
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Андирова Алина Ережепбайқызы «8D02212 – Түркітану» білім беру бағдарламасы бойынша «Орта ғасыр түркі ескерткіштері тіліндегі тәуелділік категориясының пайда болуы және дамуы» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Түркітану кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Ресми рецензенттер:
Мамынова Бағдан Қатайқызы – филология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Молгаждаров Касиет Какенович – филология ғылымдарының докторы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қауымдастырылған профессоры (Көкшетау қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Бирсел Каракоч – Уппсала университетінің лингвистика және түркі тілдері филологиясы кафедрасының профессоры (Уппсала қ., Швеция);
Утебеков Сенбек Бейсенбекович – философия докторы (PhD), Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті түрік филологиясы кафедрасының меңгерушісі (Түркістан қ., Қазақстан Республикасы);
Сейтбекова Айнұр Аташбековна – филолология ғылымдарының кандидаты, ҚР ҒЖБМ ҒК «А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» ШЖҚ РМК, «Тіл тарихы және түркология» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Каиржанов Абай Каиржанович – филология ғылымдарының докторы, «Түркітану» кафедрасының профессоры «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Нуреттин Демир – Ph.D., «Қазіргі түркі диалектілер мен әдебиеті» кафедрасының профессоры, Хаджеттепе университеті (Анкара қ., Түркия Республикасы).
Қорғау 2026 жылғы 28 ақпан, сағат 09:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D02212 – Түркітану» мамандығы бойынша «8D022 – Гуманитарлық ғылымдар» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/3RQqjh
Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі, 2, 302 аудитория
Аңдатпа (қаз.): АҢДАТПА «8D02212 – Түркітану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған Андирова Алина Ережепбайқызының «Орта ғасыр түркі ескерткіштері тіліндегі тәуелділік категориясының пайда болуы және дамуы» атты диссертациялық жұмысының аннотациясы. Зерттеу мақсаты – көне түркі руникалық жазба ескерткіштеріндегі тәуелдік категориясын лингвистикалық және мәдени-тарихи тәсілдерді синтездеу негізінде зерттеу, көне түркілердің посессивтік ойлау жүйесімен байланыста қарастыра отырып, тәуелдік аффикстерінің тарихи эволюциясын анықтау және оларды қазіргі түркі тілдерімен салыстыру. Зерттеу міндеттері: - диссертация тақырыбы бойынша қолда бар теориялық материалдарды талдау және түркітанудағы мәселенің зерттелу тарихнамасын сипаттау; - ортағасыр дәуіріндегі түркі халықтарының дүниетанымы жүйесінде тәуелдік ұғымдарын мәдени және лингвистикалық факторларды ескере отырып, ғылыми-әдіснамалық тұрғыдан зерделеу; - ортағасырлық руникалық ескерткіштердегі тәуелділіктің тілдік көрініс беру құралдарын талдау арқылы көне түркілердің посессивтік ойлау жүйесінің ерекшеліктерін анықтау; - көне түркі мәтіндері негізінде «Мен» және «Мен емес» ұғымдарының синтетикалық посессивтік сәйкестендірілу типологиясын қалыптастыру және негіздеу; - диахрониялық «кесінділерді» пайдалана отырып, түркі тілдеріндегі тәуелдік аффикстерінің шығу тегі мен тарихи эволюциясын талдау, олардың ортағасырлық формалардан қазіргі заманғы түрлерге дейінгі даму кезеңдерін айқындау; - эволюцияның жалпы заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін анықтау мақсатында көне түркі тәуелдік аффикстерін қазіргі түркі тілдеріндегі аффикстермен салыстырмалы түрде талдау. Зерттеу әдістері: Диссертацияда тәуелділік аффикстерінің шығу тегін анықтауға бағытталған диахрондық талдау әдісі қолданылды. Сонымен қатар көне түркілердің посессивтік дүниетанымын реконструкциялауға мүмкіндік беретін концептуалдық талдау элементтері пайдаланылды. Бұл әдістер көне руникалық жазбалардағы морфологиялық көрсеткіштермен өзара сабақтастықта қарастырылды. Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар: 1. Тәуелділік көне түркілердің ойлау жүйесі мен тілінің базалық категорияларының бірі болып табылады және олардың тарихи-мәдени әрі тілдік санасы аясында иеленуші мен иеленілетін нысан арасындағы қатынастарды бейнелейді. Зерттеу кірме элементтер мен мәдени өзара ықпалдастықтардың түркі тілдерінің грамматикасы мен лексикасындағы өзгерістерге қалай әсер еткенін көрсетеді. 