
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Байтурина Улжан Кабиевна «8D02314 – Әдебиеттану» білім беру бағдарламасы бойынша ««Ф.Достоевский романындағы заң мен сана риторикасы»» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Орыс филологиясы кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Ресми рецензенттер:
– Демежанов Түлеубек Мұхамедиұлы – филология ғылымдарының кандидаты, «Shakarim University» шетел және орыс тілдері кафедрасының доценті (Семей қ., Қазақстан);
– Харитонова Лариса Михайловна – филология ғылымдарының кандидаты, Академик Е. Букетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің профессор Г.А.Мейрамов атындағы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының ассистент-профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан);
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
– Алпатова Татьяна Александровна – филология ғылымдарының докторы, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің орыс және шетел әдебиеті кафедрасының профессоры (Мәскеу қ., Ресей);
– Спивак-Лавров Ирина – философия докторы (PhD), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға оқытушысы, (Ақтөбе қ., Қазақстан);
– Баянбаева Жадыра Амангелдықызы – филология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
Ғылыми кеңесшілері:
– Уразаева Құралай Бибіталықызы – филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, орыс филология кафедрасының доценті, (Астана қ., Қазақстан);
– Моклецова Ирина Васильевна – филология ғылымдарының докторы, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ұлттық әдебиеттер мен мәдениеттерді салыстырмалы зерттеу кафедрасының профессоры (Мәскеу қ., Ресей).
Қорғау 2025 жылғы 6 желтоқсан, сағат 11:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D02314 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша «8D023 – Тілдер және әдебиет» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңестің отырысы аралас форматта өтеді.
Сілтемесі: https://clck.ru/3Q3zHQ
Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі, 2, оқу-әкімшілік ғимарат, №101 ауд.
Аңдатпа (қаз.): Байтурина Улжан Кабиевнаның «Ф. Достоевский романындағы құқық пен сананың риторикасы» тақырыбындағы «8D02314 – Әдебиеттану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған диссертациялық жұмысына АҢДАТПА Бұл зерттеу ұмысы Ф. Достоевский романындағы «құқық» және «сана» санаттарына арналған. «Қылмыс пен жаза» романындағы діни-утопиялық ойлау жүйесінің қалыптасуына айдау мен каторгалық жазаның ықпалы жазушының дүниетанымдық эволюциясын тереңірек түсіндіруге мүмкіндік беретін «Сібір дәптері», «Жерасты жазбалары» және «Жазушының күнделігі» сияқты шығармалардың зерттеу жұмысының аясына тартылуына себеп болды. Интегративті тәсіл Достоевскийдің шығармашылығындағы және жалпы орыс реализмі дамуының бетбұрысын сипаттайтын «орыс идеясы» мен «орыс сюжеті» ұғымдарының қалыптасуына ықпал етті. Зерттеудің мақсаты – «Қылмыс пен жаза» романының мысалында орыс идеясы құқықтық сананың категориясы ретінде және орыс сюжеті автордың оқырманға ықпал ету тәсілі ретіндегі аспектіде қарастыра отырып, құқық пен сананың риторикасын дамыту. Аталмыш мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу көзделді: 1) құқық пен сананы зерттеу нәтижелерін жүйелеу, 2) жазушының христоцентризмін, сондай-ақ Ф. Достоевскийдің Н. Чернышевский социализмімен жүргізген полемикасы тұрғысынан қоғамды әлеуметтік қайта құру моделін талдау, 3) «Орыс идеясы» ұғымын ресентименттік сана тұрғысынан негіздеу, сондай-ақ романдағы ресентименттік типтерді, бонапартизм мен фаустиандықты жіктеу, 4) «Орыс сюжетін» кейіпкердің ақиқат іздеуі, сондай-ақ романдағы Сібір мен Америка