
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Мәми Анар Тәңірбергенқызы «8D02203 – Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша Тәуелсіз Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму тарихы тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қазақстан тарихы кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Мамытова Сауле Насеновна – тарих ғылымдарының докторы, Astana IT University Жалпы білім беру пәндері департаментінің профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Төлебаев Тұрғанжан Әбеуұлы – тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің тарих, археология, этнология факультетінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Қарасаев Ғани Мұқашұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекет тарихы институтының Отан тарихы және деректану бөлімінің басшысы (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Бексеитова Акбота Тастанбековна – тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Педагогикалық институтының директоры (Көкшетау қ., Қазақстан Республикасы);
Лысенко Юлия Александровна – тарих ғылымдарының докторы, Алтай мемлекеттік педагогикалық университеті профессоры (Барнаул қ., Ресей Федерациясы).
Ғылыми кеңесшілері:
Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызы – тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Номогоева Виктория Владимировна – тарих ғылымдарының докторы, Дж. Банзаров атындағы Бурятия мемлекеттік университетінің доценті (Улан-Удэ, Бурятия Республикасы, Ресей Федерациясы).
Қорғау 2025 жылғы 16 мамыр, сағат 14:30-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D02203 – Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша «8D022 – Гуманитарлық ғылымдар» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас форматта (оффлайн және онлайн) өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/3JXASx
Мекен-жайы: Астана қ., А.Пушкин көшесі, 11, 324-аудитория
Аңдатпа (қаз.):Аңдатпа: Диссертация кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертация жұмысында 1991-2020 жылдардағы Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы деректік негіздерге, статистикалық мәліметтерге сүйеніп жан-жақты зерттелді. Зерттеу жұмысының мақсаты ғылыми маңыздылығы мен білім дәрежесі тұрғысынан Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихын зерттеудегі мәселелерді жаңа әдістемелік тәсілдер негізінде зертеу мүмкіндігін қалыптастырады. Зерттеудің мақсаты 1991-2020 жылдардағы Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы мен қалыптасу кезеңінде қоғамды өзгерту және кәсіпкерлікті дамытуды жүзеге асырудың мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын қазіргі заманғы тарихи білім тұрғысынан зерттеу болып табылды. Диссертация жұмысында алға қойған нақты мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді қамтиды: - 1991-2020 жылдардағы экономикалық жүйені қайта құру және кәсіпкерлік қызметтің тарихи кеңістігін кеңейту саясатының мазмұнын талдау; - Қазақстандағы жекешелендірудің динамикасы мен нәтижелерін қарастыру нысан үшін тарихи қалыптасқан нақты шарттар призмасы арқылы өтпелі кезеңдегі мемлекеттің функциялары мен рөліндегі өзгерістерді анықтау; - Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясат тұжырымдамасын әзірлеу және іске асыру тарихын зерттеу; - Қазақстан аймағындағы инновациялық саясаттың даму тарихын көрсету – жаңа кәсіпкерлік бизнес моделінің факторы және қоғамдық жаңғырудың басталуын зерттеу; Зерттеу жұмысы алға қойған мақсат міндеттерге байланысты кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлім Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму тарихының теориясы мен методологиясын қамтиды. 1991-2020 жылдардағы шағын және орта кәсіпкерлік тарихының деректік көздері ретінде Ресей және Батыс, АҚШ, Қазақстан елдерінің кәсіпкерлік тарихына қатысты ғылыми жұмыстары мен еңбектері қарастырылды. Екінші бөлім Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат тұжырымдамасының даму тарихы мен кәсіпкерлік қызметтің нормативтік-құқықтық базасының эволюциясын талдауға, 1991-2020 жылдардағы Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму тенденциясына арналған. 1991-2020 жылдардағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихын зерттеуде мемлекеттің осы салаға байланысты қолдау саясатын зерттеу, сол кезеңдегі кәсіпкерліктің даму бағыттарын айқындайды. Сонымен қатар, кәсіпкерлікке байланысты қабылданған нормативтік-құқықтық базасының оның дамуы мен қалыптасуындағы рөлінің маңыздылығын көрсетті. Үшінші бөлім Қазақстандағы инновациялық саясаттың шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына қосқан үлесі мен шағын және орта кәсіпкерліктің инновациялық моделін қамтиды. Сонымен қатар Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы шағын және орта кәсіпкерліктің тарихи маңызы сарапталады. Шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихын инновациялық даму тұрғысынан зерттеу оның әлеуін әлемдік даму үрдістері қарқынымен салыстыра отырып зерттеуге мүмкіндік берді. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы төмендегідей: - Алғаш рет Ресейдің жаңа тарихқа бейімделген мемлекеттік архивінен алынған КОКП Орталық Комитетінің профсоюздік ұйымдар конференцияларының 1941-1991 жылдардағы материалдары, жиналыс есептері қарастырылып, архив материалдарына кешенді түрде талдау жасалынды; - Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасу және дамуы тарихи тұрғыда зерттелініп, ондағы алынған мәліметтер ғылыми айналымға енгізілді; - Зерттеу тақырыбына байланысты қойылатын теориялық-методологиялық принциптер негізінде қарастырылып, аймақтық тарихи зерттеу әдісі айқындалды; - 1991-2020 жылдардағы Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына деректер негізінде талдау жасалынды; - Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының негізі факторлары анықталды; - Шағын және орта кәсіпкерліктің даму динамикасы деректік құжаттар негізінде зерттелініп, ғылыми айналымға енгізілді; - Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаумен байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты, басты кедергілері мен қолдаулары аясында сараланды; - Қазақстандағы жаңа әлеуметтік топтардың қалыптасуының мәні туралы маңызды тарихи мәселені шешуге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, посткеңестік Қазақстандағы меншік иесінің негіздерін, оның ерекшеліктерін, сондай-ақ нақты тарихи жағдайлардағы жаңа экономикалық модельдің генезисін анықтауға жол ашты. Зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар: - Бірқатар басқа посткеңестік елдердегі сияқты Қазақстанда да мемлекеттің экономикадағы рөлі экономикалық саясаттың қолайлы тұжырымдамасын әзірлеуде маңызды рөл атқарды; - Тікелей шетел инвестицияларының ірі фирмаларға бағытталуы шағын және орта кәсіпкерлікке нұқсан келтіріп, ірі фирмалардың нарықтағы үстемдігін күшейтті. Бұл өз кезегінде экономиканы әртараптандыруға, сондай-ақ азаматтық соттардың дамуына теріс әсерін көрсетті; - Қазақстан экономикасында кеңестік орталық жоспарлау жүйесінің мұрасы болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар (МК) және ірі жеке өнеркәсіптік және қаржылық конгломераттар үстемдік етеді. 1990 жылдардың басында барлық жұмыс күшінің 87% мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істеді, ал жекешелендіру сияқты құрылымдық өзгерістер әлі алда болатын. Содан бері көптеген ірі өзгерістер болды, бірақ өтпелі кезең әлі аяқталған жоқ, мемлекеттің экономикадағы рөлін қайта анықтау, сонымен қатар жеке сектордың дамуын жеделдету маңызды міндеттер болып қала берді; - Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы елдегі аймақтық субъектілерінің саралануының күрт өсуі, олардың арасындағы өндірістік-экономикалық байланыстардың әлсіреуі жағдайында өтті. Бұл ыдырау процестеріне итермелейтін аймақтық, жергілікті дағдарыстар тізбегін тудырды, бұл аймақішілік экономикалық байланыстардың үзілуінің және жеткей облыстардың тұрақты дамып келе жатқан орталық аймақтардан оқшаулануының салдарын күшейтті. Мысалы, 2000 жылдардан кейін Ақмола, Алматы сияқты қалаларда Республиканың басқа қалаларына қарағанда шағын және орта кәсіпкерлік жедел дамыды; - 1990 жылдардың басында саясаткерлер мен экономистер «капитализациялық шок» саясатын іске асырумен қатар, нарықтық механизмдерді кеңінен енгізуге тырысты. Бұл саясаттың салдары бүгінде Қазақстан экономикасының ауылшаруашылық саласында, жеңіл өнеркәсіп саласында болып жатырған және жалпы қоғамда жинақталған мәселелерден көрініп отыр. Нәтижесінде, бұл кеңестік экономикалық модельдің түбегейлі бұзылуына және нарықтық экономикаға жедел, фронтальды көшуге мәжбүрледі. Статистикалық деректер шағын және орта кәсіпкерлік секторының құрылымындағы жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлес салмағы соңғы 10 жылда екі есеге артқанын көрсетеді. Дегенмен, шаруа және фермерлік қожалықтар үлесі 27,2% дан 16,4%-ға дейін төмендеген. Бұл ауылшаруашылық саласында кәсіпкерлер санының төмендегенін көрсетті; - Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуына ықпалы жалпы ішкі өнімнің жартысынан астамы оның үлесіне тиетін Батыс Еуропаның, Американың және Оңтүстік-Шығыс Азияның өнеркәсібі дамыған елдеріндегідей елеулі болмағанымен, еліміздегі шағын кәсіпкерлік іскерлік өмірдің жаппай, қарқынды дамып келе жатқан бөлігіне айналды; - Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының тұжырымдамасын жетілдіру саласындағы заманауи міндеттер анықталды; - Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті шектеудің бірі ретінде нарықтың ашықтығы мәселелерін атауға болады. Бұл үкімет бақылайтын компаниялар арқылы мемлекеттің нарыққа шектен тыс қатысуымен байланысты болды; - 1990 жылға қарай социалистік экономикалық жүйеде диспропорциялар мен технологиялық сарқылу жинақталды. Инновацияларды генерациялау және ескірген технологиялардан бас тарту тетігінің жоқтығы технологиялық жағынан бір-бірімен байланысы жоқ және әртүрлі сапалы салалардың қабаттасып кетуіне әкелді. Тұйық шеңбер қалыптасты: технологиялық инновациялардың пайда болуы және ілгерілету тетіктерінің дамымауы, экономикалық мақсатқа сай емес салалардан бас тарту механизмінің жоқтығы экономикалық жүйенің технологиялық күрделілігіне әкелді, бұл басқарушылық өндірістік ортада инновациялық мотивацияны одан әрі басып тастады. Зерттеу жұмыстарын жасаған кезде деректік көздері ретінде Ресей мемлекеттік архивінен алынған ТМД Статкомитетінің 1992-2000 жылдардағы жинақтары, қаулылары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Архивіндегі Экономика және Сауда министрлігінің 1992-2000 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық дамуға байланысты құжаттары, шетел инвесторлары және сыртқы экономикалық байланыстарға қатысты келісім-шарттар, 1997 жылғы қызмет түрлеріне құқық беретін лизензияларға байланысты құжаттары қарастырылды. Қазақстан Республикасының статистика комитетінің Шағын және орта кәсіпкерлікке қатысты 1990-2020 жылдардағы статистикалық деректері, Астана, Алматы қалаларының мемлекеттік архивтеріндегі шағын және орта кәсіпкерлікке қатысты деректік материалдар жинақталып, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының 1990-2020 жылдардағы еліміздегі кәсіпкерліктің дамуы жайлы берілген қорытынды есептері, «Даму» қорының материалдары, Еуропалық Қайта құру және даму Банкінің Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, инновациялық белсенділікті арттыру, экономиканы ырықтандыруға бағытталған Жобаларының зерттеу материалдары сараланып, пайдаланылды. ҚР Ұлттық Мұрағатындағы құжаттар, №10 қор – Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі құжаттары, 1991-2002 жылдарға арналған құжаттар: Республиканың әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық дамуының негізгі көрсеткіштері, индикативті жоспарларының жобалары, болжамдары; экономикалық ынтымақтастық және шетелдік инвестициялар туралы келісімдер; сыртқы экономикалық байланыстар бойынша шет елдермен хат алмасу, №60 қор-Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Шағын кәсіпкерлікті қолдау комитеті, 2002-2004 жылдарға арналған құжаттар: Комитет туралы ереже; Негізгі қызмет жөніндегі комитет төрағасының бұйрықтары; Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен қызметтің негізгі бағыттары, халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша хат алмасу; «Шағын кәсіпкерлікті (кәсіпкерлік) дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын» әзірлеу туралы құжаттар; «Шағын кәсіпкерлікті (кәсіпкерлікті) қолдауды дамытудың өңірлік бағдарламаларын» іске асыру туралы жыл сайынғы есептері; № 125 қор – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, 2002-2010 жылдарға арналған құжаттар: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жарлықтары, өкімдері, тапсырмалары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары; Үкімет, Министрлік алқалары отырыстарының хаттамалары, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сауалдары; экспорт пен импортқа лицензиялар беру туралы, бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу туралы, кедендік-тарифтік реттеу мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы, сауда-экономикалық ынтымақтастық жұмысы туралы, әлеуметтік-экономикалық даму туралы, индустриялық-инновациялық саясатты дамыту жөніндегі құжаттар, № 198 қор - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті, 2005-2009 жылдарға арналған құжаттар: инновациялық даму мәселелері бойынша және т.б.: штаттық кестелер, № 237 қор – Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы. 1996-2017 жылдарға арналған құжаттар: Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының Жарғысы, Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының құрылтай шарты, қаулылары, қызметтің негізгі бағыттары туралы бұйрықтар, Палатаның құрылтайшыларының жалпы жиналысының шешімдері, Сауда-өнеркәсіп палатасының кезектен тыс съезінің хаттамасы, отырыстарының хаттамасы жұмыс топтарының, жұмыс жоспарларының және олардың орындалуы туралы есептері.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/wWP60AdYWhw