2. Көне түркі тіліндегі тәуелдік аффикстері синтетикалық шығу тегімен сипатталады және тұлғалық әрі семантикалық эволюциясы арқылы жеке есімдіктер мен кеңістік көрсеткіштеріне барып тіреледі. Тәуелдік аффикстерінің синтетикалық табиғаты негізделеді. Тәуелдік аффикстерінің бастапқыда кеңістіктік қызмет атқарған жеке есімдіктерден пайда болғаны анықталып, бұл тіл грамматикализацияның бастапқы кезеңдерінде локативтілік пен посессивтіліктің өзара байланысын дәлелдейді. 3. Түркі тілінің дамуының ерте кезеңінде тәуелдік атауыш компоненттердің қатар орналасуы арқылы беріліп, кейіннен ілік септік пен арнайы аффикстер арқылы жүзеге аса бастаған, бұл аталған категорияның грамматикализация үдерісін айғақтайды. 4. Тәуелдік аффикстері жеке есімдіктерден қалыптасқан, бұл үдеріс барысында олардың редукцияға ұшырауы, фонетикалық жағынан жеңілдеуі, аффикстік позицияға көшуі және екпінін жоғалтуы байқалады. Сонымен қатар дауыстылар үндестігі сақталған. 5. Көне түркі дүниетанымындағы тәуелдік категориясы әлеуметтік тәртіптің, ұжымдық сәйкестіктің және ритуалдық сананың көрінісі болып табылады, мұнда «Мен» және «Мен емес» арасындағы шекаралар айқын болмаған. Ұсынылған типология ортағасырлық түркі тілдеріндегі тәуелдік категориясын синхронды-диахронды ерекшеліктерін ескере отырып және дескриптивтік (сипаттамалы) лингвистиканың кейбір тәсілдерін қолдану арқылы зерттеуге мүмкіндік береді. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы: 1. Тәуелділік категориясының тарихи-философиялық шарттылығы анықталды. Көне түркі тіліндегі тәуелділік категориясының шығу тегі лингвистикалық, тарихи және мәдени деректердің бірлігі негізінде кешенді түрде талданды. Түркі ескерткіштері материалдары бойынша ерте посессивтік құрылымдардың жүйеленуі ұсынылды. Көне түркілердің посессивтік ойлауы «Мен» және «Мен емес» арасындағы дифференциалданбаған қарама-қайшылық аясында қалыптасқаны дәлелденді. 2. Көне түркі тіліндегі тәуелділік құрылымдарының даму кезеңдері анықталды. Тәуелділікті білдіру тәсілдері: синтаксистік қатар қолданудан → ілік септігіне → морфологиялық аффикстерге дейінгі эволюциясы жүйелі түрде талданды. Көне түркі тіліндегі тәуелділік категориясының дамуына тіл мен мәдениеттің ықпалы жан-жақты талданды. Зерттеу кірме элементтер мен мәдени өзара ықпалдастықтардың түркі тілдерінің грамматикасы мен лексикасындағы өзгерістерге қалай әсер еткені көрсетеді. 3. Тәуелдік аффикстерінің синтетикалық табиғаты негізделді. Тәуелдік аффикстерінің бастапқыда кеңістік мәндегі қызмет атқарған жеке есімдіктерден шыққаны анықталды, бұл тілдің грамматикалану үдерісінің ерте кезеңдерінде локативтілік пен посессивтілік арасындағы байланысты дәлелдейді. 4. Тәуелділік пен зат есімдердің типологиясы арасындағы өзара байланыс айқындалды. Көне түркі тілдерінің активті құрылым жүйесінде тек активті классқа жататын зат есімдер ғана органикалық тәуелділікті білдіре алатыны көрсетілді, бұл аталған лексика-грамматикалық оппозицияның типологиялық маңыздылығын айғақтайды. 5. Посессивтік морфемалардың фонетикалық редукция механизмдері анықталды: І жақ есімдігі /m/, II жақ есімдігі /ŋ/ дыбыстарына дейін қысқарған, фонетикалық бейімделу (еріндік ассимиляция, екпіннің жоғалуы) нәтижесінде қазіргі аффикстер қалыптасқан. 6. Көне түркі тілінде тәуелділік қатынастарды білдірудің үш тәсілі айқындалды. Тәуелділікті білдірудің морфологиялық, морфологиялық-синтаксистік және синтаксистік тәсілдері сипатталды, бұл посессивтік репрезентацияның көпдеңгейлі жүйесін анықтауға мүмкіндік береді. 7. Тәуелділік категориясының әлеуметтік-когнитивтік табиғаты көрсетілді. Грамматикалық тәуелділік категориясының архаикалық қоғамда ұжымдық бірегейліктің қалыптасуына негіз болған тайпалық және рулық байланыстардың бейнеленуі нәтижесінде пайда болғаны анықталды. Мұндай көзқарас әлеуметтік өзгерістердің тілдік үдерістерге қалай әсер еткенін көруге мүмкіндік береді. 