
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Имангалиев Алмас Темирбекович «8D02203 – Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша Ақжан әл-Машани және фарабитану ғылымы: тарихи талдау тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қазақстан тарихы кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Смағұлова Светлана Одепқызы – тарих ғылымдарының докторы, Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Жүгенбаева Гүлбану Саламадинқызы – тарих ғылымдарының докторы, Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Өтепова Гульфира Елубаевна – тарих ғылымдарының докторы, Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры, «Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ (Павлодар қ., Қазақстан Республикасы);
Ишанходжаева Замира Райимовна – тарих ғылымдарының докторы, Өзбекстан тарихы кафедрасының профессоры, Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы);
Мукатаева Лепуда Каримқызы – тарих ғылымдарының кандидаты, Жоғары гуманитарлық мектебінің Emeritus Professor, Maqsut Narikbayev University (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызы – тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Ахмет Ташағыл – философия докторы (PhD), Йедитепе университетінің профессоры (Ыстанбұл қ., Түркия Республикасы).
Қорғау 2025 жылғы 27 наурыз, сағат 10:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D02203 – Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша «8D022 – Гуманитарлық ғылымдар» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас форматта (оффлайн және онлайн) өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: http://clck.ru/3GTEeK
Мекен-жайы: Астана қ., А.Пушкин көшесі, 11, 324-аудитория
Аңдатпа (қаз.):Ғылыми-жұмыстың сипаттамасы. Диссертацияда елімізде алғаш Әбу Насыр әл-Фарабиді зерттеуші Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машанидың фарабитану ғылымын қалыптастырудағы қызметі мен рөлі және орны, ғұлама ғалымның қаламынан туындаған «Табиғат матбұғат» қолжазбаларындағы табиғат ғылымдарының сабақтастығы, адам мен аспан әлемі арасындағы үйлесімділік қағидалары, фарабитанушы-ғалымның тұлғасы арқылы Қазақстандағы фарабитану ғылымының қалыптасуы мен дамуы тарихи, деректік-құжаттар арқылы талданады. Сондай-ақ, зерттеу жұмыста ізденушінің «Фарабитанушы-ғалым Ақжан әл-Машани ізімен» атты ғылыми-экспедициялық сапары туралы ақпараттар беріледі. Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Ұлы дала елі – тарихи тұлғаларға бай өлке. Олар - ұлт қоғамының өкілдері - білім мен ғылым, әлеуметтік пен экономикалық бағытта қызмет етіп, әлемдік тарихта өзіндік із қалдырды. Әсіресе, Ұлы дала елінің жауhарлары ұлттық рухты және рухани мәдениетті дамытуда теңдессіз еңбек атқарып, бізге, яғни XXI ғасырдың өкілдеріне маңыздылығы жоғары мирастарды қалдырды. Атап айтатын болсақ, әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» (IX), «Музыка туралы үлкен кітап» (IX), Қожа Ахмет Яссауидың «Диуани Хикмет» (XII), Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» (XII), Құтбтың «Хұсрау мен Шырын» (XIV), Хорезмидің «Мұхаббат-наме» және т.