
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Аканова Айкерим Ибрагимовна «8D02305 – Филология» білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақ фольклорлық прозасындағы мифологиялық лексика» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қазақ тілі білімі кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
– Тұрышев Аймұхамет Қасымбайұлы – филология ғылымдарының докторы, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті филология және журналистика кафедрасының профессоры (Павлодар қ., Қазақстан);
– Сапина Сабира Минатаевна – филология ғылымдарының кандидаты, Astana IT University, Жалпы білім беру пәндері мектебінің қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
– Айдан Иргатоғлу – PhD, Анкара Хаджи Байрам Вели университеті шетел тілдері кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Анкара қ., Түркия).
– Ескеева Магрипа Кайнарбаевна – филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Түркітану кафедрасының профессоры м.а. (Астана қ., Қазақстан);
– Алдашева Камар Сагингалиевна – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
Ғылыми кеңесшілері:
– Еспекова Ляззат Аубакировна – филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ тіл білімі кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан);
– Юсупова Альфия Шавкетовна – доктор филологических наук, профессор института филологии и межкультурной коммуникации Казанского (Приволжского) федерального университета (г. Казань, Российская Федерация).
Қорғау 2026 жылғы 26 ақпан, сағат 11:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D02305 – Филология» мамандығы бойынша «8D023 – Тілдер және әдебиет» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес отырысы офлайн және онлайн форматта өткізіледі.
Сілтемесі: https://clc.li/iFFkE
Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі, 2, оқу-әкімшілік ғимарат, №302 ауд.
Аңдатпа (қаз.): Аканова Айкерим Ибрагимовнаның «Қазақ фольклорлық прозасындағы мифологиялық лексика» тақырыбындағы диссертациясы «6D020500 – Филология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған АҢДАТПА Диссертациялық зерттеудің мақсаты – фольклорлық прозадағы мифологиялық лексикаға лингвофольклористикалық талдау жасау, мифологиялық лексиканың мағыналық топтарын, ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу міндеттер: – фольклорлық проза туындыларының жанрлық дифференциясын анықтай отырып, мифологиялық танымның ерекшелігін саралау; – фольклорлық прозалық шығармалар тілінде кездесетін мифологиялық лексиканы топтау, мифологиялық лексиканың классификациясындағы негізгі принциптерді анықтау, оларға лингвофольклористикалық талдау жасау; – фольклорлық зерттеулерде кездесетін мифологема, мифема, мифоним, мифонимия, мифологиялық лексика ұғымдарының мағыналық аражігін нақтылау; – фольклорлық прозадағы мифологиялық кейіпкерлерге тән дифференциалды ерекшеліктерді анықтау; – фольклорлық прозадағы мифологиялық бейнелердің синкреттілігін, функционалды қызметін анықтау. Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында теориялық материалдарды өңдеуде талдау, сипаттау, салыстыру, сұрыптау, жинақтау, қорытындылау әдістері; фольклорлық прозалық шығармалардағы мифологиялық лексиканың ерекшелігін көрсететін бірліктерді, мифологиялық ғылыми ұғымдарды, терминдерді талдау барысында мазмұндық талдау, сандық талдау әдістері қолданылды. Негізгі ережелері (дәлелденген ғылыми гипотезалар және жаңа білім болатын басқа да тұжырымдар): – мифологиялық лексика – бұл фольклорлық прозалық шығармалардағы тілдік құрылымдарға тән бірліктерден (мифологема, мифоним, мифонимия, мифема) әлдеқайда күрделірек құрылым, мифологияға қатысы бар, жалпы мифологияның аясындағы барлық ұғым-түсініктердің шоғыры, ол мифолингвистиканың нысаны; – мифологиялық антропонимдер халықтың тарихымен, дүниетанымымен, табиғатқа қатысымен, діни көзқарасымен тығыз байланысты белгілі бір идеяны, ұрпаққа үлгі болатын моральдық құндылықты жеткізуші әрі мифологиялық жүйеге тән, көне наным-сенімдер мен фольклорлық прозалық шығармаларда сипатталған тұлғалардың есімдері ретінде сол халықтың тілінде антропонимикалық қабатты (есімдер жүйесін) қалыптастырады және халықтың мифологиялық тілдік көрінісі ретінде танылады, олар этнолингвистикалық, мифолингвистикалық, ономастикалық зерттеулерге негіз болады; – мифологиялық топонимдер халықтың мифологиялық дүниетанымының нәтижесінде қалыптасқан, фольклорлық прозаға, діни наным-сенімдерге негізделген географиялық атаулар ретінде ежелгі киелі жерлерді, табиғат құбылыстарының рухтандырылған бейнелерін, батырлар мен аруақтардың іздерін, діни нанымдардағы құдіретті кеңістіктерді білдіретін халықтың мифологиялық танымының тілдік белгісі, ол мифотопонимика ғылымының зерттеу нысаны; – мифологиялық лексиканың функционалдық ерекшелігі – халықтың тарихи жадын, дүниетанымын, сакралды болмысын және мифологиялық санасының ерекшеліктерін тіл арқылы беретін жүйе. Ол ұлттық мәдениет пен руханиятты сақтау мен жеткізу миссиясын атқарады; – мифологиялық лексикаға тән дифференциалды белгілер (тылсым күш, көзге көрінетін мезгіл және т.б.) оны басқа тілдік қабаттардан ерекшелеп, бұл ұғымдарды даралап, олардың тылсым дүниеге, наным-сенімге қатысты мифологиялық мазмұнын айқындайды. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы: – Фольклорлық прозадағы мифологиялық лексикасының қоры халықтың наным-сеніміне байланысты қалыптасқан мифологиялық ұғымдар мен атаулар жиынтығынан тұрады. – Мифологема, мифема, мифоним, мифонимия, мифологиялық лексика терминдік атауларының аражігі айқындалды. мифология – мифологиялық көріністер мен мифологиялық кейіпкерлерді, мифологиялық сюжеттер мен бейнелерді біріктіретін ең күрделі кешен. Мифология – бұл дүниені мифологиялық жүзеге асырудың әртүрлі әдістері мен формаларын біріктіретін кешен, ол сөзде, рәсімде, түрлі әрекеттерде, суреттерде және т.б. іске асады. «Миф» және «мифология» терминдерінен басқа, біздің зерттеуімізде «мифтік», «мифологиялық», «мифоним», «мифонимия», «мифема», «мифологема» немесе «мифологиялық лексика» ұғымдарының басты ерекшеліктері анықталды. Мифонимдер – бұл кез келген тілдегі сөздердің белгілі бір класы (тобы), оның ішінде мифологиялық кейіпкерлердің атауы. Мифонимдер тілдегі сөздердің ең ежелгі және тұрақты категорияларының біріне жатады. – Мифологиялық лексиканың тақырыптық-мазмұндық топтары анықталып, мифологиялық антропонимдер, мифологиялық топонимдер, мифологиялық зоонимдер, мифологиялық космонимдер мен мифологиялық астронимдер, мифологиялық прагматонимдер, мифологиялық идеонимдер, мифологиялық фитонимдердің мағыналық ерекшеліктері сараланды. Ғалымдардың ғылыми тұжырымдарына негізделе отырып, мифологиялық лексиканың әр топтық тармақтары жеке-жеке талданып, оларға этимологиялық, лексикалық, морфологиялық талдау жасалды. Мифологиялық антропоним, демонимдердің синкреттілігі анықталды, мифологиялық лексиканың бір күйден екінші күйге ауысу қасиеті, адамның көз жасынан, түкірігінен пайда болған мифологиялық атаулар және олардың тілдік бірлік ретіндегі ерекше белгілері, тағы басқа тылсым, құпия, сиқырлы қасиеттері анықталды. Мифологиялық лексиканың ең басты