
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Салимова Райгуль Сабыровна «8D02201 – Философия» білім беру бағдарламасы бойынша «Білім беру философиясы және цифрландыру: жүйелі-ұйымдастырушылық және эпистемологиялық аспектілері» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Философия кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Ресми рецензенттер:
Жолдубаева Ажар Куанышбековна – философия ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Токтаров Ермек Бауржанович – философия докторы (PhD), Философия, саясаттану және дінтану инстиутының «Цифрлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» орталығының жетекшісі (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Құранбек Әсет Абайұлы – философия ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Философия» кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Уызбаева Анар Асановна – философия докторы (PhD), Astana IT University-нің қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Арыстамбаева Светлана Андреевна – философия ғылымдарының кандидаты, Гайдар Сапаргалиев атындағы мемлекет және құқық ғылыми-зерттеу институты (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Нурманбетова Джамиля Нусупжановна – философия ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы еуразия ұлттық университетінің «Философия» кафедрасының профессоры доктор философских наук, профессор кафедры философии Евразийского (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Уразалиева Гульшат Кулумжановна – философия ғылымдарының кандидаты, Ресей мемлекеттік гуманитарлық институтының доценті (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы).
Қорғау 2025 жылғы 8 шілде, сағат 11:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D02201 – Философия» білім беру бағдарламасы бойынша «8D022 – Гуманитарлық ғылымдар» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас форматта (оффлайн және онлайн) өткізіледі.
Сілтемесі: https://clck.ru/3MTNCi
Конференция идентификаторы: 678 160 9970
Қосылу коды: 12345
Мекен-жайы: Астана қ., А. Янушкевич көшесі, 6, №4 ғимарат, 106 аудитория.
Аңдатпа (қаз.): Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Диссертациялық жұмыста қазіргі білім беру философиясының негіздерін түсінуге, қайшылықтарды анықтауға және даму перспективаларын белгілеуге бағытталған цифрландыру дәуіріндегі білім беруді трансформациялау үдерісі жүйелік-ұйымдастырушылық және эпистемологиялық талдау тұрғысынан қарастырылады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі цифрлық дәуірдің ауқымды сын-қатерімен анықталады, олардың ішінде негізгісі университеттің экожүйелерін жаңа жағдайларға икемді етіп қайта ұйымдастыруды және бейімделуді талап ететін технологиялық инновацияларды жеделдету болып табылады. Білім беру ортасының цифрлық трансформациясы танымдық үдерістегі жүйелік, ұйымдастырушылық және эпистемологиялық өзгерістерге әсер етеді, бұл жан-жақты, кешенді және пәнаралық талдауды қажет етеді. Зерттеу нысаны білім беру философиясы және цифрландыру үдерістері болып табылады. Зерттеу пәні цифрландыру жағдайында білім беруді трансформациялаудың жүйелік-ұйымдастырушылық және эпистемологиялық аспектілері болып көрсетілді. Диссертациялық зерттеудің мақсаты цифрлық дәуірдегі қазіргі білім беру философиясының даму негіздерін, қайшылықтары мен перспективаларын анықтауға бағытталған, эпистемологиялық және жүйелік-ұйымдастырушылық талдау призмасы арқылы цифрландыру жағдайында білім беру трансформациялауының зерттеуінде қорытындыланған. Зерттеу міндеттері: - метатеориялық негіздерін анықтап, білім беру философиясын білім беру жүйесін зерттеу әдістемесі ретінде қарастыру; - әлеуметтік-мәдени және технологиялық факторлардың әсерінен олардың