
«8D02201 - Философия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Сарсенбеков Нурсултан Жумабекулы диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Сарсенбеков Нурсултан Жумабекулы «8D02201 – Философия» мамандығы бойынша «XX ғасырдағы қазақ дүниетанымының экзистенциалды толғаныстары» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Рецензенттер:
Азербаев Аслан Дыбысбекович - философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, ТОРАЙҒЫРОВ УНИВЕРСИТЕТІ, доцент
Телебаев Газиз Турысбекович - философия докторы (PhD), профессор, Казахско-Британский технический университет
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Құранбек Әсет Абайұлы - ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор
Кемербай Рауан Амантайұлы - философия докторы (PhD), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Доцент (міндетін атқарушы)
Бектенова Мадина Кенесарыевна - философия докторы (PhD), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Жетекші маман-ұйымдастырушы
Әмен Асхат Жангелдіұлы - философия докторы (PhD), М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті" КЕАҚ, Аға оқытушы
Кульбаева Дина Дюсебаевна - ғылым кандидаты, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Кафедра меңгерушісі
Ғылыми кеңесшілер:
Абдина Айнур Канапияновна – философия ғылымдарының докторы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры
Бюлент Шенай – философия докторы (PhD), Улудаг университеттінің профессоры (Бурса қ., Түркия)
Қорғау 2024 жылғы 2 ақпан, сағат 14:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D02201 – Философия» мамандығы бойынша «8D022 – Гуманитарлық ғылымдар» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/37KaUc
Мекен-жайы: А.Янушкевич көшесі,6, №4 ғимарат, 106 аудиторияда
Аңдатпа (қаз.): Диссертацияның зерттеу мақсаты ХХ ғасырдағы тарихи оқиғаларға философиялық талдау жасау арқылы қазақ дүниетанымындағы экзистенциалдық толғаныстарды анықтау. Зерттеу міндеттері: 1. Көшпелілер өркениетіндегі өмірмәндік мәселелерде әр құбылысқа айрықша мән беруді - интенционалдылығын зерделеу; 2. Қазақ дәстүріндегі «Бар болу» ұғымының алғышарттарын экзистенциалдық категориялар арқылы анықтау; 3. Қазақ ойшылдарының дүниетанымындағы және еңбектеріндегі экзистенциалдық категорияларды талдау; 4. ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ашаршылық кезеңіндегі қазақ дүниетанымының экзистенциалдық толғаныстарына философиялық рефлексия жасау; 5. Екінші дүниежүзілік соғысы батырларының естеліктерін талдау арқылы «Сөз қуаты» терминін экзистенциалды концепт ретінде анықтау; 6. КСРО ыдырауының қазақ дүниетанымына әсерін және «Ұлттық болмысқа бетбұрыс» феноменін зерделеу. Зерттеу әдістемелері. Концептуалды әдісті қолдана отырып, компаративистикалық (Қазақ дүниетанымындағы экзистенциалдық категориялар мен батыс ойшылдарының ұстанымдары арасындағы салыстырмалылық) талдау жасау. Диссертациялық зерттеуде нақты архив деректері, естеліктер жинағы мен ХХ ғасырдағы орын алған оқиғалардың куәгерлерлерінің ұрпақтарымен тереңдетілген сұхбат жүргізу арқылы адам болмысына үңілу – интенционалдық әдістері негіз болды. Тереңдетілген сұхбат әдісі респонденттің өмірлік тәжірибесінде қалыптасқан толғаныстарын зерттеуде маңызды. Сұхбаттың бұл түрін өткізу әдеттегіден ерекшеленеді, себебі ол респонденттің ішкі, терең сезімдері мен тәжірибесін анықтауға бағытталған. Тереңдетілген сұхбат әдіс ретінде адамды құпия әңгімеге алдын ала дайындай отырып, көңіл-күйді болжап