
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Мусина Гульмира Сейфуллаевна «8D03105 – Аймақтану» білім беру бағдарламасы бойынша «ЕАЭО цифрлық кеңістігінің дамуы: ұлттық және ұлттықтан жоғары деңгейлер» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Аймақтану» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Ресми рецензенттер:
Джусупова Гуль Габдулуалитовна – бейін бойынша доктор, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті директорының орынбасары (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Шерьязданова Камилла Галимовна – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Кушкумбаев Санат Каирслямович – саясаттану ғылымдарының докторы, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дың бас ғылыми қызметкері (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Рамакрушна Прадхан – философия докторы (PhD), Орталық университеттің әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы (Биласпур, Чхаттисгарх, Үндістан);
Есенгельдина Анар Сатыбалдиновна – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Цифрлық мемлекеттік басқару мектебінің директоры, Astana IT University (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Оспанова Айгерим Нуралиевна – философия докторы (PhD), профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Аймақтану кафедрасының меңгерушісі (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Лагутина Мария Львовна – саясаттану ғылымдарының докторы, Санкт-Петербург Мемлекеттік университетінің әлемдік саясат кафедрасының профессоры (Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы).
Қорғау 2025 жылғы 30 желтоқсан, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D03105 – Аймақтану» мамандығы бойынша «8D031 – Әлеуметтік ғылымдар» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес отырысы офлайн и онлайн форматта өткізіледі.
Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Сатпаев көшесі, 2, ауд. 302 өтеді.
Аңдатпа (қаз.): Диссертациялық зерттеудің мақсаты - ЕАЭО цифрлық кеңістігінің ұлттық және ұлттықтан жоғары деңгейлерде қалыптасуы мен дамуын кешенді талдау, сондай-ақ цифрлық интеграцияның тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу барысында қойылған міндеттер: 1. Экономиканы цифрландыру, цифрлық кеңістікті қалыптастыру және аймақтық бірлестіктерде цифрлық интеграцияны дамыту мәселелерін зерттеуге теориялық және әдіснамалық тәсілдерді талдау. 2. ЕАЭО үшін қолданылатын тәжірибелерді анықтау мақсатында интеграциялық бірлестіктерде (ЕО, АСЕАН және МЕРКОСУР) цифрлық трансформация және цифрлық кеңістікті дамыту саласындағы халықаралық тәжірибені зерттеу. 3. ЕАЭО елдеріндегі цифрлық экономиканың қазіргі жағдайы мен даму үрдістерін бағалау. 4. ЕАЭО ұлттықтан жоғары деңгейінде цифрлық өзара әрекеттесудің тетіктерін, институционалдық негіздерін және құқықтық реттеуін зерттеу, күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін анықтау. 5. ЕАЭО-дағы интеграциялық процестерді ескере отырып, ұлттық және ұлттықтан жоғары деңгейлерде цифрлық саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу әдістері. Бұл диссертацияның әдіснамалық негізі ЕАЭО цифрлық кеңістігінің қалыптасуы мен дамуын кешенді зерттеуді қамтамасыз ететін жалпы ғылыми және мамандандырылған әдістерге негізделген. Талдау мен синтез негізінде цифрлық экономиканың қалыптасуы мен дамуының тұжырымдамалары және олардың аймақтық интеграциялық бірлестіктердің қызметінде цифрлық трансформация процестерін жүзеге асыруға қолданылуы қарастырылды. Тарихи және логикалық талдау цифрлық экономиканың қалыптасуы мен дамуының эволюциясын