
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Матаева Асыл Камчыбековна «8D02314 – Әдебиеттану» білім беру бағдарламасы бойынша ««Қазіргі қазақ әдебиеттануы: ғылыми проблемалар, зерттеу аспектілері» » тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қазақ әдебиеті кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
– Смағұлов Жандос Қожахметұлы – филология ғылымдарының докторы, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан);
– Құлбарақ Сәмен Оразғалиұлы – филология ғылымдарының докторы, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры, «Дулатитану және өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері (Тараз қ., Қазақстан).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
– Сайфулина Флёра Сагитовна – филология ғылымдарының докторы, Қазан федералды университеті татар әдебиеті кафедрасының профессоры (Қазан қ., Татарстан) / («8D023-Тілдер және әдебиет» («8D02305-Филология», «6D020500-Филология», «6D021400-Әдебиеттану», «8D02314-Әдебиеттану») кадрларды даярлау бағыты бойынша Диссертациялық кеңес шешімімен – Мусурманов Эркин Раббимович – филология ғылымдарының докторы, Самарқанд мемлекеттік Шет тілдер университетінің профессоры. (Самарқанд қ., Өзбекстан) орнына 11.08.2025 ж., №29 (1) хаттама.
– Адаева Ермек Сабырбаевна – филология ғылымдарының кандидаты, Назарбаев Университеті, қазақ тілі және түркітану департаментінің оқытушысы (Астана қ., Қазақстан);
– Дауренбекова Лаура Нугайбековна – филология ғылымдарының кандидаты, А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті (Астана қ., Қазақстан).
Ғылыми кеңесшілері:
Жұмағұл Сағымбай Ботбайұлы – филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, қазақ әдебиеті кафедрасының профессор м.а., (Астана қ., Қазақстан)
Коптева Элеонора Ивановна – филология ғылымдарының докторы, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, Әдебиет және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі (Омбы қ., Ресей).
Қорғау 2025 жылғы 27 тамыз, сағат 11:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «8D023 – Тілдер және әдебиет» («8D02314 – Әдебиеттану») кадрларды даярлау бағыты бойынша Диссертациялық кеңесінде офлайн және онлайн өтеді.
Сілтемесі: https://clck.ru/3MYb2e
Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі, 2, оқу-әкімшілік ғимарат, №101 ауд.
Аңдатпа (қаз.): Матаева Асыл Камчыбековнаның «8D02314 – Әдебиеттану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған «Қазіргі қазақ әдебиеттануы: ғылыми проблемалар, зерттеу аспектілері» диссертациялық жұмысының АҢДАТПАСЫ Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі қазақ әдебиеттануының тәуелсіздік кезеңіндегі даму бағытын зерделеп, оның ғылыми проблемалары мен зерттеу аспектілерін жүйелі қарастыру – өзекті ғылыми міндеттердің бірі. Тоталитарлық жүйе тұсында назардан тыс қалған әдеби мұраны қайта зерделеу, Алаш қайраткерлерінің мұраларын ғылыми айналымға енгізу, ұлттық әдебиеттанудың теориялық-әдіснамалық негіздерін жаңаша пайымдау қажеттігі алға шықты. Осы бағытта «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген «Бабалар сөзі» (100 том), «Әдеби жәдігерлер» (20 том), «Классикалық зерттеулер» (34 том), он томдық «Қазақ әдебиеті тарихы» сынды іргелі басылымдар әдеби мұраны жүйелеуде маңызды рөл атқарды. Дегенмен ХХ ғасыр соңы мен ХХІ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының негізгі ғылыми мәселелері мен зерттеу аспектілері біртұтас диссертациялық деңгейде кешенді түрде зерттеу нысанына айнала қойған жоқ. Осы ретте аталған кезеңдегі әдеби үдерістер мен әдебиеттанушылық бағыттарды жүйелеу, олардың теориялық-әдіснамалық негіздерін саралау – дербес ғылыми зерттеуді қажет ететін өзекті мәселе ретінде айқындалып отыр. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты – тәуелсіздік кезеңінде қазақ әдебиеттануының ғылыми-зерттеушілік, сыншылдық-эстетикалық және әдеби-теориялық ой-пікірдің өскелең тенденциясын айқындау. Қазақ әдебиеттану ғылымында қолға алынған келелі істерді саралауды жүзеге асыруда диссертацияда келесі міндеттерді шешу көзделеді: – тәуелсіздік кезеңінде жарық көрген қазақ әдебиеті тарихына қатысты іргелі еңбектерді зерделеу; – қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселелеріне арналған ғылыми еңбектерді талдау, қазіргі әдіснамалық ұстанымдарды анықтап, оларды жүйелеу; – қазіргі әдеби сын зерттеулерін саралап, бағыттық-идеялық ерекшеліктерін бағамдау; – қазіргі әдеби сынының әдіснамалық жүйесін сипаттайтын ғылыми еңбектерді талдау; – қазақ әдебиет теориясының ерекшеліктерін айқындап, қазіргі әдебиеттанудағы тұжырымдамаларды жүйелеу; – қазіргі қазақ әдебиеттануындағы әдіснамалық жүйені әлемдік әдебиеттану парадигмаларымен байланыста талдау. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Диссертацияда қазіргі қазақ әдебиеттануының ғылыми проблемалары, зерттеу аспектілері арнайы қарастырылады. Жұмыстың ғылыми жаңалығы: – қазіргі қазақ әдебиеттануында әдебиет тарихын дәуірлеу мәселелеріне арналған зерттеулердегі ғылыми тұжырымдар жүйеленіп, ұлттық таным мен тарихи сабақтастыққа, тұлғатануға негізделген зерттеу бағдарлары айқындалды; – зерттеу барысында дәуірлеу мәселесіне қатысты басты қағидаттар жүйеленіп, әдеби үдерісті тарихи-теориялық негізде құрылымдауға мүмкіндік беретін тұтас үлгі ретінде ұсынылды; – қазіргі қазақ әдеби сынының бағыттық-идеялық ерекшеліктері жүйеленіп, ой еркіндігі мен пікір алуандығына негізделген сыни ойлау формаларының қазіргі сипаттары анықталды; – қазіргі әдеби сынның танымдық аясы мен әдіснамалық ерекшеліктері талданып, даму бағыты пайымдалды; – қазіргі әдебиет теориясындағы негізгі тұжырымдамалық көзқарастар мен әдіснамалық ерекшеліктер жүйеленіп, олардың ұлттық әдебиеттану кеңістігіндегі қолдану аясы айқындалды; – қазіргі қазақ әдебиеттануындағы зерттеу әдістері әлемдік өзекті әдіснамалармен сабақтастықта зерделеніп, негізгі үрдістері жүйеленді. Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі. Қазіргі қазақ әдебиеттануын зерттеу барысында әдебиеттану ғылымындағы теориялық, әдіснамалық тұжырымдар мен пікірлер, ғылыми ұстанымдар негізге алынды. Зерттеу барысында А. Байтұрсынұлы, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, Ә. Қоңыратбаев, Б. Кенжебаев, Т. Нұртазин, М. Қаратаев, Қ. Мұхаметханов, Ә. Жиреншин, М. Базарбаев, Ы. Дүйсенбев, Х. Сүйіншәлиев, Ү. Субханбердина, С. Ордалиев, С. Қирабаев, Х. Әдібаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішұлы, М. Дүйсенов, З. Ахметов, Т. Қожакеев, Ә. Дербісалин, Ш. Елеукенов, М. Мырзахметұлы, Ә. Нарымбетов, Ш. Сәтбаева, З. Серікқалиев, Р. Нұрғали, Т. Тоқбергенов, С. Қасқабасов, М. Жолдасбеков, М. Мағауин, Қ. Сыдиқов, Қ. Өмірәлиев, Н. Келімбетов, А. Еспенбетов, Қ.П. Жүсіп, А. Қыраубайқызы, Б. Кәрібаева, Ж. Дәдебаев, Д. Ысқақұлы, С. Негимов, С. Әшімбаев, Т. Жұртбай, А. Егеубаев, Қ. Ергөбек, Б. Майтанов, С. Дәуітұлы, Б. Ыбырайым, Т. Сыдықов, Қ. Алпысбаев, С. Жұмабеков, Ө. Әбдиманұлы, Р. Тұрысбек, Т. Есембеков, А. Ісмақова, Ж. Смағұлов, Б. Омарұлы, Д. Қамзабек, А. Шәріп, С. Жұмағұл, Қ. Байтанасова, Ж. Айтмұхамбет, Ж. Жарылғапов, С. Айтуғанова, А. Үсен, М. Оразбек, Қ. Кемеңгер т.б. ғалымдардың еңбектері, сондай-ақ ұжымдық зерттеулердің ғылыми-әдістемелік негіздері бағыт-бағдар болды. Зерттеу нысаны. Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының үш саласы: әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны. Зерттеу әдісі. Тарихи-салыстырмалы әдіс; теориялық-әдіснамалық талдау; жүйелі-құрылымдық талдау; контент-талдау әдісі қолданылды. Бұл зерттеу әдістері қазіргі қазақ әдебиеттануындағы ғылыми мәселелерді кешенді түрде қарастыруға, зерттеу аспектілерін жан-жақты талдауға мүмкіндік берді. Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Зерттеу нәтижелері «Әдебиеттану ғылымының тарихы», «Қазақ әдебиетіндегі зерттеу әдістері», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Әдебиеттануға кіріспе», «Әдебиет теориясы», «Қазақ әдеби сынының тарихы» сияқты пәндерді оқытуда, элективті курстар мен оқу-әдістемелік құралдар әзірлеуде пайдалануға болады. Сондай-ақ қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымына арналған зерттеулерге теориялық-әдіснамалық негіз бола алады. Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: – қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселесін зерттеудегі қазіргі ізденістер бірізді жүйеге түсіп, ұлттық таным, руханият пен тұлғатанымға негізделген бағыттардың ғылыми әлеуеті арта түсті; – ұлттық идея, көркемдік жүйе және тарихи сабақтастыққа негізделген қағидаттар жүйесі қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеуде мазмұндық тұтастық пен ғылыми негізділікті қамтамасыз етеді; – қазіргі қазақ әдеби сыны – көркемдік талдау мен ұлттық идеяны пайымдауға негізделген, идеялық ауқымы кең, ой еркіндігі мен авторлық позиция басым қазіргі әдеби көзқарас ретінде сипатталады; – қазіргі қазақ әдеби сынындағы дәстүрлі және қазіргі әдістердің қолдану аясы мен бағыттық ерекшеліктері айқындалды. Әдеби-теориялық жүйелер мен сын үлгілерінің даму динамикасы қазіргі сынның ғылыми негіздерінің айқындала бастағанын аңғартады; – қазіргі әдебиеттанудағы тұжырымдамалар мен әдіснамалық бағдарлар жүйеленіп, әдеби үдерісті бағалаудың жаңа ғылыми-танымдық үлгілері қалыптаса бастағаны байқалды. Осы бағыт ұлттық әдебиеттанудың заманауи деңгейде өзекті аспектілерін нақтылауға мүмкіндік береді; – қазіргі қазақ әдебиеттануында әлемдік әдіснамалық тұғырлармен өзара ықпалдастық күшейіп, ұлттық әдеби процесті талдауға арналған зерттеу әдістерінің мазмұны мен қолдану аясы кеңейді. Бұл үрдіс әдебиеттану ғылымында жаңа әдіснамалық парадигманың қалыптасуына негіз болды. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, іштей тараушаларға жіктелген негізгі үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жариялануы мен талқылануы (апробация). Зеpттеу жұмысының нәтижесінде 19 (он тоғыз) ғылыми мақалада жарық көрді. Соның ішінде: Scopus aқпapaттap бaзaсынa енетін импaкт фaктоpлы бaсылымдa – 1 (бір), ҚP ҒЖБМ Білім беpу және ғылым сaлaсын бaқылaу және aттестaция Комитеті бекіткен тізіміне енетін ғылыми бaсылымдapдa – 5 (бес), РҒДИ (РИНЦ) ғылыми басылымдарындағы жарияланымдарда – 1 (бір), шетелдік ғылыми баспада – 2 (екі), хaлықapaлық ғылыми-теоpиялық конфеpенция мaтеpиaлдapындa – 10 (он) мақала жарияланды. Scopus aқпapaттap бaзaсынa енетін импaкт фaктоpлы бaсылымдa: 1. Modern Approaches to the Theory and Methodology of Kazakh Literary: Integration of National and Global Trend // Forum for Linguistic Studies. – 2025. – 7(2). – P. 639-653. ҚР ҒЖБМ ҒЖБСБК ұсынған ғылыми басылымдардағы жарияланымдар: 1. Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу: дәстүрлі бағыттар, жаңа тенденциялар // Торайғыров университетінің хабаршысы. Филологиялық серия. – 2022. – №2. – Б. 174-186. 