
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Мусаева Эльвира Абышкызы «6D020300 – Тарих» мамандығы бойынша Егеменді Қазақстандағы білім мен ғылым: аймақтық аспект тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Қапышев Ардақ Қайыржанұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры (Көкшетау қ, Қазақстан Республикасы);
Сатанов Арстан Болатұлы – философия докторы (PhD), ассистент-профессор, Astana IT University, Жалпы білім беру пәндері департаменті (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Кенжебаев Ғабит Қапезұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Омурова Жамыйкат Орозбековна – тарих ғылымдарының докторы, «Тарих және аймақтану» факультетінің «Аймақтану және қырғызтану» кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарушы профессор, Ж. Баласағын атындағы Қырғыз Университеті (Бішкек қ., Қырғызстан Республикасы);
Қаипбаева Айнагүл Толғанбайқызы – тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Тарихнама, деректану және заманауи методология» бөлімінің меңгерушісі, жетекші ғылыми қызметкер, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Аубакирова Жанна Сакеновна – тарих ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті КеАҚ (Өскемен қ., Қазақстан Республикасы);
Гончаров Юрий Михайлович – тарих ғылымдарының докторы, «Отан тарихы» кафедрасының профессоры, Алтай мемлекеттік университеті (Барнаул қ., Ресей Федерациясы).
Қорғау 2025 жылғы 23 мамыр, сағат 14:30-да Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6D020300 – Тарих» мамандығы бойынша «8D022 – Гуманитарлық ғылымдар» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас форматта (оффлайн және онлайн) өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/3LS8oj
Мекен-жайы: Астана қ., А.Пушкин көшесі, 11, 324-аудитория
Аңдатпа (қаз.): «Егеменді Қазақстандағы білім мен ғылым: аймақтық аспект» тақырыбындағы диссертациялық жұмысына АҢДАТПА Тақырыптың өзектілігі Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымында, отыз жылдан астам уақыт аралығында, бірнеше реформалар мен бағдарламалар қабылданды. Қабылданған заңдар атаулы өзгерістерді әкелді, ол заңдардың арасында іске асқаны мен керісінше айналымға түсе алмағандары да болды. Тәуелсіз елдің қоғамдық өміріне европалық білім беру жүйесі енгізілді, бұл Болон үрдісіне қол қоюмен айқындалды. Республиканың отыз жылдық тарихында аймақтық білім мен ғылым саласы бәсекеге қабілетті маман даярлауға өз үлестерін қоса бастады. Мамандық даярлауда әр аймақ білімнің ашықтығы мен қолжетімділігіне, сұраныс пен ұсынысқа көңіл бөлді. Тәуелсіздікке қол жеткізген күнен бастап республика азаматтарына Ата заңда көрсетілген тегін білім алуға мүмкіндіктер берді. Әрбір тұлғаның өмір сүруі, өсіп өнуімен тегін білім алуы, денсаулығын сақтау мен қорғануына кепілдік беретін мемлекеттік заңдар жинағы қалыптасты, басқа да мемлекет тарапынан тұлғаның дамуына жасалған кепілдіктер пайда болды. Бұл кепілдіктер елді алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттердің қатарына қосуға жасалған қадам болды. Бәсекеге қабілетті білімді тұлға мемлекеттің ұстанған саясаты мен стратегиялық бағдарламаларына ат салысып, саяси-әлеуметтік мәселелелерді шешуге көмегін тигізеді. Тәуелсіз елдің ағарту саласының отыз жылдық тарихында жетістіктермен қатар қиыншылықтар да қатар жүрді. Қазақстанның сол уақытта басынан өткерген қиындықтарының қатарында: жұмыссыздық, жалақының уақытылы төленбеуі, мамандардың тапшылығы, әлеуметтік жағдайдың төмендігі, оқушылардың санының төмендеуі, балабақшалардың азаюы мен жеке меншік жоғарғы оқу орындарының санының өсуі жатады. Саны көбейген оқу мекемелерінде сапа мәсселесі сын көтермейтін болды, сапалы білімнің орнын сандық коэффицент басты. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 5 қаңтар 2021 жылы «Egemen Qazaqstan» газетінде жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында ХХІ ғасырда білім мен біліктіліке назар аудара отырып, үздіксіз білімді жалғастырып, бәсекеге төтеп бере алатын маман дайындау керектігін айтып өтті. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуы тиіс, сонымен қатар жаһандану заманында айдай әлем алақандағыдай болып қалды- деген еді президент. Қазіргі уақытта мемлекетте ақпараттандыру саласына көп көңіл бөлініп, бірншіден, орта білімге мән берілгенін, екінші, ғылым мен білім салаларын жетілдіру, үшіншіден, ақпараттық технология оқу бағдарламасы бойынша даярлауды қолға ала бастады. Білім саласындағы ең басты мақсат пен міндет цифрландыруда ол – білімнің сапасын көтеру, сол арқылы әлемдік дейгейдің әр түрлі бағыттарында яғни, «жасанды интеллект» пен «ауқымды деректерді» жинақтау бойынша бәсекеге қабілетті республиканың жастарын әзірлеу болып табылады. Диссертациялық жұмыс 1991-2021 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасындағы білім мен ғылымның отыз жылдық тарихын қамтып, аймақтық білім беру жүйесінің республика өмірінде алатын орны мен рөлін қарастырады. Зерттеу жұмысында тұңғыш рет «Statistica», XMind бағдарламалары қолданыс тауып, аймақтық білім мен ғылым саласын сараптайды. Білім мен ғылым саласын зерттеуде алғаш рет эволюциялық дамудың жеке компоненттері емес, ұзақ ретроспективтік тұрғыдан қарастыруға талпыныс жасалады. Тақырыптың зерттелу деңгейі Білім мен ғылым саласын аймақтың жетістігі ретінде қарастырып зерттеген ғалымдар көп деп айта алмасақ та, шетелдік ғалымдардың еңбектерінде білім мен ғылымға қатысты олардың ойлары қарастырылады. Білім мен ғылым саласына қатысты көрнекті тұлғалардың ойлары шетелдік, посткеңестік және отандық деп үш топқа бөлінеді. Шетелдік ғалымдардың қатырына: Ж.Ф. Лиотар, Дж. Локк, Д. Дидро, Д. Дьюи, К. Ясперс, М. Фуко, П. Наторп, М. Монтень, К. Поппер, Т. Парсонстарды жатқызуға болады. Ғалымдардың еңбектері жалпы аймақтардың ағарту саласына қатысты бар деп айту қиын болса да, еңбектері құнды. Келесі кезекте посткеңестік және отандық ғалымдардың ойлары педагогикалық, психологиялық, тарихи және экономикалық тұрғыдан қарастырылды, олардың тізбесіне: Р.А. Нуртазина, В.Г. Белинский, А. Макаренка, Е.Н. Мединский, А.И. Пискунов, А.А. Шабунова, Д.Ц. Цыденова, Т. Тәжібаев, Н. Сәбитов, А.И. Сембаев, Г.И. Храпченков, С.З. Баймагамбетов, Х.М.Абжанов пен Ғ.К.Кенжебаев, А.Б. Сатановтарды жатқызуға болады. Аймақтық білім мен ғылым салаларын жеке зерттеп оларға толық сипаттама берген зерттеушілер қатары да бар оларға: М.Г. Ескендіров, А.Ш. Журасова, Д.Қ. Стамғали, А.К. Қапышев, Ж.И. Мананбаев, Р.Л. Абдрахманова, Ә.С. Сайлаубек, Т.Н. Сайтимова, Ж.Е. Сманқұлова, С.М. Омирбаевтар. Жоғарыда қарастырылған жұмыстар зерттеу тақырыбын толық ашпаса да, ғылым мен білім беру жүйесіндегі аймақтандыруға байланысты пәнаралық компоненттер ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Егеменді Республиканың білімі мен ғылымы зерттеудің нысанына айналып, ал ғылым саласын толық ашып қарастыру мүмкін емес болғандықтан (ауқымы өте үлкен) ғылым саласын жоғарғы оқу орынынан кейінгі білім беру жүйесінің негізінде зерттеледі. Ал зерттеу пәніне Қазақстанның 14 аймағы мен 3 республикалық маңызы бар қалаларындағы тәуелсіздіктің 30 жылдығын қамтитын білімі мен ғылымы жатады. Егеменді Қазақстанның аймақтық білімі мен ғылымын кешенді, жүйелі түрде 30 жылдық хронологиялық шеңберге сәйкес талдап, кластерлеу арқылы зерттеу, диссертациялық жұмыстың мақсатына айналды. Зерттеу жұмысының мақсатына жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды: - Қазақстандағы білім мен ғылым аспектісін зерттеудің теориялық-әдіснамық негіздерін анықтау; - білім беру жүйесін Қазақстан Республикасындағы аймақтарды кластерлеу арқылы зерттеу; - Xmind бағдарламасының көмегімен білім беру жүйесіне тән интелект карталар арқылы визуализациялау қызметін қолданыс аясына енгізу; - жалпы білім беру саласындағы өзгерістер мен артықшылықтар, жетістіктер мен кемшіліктерін анықтау; - Қазақстаннның жоғарғы оқу орындары мен одан кейінгі білім беру жүйесін толық зерттеу арқылы, ғылыми әлеуетін талдау; - Қазақстандағы ғылым саласындағы өзгерістер мен аймақ ғалымдарының әлеуметтік-демографиялық