
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Данияр Әлия Ахмедияқызы «8D02305 – Филология» білім беру бағдарламасы бойынша «Бабырнаманың синтаксистік құрылымы» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қазақ тілі білімі кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Құсайынова Жайнагүл Айтмағанбетқызы – филология ғылымдарының докторы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің қазақ тілі кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Жалмаханов Шапағат Шарапатұлы – филология ғылымдарының докторы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Өнер Мустафа – PhD, Еге университетінің Түрік тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры (Измир қ., Түркия);
Жолшаева Майра Сатыбалдиевна – филология ғылымдарының докторы, СДУ университетінің тілдік білім беру кафедрасының профессоры (Қаскелең қ., Қазақстан Республикасы);
Ерназарова Зәуреш Шаршабекқызы – филология ғылымдарының докторы, Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті қазақ филологиясы кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Кенжалин Қуанышбек Кәрімұлы – PhD, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ тіл білімі кафедрасының доцент м.а. (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Айше Илкер – Доктор, профессор (Маниса қ., Түркия).
Қорғау 2025 жылғы 27 маусым, сағат 11:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D02305 – Филология» білім беру бағдарламасы бойынша «8D023 – Тілдер және әдебиет» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас форматта (оффлайн және онлайн) өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://surl.li/rxhcrk
Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі, 2, оқу-әкімшілік ғимарат, №302 ауд.
Аңдатпа (қаз.): Данияр Әлия Ахмедияқызының «8D02305 – Филология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Бабырнаманың синтаксистік құрылымы» диссертациялық жұмысы Диссертациялық зерттеудің мақсаты – «Бабырнама» жазба мұрасының синтаксистік құрылымы мен мәтін түзілімін анықтау. Зерттеудің міндеттері: – «Бабырнама» еңбегіне қатысты әлемдік ғалымдардың еңбектеріне шолу жасап, ғылыми зерттеулерді саралау; – «Бабырнама» тілінің қазіргі қазақ әдеби тілінің тарихи синтаксисіндегі орнын, мән-маңызын анықтау; – «Бабырнамадағы» сөз тіркестері түрлерінің жасалу жолдарын анықтау; – Бабыр тіліндегі жай сөйлемдердің ерекшелігін айқындау; – «Бабырнама» еңбегіндегі құрмалас сөйлемдердің түрлерін табу; – Жазба мұрадағы дербес сөйлемдердің байласымын жүзеге асыратын амал-тәсілдерді анықтау; – Төл сөздердің құрылымдық ерекшелігі мен қолданылу сипатын көрсету; – «Бабырнамадағы» күрделі синтаксистік тұтастықтың функционалдық-мағыналық түрлерін айқындау. Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттеріне сәйкес сипаттама, жүйелеу, жинақтау, пікірлерді қорыту және тарихи-салыстырмалы, мәтінді синтаксистік талдау әдістері, техникалық және аударма тәсілдері қолданылды. Негізгі ережелері (дәлелденген ғылыми гипотезалар және жаңа білім болып табылатын басқа да тұжырымдар): 1) «Бабырнама» – қазақ тілінің тарихи синтаксисін қарастыруда қажет тілдік материал. 2) XV-ХVI ғасыр аралығында жазылған «Бабырнама» еңбегінің синтаксистік құрылымы қыпшақ тілдерінің, оның ішінде қазіргі қазақ тілінің синтаксистік құрылымына жақын. 3) «Бабырнама» еңбегінің логика-семантикалық, лексика-грамматикалық сипаты мәтін түзетін синтаксистік бірліктерге негізделеді. 4) «Бабырнамадағы» Бабырдың өмірлік жолы мен тәжірибесінің нақты объективі арқылы сол дәуір туралы құнды ақпарат көзінің тілдік көрінісі – сөз тіркестері, жай сөйлемдер, күрделенген сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдер. 5) Жазба мұра мәтінінің байласымын жүзеге асыратын тәсілдер, төл сөздердің құрылымдық-мағыналық сипаты, әңгімелеу, сипаттау, пайымдау, аралас түріндегі мәтіндердің саралануы «Бабырнаманың» күрделі синтаксистік тұтастық түзілімін құрайды. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы: Қазақ тіл білімінде алғаш рет «Бабырнама» жазба мұрасының синтаксистік түзілімі жан-жақты талданып, қазіргі қазақ әдеби тілі синтаксисімен ортақ сипаты, тарихи сабақтастығы айқындалды. – Жазба мұрадағы сөз тіркесі, жай сөйлем, күрделенген сөйлем мен құрмалас сөйлем түрлері айқындалды. – «Бабырнамадағы» күрделі синтаксистік тұтастық түзілім бойынша БН мәтінінің байласымы анықталды. – «Бабырнамадағы» төл сөздердің құрылымдық-мағыналық ұйымдасуы ашылып көрсетілді. – «Бабырнамадағы» КСТ-тың функционалдық-мағыналық түрлері анықталды. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі: «Бабырнаманың» синтаксистік құрылымын талдау Бабыр өмір сүрген уақыттың тілдік ерекшелігін, оның ойларын, көзқарастары мен уәждемесін түсінуге мүмкіндік береді. Ғалымдардың тарихи синтаксис саласындағы зерттеулеріндегі пікірлері мен тұжырымдарын басшылыққа ала отырып, жазба мұрадағы синтаксис бірліктерін айқындау және оларға тілдік талдаулар жасау тарихи грамматика мен синтаксис аясында диахрониялық тұрғыдағы зерттеулерді толықтыра түседі. Зерттеу жұмысында алынған нәтижелерді жоғары оқу орындарында «Орта ғасыр түркі жазба ескерткіштері», «Түркі тілдерінің тарихи грамматикасы», «Салыстырмалы тарихи тіл білімі», «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы», «Тарихи синтаксис» секілді пәндер аясында қолдануға болады. Сондай-ақ тарихи-әдеби шығармаларға, оның ішінде көпжанрлы мәтіндерге кешенді синтаксистік талдау, мәтіндік талдау жүргізуге қатысты практикалық сабақтарда, түркі тілдеріндегі ортақтастықтар мәселесі туралы оқылатын дәрістерде көмекші құрал ретінде жас ғалымдар мен жоғары оқу орындары оқытушылар, білім алушылар пайдалана алады. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі. Қазақстанда ғылымды дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған басым бағыттарынан Елдің зияткерлік әлеуеті бағытымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасымен, Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасымен тығыз байланысты. Сонымен қатар «Білім туралы» Заңына және Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасындағы негізгі басымдықтарға негізделеді. Докторанттың әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Диссертация бойынша ҚР Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда 6 (алты) мақала, негізгі ғылыми-теориялық нәтижелер отандық және шетелдік халықаралық конференция жинақтарында 7 (жеті) мақала жарияланып, секциялық және пленарлық отырыстарда баяндалды. Барлығы 13 (он үш) ғылыми мақала жарық көрді. ҒЖБССҚК ұсынған отындық басылымда 6 (алты) мақала: 1. «Бабырнамадағы» оронимдер мен гидронимдер // Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы. – 2023. – №3(144). – Б. 219-231. (бірлескен автор: Кенжалин К.К., докторанттың үлесі – 90%). 2. «Бабырнамадағы» жай сөйлемдер мен төл сөздердің қолданысы» // Еуразия гуманитарлық институтының Хабаршысы. Тіл білімі. – 2023. – №4. – Б. 88-106. (бірлескен автор: Кенжалин К.К., докторанттың үлесі – 90%). 3. «Бабырнама» жазба мұрасындағы сөз тіркестерінің қолданысы // Көкшетау Университетінің Хабаршысы. Филология сериясы. – 2024. – №1. – Б. 66-76. (бірлескен автор: Кенжалин К.К., докторанттың үлесі – 90%). 4. Linguistic expression of intangible cultural heritage in "Baburnama": subject, object, addressee // Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы. – 2024. – №3(148). – Б. 198-206. (бірлескен автор: Илкер А., Ахметова М.К., докторанттың үлесі – 80%). 5. «Бабырнама» жазба мұрасындағы мәтін байласымы // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Филология» сериясы. – 2024. – Т. 29, №4(116). – Б. 67-78. (бірлескен автор: Кенжалин К.К., докторанттың үлесі – 90%). 6. «Мәдени және саяси дискурстың «Бабырнама» мәтініндегі көрінісі» // Tiltanym, – 2025. – №1 (97). – Б. 186-196. (бірлескен автор: Кенжалин К.К., Ахметова М.К., докторанттың үлесі – 80%). Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда 7 (жеті) мақала: 1. «Бабырнама» әдеби-тарихи туындысының зерттелуі // «Science and education in the modern world: challenges of the XXI century» материалы 10-й международной научно-практической конференции (Нур-Султан, 2022. – Б. 14-17). (докторанттың үлесі – 100%). 2. «Бабырнамадағы» керуен жолдары // Рухани жаңғыру және тілдік мұра: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (Астана: «ZIZ INC» ЖК, 2022. – Б. 55-61). (докторанттың үлесі – 100%). 3. «Бабырнамадағы» хоронимдер // Халықаралық ономастикалық симпозиум материалдарының жинағы (Астана, 2022. – Б. 108-114). (докторанттың үлесі – 100%). 4. «Бабырнамадағы» мәдениет аралық коммуникацияның тілдік сипаты» // Филологиядағы фундаменталь зерттеулер және оқытудың инновациялық мүмкіндіктері: халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн және офлайн конференцияның материалдары (Нөкіс: НМПИ баспасы, 2022. – Б.115-118). (докторанттың үлесі – 100%). 5. The use of simple sentences in "Baburnama" // Endless Light in Science: халықаралық ғылыми журналдың жинақ материалдары (Астана, 2024. – Б. 14-19). (докторанттың үлесі – 100%). 6. Natural scientific and humanitarian discourse in the written heritage of “Baburnama” // В.А. Богородицкий и современная лингвистика: труды и материалы международной научной конференции (Казань, 2024. – Б. 69-72). (докторанттың үлесі – 100%). 7. Материалдық емес мәдени мұраның тілдік көрінісі: субъект, объект, адресат («Бабырнама» еңбегі бойынша) // Тілтанудағы тұлғалар академиктер Әбдуәли Қайдар, Рәбиға Сыздық, Шора Сарыбаевтың 100 жылдық мерейтойларына арналған дәстүрлі «Ахмет Байтұрсынұлы оқулары» аясындағы халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары (Астана, 2025. – Б. 94-97). (докторанттың үлесі – 100%). Әрбір жарияланым және диссертацияны дайындаудың барлық кезеңдері докторанттың өзінің тікелей бастамасымен әзірленді.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=A9ZCa0LN8AU