белгілеріне негізделіп олардың критерийлері кесте түрінде берілді. – Фольклорлық прозадағы мифологиялық кейіпкерлерге тән жасампаздық қасиет, белгілі бір қызметтік функцияларының, атрибуттарының болуы, мекен ету орны мен көріну уақыты сияқты негізгі дифференциалды белгілері анықталды. Жалпы функция мен дифференция сөздерінің түпкі мағынасы айқындалып, мифологиялық лексиканың функционалды және дифференциалды аспектілері нақтыланды. Функционалды аспектіге мифологиялық лексиканың адам өміріне әсер етуі, адамға тигізетін әсері, олардың жағымды және жағымсыз қасиеті және бір күйден екінші күйге өту құбылысы – құбылу сияқты ерекшеліктері мен дифференциалды аспектісіне сай реалды-ирреалды, сондай-ақ антропоморфты, зооморфты мифологиялық кейіпкерлер, олардың адам көзіне көрінетін мезгілі, мекен ету кеңістігі т.б. ерекше белгілері зерделенді. Сонымен қатар адамға қамқор, қолдаушы, демеуші, жебеуші мифологиялық кейіпкерлердің адамзатқа қызметі халық танымы мен нанымы тұрғысынан талданып, олардың дүниетанымдық қыры ашылды. Осы ретте мифологиялық лексикаға тән ерекшеліктердің себебі анықталды, фольклорлық прозалық шығармалардағы мысалдар негізге алынып, талданды. – Қазақ фольклорлық прозасындағы мифологиялық бейнелердің синкреттілігі, олардың реалды және ирреалды, антропоморфты, зооморфты белгілері, жағымды және жағымсыз, аралас сипатты функциялары мен құбылу әрекеті арқылы ерекшеленетіні анықталды. Мифологиялық лексиканың дифференциалды белгілері: мифологиялық кейіпкердің атқаратын қызметі (функциясы) немесе іс-әрекеті, сонымен қатар мифологиялық кейіпкердің дифференциалды белгілері, яғни Құдай дәрежесінде болуы, жасампаздық қасиетінің болуы, реалды (шынайы) және ирреалды (шынайы емес, яғни, ғажайып, тылсым, құпия) белгілері, кейіпкердің орны және мекен ету аймағы. Бұл белгілерді қазақ мифологиясындағы мифологиялық кейіпкерлерді жіктеудің негізі деп ұйғардық. Сонымен мифологиялық лексиканың дифференциалды белгілері жаратылысы тылсым дүниеге, мифологиялық мазмұнға, наным-сенімге, киелі ұғымдарға қатыстылығын айқындайды, сонымен қатар ол мәдени және халықтың тарихи жадымен сабақтас жүйе. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі: Зерттеу нәтижелері фольклорлық шығармалардағы мифологиялық лексиканың басты критерийлерін көрсетті, мифологиялық лексиканың танымдық, теориялық қырларын ғылыми тұрғыда зерттеуге үлес қосады. Лингвофольклористика ғылымының негізгі бағыттарының бірі ретінде фольклорлық проза жанрына жататын шығармалар тіліне лингвистикалық зерттеу жүргізу фольклорлық прозаның таза тілдік қырын зерттеуде бастама болады. Зерттеу жұмысында алынған нәтижелерді жоғары оқу орындарында фольклорлық прозадағы мифологиялық лексиканы айқындауда лингвофольклортанушы мамандар үшін маңыздылығы зор. Фольклорлық проза тіліндегі лингвистикалық білімді сапалы жинақтау және сол білімді сауатты жеткізу үшін фольклорлық прозадағы тілдік ұғымдардың ғылыми негізін терең білудің берері мол. Фольклорлық проза тіліндегі мифологиялық лексиканың белгілерін айқындау фольклортанушы маман үшін фольклорлық прозалық шығармалар тілін зерттеуде өзінің ғылыми-зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырады. Сондықтан фольклорлық прозалық шығармаларды лингвистикалық тұрғыда зерттеу лингвофольклортану ілімі үшін аса қажет. Зерттеу жұмысының нәтижелерін, жинақталған материалдар мен тұжырымдарды ЖОО-да бакалавриат бойынша «Фольклортану», «Көркем мәтінді филологиялық талдау», «Интерлингвистика» сияқты пәндерін оқытуда, оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу барысында, білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдалануға болады. Фольклорлық шығармаларды тілдік тұрғыда зерделеуге бағытталған зерттеулерге дереккөз бола алады. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі. Қазақстанда ғылымды дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған басым бағыттарынан Елдің зияткерлік әлеуеті бағытымен, Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасымен тығыз байланысты. Сонымен қатар «Білім туралы» Заңына және Білім берудің барлық деңгейінің мемлкеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасындағы негізгі басымдықтарға негізделеді. Докторанттың әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Зерттеудің негізгі нәтижелері бойынша 10 мақала жарық көрді. Оның ішінде 5 мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда жарияланды: 1. Мифология және таным // Қазақстанның ғылымы мен өмірі Халықаралық ғылыми журналы. Филология ғылымы бағыты. – 2019. – №7/2. – Б. 226-231. (бірлескен автор: Еспекова Л.А., докторанттың үлесі – 90%). 2. Мифонимдік атаулардың сипаты // Қазақстанның ғылымы мен өмірі Халықаралық ғылыми журналы. Филология ғылымы бағыты. – 2019. – №12/2. – Б. 220-224. (докторанттың үлесі – 100%). 3. Мифтік лексиканың семантикалық топтары // С. Торайғыров атындағы ПМУ хабаршысы. Филология сериясы. – 2020. – №1. – Б. 12-21. (докторанттың үлесі – 100%). 4. Mytholigical Phytonims in Kazakh Folklore Prose // Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы. – 2024. – №4(149). – Б. 22-30. (докторанттың үлесі – 100%). 5. Қазақ фольклорлық прозасындағы мифтік лексиканың дифференциалды аспектісі // С. Торайғыров атындағы ПМУ хабаршысы. Филология сериясы. – 2025. – №1. – Б. 31-40. (бірлескен автор: Еспекова Л.А., докторанттың үлесі – 90%). Отандық және шетелдік конференция жинақтарында 5 мақала жарияланды, оның ішінде 2 ғылыми конференцияда баяндама жасалып, мақала жарияланды. 1. Қазақ фольклорлық прозасындағы мифтік лексика // «Ахмет Байтұрсынұлы оқулары» аясында «Рухани жаңғыру және Алаш мұраты»: халықаралық ғылыми-конференция материалдары (Нұр-Сұлтан: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2019. – Б. 107-111). (докторанттың үлесі – 100%). 2. Мифтік лексиканың зерттелуі // Қазақстан, Татарстан (Ресей) және Түркия Республикалар арасындағы ынтымақтастықты нағайту мақсатында ұйымдастырылған «Тілдерді оқыту әдістемесін жетілдіру: озық тәжірибелер алаңы»: ІІІ Халықаралық дәстүрлі ғылыми-әдістемелік семинар материалдары (Қазан, 2019. – Б. 26-30). (докторанттың үлесі – 100%). 3. Фольклорная проза и мифическая лексика // Совершенствование методики обучения языкам площадка обмена прогрессивной практикой: Материалы 6-го международного научно-методического онлайн-семинара (Казань: Казанский федеральный университет, 2022. – Б. 19-22). (докторанттың үлесі – 100%). 4. Мифологиялық демонимдер // Ахмет Байтұрсынұлы оқулары – 2024: «Тілтанудағы тұлғалар» академиктер Әбдуәли Қайдар, Рәбиға Сыздық, Шора Сарыбаевтың 100 жылдық мерейтойларына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары (Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2024. – Б. 166-169). (докторанттың үлесі – 100%). 5. Қазақ фольклорлық прозасындағы мифоорнитонимдер // Международная научно-практическая конференция «Нургалиевские чтения-ХIV: Научное сообщество ученых ХХІ столетия, филологические науки», посвященная 85-летию академика НАН РК, доктора филологических наук, профессора Рымгали Нургали (Астана, 2025. – Б. 12-16). (докторанттың үлесі – 100%).
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=kKgA47Ai9z0