заманауи құбылыс ретінде сипаттау үшін, сондай-ақ интеграциялық бірлестіктердің (ЕО, АСЕАН, МЕРКОСУР және ЕАЭО) цифрлық кеңістігінің қалыптасу эволюциясын сипаттау үшін пайдаланылды. Индукция және дедукция әдісін қолдана отырып, цифрландыру мен интеграция арасындағы байланыс салыстырылды: елдераралық қатынастарға цифрлық құралдарды енгізу экономикалық қатынастардың тиімділігін арттырады және сәйкесінше интеграциялық процестерді күшейтеді. Контенттік талдау цифрлық интеграцияның институционалдық механизмдері мен құралдарын және цифрлық интеграцияны ілгерілету үшін ақпараттық саясатты зерттеу және бағалау үшін пайдаланылды. Мысалы, контенттік талдау ЕАЭО-ның сәтті цифрландыру жобаларының бірі «Шекарасыз жұмыс» порталының қолжетімділігін анықтау үшін пайдаланылды. Салыстырмалы талдау ЕО мен басқа да интеграциялық бірлестіктердің цифрландыру тәжірибесін зерттеуге, бірыңғай цифрлық кеңістікті құруды жеделдету үшін ЕАЭО-да қолданылуы мүмкін ең сәтті тәжірибелерді анықтауға мүмкіндік берді. Статистикалық талдау цифрлық дамудың сандық көрсеткіштерін (цифрландырудың ЖІӨ-ге әсері, елдердегі цифрландыру деңгейі және т.б.) бағалау үшін статистикалық деректерді пайдалануға мүмкіндік берді. Ақпарат, коммуникация және цифрлық технологиялар саласындағы ең беделді жеті әлемдік рейтингтің нәтижелерін талдауға біріктірілген статистикалық және салыстырмалы тәсіл ЕАЭО елдері арасында цифрлық алшақтықтың бар екенін көрсетті. SWOT талдауы ЕАЭО-дағы цифрландыру процесімен байланысты күшті, әлсіз жақтарды, мүмкіндіктер мен қауіптерді анықтады. ЕАЭО-дағы цифрландыру процестерінің дамуына әсер ететін саяси, экономикалық, әлеуметтік және технологиялық факторларды анықтау үшін PEST талдауы қолданылды. Нәтижесінде «ЕАЭО цифрлық интеграция моделі. ЕАЭО-ның бірыңғай цифрлық кеңістігін құру шарттары» атты Исикава диаграммасы жасалды. Сондай-ақ сауалнама әдістері қолданылды: жаппай сауалнама және сарапшылармен сұхбаттар. Сауалнамалар барысында алынған деректер құпия болып табылады және респонденттерді анықтауға мүмкіндік бермейді. Азаматтар мен сарапшыларға сауалнама келесі мақсаттарды шешу үшін жүргізілді: − ЕАЭО елдері халқының ұлттық және ұлттықтан жоғары деңгейдегі цифрландыру деңгейі туралы түсінігін анықтау; − ЕАЭО-ның цифрландыру мүмкіндіктері туралы хабардарлық деңгейін бағалау; − цифрландыру мен интеграциялық процестердің тереңдігі арасындағы корреляцияны анықтау; − ЕАЭО-ның цифрлық кеңістігін дамытудың негізгі қиындықтары мен перспективаларын зерттеу; − ЕАЭО-ны цифрландыру процестерін ақпараттық қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеу. ЕАЭО-дағы жоғары білімді цифрландыруға байланысты зерттеу нәтижелерін цифрлық кеңістіктің қалыптасуына әсер ететін фактор ретінде талдау үшін VOSviewer бағдарламалық жасақтамасын (https://www.vosviewer.com/) пайдалана отырып, библиометриялық тәсіл қолданылды. Қорғауға ұсынылатын негізгі мәселелер: 1. Цифрландыру аймақтық интеграцияның жаңа өлшеміне айналып келе жатқаны дәлелденді. Әлемдегі аймақтық бірлестіктер интеграциялық процестерді одан әрі тереңдету үшін өздерінің цифрландыру стратегияларын әзірлеуде. Цифрлық әлеуетті бағалау үшін ұлттық және ұлттықтан жоғары цифрландыру деңгейлерін өлшейтін рейтинг құралдары (индекстер мен рейтингтер) енгізілуде. 2. Автор «интеграциялық бірлестіктің цифрлық кеңістігі» ұғымына түсініктеме береді – экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени және басқа да кеңістіктердің цифрлық трансформациясына (цифрлық технологияларды өзара әрекеттесу мен ынтымақтастықтың барлық салаларына интеграциялау) негізделген интеграциялық бірлестіктегі мемлекеттер арасындағы өзара әрекеттесу саласы. 