
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Мусабаева Айнур Бергеновна «6D050100 – Әлеуметтану» мамандығы бойынша «Қазақстандағы өзбек этностық қауымдастығының әлеуметтік-мәдени интеграциясы» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Әлеуметтану кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Джамалиева Газиза Жумагалиевна – әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі. Мамандығы: «22.00.04 – Әлеуметтік құрылым, әлеуметтік процестер мен институттар» (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы).
Садвокасова Айгуль Какимбековна – әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры. Мамандығы: «22.00.04 – Әлеуметтік құрылым, әлеуметтік процестер мен институттар» (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Абдикакимов Мухтар Тыныштыкбекулы – философия докторы (PhD), Шәкәрім университеті, Социологиялық талдау орталығының басшысы. Мамандығы: «6D050100 – Әлеуметтану» (Семей қ., Қазақстан Республикасы).
Амитов Султанкожа Абдукадырович – әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Мамандығы: «22.00.04 – Әлеуметтік құрылым, әлеуметтік процестер мен институттар» (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Ермаханова Салтанат Амангелдіқызы – әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты, Қоғамдық пікірді зерттеу бөлімінің басшысы. Мамандығы: «22.00.04 – Әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар мен процестер» (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Байгабылов Нурлан Оралбаевич – философия докторы (PhD), зерттеуші-оқытушы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтану кафедрасы. Мамандығы: «6D050100 – Әлеуметтану» (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Хаяти Бешерли – PhD, профессор, Анкара Ходжы Байрам Вели университеті (Анкара қ., Түркия).
Қорғау 2026 жылғы 30 маусым, сағат 14:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6D050100 – Әлеуметтану» мамандығы бойынша «8D031 – Әлеуметтік ғылымдар» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/8114174324?pwd=dVhvaFdrUm9hRll6eTBsclhybUtvZz09 Идентификатор конференции: 811 4174 324Код доступа: DC9hpA
Мекен-жайы: город Астана, улица К.Сатпаева, 2, учебно-административный корпус № 1 ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, аудитория 206.
Аңдатпа (қаз.): «6D050100 – Әлеуметтану» мамандығы докторанты Мусабаева Айнур Бергеновнаның философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Қазақстандағы өзбек этностық қауымдастығының әлеуметтік-мәдени интеграциясы» тақырыбына арналған диссертациялық жұмысының АННОТАЦИЯСЫ Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның көпэтносты қоғамдық құрылымындағы өзбек этникалық қауымдастығының орнын айқындау – әлеуметтік және ғылыми тұрғыдан аса маңызды мәселе. Осы орайда, «Қазақстандық өзбектер дегеніміз кімдер?», «Олардың ядролық топтан айырмашылығы мен ұқсастығы неде?» және «Олардың ядролық топпен әлеуметтік-мәдени интеграциясы қалай жүріп жатыр?» деген сауалдар зерттеудің өзегін құрайды. Бұл сұрақтарға жауап іздеу тек этностық сипаттамаларды анықтауда ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік тұтастықты нығайтудың ғылыми негізі үшін қажет. Зерттеу объектісі ретінде өзбектердің жалпықазақстандық ұлт кеңістігіндегі әлеуметтік-мәдени интеграциясын таңдауымызды төмендегідей негіздейміз: Біріншіден, өзбектер Қазақстанның көпэтносты ландшафтында саны жағынан үшінші ірі этнос және демографиялық