тақырыптары тұрғысынан негіздеу, 5) құқық пен сананы сюжетті қалыптастырушы тетік әрі жазушының оқырманға иллокутивтік ықпал ету тәсілі ретінде зерттеу, 6) құқық пен сананың риторикасын романның жанрлық белгісінің қайнар көзі, жазушының әдісі және оның орыс реализмі аясындағы жаңалықтары ретінде айқындау. Зерттеу тәсілдері: Аксиологиялық әдіс қылмысты этикалық және рухани тұрғыда түсіндіруде орыс идеясының рөлін, еркіндіктің діни тұжырымдамасының маңызын және кейіпкердің рухани өзгеруінде Раскольниковтың бонапартизм мен фаустиандықтан арылуын айқындауға мүмкіндік берді. Коммуникативтік онтология мен рецептивтік эстетика әдістері фаустиандық мәтіннің белгілерін және оқырманның мәтінді қабылдау ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік берді. Ресентимент пен жалпыадамзаттық ұғымдарға сүйенетін герменевтикалық әдіс жазушының құқық пен сананы түсіндіруін айқындап көрсетті. Құрылымдық-семиотикалық әдіс ақиқат іздеу сюжетіндегі кейіпкерлердің манипулятивтік стратегияларын және автордың оқырманға ықпал ету рөлін айқындауға мүмкіндік берді. Жүргізілген зерттеудің негізіне мынадай гипотеза алынды: Достоевский романындағы құқық пен сана моделі жазушының философиялық-діни тұжырымдамасының нәтижесі болып табылады және риторикалық түсінігі «Қылмыс пен жаза» романындағы орыс идеясы мен орыс сюжетінің өзара байланысы негізінде айқындалады. Қорғауға ұсынылатын диссертацияның негізгі тұжырымдары: 1. Құқық пен сананың риторикасын орыс идеясы мен орыс сюжеті арасындағы байланыс тұрғысынан айқындау жазушының әлеуметтік идеалын және оның «Қылмыс пен жаза» романындағы діни-мифологиялық утопиясын жинақтап көрсетуді мақсат ететін интегративтік тәсілді қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. 2. «Қылмыс пен жаза» романындағы орыс идеясы автордың христоцентризмі мен әлеуметтік реформалану стиліндегі романның жаңа түрінің бастауын және орыс реализміндегі діни-идеалистік бағыттың қалыптасуын айқындайды. 3. Ресентименттік сана мен романдағы ресентименттік типтер тұрғысынан орыс идеясын зерттеу Достоевский әдісінің ерекшелігі болып табылатын полифонизм туралы түсінікті толықтырса, бонапартизм мен фаустиандық тұрғысынан талдау жаңа кейіпкер типінің жасалуын түсіндіреді. 4. Көрегендік пен шыншылдық, әдеби топонимика, Сібір мен Америка тұрғысынан негізделген орыс сюжеті ұғымы Достоевскийдің орыс идеясымен сабақтастығын айқындайды. 5. Құқық пен сана тұрғысынан орыс сюжетін талдау автордың оқырманға көрсететін иллокутивтік ықпалын және Достоевскийдің жаңашылдығын ашып көрсетеді. Мұның өзі «Қылмыс пен жаза» романы мысалында орыс реализмі аясында тұлғалық сәйкестіліктің қалыптасуы мен дағдарысын танытады. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы 1. «Орыс идеясы» құқықтық сананың категориясы ретінде негізделіп, оның жаңа кейіпкер типі мен орыс сюжетін қалыптастырудағы рөлі айқындалды. Жазушының идеалы мен оның діни-мифологиялық утопиясы иррационалдық пен рационалдық, этика мен заңның өзара сабақтастығы негізінде жинақталды. 2. Автордың дүниетанымдық эволюциясы социализмнен христоцентризм мен діни идеализмге дейінгі жол ретінде негізделіп, ол каторга мен айдау кезеңіндегі және романнан кейін жазылған шығармаларымен кешенді байланыста қарастырылды. Достоевскийдің утопиясы мен әлеуметтік идеалы негізінде жаңа роман түрі мен орыс реализміндегі діни-идеалистік бағыттың арасындағы байланыс айқындалды. 3. Жазушының полифонизм ұғымы ресентименттік сана, романдағы ресентименттік типтердің жіктелуі, бонапартизм мен фаустиандық тұрғысынан негізделді. 4. Орыс сюжетті ұғымы негізделіп, оның орыс идеясымен сабақтастығы айқындалды. Көрегендік пен шыншылдық таныту сюжетінен кейіпкердің рухани өзгеруінде Сібір мен Американың рөлі маңызды факторлар ретінде көрсетілді. 