және берілген тақырыпқа қызығушылық тудырды. XX ғасырда қазақ қоғамында орын алған оқиғаларды нақты құжаттар арқылы зерттей отырып, тіршілік үшін арпалыс мәселесіне герменевтикалық интерпретация беріліп, нақты мәселелерге қайта оралу, яғни рационалды редукция қолданылды. Бұл, адамдардың ашаршылықта яки Екінші дүниежүзілік соғысы жылдары басынан кешкен ахуалын, КСРО-ның құлдырауымен қалыптасқан экономикалық қиындықтардың экзистенциалдық толғаныстардың туындауына әсерін шер тарқату арқылы зерттеу. Бұлар, XX ғасырда қазақстандықтардың дүниетанымында қалыптасқан экзистенциалдық толғаныстарын зерттеу арқылы адам өмірінің мәнін ұғындырудағы жетекші құралдар. Диссертациялық жұмыстың тақырыбы тікелей тарихи оқиғалармен байланысты болғандықтан, тарихи-диалектикалық әдіс басты назарға алынды. Тарих призмасы арқылы, тарихилықтан нақтылыққа өту арқылы, орын алған оқиғаларға философиялық интерпретация жасай отырып, экзистенциалдық категориялар анықталды. Сонымен қатар, қажетті зерттеуде мәтіндік ақпаратты талдауда қолданылатын контент-талдау және ХХ ғасырдағы қазақ қоғамын талдауда жүйелік тәсілге негізделген әлеуметтік-мәдени тәріздес пәнаралық әдістер қолданылады. Негізгі ережелері (дәлелденген ғылыми гипотезалар және жаңа білім болып табылатын басқа да тұжырымдар): 1. Көшпелілер өркениетіндегі тіршілік мәніне деген қатынасын талдау арқылы, экзистенциалдық сарыны басты назарға алынып: – көшпелілер дүниетанымындағы өмірмәндік ұстанымдардың сакральдылығын аңғарта отырып, әр құбылысқа деген айрықша қатынасы; – өмірмәндік сауалдарда болымды (позитивті) қағидаттары ұлттық болмысымыздың ерекшелігі ретінде; – кеңістік пен уақыттың өлшеміне айналған «Атақоныс» ұғымының киесі; – Адам тіршілігінің қағидасына айналған көшпелі өркениеттің уақыт қатынасындағы жыл санауы мен мүшел жастың мәні; – табиғат аясында емін-еркін сүрген халық үшін еркіндік категориясы адам болмысының қажетті компоненті ретінде зерделенді. Бұл концепттер көшпелі өркениетіндегі өмірмәндік мәселелердің интенционалдылығын аңғартады. 2. Өмірмәндік қағидаларды ту етіп ұстану қазақ дәстүріндегі прагматикалық қатынастарды құрайды. Осы мақсатты айқындау барысында, қонақжайлылық, ұят, тәуба, әділдік, парыз категориялары әрі қазақ дәстүріндегі сөз қадірі, яғни сөз саптау, мақал-мәтелдер, бата беру және жоқтау айту дәстүрлері негізінде талданады. Жоғарыда келтірілген категориялар мен ұстанымдар адам болмысының бар болуының кепілі. Қазақ тіліне тәржімаланған еңбектердің көбінде экзистенциализмге тән ұғымдарға анықтама беруде нақтылық жоқ. «Dasein» ұғымының мәнін түсіндіру қиындығын ескере келе, бұл мәселені қазақ дүниетанымындағы «Бар бол» бата-тілегі арқылы түсіндіру әлдеқайда ұтымды деген тұжырымға келдік. Соған орай, «Dasein» ұғымының мәнін қазақ тілінде «Бар болу» атауында ғылыми айналымға енгізуді ұсынамыз. 3. Даналықтың шыңына жеткен тағылымы мол тұлғалардың мұраларын рухани қару ретінде қолдану. Осы тұрғыда: болмыс пен уақыт арақатынасы, Жаратушыға шынайы ғашықтық, өмір мен өлімнің феномені тұрғысындағы мәселелер топталып, зерттелді. Қазақ ойшылдары нақты экзистенциалдық бағыттың өкілдері емес, дегенмен, адамның трансцендентті толғаныстарын айқын көрсете білетін экзистенциалдық категорияларды Қорқыт Атадан бастап, Әбу Насыр әл Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Жүсіп Баласағұн, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы сынды ойшылдардың еңбектерінен айқын аңғаруға болады. Аталған ойшылдар шынайы ғашықтық, имандылық, әділдік, адамгершілік, ар, ұят сынды гумандық қасиеттер ойшылдар философиясында экзистенциалдарға айналып, өмірлік қағида ретінде көрініс береді. Ойшылдар дүниетанымындағы экзистенциалдарға әлі де феноменологиялық тұрғыда талдау жасау ұсынылады. 