3. ЕАЭО цифрлық кеңістігін дамытудағы негізгі қиындықтар және ұлттық және ұлтаралық реттеу арасындағы қайшылықтар анықталып, жүйеленеді: қатысушы елдер арасындағы цифрлық алшақтықтың болуы; жеке деректерді қорғау, электрондық қолтаңбаларды пайдалану және т.б. мәселелері бойынша ұлттық және ЕАЭО деңгейлеріндегі заңнаманы сәйкестендірудегі мәселелер; кедендік IT жүйелерінің біркелкі емес интеграциясы; өнімді таңбалау мен бақылауды цифрландырудың баяу қарқыны; бірыңғай киберқауіпсіздік талаптарын сақтаудағы қиындықтар; IT инфрақұрылымының біркелкі еместігі; цифрландыру саласындағы ақпараттық саясаттың жеткіліксіздігі; халық арасындағы цифрлық құзыреттілік деңгейінің жеткіліксіздігі. 4. ЕАЭО мысалында цифрлық интеграция моделі ұсынылады. Ол үш құрылымнан тұрады: институционалдық, экономикалық және технологиялық. Институционалдық құрылым құқықтық режимдерді үйлестіруге және тұрақты көп деңгейлі басқару архитектурасын құруға бағытталған. Экономикалық құрылым бірыңғай цифрлық нарықты қалыптастыруды және өлшенетін интеграциялық әсерлерді көздейді. Инфрақұрылымға негізделген технологиялық құрылым шекарааралық қызметтердің техникалық үйлесімділігі мен кибертұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. 5. Қазақстан Республикасының цифрлық интеграцияда маңызды рөл атқаратыны дәлелденген. Елдің ауқымды ұлттық цифрландыру бағдарламаларын іске асырудың арқасында ЕАЭО цифрлық кеңістігін дамытуда айтарлықтай әлеуеті бар; дегенмен, ЕАЭО-ның ұлттықтан жоғары саясатымен үндестіру үшін қосымша тетіктер қажет. 6. ЕАЭО цифрлық кеңістігін құруды мүше мемлекеттердің халқы қолдайтыны дәлелденген. Азаматтар мен бизнес үшін цифрлық құралдарды енгізуге қатысты оң пікірлер айтылды. Дегенмен, бұл процестер кеңірек ақпараттық қолдауды қажет етеді. Мысалы, ЕАЭО деңгейінде цифрлық трансформацияға қатысты «өсу нүктелерін» анықтау үшін кешенді, ауқымды халық сауалнамалары жүргізілмейді. 7. Жоғары білім беруді цифрландыру цифрлық экономика үшін кадрларды даярлаудың негізін қалайтыны дәлелденген. ЕАЭО экономикалық интеграциялық бірлестік болғанына қарамастан, цифрлық кеңістікті цифрлық дағдыларға ие кадрлармен қамтамасыз ету үшін білім беруді цифрландыру саласында гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту қажет. 8. ЕАЭО цифрлық саясатын жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстар, соның ішінде цифрлық алшақтықты жою, трансшекаралық цифрлық қызметтерді дамыту және нормативтік базаны нығайту шаралары тұжырымдалды. Зерттеудің негізгі нәтижелері мен жаңалығының сипаттамасы: 1. Отандық ғылымда алғаш рет ЕАЭО цифрлық кеңістігінің дамуы екі өзара байланысты өлшемде – ұлттық және қлттықтан жоғары деңгейде жан-жақты сипатталған. «Цифрлық мемлекеттердің» құрылуы және мемлекетаралық қатынастарға цифрлық құралдарды енгізу интеграциялық процестерді нығайтуға оң әсер ететіні туралы қорытынды жасалды. 2. Қазақстандық аймақтануда алғаш рет интеграциялық бірлестіктің құрамдас бөлігі ретінде «цифрлық кеңістіктің» авторлық анықтамасы ұсынылды. Цифрландыру мәдениет, саясат және экономика сияқты өлшемдермен қатар аймақтық интеграцияның жаңа өлшеміне айналып келе жатқаны көрсетілген. 3. Еуропалық Одақ (ЕО) мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығы (АСЕАН) арасындағы цифрлық интеграция тәжірибесі оны бейімдеу және Еуразиялық экономикалық одақ үшін бірыңғай цифрлық кеңістікті қалыптастыруға қолдану мүмкіндігін зерттеу үшін жүйелендірілген. 