қалыптасуы мен өзгеруінің негізгі кезеңдерін қадағалай отырып, білім беру үлгілерінің эволюциясына тарихи-философиялық талдау жасау; - цифрлық технологиялардың қазіргі әлеуметтік кеңістіктегі білімді генерациялау, тасымалдау, ассимиляциялау және өмір сүру жолдарына ықпалын анықтай отырып, білім беруді цифрландырудың эпистемологиялық аспектілерін зерттеу; - университеттердің әртүрлі үлгілерінің қалыптасуына тарихи талдау жасау арқылы, сондай-ақ бірқатар қазақстандық жоғары оқу орындары мысалында университеттердің цифрлық жетілуінің негізгі параметрлерін талдау арқылы білім беруді цифрландырудың жүйелік-ұйымдастырушылық конфигурациясын анықтау; - танымдық тәсілдердегі, білім беру нысандарындағы және білім беру институттарындағы өзгерістерді талдау арқылы заманауи білім беру жүйесін трансформациялауға цифрлық технологиялардың әсерін анықтау; - цифрлық дәуірдегі білім беру философиясының даму перспективаларын болжау, оның эволюциясының ықтимал сценарийлерін қарастыру. Зерттеу әдістері: Салыстырмалы талдауды қолдану зерттеу тәжірибесінде білім беру философиясының рөлін түсінудің әртүрлі тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді. Әдіс ретінде диалектика, сондай-ақ білім беру тұжырымдамаларын түсіндіру үшін сыни талдау және герменевтика әдістері қолданылады. Білім берудің тарихи-философиялық тәсілдерін талдау дәстүрліден қазіргі цифрлық форматқа дейінгі білім беру үлгілерінің дамуын қадағалауға мүмкіндік береді. Салыстырмалы тарихи әдіс философиялық парадигмалардың әр дәуірдегі білім беру жүйесіне әсерін зерттеу үшін де қолданылады. Цифрландырудан туындаған эпистемологиялық трансформацияларды талдау үшін бұл зерттеу когнитивтік философия мен ғылым философиясының әдістерін қолданады. Цифрлық дәуірдегі білімнің табиғатын талдауға, танымның жаңа формаларын қалыптастырудағы технологияның рөліне, сондай-ақ сенімділік пен верификация мәселелеріне ерекше назар аударылады. Білім беруді цифрландырудың жүйелік-ұйымдастырушылық конфигурациясын зерттеу білім беруді цифрландыруды күрделі жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін жүйелік талдау мен кибернетикалық тәсілді қамтиды. Құрылымдық және функционалдық талдауды пайдалану цифрлық білім беру ортасының негізгі элементтерін және олардың өзара әрекеттесуін анықтауға көмектеседі. Философиялық және технологиялық талдауды қоса алғанда, пәнаралық тәсіл де қолданылады. Білім берудегі цифрлық түрлендірулердің ағымдағы мысалдарын зерттеудің кейс-стади (case study) әдістемесі және осы саладағы заманауи тенденцияларды көрсететін ғылыми басылымдардың мазмұнын талдау диссертацияның зерттеу оптикасын нақтылауға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, зерттеудің әдістемелік аппараты философиялық, тарихи, жүйелік және аналитикалық әдістерді біріктіріп, цифрландыру жағдайында білім беру философиясын жан-жақты және көп қырлы талдауды қамтамасыз етеді. Диссертация тақырыбының зерттелу деңгейі. Технологиялық жаңашылдықтардың мәдениет пен қоғамға әсері туралы мәселе философиялық ойлар тарихында талай рет көтерілді. Э. Тоффлер, М. Хайдеггер және К. Шваб сияқты көрнекті ойшылдар технологиялардың қарқынды дамуы мен оның салдары туралы алаңдаушылық білдірді. Бұл алаңдаушылық тек әлеуметтік өзгерістерге ғана емес, сонымен бірге адам табиғаты мен мәдениетін түсінуге де қатысты. Мишель Фуко өз еңбектерінде күш пен білімге баса назар аударып, білім беру әлеуметтік институт ретінде мінез-құлықты бақылау және қалыпқа келтіру механизмі қызметін атқаратынын атап көрсетті. Білім беру философиясына гуманистік философия кіреді, ол білім беруді жеке тұлға мен оның ішкі мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған үдеріс ретінде қарастырады. Мұндағы негізгі авторлар Ж.