8. Жұмыста «Мен» және «Мен емес» дихотомиясына негізделген тәуелділік категориясының типологиясы ұсынылды. Әзірленген типология ортағасырлық түркі тілдеріндегі (қарлұқ, қыпшақ, оғыз топтары) грамматикалық тәуелділік категориясын олардың синхронды-диахрондық ерекшеліктерін ескере отырып және қазіргі заманғы лингвистикалық әдістерді қолдану арқылы зерттеуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелерінің жаңалығы мен маңыздылығы: Бұл жұмыстың ғылыми жаңалығы ортағасырлық түркі жазба ескерткіштері тіліндегі тәуелдік категориясының қызмет етуін кең әрі көпқырлы фактілік материал негізінде зерттеуге талпыныс жасалып, оны тұтас әрі жүйеленген түрде сипаттауға бағытталуымен айқындалады. Зерттеуде қазіргі тіл білімінде өзекті болып табылатын негізгі лингвистикалық аспектілер қамтылған, атап айтқанда: түркі тілдеріндегі тәуелдік аффикстерінің тарихи динамикасы, посессивтік көрсеткіштері бар сөздер мен сөз тіркестерінің морфологиялық құрылымы, сондай-ақ олардың синтаксистік қызмет ету ерекшеліктері. Көне түркі тіліндегі тәуелдік категориясының шығу тегіне арналған кешенді зерттеу жүргізіліп, онда лингвистикалық, тарихи және мәдени деректер тоғыстырылды. Түркі руникалық жазба ескерткіштерінің кең корпусын талдау негізінде посессивтік конструкциялардың ерте формаларын жүйелеу ұсынылады. Тәуелдік категориясының дамуының негізгі кезеңдері айқындалып, көне түркі тілінің грамматикалық құрылымдарындағы бірізді өзгерістерді реконструкциялауға мүмкіндік берілді. Бұл тәсіл жаңа болып табылады, себебі зерттеуде тарихи контекст пен өзге тілдер және мәдениеттермен өзара ықпалдастық ескерілді. Тәуелдік аффикстерінің синтетикалық табиғаты негізделді. Тәуелдік аффикстерінің бастапқыда кеңістіктік қызмет атқарған жеке есімдіктерден пайда болғаны анықталып, бұл тіл грамматикализацияның ерте кезеңдерінде локативтілік пен посессивтіліктің өзара байланысын дәлелдейді. Тәуелдік категориясының дамуы мен түркі халықтарының әлеуметтік құрылымдары арасындағы өзара байланыс анықталды. Бұл тәсіл әлеуметтік өзгерістердің тілдік үдерістерге қалай әсер еткенін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар көне түркі тіліндегі тәуелдік категориясының дамуына тілдік және мәдени байланыстардың ықпалы талданды. Зерттеу кірме элементтер мен мәдени өзара әрекеттестіктің грамматика мен лексикадағы өзгерістерге әсерін көрсетеді. «Мен» және «Мен емес» дихотомиясы негізінде тәуелділік типологиясы ұсынылды. Әзірленген типология ортағасырлық түркі тілдеріндегі тәуелдік категориясын олардың синхронды-диахронды ерекшеліктерін ескере отырып және дескриптивтік (сипаттамалы) лингвистиканың кейбір тәсілдерін қолдану арқылы зерттеуге мүмкіндік береді. Ғылымды дамыту бағыттарына және мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі: Диссертация «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ұлттық бірегейлікті нығайту, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын кеңінен таныту мақсаттарына толық сәйкес келеді. Түркі мұрасының тілдік ерекшеліктерін зерделеу және оны ғылыми айналымға енгізу – бағдарламаның басым бағыттары. Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия бекіткен ғылымды дамытудың басым бағыттарына сай келеді. Зерттеу нәтижелерінің апробациясы: Зерттеу нәтижелері халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда ұсынылып, ғылыми журналдарда жарияланды. Диссертация тақырыбы бойынша барлығы 6 еңбек жарияланды, олардың ішінде: 1 мақала Scopus базасына енген журналда, 3 мақала ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда, 2 мақала халықаралық конференциялар жинақтарында. 1. Проблемы происхождения в функционировании поссесивных аффиксов в тюркских языках // ХVIII международная научная конференция студентов и молодых ученых «Ǵylym Jáne Bіlіm-2023 (Астана, 2023. – С. 2201-2204). 2. Вопросы происхождения аффиксов принадлежности в тюркских языках // Международная научно-практическая конференция «Проблемы исследования тюркских рунических памятников», посвященной 130-летию со Дня дешифровки тюркских рун Вильгельмом Томсеном (Астана, 2023. – С. 280-286). 3. Категория принадлежности и посессивное мышление древних тюрков (на материале рунических памятников письменности) // Язык и литература: теория и практика. – 2024. – №2. – C. 9-27. 4. Синтетическое посессивное отождествление «Я» и «НЕ-Я» В древнетюркских аффиксах принадлежности // Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия: Политические науки. Регионоведение Востоковедение. Тюркология. – 2024. – №3(148). – C. 265-282. 5. Вопросы происхождения и функционирования аффиксов принадлежности в древнетюркском языке // Вестник КУ имени Ш. Уалиханова. Серия филологическая. – 2024. – №4. – C. 48-59. 6. ESKI TÜRKÇE IYELIK EKLERININ KAZAKÇA VE TÜRKIYE TÜRKÇESINDEKI DURUMU // Türkbilig. – 2024. – №48. – S. 127-140.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/QuHqqmC4Y3g https://youtu.be/vEyiir0M6GQ