4. Диссертация шеңберінде жүргізілген ЕАЭО азаматтарының цифрландыру деңгейін қабылдауы мен бағалауын өлшеу цифрлық интеграцияның артықшылықтарын тарату және енгізудің ұлттықтан жоғары стратегиясын әзірлеу мақсатында Еуробарометрге ұқсас әрі қарайғы жаппай сауалнамалар үшін пилоттық жоба ретінде пайдаланылуы мүмкін. 5. ЕАЭО үшін бірыңғай цифрлық кеңістікті қалыптастырудың тұжырымдамалық моделі оның бәсекелестік артықшылықтары мен ықтимал тәуекелдерін ескере отырып тұжырымдалды. Модель институционалдық, экономикалық және технологиялық аспектілерге негізделген, олар төрт өлшемде жүзеге асырылуы керек: ұлттықтан жоғары, ұлттық, бизнес және қоғамдық. 6. ЕАЭО таза экономикалық интеграциялық бірлестік деп жарияланғанымен, сәтті цифрлық интеграцияның тағы бір өлшемі - цифрлық трансформация үшін кадрларды даярлаудың негізі ретінде жоғары білімді цифрландыру болып табылады. 7. Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия мен ЕАЭО мүше мемлекеттерінің үкіметтері үшін цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған практикалық ұсыныстар әзірленді. Алынған нәтижелердің маңыздылығын негіздеу. Алынған нәтижелерді Еуразиялық экономикалық комиссия және ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдары цифрлық күн тәртібі мен цифрлық одақты жетілдіру және интеграцияланған цифрландыру бағдарламаларын әзірлеу үшін пайдалана алады. Автордың ұсыныстары ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық міндеттемелерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы үшін ұлттық цифрландыру жоспарларын әзірлеу және түзету үшін қолданылады. Әзірленген ұсыныстар цифрлық экономика және аймақтық интеграция саласындағы аналитикалық есептерді, болжамдарды және саяси құжаттарды дайындау үшін негіз бола алады. Диссертация материалдарын аймақтану, халықаралық экономика, аймақтық интеграция, цифрлық экономика және мемлекеттік басқару курстарын оқытқан кезде оқу процесінде пайдалануға болады. Ғылыми даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестік. Бұл диссертацияны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырды (BR21882302 «Цифрлық трансформация жағдайындағы қазақстандық қоғаы: перспективалар мен тәуекелдер» жобасы). Бұл диссертация Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия бекіткен «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер» атты ғылыми дамудың басым бағытымен үйлестірілген. Диссертацияның кейбір баптары 2023–2029 жылдарға арналған цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және киберқауіпсіздікті дамыту тұжырымдамасына (ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы қаулысымен бекітілген) сәйкес келеді. Әрбір басылымды дайындауға ізденушінің қосқан үлесінің сипаттамасы. Зерттеудің негізгі нәтижелері мен қорытындылары 12 басылымда көрсетілген: - Scopus дерекқорында индекстелген халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдағы 1 мақала; - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынған журналдардағы 5 мақала; - Scopus және EBSCO дерекқорларына кіретін шетелдік ғылыми журналдардағы 2 мақала; - Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы 4 мақала. Үміткердің зерттеуінің кейбір нәтижелері ұжымдық монографияға енгізілді. Сонымен қатар, авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне ақпаратты енгізу туралы екі куәлік (авторлық куәліктер) алынды. Диссертация 206 беттен тұрады және кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, практикалық ұсыныстардан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және 14 қосымшадан тұрады. Оған 10 сурет, 10 кесте және 8 диаграмма кіреді.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/6BuSu4cPdTE?si=XGrLfWo9ZYMJaJ1t