б. Осы және басқа да Отан тарихындағы ойшыл ғұламалар мен зиялылардың және олардың мұраларын оқып, зерделеп, насихаттап қана қоймай, бүгінгі ғылыммен дәлелді түрде сабақтастыра отыра, зерттеп-зерделеу арқылы қарастыру – қазіргі таңдағы ғылымның басты өзекті мәселелердің бірі. Аталған проблематика бойынша Қазақстанның тұңғыш фарабитанушы-ғалымның «Әл-Фараби және Абай» (1994), сондай-ақ, қолжазбаларынан құралған 16 томдық еңбектерде: «Әл-Фараби көпірі», I том, «Әл-Фараби және Абай», II том, «Жер сыры» III том, «Таста түйілген тарих» IV том, «Табу» V том, «Әл-Фараби және бүгінгі ғылым» VI том, «Ақжан әл-Машани ғибраты» VII том, «Аль-Фараби и современная наука. Солнечные часы в Казахстане» VIII том, «Айдың айалдамалары» IX том, «Шаңырақ» X том, «Жаңа дәуір» XI том, «Қадір түнгі ойлар» XII том, «Ғалами мөр» XIII том, «Тұран ақпасы» XIV том, «Өгізханның қолтаңбасы» XV том, «Әл-Фараби және музыка» XVI том айшықты түрде талданып көрсетіледі. Алғашқы мамандығы геолог-маркшейдер болғанына қарамастан, XX ғасырдың 40-жылдарынан бастап әл-Фараби мен Абай туралы көлемді мақалалар жазып, қазақ халқының руханиятын әлем жұртшылығының алдында тағы бір мәрте асқақтатты. Жарты ғасыр ғұмырын фарабитану ғылымының қалыптасып дамуына айтарлықтай еңбек етіп, Отан тарихында өшпестей із қалдырды. Әсіресе, Ақжан әл-Машани фарабитану ғылымындағы еңбегінің арқасында 1975 жылы Әбу Нәсір әл-Фарабидің 1100 жылдығы Алматы шаhарында аталып өтілді. Кейін, бұл ғылым үрдісі қайталанып, 2020 жылы әл-Фарабидың 1150 жылдық мерейтойы бүкіл Қазақстан аумағында аталып өткізілді. Аталмыш тұлғаның мерейтойын жоғары деңгейде өткізу үшін, ең алдымен, Мемлекет басшысы 2019 жылы 26 тамызда әл-Фарабидың 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойса, ҚР Президентінің №133 жарлығына сәйкес, ортағасыр ойшылдың 1150 жылдық мерейтойын атап өту туралы қаулы шықты. Осылайша, әл-Фараби мұрасын жаңғыртуда теңдессіз еңбек атқарған Ақжан әл-Машанидің қаламынан туындаған еңбектерін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында еліміздің әр аймақтарында ғылыми-тәжірибелік конференциялар, ғылыми симпозиумдар мен форумдар ұйымдастырылды. Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл – әл-Фараби мұрасының Қазақстандағы алғашқы зерттеушісі, профессор Ақжан әл-Машанидың 50 жылға жуық созылған ғылымдағы үздіксіз еңбегінің нәтижесі еді. 2020 жылы әл-Фараби тұлғасымен бірге Ақжан әл-Машанидың есімін де атап көрсету туралы мәселелер көтерілді. Бұл хақында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д., Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызының бастамасымен мемлекеттік билік өкілдеріне арнайы хат жазып, нәтижесінде еліміздегі әр жоғары және орта арнаулы оқу орындарында еліміздің тұңғыш фарабитанушы-ғалымы Ақжан әл-Машанидің есімі мен мұрасын насихаттау туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылыми комитетінің арнайы бұйрығы шықты. Ғылыми жұмыстың өзектілігінің бірі ретінде Ақжан әл-Машанидың қаламынан туындаған мұраларын, солардың ішінде қолжазбаларда көтерілген ғылыми ойларды, тұжырымдарды анықтау, айқындау еді. Осы орайда, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы «Отырар» ғылыми кітапханасының сирек қорында фарабитанушы-ғалым Ақжан әл-Машанидың қаламынан туындаған қолжазбаларының көшірмесі сақтаулы. Егер, қолжазбаларға зер салып қарайтын болсақ, қоғамдық-жаратылыстанулық бағыттағы ғылымдардың тоғысқандығын көруімізге болады. Яғни, фарабитанушы-ғалым «Тұран қақпасы» атты 14-томының кітабында «Адам – ғалам ішіндегі ғалам» деп атап көрсеткендей, әр адам жарық дүние есігін ашқаннан кейін қоршаған ортаны тану керектігі туралы атап өтеді. Бұл туралы Ақжан әл-Машани аталмыш кітапта келесідей көрсетеді: «Айналамыздағы, яғни күллі жұлдызды әлемдегі аспан шырақтары – жұлдыздар ғаламат кең дүние болса, сол жұлдыздардың арасындағы кішкентай болып саналатын Жер ғаламшарындағы ғақли саналы адам баласы бір кіші ғалам болып табылады. Мұның терең мағынасы: табиғат ғаламы адамға мекен ретінде жағдайластыра жаралған болса, адам сол мекенге өлшеніп жаралған пенде. Табиғаттағы барлық нәрсе, бір-біріне өлшемдес, бір-бірімен байланысып жатқан ғажайып бір құбылыс». Ақжан әл-Машанидың ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі идеясы – пендені аспан әлемімен байланыстырып, дәлелді қажет етпейтін аксиома – қасиетті Құран кәрім кітабының сүрелерімен дүниенің шындығын табу еді. Фарабитанушы-ғалымның көшірме қолжазбаларынан осы ойды толық көруімізге болады. Тарих ғылымында өзіндік орны бар адам пен табиғат сабақтастығы туралы Ақжан әл-Машанидың қолжазбалары дәлелдей түсіреді. Бұл мұраны аталған университеттің профессоры, т.ғ.д., фарабитанушы-машанитанушы Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызы өзі ұстаздық ететін университеттің ғылыми кітапханасының сирек қорына арнайы тапсырды. Қолжазбалар төте жазуды жазылған және 1980-1990 жылдар аралығын қамтиды. Осылайша, диссертацияда аталмыш қолжазбаларды негізгі зерттеу нысанасына ала отырып, ғылыми-зерттеу жұмысымыздың өзектілігін одан әрі арттыра түсетіндігіне күмән туғызбайды. Зерттеу нысаны. XX ғасырдың 40-90 жылдары аралығындағы Қазақстандағы фарабитану ғылымының қалыптасуы мен дамуындағы Ақжан әл-Машанидың рөлі мен ғылыми қызметі. Зерттеу пәні: Қарастырылатын кезеңдегі фарабитанушы-ғалым Ақжан әл-Машанидың Қазақстандағы фарабитану ғылымының қалыптастыру мен дамытуындағы еңбектері, ізденістері мен ғылыми жұмыстары. Кеңестік кезеңдегі Қазақ еліндегі фарабитану ғылымының қалыптасып дамуындағы Орталық Азия елдерінің ғылыми қоғамына әсері. Диссертация тақырыбы теориялық-методологиялық, тарихнамалық, деректемелік тұрғыда зерттеліп отыр. Ғылыми жұмыстың зерттелу деңгейі. Әр уақытта да тарихи тұлғалар – рухани сананы қалыптастырудың негізгі тірегі болды. Отан тарихындағы тұлғалардың қаламынан туындаған оқу, тіл, діл, дін мәселелерін қозғаған мұралары, бүгінгі күнге дейін қазақ халқының рухани санасының жоғары дәрежеде болуына үлкен септігін тиігзуде. Осы ретте, фарабитанушы-ғалым Ақжан әл-Машанидың тұлғалық қырын көрсеткенде, Отандық ғылымда тұлғатану саласында еңбектерді жарыққа шығарған ғалым-профессорлардың мұралары негізге алынды. Фарабитанушы-ғалым Ақжан әл-Машанидың ұстаздығы мен фарабитану ғылымы жолындағы ізденісі және ғылыми еңбектері хақында С. Зиманов, Д. Сүлеев, М. Бурабаев, Ж. Машанова, Ш. Әбдіраман, Р. Бердібай, Д. Кішібеков, Ә. Дербісәлі, Ә. Бейсенова, О. Сүлейменов, Ғ. Мұтанов, З. Дүкенбаева, М. Нұрпейісова, Ғ. Ақпанбек, Ж. Сахиев, Қ. Сұлтанов, А. Жұмашев, Ә. Есенбаев, Б. Әбдуов атап өтуге болады. Фарабитанушы-ғалымның мұраларындағы тарихи бағыттары бойынша З. Дүкенбаева, М. Алпысбес, Г. Жүгенбаева, Н. Смағұлов өз ғылыми-зерттеу жұмыстарына арқау етті. Фарабитанушы-ғалым Ақжан әл-Машани мен еңбектері туралы философ- ғалымдар ішінде Ә. Нысанбаев, М. Бурабаев, Г. Курмангалиева, Д. Кенжетай, Ж. Алтаев, А. Құрманалиева, ерекше атап көрсетуге болады. Ал, шығыстанушы, фарабитанушы-ғалымдар арасында Ә. Дербісәлі, К. Таджикова, И. Жеменей, Ы. Палтөре, С. Тулеубаева. Бұл мәселе бойынша әдебиетші-ғалымдар ішінде Ө. Күмісбаевты, Ж. Сахиевты атай аламыз, ал техника ғылымдары салаларының ғалым-профессорлары, А.