4. Қазақ даласындағы ашаршылықты талдау ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы тарихи-саяси оқиға ретінде философиялық контекстте пайымдау тарихты еске алған сайын құндылығының арта түсетінін көрсетеді. Осы мақсатта, философиялық интерпретация беру арқылы тарихи оқиғаларға экзистенциалдық тұрғыда баға беру оның маңыздылығын арттыра түспек. Седентаризация саясаты көшпелілер өркениеті қалыптастырған қазақ халқының өзіндік болмысын, мәнін өзгерту ұранымен жүзеге асты. Осы тұрғыда ХХ ғасырдағы ашаршылық феномені тудырған экзистенциалды толғаныстардың феноменологиялық талдауы адамның тіршілік үшін күресін, оның сыртқы әлемде бар болуын және ішкі әлемінің тереңдігін зерттеу арқылы жүзеге асырылады. 5. Соғыс-бейбітшілік мәселесі диалектикалық қарама-қайшы сауал ретінде адамзат үшін аса маңызды. Қоғамдық пікірдің көрінісіне айналған пацифистік қағида этикалық ұстаным ретінде адамгершіліктің бұлтартпас айғағы. Соғыс жағдайында адамның өліммен бетпе-бет қалуы «шекаралық жағдайды» туындатып, адамның өмірмәндік сауалдарға жауап іздеуіне жол ашады. Осы мақсатта, Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақ батырларының естеліктері мен еңбектеріне сүйену адамның өз болмысына рефлексиясын зерттеуге мүмкіндік берді. Қазақ батырларының соғыс туралы естеліктерін талдау арқылы қайсар рух, айбынды намыс, батылдық, жігер, үміт сияқты экзистенциалдық категориялардың мәні ашылды. «Шер тарқатудың» (М.Мамардашвили) дәлелі ретінде Екінші дүниежүзілік соғысы батырларының естеліктерін талдау арқылы «Сөз қуатын» қолдану - адамның өмірдің мәніне деген позитивті көзқарасын арттырады. Нәтижесінде, экзистенциалды дағдарысқа ұшыраған жандарға қолдау ретінде «Сөз қуаты» терминін ғылыми айналымға енгізу ұсынылды. 6. КСРО-ның құлдырауы ХХ ғасырда орын алған әлемдік деңгейдегі ең ірі саяси оқиғалардың бірі болды. Бұл өзгерістер экономикалық дағдарыстар әкелгенімен, егемен ел ретінде ұлттық болмысқа оралуға мүмкіндік берді. Символикалық мәдени ерекшелік ретінде көшпелі өркениет қалыптастырған дәстүрде әр отбасы, әулет үшін өз ата-бабасынан қалған Атақонысын сақтау – қасиетті парыз. Оның айғағы ретінде, XX ғасырдың экзистенциалдық дағдарысы кезінде кезінде туған жерінен жыраққа кеткендердің ұрпақтары - «қандастардың» туған топырағына оралуы. Соған байланысты, туған топырақтың киесін түсіндіру, «Ұлттық болмысқа бетбұрыс» ұғымының мәнін арттыру уақыттың барлық модустарында маңызды. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы: 1. «Атақоныс» концепциясының көшпелілер өркениетінің экософиясының негізі ретінде күнделікті өмірдегі маңызы және ғасырлар бойы көшпелілер қалыптастырған өмірлік бағдарлары табиғатпен үйлесімді өмір сүретін халықтың болмысының экзистенциалдылығын көрсетеді. Адам өмірінің киелі өлшем бірліктері – «жыл санау» мен «мүшел жас» деген атауларға жүгіну арқылы халықтың тарихи болмысының әрбір оқиғаға интенционалдылыңы мен ерекше қатынасының көрінісі өзектіленді. 2. Қазақ дүниетанымындағы еркіндік пен жауапкершілік, намыс пен ар-ұждан, адамгершілік пен мораль тәріздес экзистенциалдық категориялар адам болмысының негізі болып табылады. Қазақ дүниетанымдық дәстүрінде адам болмысының негізін құрайтын категориялардың күнделікті тіршілікте қолданылуы өмірлік тәжірибеде қалыптасқан. Қазақ дәстүрінде адам болмысын құрайтын категорияларды күнделікті тәжірибеде қолдану оның прагматикалық көзқарасын қалыптастырады. Бұл адам болмысының өміршеңдігінің дәлелі әрі М.