
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Нахбаева Гүлісхан Сайфулинқызы «8D03106 – Саясаттану» білім беру бағдарламасы бойынша «Цифрландыру жағдайында Қазақстандағы жоғары білім беруді дамытудың стратегиялық басымдықтары» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Саясаттану кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Ресми рецензенттер:
Алтыбасарова Мейрамгүл Армияновна – саяси ғылымдарының кандидаты, Торайғыров университеті, Философия және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының профессоры. Мамандығы: «23.00.02 – Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық мүдделер және саяси процестер мен технологиялар» (Павлодар қ., Қазақстан Республикасы).
Пұсырманов Нұрбек Серікұлы – философия докторы (PhD), ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Мемлекет тарихы институты» Республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры. Мамандығы «6D050200-Саясаттану» (Астана, Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Шебалина Ольга Андреевна – философия докторы (PhD), Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, тұрақты даму орталығының жетекшісі. Мамандығы: «8D03101 – Әлеуметтану» (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы).
Айтымбетов Нұркен Искакович – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері. Мамандығы: «6D050200 – Саясаттану» (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Гульцзы Байшань – PhD докторы, Шанхай халықаралық зерттеулер университетінің Орыс, Шығыс Еуропа және Орталық Азия зерттеулері институтының Орталық Азия тілдері кафедрасының меңгерушісі. «8D03106 – Саясаттану» білім беру бағдарламасы. (Шанхай қ., Қытай Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Нуртазина Роза Ауталиповна – саяси ғылымдарының докторы, Саясаттану кафедрасының профессоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан Республикасы)
Ланко Дмитрий Александрович – саясаттану ғылымдарының кандидаты, Еуропалық зерттеулер кафедрасының доценті, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы)
Қорғау 2026 жылғы 18 маусым, сағат 14:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D03106 – Саясаттану» білім беру бағдарламасы бойынша «8D031 – Әлеуметтік ғылымдар» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңестің отырысы аралас (офлайн және онлайн) форматта өтеді.
Сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/8114174324?pwd=dVhvaFdrUm9hRll6eTBsclhybUtvZz09
Конференцияның идентификаторы: 811 4174 324, Кіру коды: DC9hpA
Мекен-жайы: Астана қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі, 2, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің оқу-әкімшілік ғимараты, 302-аудитория.
Аңдатпа (қаз.): АННОТАЦИЯ Нахбаева Гүлісхан Сайфулинқызының «Цифрландыру жағдайында Қазақстандағы жоғары білім беруді дамытудың стратегиялық басымдықтары» тақырыбындағы диссертациялық жұмысына «8D03106 – Саясаттану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған. Зерттеудің өзектілігі. Осы диссертациялық жұмыста цифрландыру жағдайындағы жоғары білім беруді дамытудың стратегиялық басымдықтары мен негізгі үрдістері қарастырылады. Оларға цифрлық құзыреттерді қалыптастыру, білім беру бағдарламаларын жаңарту, оқу үдерісіне ақпараттық технологияларды енгізу және білім беру ортасында инновацияларды қолдау жатады. Цифрлық технологиялар арқылы негізгі үдерістерді автоматтандыру әлеуметтік және экономикалық қызметтің ажырамас бөлігіне айналуда. Әлемнің жетекші мемлекеттері жаһандану сын-қатерлеріне жауап бере отырып, цифрлық құралдар мен технологияларға негізделген заманауи педагогикалық тәжірибелерді қолдану арқылы білім беру жүйелерін жүйелі түрде жаңғыртуда. Зерттеу объектісі – цифрлық трансформация жағдайындағы мемлекеттік білім беру саясатының саласы ретінде Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесі. Зерттеу пәні – қазақстандық жоғары оқу орындарының цифрлық трансформациясының стратегиялық басымдықтары, технологиялары және әлеуметтік-саяси әсерлері, оның ішінде: • нормативтік-құқықтық және институционалдық база; • LMS, жасанды интеллект, Big Data және бейімделген технологияларды енгізу; • микро-біліктіліктер тәжірибесі және оларды тану; • интернационалдандыру (виртуалды форматтарды қоса алғанда); • цифрлық теңсіздік тәуекелдері және мәдени әрі әлеуметтік капиталға байланысты кедергілер. Ұсынылған жұмыста білім беруді дамытудың стратегиялық бағыттарын зерттеудің теориялық-әдіснамалық аспектілері ашылып, Қазақстанның білім беру саясатын жаңғырту кезеңдері нормативтік-құқықтық база негізінде талданған, сондай-ақ жоғары білім беру жүйесіндегі негізгі реформаларға сипаттама берілген. Ерекше назар цифрландыру мен жаһандану жағдайындағы университеттік білім берудің трансформация үрдістеріне аударылған, мұнда өзгерістер қарқынының жеделдеуі оқу үдерісін ұйымдастырудың икемді және бейімделген формаларын қажет