
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Есіркеп Сәкен Зиябекұлы «8D03106 – Саясаттану» білім беру бағдарламасы бойынша «Саясаттағы жұмсақ күш: концептуалды негізі және жүзеге асыру тәжірибесі (Қазақстан кейсі)» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Саясаттану кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Досымхан Еңлік Досымханқызы – философия докторы (PhD), Astana IT University, Жалпы білім беру пәндері мектебінің ассистент профессоры. Мамандығы: «6D050200 – Саясаттану» (Астана қаласы, Қазақстан).
Муминов Нурлан Акимбаевич – философия докторы (PhD), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті, Философия кафедрасының аға оқытушысы. Мамандығы: «6D050200 – Саясаттану» (Алматы қаласы, Қазақстан).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Жолдыбалина Алуа Серікқызы – философия докторы (PhD), ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары. Мамандығы: «23.00.00 – Саяси ғылымдар» (Астана қаласы, Қазақстан).
Калиев Ильдар Абужанұлы – саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Философия және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының профессоры. Мамандығы: «23.00.02 – Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық мүдделер және саяси процестер мен технологиялар» (Павлодар қаласы, Қазақстан).
Қожбанхан Еркеш Кубжанұлы – философия докторы (PhD), № 19870 әскери бөлімнің қызметкері. Мамандығы: «6D050200-Саясаттану» (Астана, Қазақстан).
Ғылыми кеңесшілері:
Абдрахманова Гаухар Сатыбалдиновна – тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Мамандығы: «07.00.02 Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы)», (Аатана қаласы, Қазақстан).
Синан Өзбек – философия докторы (PhD), профессор, Қожаелі университеті, Философия кафедрасының меңгерушісі (Қожаелі қаласы, Түркия).
Қорғау 2025 жылғы 9 желтоқсан, сағат 15:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D03106 – Саясаттану» білім беру бағдарламасы бойынша «8D031 – Әлеуметтік ғылымдар» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңестің отырысы оффлайн және Zoom платформасында онлайн режимде өтеді.
Сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/8114174324?pwd=dVhvaFdrUm9hRll6eTBsclhybUtvZz09
Конференцияның идентификаторы: 811 4174 324, Кіру коды: DC9hpA
Мекен-жайы: Астана қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі, 2, 302-аудитория.
Аңдатпа (қаз.): Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Саясаттану кафедрасы «8D03106 – Саясаттану» білім беру бағдарламасының докторанты Есіркеп Сәкен Зиябекұлының философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Саясаттағы жұмсақ күш: концептуалды негізі және жүзеге асыру тәжірибесі (Қазақстан кейсі)» тақырыбына арналған диссертациялық жұмысының АННОТАЦИЯСЫ Тақырыптың атауы. Саясаттағы жұмсақ күш: концептуалды негізі және жүзеге асыру тәжірибесі (Қазақстан кейсі). Диссертациялық зерттеудің өзектілігі. Кез келген мемлекеттің сыртқы саясаттағы басты міндеті елдің және оның азаматтарының экономикалық және әлеуметтік дамуына қолайлы жағдай жасау, оң имиджді қалыптастыру, мемлекеттің беделін нығайту және халықаралық аренада оның мүдделерін қорғау болып табылады. Жаһандану процестерінің әсерінен халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі жағдайында экономикалық, әскери және саяси ресурстармен қатар ықпал етудің негізгі факторлары ретінде «жұмсақ күш» ынтымақтастық құралдары алдыңғы орынға шығады. Бұл мемлекеттің мәдениет, білім, спорт, ғылым мен техника саласындағы жетістіктері. Халықаралық қатынастар жүйесінде ықпал етудің «жұмсақ» құралдарының рөлі артып келеді. Осы ретте, Қазақстанның «жұмсақ күш» әлеуеті мен құралдарын зерделеу үшін саяси коммуникацияда еліміздің ресурстарын тиміді пайдалану мәселесіне объективті талдау жасау маңызды. Қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінде бұл мәселенің кейбір теориялық аспектілері ғана «жұмсақ күш» тақырыбына арналған. Осы мәселе бойынша негізгі зерттеу еңбектерін талдау негізінде қазіргі Қазақстанның сыртқы саясатындағы жұмсақ күш құралдарының рөлін зерттеуге арналған кешенді зерттеуге сұраныс бар деген қорытынды жасауға болады. Зерттеудің мақсаты. Жұмсақ күш саясатының концептуалдық негіздерін, шет мемлекеттердің оны Қазақстанда жүзеге асыру механизмдерін талдау және Қазақстанның сыртқы саясатта жұмсақ күш саласына қатысты дербес ұлттық бастамаларын саралау. Зерттеудің міндеттері. Зерттеу мақсатына орай төмендегі міндеттер қойылды: 1. Саяси ғылымдағы жұмсақ күш түсінігінің теориялық-әдіснамалық негіздерін жүйелеу. 2. Жаһандық саясат және геосаяси трансформация жағдайында жұмсақ күш саласындағы өзекті трендтерді анықтау. 3. Жетекші елдердің жұмсақ күш саясатын іске асыруының практикалық аспектілерін және механизмдерін қарастыру. 4. Әлемдік және аймақтық державалардың Қазақстанға қатысты жұмсақ күш саясатын талдау. 5. Қазақстанның жұмсақ күш саясатын іске асырудың әлеуеті мен құралдарын бағалау арқылы орта державалардың жұмсақ күш қолдану мүмкіндіктерін талдау. 6. Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымын нығайтуға қатысты жұмсақ күш саясатын тиімді іске асыру ұсынымдарын әзірлеу. Зерттеудің нысаны. Жұмсақ күштің концептуалды негіздері туралы дискуссиялар мен оның практикада іске асуы (Қазақстан мысалы) болып табылады. Диссертациялық зерттеу пәні. Жұмсақ күш саясатының концептуалдық негіздері, практикалық құралдары және қолданылу механизмдері, сондай-ақ оның Қазақстанның сыртқы саясатындағы іске асырылу ерекшеліктері. Зерттеудің теориялық-әдістемелік базасы. «Жұмсақ күш» саясатын іске асыру әдістері мен құралдарының көпдеңгейлі жүйесін қалыптастыру процестерін барынша толық және объективті зерттеу үшін мынадай әдістер пайдаланылады: жүйелік, институционалдық, институционалдық емес және конструктивистік, сондай-ақ нақты тарихи талдау әдістері, кейс-стади әдісі және т.б. Сондай-ақ мемлекеттік басқарудың түрлі салаларында білікті мамандарды тарта отырып, тереңдетілген сұхбат әдісін қолдану көзделіп отыр. Бұл әдіс Қазақстанның «жұмсақ күш» мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын және Қазақстанның сыртқы саясатындағы «жұмсақ күш» әлеуетін талдауға мүмкіндік береді. Осы сұхбатқа тартылатын сарапшылардың көпшілігінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының негізгі стратегиялық бағыттары бойынша практикалық тәжірибесі бар және біздің еліміздің мемлекеттік саясатын жүзеге асыруға тікелей қатысады. Жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы. Біріншіден, жұмыс нәтижесінде алынған тұжырымдарды уәкілетті органдар Қазақстанның жұмсақ күш саясатын жетілдіру үшін пайдалануға болады. Екіншіден, зерттеу нәтижесі әлемдік және аймақтық державалардың Қазақстанға қатысты жұмсақ күш саясатын кеңірек түсінуге және одан қорғану тетіктерін қарастыруда уәкілетті органдарға ғылыми негіз ұсынады. Үшіншіден, жұмыстың теориялық-әдіснамалық мазмұны зерттеушілер мен сарапшыларға осы бағыттағы зерттеулерді әрі қарай жалғастыруға нұсқаулық ретінде пайдалы. Төртіншіден, зерттеу материалдары саясаттану, халықаралық қатынастар, аймақтану, тарих пәндері бойынша оқытушыларға, мамандарға өз жұмыстарында қолдануында пайдалы, арнайы оқыту курстарын енгізуге көмектеседі.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=Gayn3tLP2pc