5. Жазушының діни идеалы тұрғысынан құқық пен сананың риторикасын зерттеу автордың оқырманға иллокутивтік ықпалын айқындады. Сюжеттің қалыптасуы, кейіпкерлер мен автордың риторикалық дәлелдемесі және айла-шарғылары иллокутивтік ықпалдың құрамдас бөліктері ретінде өзара байланыста екені анықталды. Авторлық, ұлттық және мәдени сәйкестіліктің ерекшеліктері оның дағдарысы тұрғысынан сипатталды. 6. Романда автордың бақылаушы және ритор ретіндегі бейнесіне, сондай-ақ Раскольниковтың айла-шарғыларына талдау жасалды. Соняның кейіпкердің парадокстық адресаты ретіндегі рөлі айқындалды. Кейіпкердің жаңа типінің қалыптасуы, Достоевский әдісінің ерекшелігі және орыс реализмінің жаңа кезеңі жөніндегі түсінік толықтырылды. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығын негіздеу Бағыттар мен ұғымдарды жіктеу Достоевскийдің орыс идеясын жаңа кейіпкер мен сюжетті қалыптастыратын фактор ретінде негіздеуге мүмкіндік берді. Бұл жазушы әдісін және орыс реализмінің жаңаруын сипаттайды. Достоевскийдің орыс халқының христиандық тағдырындағы миссиясы туралы ойлары орыс бірегейлігінің құрылымы мен дағдарысын айқындайды. Оның христоцентризмі мен діни идеализмі жаңа кейіпкер типінің пайда болуын және діни-идеалистік бағыттың қалыптасуын түсіндіреді. Ресентимент, бонапартизм және фаустиандық тұрғысынан полифонизмді талдау діни-мифологиялық реализмнің бастауларын және олардың жаңа кейіпкер жасауға әсерін көрсетеді. Діни идеал тұрғысынан «орыс сюжетін» қарастыру Раскольниковтың рухани жаңғыруын, қайырымдылық пен бонапартизм құрбаны ретіндегі бейнесін ашады. Сібір мен Америка мәтіндері орыс идеясының дәлелі әрі бірегейлік дағдарысының көрінісі ретінде бағаланады. Сюжеттің риторикалық және иллокутивтік қырларын талдау авторлық және ұлттық бірегейлікті ашады, жазушының құқықтық санасы мен риторикалық идеалының жаңашылдығын көрсетеді. Ғылым дамуының негізгі бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі Диссертация Қазақстан Республикасындағы ғылым мен жоғары білім беруді дамыту бағыттарына сәйкес келеді, олар рухани-адамгершілік құндылықтарды, сыни ойлауды және коммуникативтік құзыреттерді қалыптастыруды көздейді. Зерттеу әдебиеттану, философия, риторика, мәдениеттану және педагогика сияқты гуманитарлық бағыттардың дамуына үлес қосады. Ф. Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза» романын талдау адам, қоғам, әділет, еркіндік және тұлғалық сәйкестік мәселелерін терең түсінуге мүмкіндік береді. Жұмыс пәнаралық тәсілге негізделген және гуманитарлық білім беруді дамыту тұжырымдамасымен үйлеседі, яғни ізгілікке, әлеуметтік жауапкершілікке және рефлексияға қабілетті тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған. Диссертация нәтижелерін білім беру процесіне енгізу коммуникативтік және функционалдық сауаттылықты арттыру бағытымен үндес. Осылайша, зерттеу ҚР ғылыми-білім беру саясатының стратегиялық мақсаттарына сай келіп, ұлттың гуманитарлық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді. Әрбір жарияланымды әзірлеудегі ізденушінің үлесін сипаттау «Миросозерцание Ф. Достоевского в философско-религиозной трактовке» атты мақаласы ізденушінің жеке еңбегі болып табылады. Мақалада жазушы дүниетанымының діни-философиялық пайымдарына, қаламгердің діни санасына және кейіпкер тұлғасының метафизикасына ізденуші тарапынан интерпретация жасалған. «Пушкинская рецепция в поэтике Ф. Достоевского (Николка и Сонечка Мармеладова)» атты мақаласы ізденушінің жеке еңбегі болып табылады. Мақалада пушкиндік рецепция әулие «жындылық» аспектісі тұрғысынан, сондай-ақ пайғамбарлық пен ақиқатқа ұмтылу архетиптері зерттелген. «Притча в структуре романа. О. Уайльд и Ф. Достоевский» атты мақаласы бірлескен авторлықта жазылған. Ізденуші Достоевский поэтикасындағы фаустиандық мотивке, христиандық архетиптерге және рухани сауығу концептіне салыстырмалы талдау жүргізген. «Философия права в художественном сознании Ф.