бейнесін салыстыру; - ЖОО-нан кейінгі білімнің республика ғылымына әсерін анықтау; - ғылыми әлеуетті қаржыландыру мен қазіргі кездегі шешімін таба алмай отырған мәселелерді ашу және оларды шешу жолдарын ұсыну; - Аймақтардағы ғылым саласының дамуының ерекшеліктері мен жетістіктерінің динамикасын сараптап, болашағын жоспарлау. Диссертацияның дереккөз базасы олардың шығу тегіне, қабылдаған уақытына, маңызына, сипатына байланысты 4 топқа бөлінген. Дереккөздердің бірінші тобына: Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық акілер жиынтығы, бағдарламалары мен заңдары жатады. Дереккөздердің екінші тобына: диссертацияда ғылыми айналымға енгізілген, бірақ жарияланбаған Алматы, Астана, Өскемен, Қарағанды қалаларының мұрағат материалдары кірді. Дереккөздердің үшінші тобына Қазақстанда, сондай-ақ республикадағы орта және кәсіби білім, ғылым, жоғары білімнің дамуы туралы аймақтық және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының статистикалық деректері қолданылды. Дереккөздің төртінші тобына зерттеу тақырыбына сай мерзімді баспасөз, монографиялар, арнайы мемлекеттік орталықтардың есебі мен конференция материалдарының жинағы кірді. Зерттеу жұмысында тарихи-талдау, тарихи-салыстыру, тарихи-жүйелеу, тарихи-топтау, кластерлеу мен визуализациялау әдістері қолданылды. Бұдан басқа, келесі әдістерді зерделеуде алғаш рет Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын тарихи талдау үшін Statistica, XMind бағдарламалары пайдаланылды. Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері: Қазақстан Республикасының 1991-2021 жылдар аралығындағы білім мен ғылым саласының хал-ахуалын зерттеу болғандықтан, екі кезеңге бөліп қарастырылып отыр. 1-кезең 1991-2010 жылдар арлығындағы Болон жүйесіне дейінгі, 2-кезең 2010-2021 жылдардағы Болон жүйесінен кейінгі білім мен ғылым. Зерттеудің территориялық шеңбері: Егеменді Қазақстан аймақтарының әкімшілік-аумақтық бірліктері мен республикалық маңызы бар қалаларын қамтиды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы: 1991-2021 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының аймақтарының білімі мен ғылымынның барлық саласын толық тарихи тұрғыдан зерттейді. Ғылыми зерттеу жұмысында орта, кәсіби, жоғарғы оқу орны мен жоо-нан кейінгі ғылыми әлеуетін анықтау, білім саласы мен ғылыми жаңалықтардың бой көтеруін, қабылданған реформалар мен бағдарламалардың қосқан үлесі анықталады. Диссертациялық жұмыстың қолданбалы маңызы 1.«Қазақстан тарихы», «Аймақтану» пәндері бойынша әдістемелік құрал ретінде қолдануға болады; 2. білім беру саласында оқытудың белсенді әдісі ретінде Xmind бағдарламасын оқытушылар мен студенттерге қосымша әдіс ретінде ұсынуға болады; 3. жергілікті жерлердегі білім беру департаменттерінде жылдық немесе жарты жылдық білім ошақтарының деңгейін білуде «Statistica» бағдарламасына жүгініп, көш басшы, орта және көш соңындағыларды анықтау үшін қолданысқа пайдалануға тиімді; 4. аймақтың білімі мен ғылымын зерттеуде Статистика басқармасы үшін кластерлеу әдісін қолдануға болады; 5. зерттеу жұмысында қолданыс тапқан бағдарламалар жергілікті мәдениет және әкімшілік басқармалары үшін болашақта сараптамалық-талдау жасауда қолдануға мүмкіндік береді. Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: 1. Зерттеу жұмысын жазу барысында ғылыми тақырыптың төңірегінде, оның ішінде білім мен ғылымның аймақтық аспект ретінде жұмыстардың жоқтығы қиындықтар тудырғаны анық. Сол себепті де, мұрағат қорлары мен статистикалық дереккөздердің көмегі арқылы егемемендікке қол жеткізген республиканың тарихи өмірі сараланып, оң нәтиже берді. Ғылыми жұмысты зерттеу барысында пәнаралық байланыс жан жақты мәселелерді ашуда көмегін тигізді. 