-Ж. Руссо, Дж. Дьюи, А. Маслоу. Цифрландыру және білім беру олардың санаға, мәдениетке және білім беру жүйесіне әсерін зерттейтін медиа және технология теорияларын зерттеуді талап етеді. Ж. Бодрийяр мен Н. Постман білім беру тәжірибесіндегі өзгерістерді түсіну үшін тұжырымдамалар ұсынады. Ақпараттық қоғам теориясы білім беруді ақпараттық қоғамға көшу жағдайында түсінеді, бұл жерде М. Кастельстың еңбектеріне сүйену бар. Білім философиясы мәселелерімен айналысатын қазақстандық зерттеушілердің арасынан С.Ж. Едильбаева білім беруді философиялық категория ретінде қарастыра отырып, оның тұлғаны қалыптастырудағы маңызы мен рөліне тоқталады. Р.К. Турысжанова адамның мәдениет пен адамгершіліктің субъектісі ретіндегі біртұтас түсінігінің жоғалуын атап көрсетеді. Оның ойынша, адамгершілік таңдауға және әлеуметтік жауапкершілікке қабілетті тұлғаны қалыптастыруға баса назар аудара отырып, білім берудің мақсаттарын қайта қарастыру қажет. М.С. Ашилова Шығыс пен Батыстың білім философиясына талдау жасап, біртұтас білім берудің үлгісін жасау үшін олардың арасындағы диалогтың қажеттігін атап өтті. Негізгі ережелері: 1. Білім беру философиясы метатеория ретінде білім беру экожүйелерін концептуалды талдау мен жүйелік бейнелеудің, сондай-ақ цифрлық дәуірде оларды оңтайландырудың интегративті теориялық және тәжірибелік стратегияларын қалыптастырудың негізгі құралы қызметін атқарады. 2. Оқу үлгілерінің эволюциясы зерттеу оптикасының нақты неге бағытталғанына байланысты әр түрлі заңдылықтарды түсіндіре отырып, әртүрлі критерийлік позициялардан (хронологиялық, идеологиялық, әдістемелік) қарастырылуы мүмкін. Білім беру эволюциясы үдерісінің жалпы белгісі үздіксіз динамика және асқыну үрдісі болып табылады, ол сөзсіз ілеспе дағдарыстарды тудырады, оны жеңу білім беруді дамытудың қозғаушы күші болып табылады. 3. Цифрландыру жағдайында білім берудің эпистемологиялық аспектісі жаңа сын-қатерлер алдында тұр. Заманауи цифрлық трансформация үдерістері білім, оның мәртебесі, сенімділігі, өмір сүру формалары мен қызмет ету механизмдері туралы дәстүрлі идеяларға күмән келтіреді. Цифрлық технологияларды енгізу білімді таратудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, сонымен қатар ол бар әлеуметтік теңсіздіктерді нығайтады. 4. Білім беруді цифрландырудың жүйелік және ұйымдық конфигурациялары цифрлық технологияларды білім беру үдерістеріне табысты енгізудің қажетті шарты болып табылады: цифрландыру заманауи білім беруді трансформациялаудың жүйе құраушы факторына айналуда, ал жоғары оқу орындарының әлеуметтік мәртебесі олардың цифрлық жетілу дәрежесіне байланысты. 5. Цифрлық технологиялар білім беру жүйесін түбегейлі өзгертеді, білім алушылардың академиялық дербестігінің өсуіне, олардың ойлауының өзгеруіне, академиялықтан тәжірибеге өтуіне және пәнаралық тенденциялардың күшеюіне ықпал етеді. 6. Цифрлық ғасырдағы білім беру философиясының болашағы гуманистік құндылықтар мен технологиялық инновациялар арасындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған реттеуші функцияға көбірек назар аударатын болады. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы: 1. Білім беру философиясы білім беру үдерістері мен жүйелерін талдау мен бейнелеудің метатеориялық негіздерін құрайтын іргелі интеллектуалдық сала ретінде әрекет ететіні анықталды. Ол тек теориялық және рефлексиялық мәселелерді біріктіріп қана қоймайды, сонымен қатар қазіргі қоғамның мәдени-тарихи контекстін және цифрлық динамикасын ескере отырып, білім беру стратегияларын жобалаудың қолданбалы әдістемесі қызметін атқарады. Бұл тұрғыда білім беру философиясы цифрлық трансформация жағдайында білім беру қызметінің іргелі мағыналары мен мақсаттарын ашатын метатеория рөлінде көрінеді. 