Машанов (Алишер Машанов), М. Нұрпейісов, Б. Рақышев, Ұ. Сыдықов, Т. Жоламанов, Т. Пентаев, Ә. Құрманқожаев, Ж. Орманова және т.б. бар. Cонымен қатар, медицина саласының үздігі Төрегелді Шарманов пен Ақжан әл-Машани арасындағы хат алмасуды атап өтуге болады. Бұл хатта әл-Фарабидің медицина ғылымы бойынша тәлім алған ұстазы мен аталмыш ғылым саласы хақында әл-Фарабидің зерттеулері туралы ақпараттар келтірілген. Ал, Өтеген Әбдіраман (теңавторлар: Серғазы Әдекенов, Қайролла Рахимов) «Қазақтың халық медицинасының ғылыми көкжиектері» атты кітабында 1978 жылы «Қазақстан медицина тарихы» атты мұражайы Ақжан әл-Машанидың 1970 жылы «Әл-Фараби» атты тарихи-деректі кітабының желісі бойынша жасалынды. Бұл жерде Ақжан әл-Машанидың еңбегін, ғылыми жұмысын көруге болады. XX ғасырдың 50-жылдарынан бастап Қазақстанда әл-Фараби еңбектерінің алғаш аударылуына түрткі болған ғалым – Ақжан әл-Машани еді. Бұл тұрғыда фарабитанушы- ғалым Ақжан әл-Машанидың ұйытқы» болуымен Сәдуақас Ғылмани, Қажыбай Мәндібайұлы, Рахым Сәрсенбин, Ғаббас Елеусізов, Нығмолла Шайхыұлы имам-білімдарларының көмегімен әл-Фараби еңбектері аударылды. Олар келесідей: 1. Жоғары болған табиғат ғылымының негіздері жайында. Аударма авторы: Қажыбай Мәндібайұлы (1973). 2. «Тәржімә Аристателис» /«Биография Аристотеля» (10 парақ). 3. «Тәржімә Афлатон» / «Биография Афлатона (Платона)», (15 парақ). 4. «Тәржимат – Әбу Насир ал-Фараби» (Биография аль-Фараби по книге: «Китаб о взглядах жителей добродетельного города»), (18 парақ). 5. «Биография аль-Фараби по книге Халликана» (9 парақ). Осы имам-білімдарлардың ішінде Сәдуақас Ғылмани тереңірек зерттелінді. Бұл туралы «Ислам тарихы, өнер мен мәдениет ғылыми-зерттеу орталығы» («ИТӨМҒО») директорының кеңесшісі Ә.Қ. Мүминовтың Сәдуақас қажы Ғылмани өмірі мен шығармашылығы туралы «Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін Зерттеу орталығы» («ИТӨМҒО») баспаға дайындаған екі томдық ғылыми еңбектің маңыздылығы жоғары. Бұл екі еңбек Сәдуақас қажы Ғылманидың «Заманымызда болған ғұламалардың өмір тарихтары» атты шығармасының негізінде жарық көрді. «ИТӨМҒО» негізінде жарық көрген бұл кітапта Сәдуақас қажы Ғылманидың қаламынан туындаған «Заманымызда болған ғұламалардың өмір тарихтары» атты шығармасының түпнұсқа қолжазбасы негізінде басылымға дайындады. Аталмыш еңбектің бірінші томының 27-28-ші парақтарында Сәдуақас Ғылманидың Ақжан әл-Машанимен тығыз байланыста болғандығы көрсетіледі Әл-Фараби еңбектерін аударушы Сәдуақас Ғылманидың өмірі мен ғылыми қызметі, қайраткерлігі хақында және Ақжан әл-Машанимен ғылыми байланысы туралы Д. Қамзабекұлының «Ғылмани С. Шығармалары» және «Алаш арқауы» еңбекте «Сәдуақас Ғылмани мұрасы: көкейкестілігі және жүйелену негізі» атауымен берілген мақалада имам-білімдары қазы Сәдуақас Ғылманидың өмірбаяны турасында ақпарат береді. Имам-білімдары Қажыбай Мәндібайұлының өмірі мен дін қайраткерлігі және фарабитанушы-ғалым Ақжан әл-Машанимен ғылыми байланыстылығы туралы тарихшы-өлкетанушы А. Балтабайұлы «Қажыбай Мәндібайұлы. Өмірі мен шығармашылығы» атты кітап жазды. Ал, Т. Аршабеков, А. Туғанбай, М. Қожахметтің бірлесіп жазған «Арқаның Ақтоғайы» атты еңбекте Ақжан әл-Машанидың Нығметолла Шайхыұлымен ғылыми байланыста болғандығы туралы көрсетіледі. Жоғарыда атап өткеніміздей, фарабитанушы-ғалым Ақжан әл-Машанидың 1980-1990 жылдары аралықтарын қамтыған қолжазбаларының көшірмелері бар. Осы сирек мұралар бойынша фарабитанушы-машанитанушы, профессор З.