Хайдеггер дүниетанымындағы адам болмысының «қатысуын» дәріптейін «Dasein» ұғымына сәйкес екені анықталды. «Dasein» ұғымын түсіндірудің күрделілігін ескере отырып, оның қазақ дәстүріндегі «Бар бол!» бата-тілегі арқылы түсіндірумен сәйкес келетіндігі туралы қорытындыға келуге болады. «Dasein» - «Бар болу» тең ұғымдар. 3. Қазақ ойшылдарының еңбектеріндегі экзистенциалдарды анықтау әрі зерделеу мақсатында Қорқыт Атадан бастап, Әбу Насыр әл Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Жүсіп Баласағұн, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы сынды ойшылдардың еңбектері басты назарға алынды. Аталған ойшылдардың еңбектерінен Жаратушыға шынайы ғашықтық, имандылық, әділдік, адамгершілік, ар, ұят сынды экзистенциалдарды айқын аңғаруға болады. 4. ХХ ғасырдың 30-жылдарында қазақ ұлты басынан кешкен ашаршылық оқиғасының себептері мен салдарын зерделеу арқылы, қазақ дүниетанымындағы тіршілік үшін арпалысынан туындаған экзистенциалдық толғаныстарға феноменологиялық талдау жүргізілді. Дүниенің үнемі өзгермелілігі мен оның дамуы – әлемдік болмыстың константалары. Демек, экзистенциалдық мәселелерді халықтың тарихи оқиғалары аясында талдау ғылыми зерттеудің өнімді де тиімді әдісі болып табылады. 5. Адамзат тарихындағы қайғылы оқиғалар куәландыратындай, адамзатқа қарсы жасалған ең қатыгез қылмыстар кейінгі ұрпақ үшін сабақ әрі адам болмысының экзистенциалдылығын анықтау құралы ретінде әрекет етеді. Сондықтан, моральдық ұстанымдардың негізі ретінде пацифистік принцип пен зорлық-зомбылық жасамау этикасын ескеру бүкіл адамзат үшін өте маңызды мәселе. Осыған байланысты зерттеуде қазақ халқының Екінші дүниежүзілік соғысы кезіндегі тауқыметін ескере отырып, экзистенциалдық дағдарыс жағдайында адамдарды рухани қолдау үшін «Сөз қуаты» концептін ғылыми қолданысқа енгізу ұсынылды. 6. Кеңес Одағының ыдырауы адамдардың санасында кеңестік идеологияның күйреуі мен бастапқы ұлттық бастауларға қайта оралуының салдары ретінде қалыптасқан экзистенциалды дағдарысты тудырды. Осыған байланысты жүргізілген зерттеу контекстінде герменевтика әдістері, контент-талдау, сұхбат алу, статистикалық мәліметтерді өңдеу және т.б. Еркіндікті жоғары бағалайтын халық ретінде ата-баба мұрасын меңгеру – ғылыми талдаудың таптырмас парызының бірі болды. Сондықтан, бұл тұрғыда философиялық рефлексия пәні мәселелерінің қатарына «Ұлттық болмысқа бет бұру» феноменін қосу өте маңызды. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі. 1. Көшпелілер өркениетіндегі өмірмәндік мәселелерде интенционалдылықтың мәні ашылды; 2. Қазақ дәстүріндегі «Бар болу» ұғымының алғышарттары болып табылатын экзистенциалдық категориялар анықталды; 3. Тарихи-философиялық экскурс арқылы қазақ ойшылдарының еңбектеріндегі адам болмысын құрайтын экзистенциалдар талданды; 4. ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ашаршылық кезіндегі қазақ дүниетанымындағы экзистенциалдық толғаныстары философиялық рефлексия тұрғысынан талданды; 5. Екінші дүниежүзілік соғысы батырларының естеліктерін талдау арқылы «Сөз қуаты» экзистенциалды концептін ғылыми айналымға енгізу ұсынылды; 6. КСРО ыдырауының қазақ дүниетанымына әсері зерттеліп, «қандастардың» тарихи отанына оралуы мысалында «Ұлттық болмысқа бет бұру» құбылысы зерделенді. Ғылыми даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі. «XX ғасырдағы қазақ дүниетанымының экзистенциалды толғаныстары» тақырыбындағы диссертациялық жұмыс Қазақстан Республикасындағы ғылымның даму бағыттарының басымдылықтарының ішінен - 7. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулерге және арнайы ғылымның даму мамандандырылған бағыттардың ішінен - 7.2. Гуманитарлық бағыттарына ғылымдар саласындағы іргелі, қолданбалы, пәнаралық зерттеулер: 7.2.6. Қоғамды жаңғырту жағдайындағы тарих пен мәдениеттің, мемлекеттік әдебиет пен тілдің, дәстүрлер мен құндылықтардың ортақтығы бағдарламалар бабына сәйкес келеді. Докторанттың әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Диссертациялық зерттеу жұмысы бойынша 7 ғылыми мақала жарық көрді: I. Web of Science Core Collection, Scopus халықаралық рецензияланатын журналдардағы мақалалар 1. Ahmet Yesevî’nin Hikmetlerindeki varoluş kategorilerinin yorumuna yönelimsel yaklaşim Türk kültürü ve Haci Bektaş Velî araştirma dergisi / Turkish culture and Haci Bektas Veli research quarterly Ankara Hacı Bayram Veli Üniversitesi Yaz - Haziran 2023, Sayı 106. – s. 265-276. Мақаланы жазу барысында Мустафа Татчының редакторлығымыне түрік тіліне аударылған Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани Хикметтері» назарға алынып, герменевтикалық әрі феноменологиялық баға берілді. II. Уәкілетті орган ұсынған басылымдарда 2. The existential reflection in kazakhstan society during the Great Patriotic War. Қарағанды университетінің Хабаршысы Тарих. Философия сериясы. № 3(103)/2021, 188-196 p. 3. The emergence of existential experiences: the impact of the pandemic on Kazakhstanis. «Әл-Фараби» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер журналы. № 4 (76) 2021, 144-153 p. 4. Manifestations of existential experiences during the collapse of the USSR in kazakh society. Қарағанды университетінің Хабаршысы Тарих. Философия сериясы. №2 (106)/2022, 256-263 бет. 5. «Dictum acerbum»: existential experiences in the Kazakh worldview during the Holodomor. Қарағанды университетінің хабаршысы Тарих. Философия сериясы. № 4 (108)/2022, 357-364 p. Жоғарыда назарға ұсынылған уәкілетті орган ұсынған басылымдарда жарияланған мақалаларлы жазу барысында нақты тарихи құжаттарға сүйену және талдау жасау және ашаршылық куәгерлерінің ұрпақтарымен, КСРО ыдырауының куәгерлерінен сұхбат алу арқылы ғылыми ізденіс жүзеге асты. III. Қазақстан Республикасындағы ғылыми баспаларында жарияланған еңбектер 6. Göçebe Medeniyetinde Varoluşçuluk Dünya Görüşü. Ясауи университетінің хабаршысы ғылыми журналы, №2 (120) 2021, s. 38-49 Мақала жазу мақсатында контент-талдау, сондай-ақ көшпелі өркениетті бағалауда қазақ ойшылдарының дүниетанымы мен Батыс философиясының еңбектеріне компаративистік талдау жүргізілді. IV. Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар жинақтарында 7. «Өмірдің мәні-экзистенциалды мәселе ретінде». Диалог культур Востока и Запада через призму единства и многообразия в преемственности и модернизации общественного сознания: Древний мир, Средневековье, Новое время: сборник научных статей/отв.ред. В.Н. Вдовин-Алматы: Институт философии, политологии и религиоведения КН МОН РК, 2021. –360с. – С. 71-76. Экзистенциализмнің мақсаты адам тіршілігінің мәнін талдау болғандықтан, феноменологиялық баға беру арқылы өмір феномені талданды.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/fpA4DnJzpEg?si=DS7zRSWzt_BHEDP8
