қалыптастыруға негіз болады. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі: Ұлттық архив қорындағы тәуелсіздік тарихына қатысты құжаттар кешені тұңғыш рет зерттеліп, зерттеу тақырыбы бойынша табылған деректер құрамына қарай жіктеліп, талдау жасалды және еңбегімізді жазу барысында қолданылған әдістемеміздің мәні мен мазмұны ашып көрсетілді. Мәселенің мәнін ашып көрсету үшін архивтік құжаттарға алғаш рет сараптамалық жұмыстар жүргізіліп, диссертация барысында кеңінен пайдаланудың бағыттары нақтыланды. Көтерілген мәселелердің маңыздылығы мен жеткілікті тұрғыдан талқыланбағаны берілген зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығын нақтылай түседі. Тақырыптың өзектілігі - Қазақстан Республикасының Ұлттық Архив қорларында сақталған, тәуелсіздік тарихына байланысты құжаттар мен бағдарламаларды тарихнамалық және әдіснамалық сараптаудан өткізу, яғни бүгінгі күн биігінен өткенге баға беру жұмыстың ғылыми жаңалығын анықтауға мүмкіндік береді. Тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміздің тәуелсіздік тарихына қатысты әртүрлі сипаттағы көптеген деректер мен құжаттар архив қорларында жинақталды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Архив қорларындағы еліміздің тәуелсіздік тарихына қатысты құжаттар кешені алғаш рет тұтас қарастырылды. Зерттеу жұмысының деректік негіздері. Жалпы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Архивіндегі тәуелсіздік тарихына қатысты деректерді қарастыра отырып, бірнеше топтарға жіктедік. Негізі, 2023 жылдың 10- қаңтарындағы мәлімет бойынша, Ұлттық Архив қорында барлығы - 279 қор, оның ішінде басқарушылық құжаттар - 223, ҒТҚ - 4, жеке тұлғалар қоры - 53 болып табылады. Деректердің бірінші тобына іс-қағаз құжаттарын енгіздік. Ұлттық архивте сақталған іс-қағаз құжаттарының өзін бірнеше түрге топтастырып қарастырдық: а) нормативті-ұйымдастыру құжаттамасы бұл топтағы құжаттарға ережелер, жарғылар, нормативтер, контрактілер, еңбек шарттарын жатқыздық. Себебі, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы дамуын қарастырғандықтан, бұл топтағы құжаттар айрықша маңызды болып саналады. Бұл бағытта Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси және рухани өмірі туралы нормативтік-құқықтық актілері, стратегиялық бағдарламаларды қарастырдық; ә) әкімшілік сипаттағы құжаттар – ол өз кезегінде нормативті ұйымдастыру құжаттамасының жалғасы болып табылады, айырмашылығы шамалы ғана, дегенмен өзін жеке бөліп қарастырғанымызда бұл топтағы құжаттарға шешімқараралар, бұйрықтар, жарлықтар, нұсқаулар, мәжіліс хаттамалары жатқызылды; б) алмасу хаттары – өнеркәсіп, мекеме, ұйымдар өкілдерінің өзара жазысқан хат-қатынастары жатады. Оның ішінде жеке азаматтардың да хаттары да кезедеседі; в) есептік құжаттар – оған анкеталар, есеп журналдары, реестрлер, табельдер, тарифтер жатады. Деректердің екінші тобын Қазақстан Республикасы Ұлттық Архивіндегі жеке тұлғалардың қорлары құрайды. Бұл ретте қоғам қайраткерлерінің, көрнекті ғалымдардың жеке қорларын қарастырдық. Жеке қорларда жинақталған деректерді бірнеше түрге топтастырдық. Бұл деректердің барлығы дерлік субъективті сипатта, ө»ткені жеке адамдардың өз пікірі тұрғысынан жазылады: 1. Естеліктер – жеке адамдардың балалары, отбасы мүшелері, замандастары, ұрпағы, тарихшы қауымға аранп жазылған деректер. Мұнда автор алдына қойған мақсатына жету үшін жадында сақталған материалды жинақтап, тәртіпке келтіреді. Жалпы, естеліктер тарихи шығарма болғанымен, тарихшылар үшін құжаттық деректер бола алмайды. Себебе, құбылысьтар мен оқиғалар әңгімеленген естеліктер тарихи-аналитикалық тұрғыдан жан-жақты баяндалмайды. 