өсу тенденциясы тұрақты топ (1989 – 2,0%, 1999 – 2,5%, 2009 – 2,9, 2021 - 3,2%). Әдіснамалық тұрғыдан бұл «демографиялық тенденция» интеграциялық процестердің тек сандық емес, сапалық тұрғыдан да өзгеруіне, яғни қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзбек этносының субъектілік рөлінің артуына әкеледі. Классикалық ұлт-құру теорияларына сәйкес, мемлекеттің өміршеңдігі мен саяси тұрақтылығы оның барлық этникалық топтарының ортақ символдық және азаматтық кеңістікке қаншалықты интеграцияланғанына байланысты. Қазақстандағы өзбектер секілді ірі этностың интеграциялық траекториясын зерделеу мемлекеттің ұлт құру үлгісінің тиімділігін айқындайтын негізгі индикатор. Екіншіден, қазақстандық өзбектердің басым бөлігі Өзбекстан Республикасымен жақын елді-мекендерде шоғырланып тұрады. Бұл факт оларды Қазақстандағы басқа этностардан ерекшелейді. Олардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасымен шекаралас, яғни көбінесе, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде (Түркістан облысы, Шымкент қаласы) өмір сүреді. Статистикалық деректерге сәйкес ол барлық қазақстандық өзбектердің үлесінің 88,6% құрайды. Аталған оңтүстік өңірлерде өзбектердің анклавты өмір сүретін елді-мекендері де жеткілікті. Мысалы, Қарабұлақ, Иқан, Қарнақ, Манкент, Шұқырсай с.о., Сұлтан-Рабат ауылдары және Шымкент қаласының құрамына кіретін Сайрам тұрғын алабында өзбектер жалпы тұрғындардың шамамен 75-тен 95% дейінгі үлесін алады. «Этникалық анклав» (A. Portes, 1987) теориясы мен «институттық толықтық» (R.Breton, 2005) концепциясына сәйкес жоғары шоғырлану деңгейі этникалық топтың өз ішінде автономды және экономикалық инфрақұрылым қалыптасуына жағдай жасайды. Анклав ішіндегі «ішкі байланыстырушы әлеуметтік капиталдың» басымдығы индивидтердің мемлекеттік институттармен немесе доминатты мәдени ортамен байланыс орнату қажеттілігін төмендетіп, әлеуметтік-мәдени оқшаулауға алып келеді. Сондықтан институттық тұйықталу деңгейін ғылыми тұрғыдан зерделеу – жалпықазақстандық кеңістікке тиімді инкорпорациялаудың және этникалық анклавтардың жабық жүйеге айналмауының стратегиялық тетіктерін ұсынуға мүмкіндік береді. Үшіншіден, демографиялық және статистикалық көрсеткіштерден басқа, шекаралас аймақтардағы өзбек қауымдастықтарының этникалық бірегейлігі «шекаралас аймақтар теориясы» тұрғысынан (O.J. Martinez, 1994) ерекше инструменталды маңызға ие. Примордиалистік теориялар этникалықты өзгермейтін биологиялық сипат ретінде қарастырғанымен, қазіргі ұлт құру теориялары этникалық үнемі құрастырылып отыратын динамикалық процес деп сипатталады. Сондықтан шекаралас аймақтарда ол жеке тұлғаның әлеуметтік бағытын анықтайтын ресурсқа айналады. Шекарада өмір сүру өзіне тән әлеуметтену ережелерін белгілейді, көп жағдайда ол жалпыұлттық бірегейлік стандарттарынан өзгеше болады. Өзбектер тығыз қоныстанған аймақ тек географиялық анклав емес. Ол сонымен қатар азаматтығын айқындайтын елге лоялдылық пен этнонимімен аттас елдің символдық ықпалы бәсекеге түстен кеңістікке айналады. Бұл өз кезегеніде трансұлттық бірегейлікті ғылыми зерттеу арқылы түсінуді қажет етеді. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Академиялық қауымдастықта этностық, бірегейлік және ұлт құру мен әлеуметтік-мәдени интеграция механизмдері тарих, әлеуметтану және антропология секілді ғылым салаларының өзекті тақырыбы болып табылады. Оған М.Вебер, Э.Смит, Б.Андерсон, Э.Геллнер және Э.Хобсбаум секілді классиктердің еңбектерін және Х.