М. Достоевского» мақаласы ізденушінің жеке еңбегі болып табылады. Ізденуші тарапынан «Қылмыс пен жаза» романы кейіпкерлерінің ресентимент тұрғысынан жіктелуі ұсынылған. Сондай-ақ құқықтық сана мен полифонияның, авторлық этика мен романның жанрлық табиғатының өзара байланысы айқындалған. «Философия морали, ресентиментное сознание героя и жанр. Роман Ф. Достоевского «Преступление и наказание» мақалсы ізденушінің жеке еңбегі болып табылады. Ізденуші роман жанры мораль философиясы мен ресентименттік сана аспектісінде түсіндірген. «Metaphysics and Axiology of Crime and Personality in F. Dostoevsky’s Novel “Crime and Punishment”» мақаласы бірлескен авторлықта жазылған. Ізденуші тарапынан Раскольниковтың бонапартизмі құқықтың орыс идеясының қайнар көзі ретінде түсіндірмесі ұсынылған. «Родион Раскольников как русский Фауст» атты ізденушінің мақаласы жеке еңбегі болып табылады. Мақалада фаустиандық мәтіннің белгілері ашылып, кейіпкерлердің бір-біріне ықпал ету элементтері мен автордың оқырманға ықпал ету тәсілдері айқындалған. “Napoleon’s paradox and the Russian idea of law in Dostoevsky’s Crime and Punishment. The Irrational / The Rational” атты мақаласы бірлескен авторлықта жазылған. Мақалада кейіпкердің ресентименттік санасының аксиологиялық және философиялық-діни негіздері талданған. Ізденушінің үлесі орыс құқықтық парадоксын түсіндірумен айқындалады. «Русская идея права в романе Ф. Достоевского с позиций “всечеловечности”» мақаласы бірлескен авторлықта жазылған. Орыс құқық идеясы ізденуші тарапынан бонапартизм түсінігіне негізделген. «Типология процессов чтения в вузе и школе. Изучение романа Ф. Достоевского «Преступление и наказание» мақаласы ізденушінің жеке еңбегі болып табылады. Мақалада ЖОО мен мектепте оқытудың авторлық типологиясы ұсынылған. «Структура сюжета и иллокутивное воздействие в романе Ф. Достоевского “Преступление и наказание”» мақаласы ізденушінің жеке еңбегі болып табылады. Мақалада Раскольниковтың тергеушімен кездесуі көріністеріне талдау жүргізіліп, сөйлеу әрекеттестігінің сюжеттік дамумен байланысы анықталған, сондай-ақ автордың иллокутивтік әсер ету тәсілдері мен манипуляцияның сюжет құрушы механизм ретіндегі қолданысы сипатталған. «Русский социализм Н.Г. Чернышевского и русская идея Ф.М. Достоевского» мақаласы ізденушінің жеке еңбегі болып табылады. Ізденуші тарапынан екі жазушы арасындағы полемикаға кешенді салыстырмалы-философиялық, тарихи-философиялық және әдебиеттанулық талдау жүргізілген. Достоевский шығармашылығында орыс идеясының қалыптасуындағы бұл полемиканың рөлі айқындалған. «Сибирский текст Ф. Достоевского в формировании русского сюжета» мақаласы ізденушінің жеке еңбегі болып табылады. Ізденуші жазушының айдаудағы және каторгадағы тәжірибесін оның кейінгі шығармашылығының философиялық-эстетикалық негіздерінің қайнар көзі ретінде интерпретациялады, сондай-ақ әдеби топонимикаға талдау жүргізді. Сібірлік мәтін орыс сюжетінің құраушы элементі ретінде алғаш рет қарастырылған. «Американский текст Ф. Достоевского. Идея и сюжет как открытия реализма» атты мақала авторлық бірлестікте жазылған. Ізденуші «Қылмыс пен жаза» романындағы «американдық мәтін» тұжырымдамасын әзірледі және архетиптік, діни әрі мәдени-тарихи поэтика тоғысындағы өзіндік зерттеуін ұсынды. Диссертация тақырыбы бойынша жарық көрген ғылыми жұмыстар тізімі 1. Миросозерцание Ф. Достоевского в философско-религиозной трактовке // «Мәдениетаралық және мәдениішілік коммуникация: оқыту мен аударудың теориясы мен практикасы» IX халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары– Уфа: БашМУ, 2020. ‒ Б. 34-43. 