
«6D020100 - Философия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Амангельдиев Асан Азимханович диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Амангельдиев Асан Азимханович «6D020100 – Философия» мамандығы бойынша «Сан философиясы» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Философия» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Рецензенттер:
Бекежан Өмірбек Қадырханұлы - ғылым докторы, қауымдастырылған профессор, Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Кафедра меңгерушісі
Қалдыбай Қайнар Қалдыбайұлы - философия докторы (PhD), доцент, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, доцент
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Кожамжарова Майра Жанайдаровна - ғылым кандидаты, доцент, ТОРАЙҒЫРОВ УНИВЕРСИТЕТІ, Кафедра меңгерушісі
Абдильдина Хорлан Садуакасовна - ғылым кандидаты, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, доцент
Кусбеков Думан Карибекович - ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Кафедра меңгерушісі
Тулеубеков Асыл Серикович - ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор, М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЮУ Университеті, доцент
Сейфуллина Галия Рустембековна - ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Ғылыми кеңесшілер:
Ғарифолла Есім – философия ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті философия кафедрасының профессоры
Бюлент Шенай – философия докторы (PhD), Улудаг университеттінің профессоры (Бурса қ., Түркия).
Қорғау 2023 жылғы 8 желтоқсан, сағат 14:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6D020100 – Философия» мамандығы бойынша «8D022 – Гуманитарлық ғылымдар» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/36HD9y
Мекен-жайы: Астана, А.Пушкин,11, аудитория №203
Аңдатпа (қаз.): Алғашқы философиялық жүйелер пайда болған сәттен бастап сандар мен оларға қатыстылардың барлығы ойшылдардың айрықша назарында болды. Бұл ретте пифагоршылар мен элеаттарды атап өтуімізге болады. Олар «Әлемді сандар басқарып отыр» деп мәлімдеген болатын. Ежелгі үнділер ғаламның өмір сүру циклдарын әзірлеп шығарса, ежелгі египет, иудей, қытай мифтері мен діндерінде сандардың санаты әрқашанда аса маңызды, тіпті кей кездері шешуші рөл атқарды.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://drive.google.com/file/d/1GXO9B89u-iwSHZOgrPbJf0wcYzUXKv9V/view?usp=drive_link