2. Отыз жылдың аралығында қабылданған бағдарламалар мен құқықтық-нормативтік актілер жинағының көмегімен қолдау тапқан немесе бірнеше рет өзгертілген заңдардың мазмұны қарастырылды («Білім», «Ғылым»). Жоспарланған бағдарламалардың көрсетілген уақытында іске асырылмауы, кезекті бағдарламада оның жалғасының табуы, 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасынан-ақ байқауға болады. Нормативтік-құқықтық актілер республиканың ұзақ жылдар бойы көкейтесті мәселелерін шешуге бағытталса да, толық шешімін таппады. Тәжірибе көрсеткендей заңдар мен бағдарламалар қабылдауда уақыт пен қаржылық сауаттылық қажеттілігінің керек екені белгілі болды. 3. Егемендікке қол жеткізген 1992-2022 жылдар аралығында «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына бірнеше өзгерістер енгізілді. Қазақстанның аймақтарын әкімшілік бөлікке бөлуде экономикалық-географиялық елді мекендердің жағдайы қарастырылды. Қазақстан территориясын әкімшілік-аумақтық экономикалық тұрғыдан аймақтық кластерлеу әдісінің көмегімен бөлу арқылы білім мен ғылым саласына талдау жасалынып, жеке аймақтарды бөліп қарау нұсқасы тиімді екені байқалды. 4. 1991-2021 жылдар аралығындағы Қазақстандағы мектепке дейінгі, орта және кәсіби білімнің жай күйін кеңестік біліммен салыстырмалы түрде зерттеу жұмыста көрініс тапты. Қазақстандағы экономикалық-әлеуметтік жағдайдың аталған жылдар аралығындағы әлсіреуі, демографиялық жағдайдың күрт төмендеп кетуі, мамандардың басқа салаларға ауысуы орын алды. Республикада ҰБТ, PISA,TIMSS көрсеткіштер қорытындылары көңілге тойымды нәтиже бермеді. Жаңартылған білім бағдарламасына көшу, 12 жылдық мектеп бағдарламасын эксперимент ретінде қабылдау, COVID-19 пандемиясының салдарынан қашықтықтан оқыту форматына көшу біраз қиындықтарды туындатты. Қазақстандағы ағарту саласы қиын қыстауда әлсіз тұстары көп екенін көрсетті. 5. Республика аймақтарындағы мектепке дейінгі балаларды, жалпы білім беруде оқушыларды, колледждерде студенттерді қамту, түлектерді шығару үрдісін кластерлеу әдісі арқылы зерттеу – ұсынылып отырған ғылыми жұмыстың өзекті тақырыбы болды. Кластерлеудің қорытындысы бойынша атаулы білім берудің үш бағытында бірдей көрсеткішті көрініс тапты. Кластерлеу әдісінде бес аймақ бойынша бөлуден гөрі, жалпы 14 аймақ пен 3 республикалық маңызы бар қалаларды дифференциялау арқылы жіктеген дұрыс деген ой қалыптасты. 6. Егеменді Қазақстанның жоғарғы оқу орындарындардағы жай-күйі Болон үрдісіне дейін және кейін деп, екі кезеңге бөліп зерттелді. Шет елде білім алған түлектердің өз елінде жұмыспен қамтылмауы «ақылдың сыртқа кетуіне» (утечка мазгов) әкеліп соқтырды, маман әзірлеуге кеткен мемлекетік шығындардың орны жабылмады. Аймақтардың жоғарғы оқу орындарының беделін көтеру, нарықтық қатынас жүйесіне тапшы мамандармен қамтамассыз ету үшін мемлекеттің ішкі бағдарламалары қолданыс тапты, оларға - «Дипломмен ауылға», «Серпін», «Жасыл ел» және тағы басқалары жатады. Республиканың жоо-нан кейінгі білім беру жүйесінде- ірі аймақтарда ғылыми дәреже алу мен беру сандық көрсеткішіне сай жоғары орынға қойылса ал, аймақтық елді мекендерде ол ақсап тұрғаны байқалды. 7. Республикадағы ғылымның дамуына әсер ететін мемлекет тарапынан бөлінетін қаржыландыру мөлшері тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығында мардымсыз болды. Жоғарғы оқу орындары ақылы бөлімдерге магистрлар мен докторларды қабылдай бастады. Жас ғалымдар мен ПОҚ арасында өтетін жыл сайынғы сайыстардың ауқымы кеңейтілді. Ғылым саласындағы ғалымдардың жас мөлшері жасарып, аға буындар тәжірибесінің арқасында ұрпақ жалғасын таба білді. Десек те ғылым саласында шешімін таппаған мәселелер саны өте көп. Зерттеудің негізгі ережелері мен нәтижелері ғылыми мақалаларда көрініс тапты, түрлі деңгейдегі конференциялардың баяндамаларында сынақтан өтті. Диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша зерттеудің негізгі ережелерін көрсететін 18 ғылыми жұмыс жарияланды, оның ішінде: 5 мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда, 2 мақала жақын шетелдік халықаралық конференцияларда (Ресей), 11 мақала ҚР халықаралық конференция материалдарында жарияланды. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, 3 тарау, 9 бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімі, қосымшалардан тұрады.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/_vNuKYNOzaA