2. Пушкинская рецепция в поэтике Ф. Достоевского (Николка и Сонечка Мармеладова) // «Пушкин оқулары – 2021». Классикалық және жаңа сөз өнерінің көркемдік стратегиялары: жанр, автор, мәтін атты XXVI халықаралық ғылыми конференция материалдары. – СПб: А.С. Пушкин ат. ЛМУ, 2021.‒ Б. 9-13. 3. Притча в структуре романа. О. Уайльд и Ф. Достоевский // The American scholarly journal “Cross-Cultural Studies: Education and Science (CCS & ES)”. – Vol.6, Issue II, July 2021. Publisher address: Russian Department, Middlebury College, Middlebury, Vermont 05753, USA. ‒ Б. 28-38 (Уразаева К.Б, Култанова Ж.М. авторлық бірлестікте). 4. Философия права в художественном сознании Ф.М. Достоевского // «Мәдениеттегі шығармашылық тұлға феномені: Фатющенков оқулары» IX халықаралық ғылыми конференциясының материалдары17–19 қыркүйек 2021 ж. Мақалалар жинағы. Шығ. 9. ‒ М.: М.В. Ломоносов атындағы ММУ 2021. ‒ Б. 315-320. 5. Философия морали, ресентиментное сознание героя и жанр. Роман Ф. Достоевского «Преступление и наказание // «Әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі тіл мен әдебиет» халықаралық ғылыми онлайн конференциясының материалдары 22–23 сәуір 2022 ж. Мақалалар жинағы. – Қарағанды: Бөкетов атындағы ҚарМУ. ‒ Б. 94-100. 6. Metaphysics and Axiology of Crime and Personality in F. Dostoevsky’s Novel “Crime and Punishment” // Сібір Федералды Университетінің журналы. Гуманитарлық ғылымдар. – 2023. – № 16 (4) – Б. 677-686. (Моклецова И.В., Разумовская В.А. авторлық бірлестікте). 7. Родион Раскольников как русский Фауст // «Мәдениеттегі шығармашылық тұлға феномені: Фатющенков оқулары» атты X халықаралық ғылыми конференция материалдары 29–30 қыркүйек 2023 ж. Мақалалар жинағы. Шығ. 10. – М: М. В. Ломоносов атындағы ММУ, 2023. – Б. 259-267. 8. Napoleon’s paradox and the Russian idea of law in Dostoevsky’s Crime and Punishment. The Irrational / The Rational // VI International Conference on Awareness Proceeding Book: LANGUAGE AND AWERENESS. – Turkey, 2023. – Pр. 106-112. (In cooperation with I. Mokletsova, V. Razumovskaya). 9. Русская идея права в романе Ф. Достоевского с позиций «всечеловечности» // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. – 2024. – № 1(193). – Б. 138-149 (Уразаева К.Б., Моклецова И.В. авторлық бірлестікте). 10. Типология процессов чтения в вузе и школе. Изучение романа Ф. Достоевского «Преступление и наказание» в школах и вузе Республики Казахстан // Қ.Жұбанов атындағы АӨУ хабаршысы. ‒ 2024. ‒ № 3 (77). ‒ Б. 86-92. 11. Структура сюжета и иллокутивное воздействие в романе Ф. Достоевского «Преступление и наказание» // «Жаһандану дәуіріндегі тіл мен мәдениет» тақырыбындағы III Бүкілресейлік (ұлттық) халықаралық қатысымдағы ғылыми конференция материалдары, 28-29 қазан 2024 ж. – Спб: СПбГЭУ баспасы, 2024. – Б.204-209. 12. Русский социализм Н.Г. Чернышевского и русская идея Ф.М. Достоевского // А.Қ. Құсайынов атындағы ЕАГИ хабаршысы. ‒ 2024. ‒ № 4. ‒ С. 189-198. 13. Сибирский текст Ф. Достоевского в формировании русского сюжета // «Орыс мәдениетіндегі Алтай мәтіні» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. ‒ Барнаул: Алт. МУ баспасы, 2025. – Б. 9-16. 14. Американский текст Ф. Достоевского. Идея и сюжет как открытия реализма // А.Қ. Құсайынов атындағы ЕАГИ хабаршысы. ‒ 2025. ‒ № 3. ‒ Б.147-154 (Шоманова Г.К. авторлық бірлестікте) .
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=KJsiNh_zg7U