2. ХХ ғасырдың соңы ХХІ ғасыр басындағы қазақ әдебиеттануы: әдебиет тарихын жаңаша танымда зерттеудегі ізденістер // Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті хабаршы. Филология сериясы. – 2022. – №3 (187). – Б. 148-157. 3. Modern Kazakh Literature Studies: Achievements, Problems, Development Prospects // Торайғыров университетінің хабаршысы. Филологиялық серия. – 2023. – №1. – Р. 227-238. 4. Қазіргі қазақ әдеби сынындағы ізденістер // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. Филология сериясы. – 2023. – №4. – Б. 207-219. 5. Қазіргі әдебиеттанудағы лиминалдық концепция // Торайғыров университетінің хабаршысы. Филологиялық серия. –2023. – №4. – Б. 244-257. РҒДИ (РИНЦ) және шетелдік ғылыми баспаларда: 1. Новые концепции в теории современного казахского литературоведения. // Наука о человеке: гуманитарные исследования» журналы. Russian Journal of Social Sciences and Humanities. – 2022. – №1. – С. 75-85. 2. Problems of the theory and methodology of modern Kazakh Literary studies // Journal of Infrastructure, Policy and Development. –2025. – 9(1). – Р. 1-17. 3. Қазіргі қазақ әдебиетінің сыны: ғылыми әдіснамасы және жаңа бағыттар // Actual scientific research in the modern world. International science journal. Ukraine. – 2022. – №11(91). – Б. 190-195. Халықаралық конференция баяндамалары және конференция жинақтарындағы: 1. Заманауи әдеби үрдістер және әдеби сын // «Gylym jáne bilim – 2021» cтуденттер мен жас ғалымдардың XVI Халықаралық ғылыми конференция материалдары (Нұр-Сұлтан, 2021. – Б. 132-136). 2. Қазіргі қазақ әдебиеттануының өзекті мәселелері // Materials of the «The Europe and the Turkic World: Science, Engineering and Technology» VI International Scientific-Practical Conference. (Бурса, 2021. – Б. 220-224). 3. Национальное казахское литературоведение и литературное наследие // Материалы VI Международная научно-практическая конференции «Современные проблемы цивилизации и устойчивого развития в информационном обществе». (Москва, 2021. – С. 246-251). 4. Қазақ әдеби сынының қазіргі жағдайы // Materials of the VII International Scientific-Practical Conference. (Daegu, 2022. – Б. 81-87). 5. Қазіргі қазақ әдеби сыны: жаңа ізденістер // «Абай поэзиясы және ұлттық поэтологиялық кеңістік»: конференция материалдары. (Астана, 2022. – Б. 164-173). 6. Қазіргі қазақ әдебиеті сынының даму кезеңдері және тенденциялары // Materials of the International Scientific Conference «Reviews of Modern Science». (Zürich, 2022. – Б. 19-27). 7. Actual problems of modern kazakh literary criticism // Materials of the International Scientific and Practical Conference «Global science and innovations 2022: Central Asia». (Астана, 2022. – P. 43-47). 8. Қазіргі қазақ әдебиеттану теориясындағы зерттеулердің өзекті бағыттары // «XXIII Сатпаев оқулары» халықаралық ғылыми конференция материалдары. (Павлодар, 2023. – Б. 243-250). 9. Қазіргі әдебиеттану ғылымындағы лиминалдық мәселесі // ҚР ҰҒА академигі Зәки Ахметовтің 95 жылдығына арналған «Гуманитарлық ғылымдар тоғысындағы әдебиеттанудың жаңа парадигмалары» атты ғылыми-теориялық конференция материалдары. (Астана, 2023. – Б. 156-160). 10. Қазіргі қазақ әдебиеттану теориясын зерттеудің жаңа аспектілері // Академик Қ. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Ғұламалар: Қаныш Сәтбаев пен Әлкей Марғұлан» атты халықаралық ғылыми-тәжірибешілік конференция материалдары. (Павлодар, 2024. – Б. 354-361). Диссертациялық жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D02314 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша зерттеулерді бағалауға құзыреті бар қазақ әдебиеті кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/V4KhWIvykww?si=qJLHz4NJObo583Pa