2. Күнделіктер – авторлардың нақты көрген, қатысқан, өзі куә болған оқиғалары туралы жазған баяндаулары. Мұнда автордың толғаныстары, көңілкүйі, ой сезімі дәл беріледі. Күнделік жазулары кейде бір-бірімен байланысссыз, үзік-үзік болып та кездеседі. Бұдан басқа автор қысқарған сөздерді қолдануы мүмкін, жазуы түсініксіз болып та кездеседі. Әрине, бұл жағдайда күнделіктер түсініксіз болып қалады. Күнделіктер көп жағдайда баспадан кітап болып жарияланады. Жеке адамдардың күнделіктерінен басқа ресми, қызметтік күнделіктер де болады. 3. Жеке адамның хаты – ол автордың эпистолярлық элементтерді (хаттың мәтіні, күні, қол қоюы) пайдалану негізінде нақты адамға немесе бірнеше адамға жазбаша білдіретін ой-пікірі. Хатты қандай мазмұнда жазуға автор ерікті. Хаттардың әрқилылығы мен жанрларына қарағанда және күнделіктермен салымтарғанда, олар күрделірек және әр алуан деректі болып келеді. Хаттар тарихи дерек ретінде күнделіктер сияқты субъективтілігімен, анықталмаған фактілерімен сол сияқты автор мен адресатқа ғана түсінікті тұспалдауларымен сипатталады. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі: Диссертация Қазақстан Республикасының Ұлттық Архив қорларындағы тәуелсіздік мәселелері туралы деректерді зерттеу ретінде оның теориялық және методологиялық негізін жасауға мүмкіндік беретін ғылыми еңбек болып танылады. Зерттеу жұмысының нәтижесінде көтерілген мәселелер тәуелсіз Қазақстан тарихын жете тануға ерекше мән беретін көпшіліктің өткенімізді жаңаша саралауына септігін тигізеді. Диссертацияда жасалынған тұжырымдар мен қорытындыларды жоғары оқу орындарында барлық мамандықтарда жүргізілетін «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні мен тарих мамандығы бойынша білім алушыларға «Мұрағаттану» пәні және «Мұрағат ісінің тарихы», «Мұрағатқа кіріспе» сияқты арнаулы курстар мен семинар сабақтарын өткізуде пайдалануға болады. Зерттеу жұмысының тұжырымдарын мұрағат ісі мен тарихын зерттеуге арналған ғылыми зерттеу еңбектерінде, оқу құралдары мен оқулықтарда қолдануға болады. Ізденушінің қосқан жеке үлесі: Зерттеу барысында автор Қазақстан Республикасы Ұлттық Архивінің қорларындағы тәуелсіздік тарихына қатысты деректерді зерттеу әдістемесін дербес анықтады. Тәуелсіздік тарихы мәселелері бойынша кең тарихнамалық база талданды. Диссертациялық зерттеудің деректік негізі қалыптастырылды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Архивінің бұрын пайдаланылмаған құжаттары, мерзімді баспасөз материалдары және күнделікті өмірдің басқа да деректері ғылыми айналымға енгізілді. Ұлттық архивтің қалыптасу мен даму кезеңі сипатталды. Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық қатынастар тарихының деректері болып табылатын, Ұлттық Архивтің шетелдік архивтермен ықпалдастық байланысы зерттеліп, анықталды. Тәуелсіздігімізді ұлықтау мақсатында ел архивтері ұйымдастырып өткізген түрлі қоғамдық іс-шаралар зерделеніп, зерттелді. Мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асып жатқан ауқымды істер анықталды. Жалпы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Архив қорларындағы еліміздің тәуелсіздік тарихына қатысты құжаттар кешені алғаш рет тұтас қарастырылды. Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертация жұмысының негізгі тұжырымдамалары мен нәтижелері, ғылыми жаңалықтарыжалпы саны 14 жарияланымда көрініс тапты, оның ішінде халықаралық 5 конференция: (Польша, Болгария, Өзбекстан елдерінде) жинағына, республикалық ғылымитеориялық конференциялар жинақтарына еніп 3 мақала, ҚР Ғылым және Жоғары Білім Министрлігі Ғылым және Жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті бекіткен ғылыми журналдарда 5 мақала жарияланып, Ресейлік РИНЦ базасына енетін ғылыми журналда 1 мақала жарияланды. Диссертацияның құрылымы. Жұмыстың құрылымы зерттеуде қойылған міндеттермен дәйектелген. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі: 149 бет
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=QPh1A2DnMYc