етеді. Зерттеудің әдіснамалық негізі білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді талдауды, бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері арасында социологиялық сауалнама жүргізуді, сондай-ақ академиялық қауымдастық пен білім беруді басқару органдары өкілдерімен сараптамалық сұхбаттар сериясын қамтиды. Қазақстан университеттерінің қызметінің стратегиялық бағдарлары ұлттық мақсаттар мен міндеттермен айқындалады, олардың қатарына елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, адами капитал сапасын арттыру, жастар әлеуетін ашуға жағдай жасау, бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру және цифрлық трансформация бағытын іске асыру кіреді. Диссертациялық жұмыстың құрылымы қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкес анықталған. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және 5 қосымшадан тұрады. Диссертация кіріспеден басталады, онда жоғары білім беруді цифрландырудың өзектілігі ашылады, тақырыптың Қазақстан мен әлемдік білім беру жүйесі үшін маңыздылығы негізделеді, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, әдіснамалық негізі, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы айқындалады. Бірінші бөлімде «Жоғары білім беруді цифрландырудың теориялық-әдіснамалық негіздері» цифрландыру XXI ғасырдағы университеттердің дамуын айқындайтын жаһандық тренд ретінде талданады, жоғары оқу орындарын цифрлық жаңғыртудың шетелдік тәжірибесі және жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу қарастырылады, сондай-ақ цифрлық трансформацияны бағалаудың әдіснамалық тәсілдері жүйеленеді. Екінші бөлім «Цифрландыру жағдайындағы Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің жай-күйін талдау» ұлттық тәжірибені зерттеуге арналған. Мұнда білім беруді цифрландырудың мемлекеттік саясаты мен нормативтік-құқықтық базасы қарастырылып, қазақстандық жоғары оқу орындарында негізгі цифрлық білім беру технологияларын енгізу талданады, сондай-ақ инфрақұрылым, кадрлық қамтамасыз ету, ұйымдастыру және әдістемелік қолдау салаларындағы негізгі кедергілер мен проблемалар анықталады. Үшінші бөлім «Цифрландыру жағдайындағы жоғары білім беруді дамытудың стратегиялық басымдықтары мен тетіктері» қолданбалы сипатқа ие. Бұл бөлімде Қазақстандағы жоғары білім беруді цифрлық трансформациялаудың негізгі стратегиялық бағыттары айқындалып, білім беру сапасы мен тиімділігін арттыру құралы ретінде жасанды интеллект, үлкен деректер және бейімделген технологияларды енгізу перспективалары қарастырылады. Қорытындыда зерттеу нәтижелері жинақталып, қойылған міндеттер бойынша негізгі тұжырымдар жасалады, практикалық ұсыныстар мен болашақ зерттеулер бағыттары айқындалады. Жұмысты ғылыми еңбектерді, нормативтік құжаттарды, статистикалық материалдарды және электрондық ресурстарды қамтитын пайдаланылған әдебиеттер тізімі аяқтайды. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының жоғары білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты цифрландыру жағдайында іске асырудың негізгі үрдістері мен проблемалары анықталып, оларды шешу жолдары ұсынылды. Жарияланымдар. Зерттеудің негізгі нәтижелері автордың 4 жарияланымында көрініс тапты, оның ішінде: • 1 мақала Scopus деректер базасында индекстелетін ғылыми журналда (Мәскеу, 2025); • 2 мақала ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда (Алматы, 2025); • 1 мақала республикалық ғылыми-талдамалық рецензияланатын басылымда (Астана, 2024). Зерттеу нәтижелері сондай-ақ ғылыми конференциялар мен семинарларда және «Қазақстан жастары – 2025» Ұлттық баяндамасында ұсынылды. Зерттеу нәтижелері келесі еңбектерде жарияланған: 1. Нуртазина Р.А., Нахбаева Г.С. Қазақстан Республикасындағы білім беру саясатын іске асыру: заңнамалық негіздер // Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысы. – 2022. – №4(142). – 75–84 б. 2. Нахбаева Г.С., Береговая О.А. Ресей мен Қазақстандағы жоғары білім берудің электрондық (виртуалды) интернационалдандыру ерекшеліктері // Ғылым және білім беру перспективалары. – 2024. – №5(71). – 62–77 б. 3. Нахбаева Г., Нуртазина Р., Адилова Л. Интернационалдандыру Қазақстандағы жоғары білім беруді дамытудың құрамдас бөлігі ретінде: қазіргі жағдайы мен даму үрдістері. Қазақстан-Спектр, 2024, 112(4). 4. Нахбаева Г., Нуртазина Р., Кайдарова А. Қазақстандағы жоғары оқу орындарының цифрлық трансформациясы: сарапшылармен тереңдетілген сұхбат нәтижелері // Адам әлемі. – 2025. – №1(103). – 101–112 б. 5. «Қазақстан жастары – 2025» Ұлттық баяндамасы. – Астана: «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы, 2025. – 444 б. – Авторлар ұжымы: Нахбаева Г. С., Тургалеева А. Т., Дмитриева А. С., Кобенов А. С., Жамалбек Ф. Б., Сансызбаева Л. Е., Тулешова Ш. П., Кошербаева А. Б., Андекина Р. Э., Хан Ю. А., Жолдыбалина А. С., Возняк О. А., Ахметжаров С. Б.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=bmxv-2vVi_E