О. Дүкенбаеваның «Әлем шырайы» (2020) және фарабитанушы Г.Садақбаеваның «Табиғат матбуғат. Бірінші кітап. Табиғат – баспа орны» (2022) еңбектерін атауымызға болады. Ғылыми жұмыстың мақсаты. Әл-Фарабиді және мұраларын алғаш зерттеудегі Ақжан әл-Машанидың рөлін анықтай отыра, ғалымның қаламынан туындаған еңбектеріне талдау жұмыстарын жүргізіп, ондағы көтерілген негізгі идеяларды айқындау және XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы фарабитану ғылымының қалыптасуы мен дамуын зерттеп-зерделеу. Ғылыми жұмыстың міндеттері. Жоғарыда аталған мақсаттар негізінде келесідей міндеттер алға қойылады: 1. Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық мәселелерін анықтау; 2. Диссертацияның деректанулық және тарихнамалық мәселелерін талдау; 4. Ақжақ әл-Машанидың ұйытқы болуымен Қазақстандағы алғаш әл-Фараби еңбектерінің аударылу тарихын зерттеу; 5. Фарабитанушы-ғалым Ақжан әл-Машани негізін қалаған фарабитану ғылымының қалыптасу және даму тарихын айқындау. 6. Фарабитану ғылымын қалыптастырып дамытудағы ғалым Ақжан әл-Машанидың феноменін көрсету. 7. Ақжан әл-Машанидың қолжазбаларындағы негізгі идеяларды табу. 8. Әл-Фарабидің «Табиғат матбұғат» қағидасын түсіндіру. Ғылыми жұмыстың методологиялық негіздері. Зерттеу жұмыста сыни көзқарас, тарихи-салыстырмалы әдістер қолданылды. Сондай-ақ, И.Д. Ковальченконың «Методы исторического исследования» атты еңбекке сүйенетін болсақ, зерттеу жұмыста теориялық, практикалық әдістер, арқылы Ақжан әл-Машанидың елімізде фарабитану ғылымын қалай қалыптастырып әрі қарай дамытқаны және практикалық әдіс бойынша фарабитанушы-ғалымның ізімен елімізде ғана сырт елдердегі кітапхана, архив қорларында жұмыс жасау арқылы жаңа ақпараттарға қол жеткізе алдық. Сонымен қатар, Қазақстандағы фарабитану ғылымының негізін салушы, Ақжан әл-Машани ізімен ғылыми-экспедициялық сапарының негізінде алынған деректік-құжаттардың негізінде жазылды. Зерттеу жұмысы жүйелелілік, объективтілік және тарихилық принциптер бойынша талдау жасалынды. Ғылыми жұмыстың деректік негізі. «Фарабитанушы-ғалым Ақжан әл-Машани ізімен» атты ғылыми сапар ұйымдастырылды. Келесідей ғылыми мекемелерге барған іс-сапарлардың нәтижесінде Ақжан әл-Машани туралы біраз ақпараттар табылды. Олар: 1. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасы Сирек қор бөлімі. 2. ҚР Орталық мемлекеттік архиві. 3. ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының архиві. 4. ҚР Президенті жанындағы ғылым академиясының архиві. 5. ҚР Президенті жанындағы ғылым академиясының «Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет» бөлімі. 6. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің архиві және «Тарихи мұралар орталығы». 7. Қазақ онкология және радиобиология ғылыми-зерттеу институтының архиві. 8. Қарағанды облыстық мемлекеттік архиві. 9. Ұлытау облыстық мемлекеттік архиві. Түркістандағы «Руханият – Әбу Нәсір әл-Фараби» музейі. 11. Ы. Алтынсарин Қостанай облыстық мемориалдық-музейі; 12. №10 Н. Әбдіров атындағы орта мектеп жанынан ұйымдастырылған тарихи-өлкетану музейінің қоры. 13. Қарқаралы ауданының Қарқаралы тарихи-өлкетану музейі. 14. Өлкетанушы Айдаржан Балтабайұлының жеке қоры. 15. Өзбекстанның ғылым академиясының архиві. Аталған ғылыми мекемелерден табылған деректерден келесідей мәселелермен таныса аламыз: Мерзімді басылымдар; заттай деректер (Ақжан әл-Машанидың қолданған заттары мен құрылғылары); жазба есептер; хаттар мен естеліктер; фото-суреттер. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Біріншіден, алғаш рет араб жазуындағы Ақжан әл-Машани автографтары жинағы, оның жеке архивінен анықталып, жан-жақты зерттелініп ғылыми айналымға кіргізілді. Фарабитанушы-ғалымның көшірме қолжазбалардың саны – 23. Екіншіден, Ақжан әл-Машанидың әл-Фараби мұрасын зерттеудегі бірге жұмыс жасаған қазақ ғұламаларының ортасы анықталынып, олардың фарабитануға қосқан үлесі зерттелінді. Үшіншіден, әл-Фараби мұрасын зерттеудегі Ақжан әл-Машанидың әлемдік тұрғысынан маңыздылығы анықталды және көрсетілді. Төртіншіден, Қазақстандағы фарабитану ғылымының дамуындағы қазақ-өзбек ғылыми қатынастарының әсері, рөлі алғашқы рет зерделенді. Бесіншіден, фарабитанушы-ғалым Ақжан әл-Машанидың қаламынан туындаған қолжазбалары тарихи тұрғыда талдау жасалды. Ғылыми жұмыстың хронологиялық шеңбері. Ғылыми жұмыстың хронологиялық шеңбері ретінде XX ғасырдың 40-90 жылдары аралығындағы уақытты қамтиды. Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. 1. Ғылыми жұмыстың теориялық-методологиялық мәселелері анықталды. 2. «Тұңғыш фарабитанушы-ғалым Ақжан әл-Машани ізімен атты ғылыми-экспедициялық сапарының негізінде деректік-құжаттары жинақталып, зерделенді. 3. Деректік-құжаттардың негізінде XX ғасырдың 60-жылдарындағы Ақжан әл-Машанидың ұйытқы болуымен имам-білімдарлардың әл-Фараби еңбектері аударылу тарихы туралы зерттеу, анализ жұмыстары жасалды. 4. Жоғарыда аталған жылдары Қазақстанда тұңғыш аударылған әл-Фараби еңбектерінің атаулары белгілі болып, арнайы талдау жұмыстары жүргізілді. 5. Архив-құжаттары негізінде фарабитану ғылымының зерттелуіндегі қазақ-өзбек қатынастары анықталды. 6. Түркиядағы, Өзбекстандағы фарабитану ғылымының қалыптасуы мен даму тарихы және өкілдері туралы зерттеу жұмыстары жүргізілді. 7. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының архивінің қорының негізінде Қазақстанда фарабитану ғылымының қалыптасу, даму тарихы айқындалды. 8. Ақжан әл-Машанидың қазақ руханияты бағытындағы атқарған ғылыми жұмыстары анықталды. 9. Тұңғыш фарабитанушы-ғалымның қолжазбаларындағы «Табиғат матбұғат» қағидасының негізгі идеясы айқындалды. Зерттеу жұмысының сыннан өтуі және мақұлдануы. Диссертацияның негізгі нәтижелері мен тұжырымдары Web of Science және Scopus ғылыми өлшеу деректер базасына енген 1 (бір) мақала (Процентиль 72 (жетпіс екі), квартилі 2 (екі)), 5 (бес) мақала ҚР ҒЖБМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтатасыз ету комитетінің базасына кіретін журналдарда, 2 (екі) мақала шетелдегі басқа да ғылыми басылымдарда, 15 (он бес) мақала Халықаралық ғылыми конференциялардың мақалалар жинағында және 2 (екі) мақала Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың мақалалар жинақтарында жарияланып сыннан өтті. Аталмыш зерттеу жұмысы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультеті «Қазақстан тарихы» кафедрасында дайындалды. 2022 жылы Ғылыми-зерттеу жұмысы аясында Өзбекстан Республикасының «Имам Бұхари» халықаралық шәкіртақы аясында Имам Бұхари халықаралық ғылыми-зерттеу орталығында және халықаралық шәкіртақының негізінде Түркияның «Türkiye bursları» (Түркия бурслары) халықаралық шәкіртақының «Ғылыми тағылымдама» бойынша Анкара Хажы Байрам Вели университетінде ғылыми тағылымдамалардан өтті. Ғылыми жұмыстың құрылымы. Докторлық диссертация үш бөлімнен, бірінші тарау үш бөлімнен ал, екінші, үшінші тараулары төрт бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/ocavR0a2Q9k?si=ccesILiGVLLSomv7