2. Білім беру үлгілерінің эволюциясын тарихи-философиялық тұрғыдан түсіну әр түрлі тарихи дәуірлерде білім беруде болған өзгерістердің табиғатына тереңірек енуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл іргелі философиялық құрылымдар мен эпистемологиялық негіздердің әлеуметтік-мәдени және технологиялық шындықтардың өзгеруі жағдайында білім беру жүйесінің даму динамикасына әсер ету механизмдерін ашады. 3. Цифрлық орта білімнің онтологиялық статусына әсер ететіні көрсетілген: ол орталықсызданады, бұрынғы объективистік мәртебесін жоғалтады және желілік өзара әрекеттесу мен шындықтың цифрлық құрылысының бір бөлігіне айналады. Сонымен қатар, цифрлық білім беру ресурстарына біркелкі қол жеткізуден туындайтын әлеуметтік теңсіздіктің нысандары артып келеді. 4. Кейбір қазақстандық жоғары оқу орындарының цифрлық жетілу деңгейіне талдау жүргізілді, ол білім беру үдерісіне цифрлық интеграцияның озық сатыларына көшуге нақты назар аударылған кезде цифрлық жетілу критерийлері бойынша II–III деңгей үлгілерінің басымдылығын анықтады. 5. Цифрландыру жағдайындағы білім берудің білім беру процесінің иерархиясы, субъективтілігі, басқару тетіктері мен ұйымдастырушылық регламенттері принциптері өзгеретін ашық бейімделген жүйе ретінде қызмет ететіні көрсетілді. 6. Білім беру парадигмаларының технократиялық ығысу қаупі жағдайында білім беруді цифрландыру бойынша философиялық ой толғау қажеттілігі негізделеді. Цифрландыру контекстіндегі білім беру философиясының перспективасы гуманистік құндылықтар мен технологиялық инновациялар арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге, білім беру үдерісін шектен тыс техникаландыру мен иеліктен шығаруға жол бермеуге бағытталған. Алынған нәтижелердің жаңашылдығы: 1. Әдістемелік парадигма ретінде білім беру философиясы білім беру тәжірибесін жан-жақты зерттеуге, оның ішінде ол жүзеге асырылатын әлеуметтік, мәдени және өркениеттік контекстке жүйелі талдау жасауға бағытталған; Оның әдістемелік маңыздылығы білім беру жүйесін жаңғырту мен реформалауға қажетті стратегияларды, принциптер мен тұжырымдамаларды құруда көрінеді. 2. Заманауи білім беру әлеуметтік-мәдени кеңістіктің құрылымына біріктірілген, ал мақсаттары, нысандары мен әдістемелік процедуралары білім беру ландшафтының ағымдағы конфигурациясын анықтайтын саяси, экономикалық және мәдени парадигмалардың динамикасына байланысты өзгереді. 3. Цифрлық технологиялардың әсерінен білімнің эпистемологиялық трансформациясы оның мәртебесінің өзгеруінде, сенімділік өлшемдері мен білім нысандарының ауысуында көрінеді, сонымен бірге цифрлық ортаның екі жақты рөлін ашады: білімге қолжетімділікті кеңейту ресурсы және әлеуметтік теңсіздіктің жаңа нысандарын нығайту факторы ретінде. 4. Жекелеген қазақстандық жоғары оқу орындарының жетілу деңгейін салыстырмалы талдау барысында олардың қазіргі жағдайы II–III деңгейлерде негізделген цифрлық интеграцияның неғұрлым озық сатыларына көшу перспективасын және Қазақстанның жоғары біліміндегі цифрлық трансформация динамикасын ашады. 5. Цифрландыру тек құрылымдық өзгерістерді ғана емес, сонымен қатар студенттердің ойлауын түрлендіруге, тәжірибеге бағдарлануға, пәнаралық және академиялық дербестікті нығайтуға бастамашылық етеді. 6. Цифрлық дәуірдегі білім берудің заманауи философиясының дамуы білім беру рефлексиясының жаңартылған түріне көшуді білдіреді, оның аясында цифрландыру тек технологиялық процесс ретінде ғана емес, сонымен қатар білім, ақиқат және білім беру шындығы ұғымдарын түрлендірудің іргелі негізі ретінде де әрекет етеді. Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы: Жұмыс цифрландыру контекстінде туындайтын эпистемологиялық сын-қатерлерді қарастырады. Бұл білім табиғатындағы өзгерістерді, оны алу және тарату әдістерін, сондай-ақ цифрлық технологиялардың когнитивтік үдерістер мен танымдық тәжірибеге әсерін зерттеуге мүмкіндік береді. Диссертациялық зерттеу нәтижелерін оқу үдерісіне цифрлық технологияларды интеграциялау тәсілдерін әзірлеу үшін қолдануға болады, сонымен қатар тек технологиялық тиімділікке ғана емес, гуманистік принциптерге де бағытталған білім беруді цифрландыру стратегияларын әзірлеуде пайдалануға болады. Алынған қорытындылар мультипәндік аудитория үшін теориялық және практикалық маңызы бар: этикалық тұрғыдан негізделген және әлеуметтік-мәдени бейімделген цифрлық шешімдерді әзірлеуге мүдделі философтар, білім беру саясатын әзірлеушілер және IT мамандары. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі: Диссертациялық жұмыстың тақырыбы Қазақстан Республикасы ғылымының дамуының басым бағытына сәйкес келеді – 4. «Елдің зияткерлік әлеуеті», мамандандырылған ғылыми бағытта – 3. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы пәнаралық зерттеулер мен әзірлемелер. Докторанттың әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы жазылады: Диссертациялық зерттеудің нәтижелері ізденуші бірінші автор болып табылатын 7 ғылыми мақалада көрсетілген: 1. Халықаралық рецензияланған ғылыми журналдардағы мақалалар Web of Science Core Collection, Scopus – 1: - Salimova R.S., Nurmanbetova J.N., Kozhamzharova M.Zh.,Manassova M.M., Aubakirova S.S. Philosophy of education in a changing digital environment: an epistemological scope of the problem // AI & SOCIETY - Volume 40, Issue 3. 2024, pp. 1655 – 1666 DOI: https://doi.org/10.1007/s00146-024-01928-w 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда – 3: - Salimova R.S., Nurmanbetova D.N., Kozhamzharova M.Zh., Aubakirova S.S.Philosophical discourse of cognitive meanings of education // Bulletin of the Karaganda University. «History. Philosophy» series. № 3(107), Karaganda, 2022. стр. 373-379. DOI: https://doi.org/10.31489/2022HPh3/373-379 - Салимова Р.С., Едильбаева С.Ж., Кожамжарова М.Ж., Аубакирова С.С. Виртуалды білім берудің метафизикалық аспектілері //Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысы. Тарихи ғылымдар.Философия.Дінтану сериясы ‒ 2024. ‒ Т. 146. ‒ №. 1. ‒ б. 269-283. DOI: https://doi.org/10.32523/2616-7255-2024-146-1-269-283 - Салимова Р.С., Кожамжарова М.Ж., Аубакирова С.С. Антика заманынан қазіргі кезеңге дейінгі білім беру үлгілеріне және білімді адамға философиялық талдау// Адам әлемi. – 2024. – №. 2 (100). – б. 3-12 DOI: https://doi.org/10.48010/aa.v100i2.343 3. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар жинақтарында – 3: - Салимова Р.С Постклассикалық емес парадигма контекстіндегі білім беру жүйесінің трансформациясы // «XIV Торайғыров оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары, Т. 4. – 2022. – б. 513-518 - Салимова Р.С., Уразалиева Г.К. Цифрландыру білім парадигмасының жүйелі өзгерісі ретінде // Күрделі өркениеттік өзгерістер дәуіріндегі зиялылар: Ғылыми мақалалар жинағы / РМГУ, әлеуметтік факультет. – М.: РМГУ, 2023. – б. 190-198 - Салимова Р.С., Нурманбетова Д.Н., Уразалиева Г.К. Қазақстан мен Ресей мысалында білім беру жүйесіндегі цифрлық бетбұрыс // Еуразия әлемі: тарих, мәдениет, құндылықтар: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (2023 ж. 12 мамыр) – Астана: М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы, 2023. – б. 380-385 URL: https://elibrary.ru/item.asp?edn=amdvje&ysclid=m9hfgsbfli293959482 Диссертацияның құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі тараудан, алты параграфтан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертацияның жалпы көлемі 122 бет.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/l-RnN45wLc4?si=Q1p-0lKNIKVp0DC_