Кон, Ф.Барт, Р. Брубейкер, Я.Ассман, А.Виммер, В.Бересневичюте, А.Портес, Д.Месси, Дж.Берри және басқа да қазіргі заманның ғалымдарының еңбектерін келтіруге болады. М. Вебер этносты индивидтің биологиялық сипаты емес, топтың ортақ шығу тегіне деген «субъективті сенімі» арқылы қарауды ұсынып, конструктивті тәсілдің негізін қалады. Ал Э.Смит этносимволдық мектебінің негізін қалап, заманауи сипаттағы ұлтты құруда бұған дейін халық арасында тараған аңыздардың, тарихы жадының және символдардың маңыздылығына назар аударды. Ф.Барт болса инструментализм мен ситуациялық бірегейлік түсінігін енгізіп, этностың статикалық мәдени мазмұнынан «этникалық шекараларды» күнделікті әлеуметтік өзара әрекеттесу барысында қалыптасатын динамикалық сипатын ұсынды. Б.Андерсон, Э.Геллнер және Э.Хобсбаум – ұлтты және ұлттық бірегейлікті заманауи әлеуметтік конструкт деп қарастырады. Андерсон оны «қиялдағы қауымдастық» феномены арқылы анықтайды. Геллнер – индустриалды қоғамның саяси қағидасы мен құрылымдық талаптарының өнімі, ал Хобсбаум – «дәстүрлерді ойлап табу» механизмі деп көрсетеді. Өзбек және қазақ «ұлтының» қалыптасуының алғышарттарын, кеңестік ұлт құру саясатын тарихи тұрғыдан зерттеуге бағытталған еңбектердің диссертациялық жұмыста маңызды ерекше. Бұл жерде ұлтты институттаудың кеңестік сипатын түсінуде С.Н.Абашиннің, Y. Slezkine, А.Халидтің, Г.Убирияның, М.Олкоттың, М.Ларуэльдің, М.Фумогалидің, Chong Jin, У. Фиерманның, E. Allworth, П.Финкенің, А.Ильхамовтың және басқаларының зерттеулерін атап өтуге болады. Сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның этносаясаты мен қалыптасып жатқан интеграция саясаты, ұлт құру мәселелеріне арналған ұжымдық монографиялар арналған. Соның ішінде Р.К. Қадыржанов мәдени интеграцияның екі жақты үлгісін көрсетеді, З.К.Шаукенова және басқа авторлардың ұжымдық зерттеулері - консолидацияның азаматтық және этномәдени үлгілері анықтайды, Қазақстандағы ұлт құрудың теориялық және практикалық аспектілерін зерттейді. Қазақстан Республикасындағы посткеңестік кезеңдегі этносаралық қатынастардың динамикасы, көші-қонды этносаяси реттеу мәселелері Н.Э. Масановтың, В.Д. Курганскаяның, Ю.В. Якушеваның, М.Кайзердің, И.С. Савиннің зерттеулерінде жан-жақты талданған. Б.Ж. Смағамбет және А. Тлеспаеваның экономикалық, әлеуметтік, мәдени байланыстардың интернационалдануы кезінде ұлттық идентификацияны сақтап қалу мәселесі аясында «әлеуметтік жадыны» зерттеу мәселесін қозғаған. Ал оқулықтардың қазақстандық бірегейлікті құрастырудағы рөлі туралы мәселелер А.Бурхановтың, Ж.Асанованың, Н.Муминовтың зерттеулерінде көтерілген. Сонымен бірге Қазақстандағы өзбек этносының қалыптасуы, олардың дәстүрі мен мәдениеті, діні, олардың арасында жүріп жатқан этникалық және демографиялық процестер туралы маңызды зерттеулер А.С.Мұратовтың, Ж.О. Артықбаевтың, К.Р.Несипбаеваның, Ш.А. Торгаутова мен Г.Сугирбаеваның, К.В.Ханның, Е.У.Байдаровтың, Э.С. Отардың ұжымдық еңбектерінде көрініс тапты. Диссертациялық зерттеудің мақсаты: Қазақстандағы ұлт құру контексінде өзбек этностық қауымдастығының әлеуметтік-мәдени интеграция ерекшеліктерін, оған әсер етуші – мемлекеттік-институттық тетіктер (білім беру жүйесі, оқулықтағы ресми дискурс) мен топтық бейімделу стратегияларының (этникалық және азаматтық бірегейлік, анклавтық өмір салты, әлеуметтік-демографиялық процестер, кәсіби және территориялық мобилдік) өзара байланысын кешенді әлеуметтанулық тәсіл арқылы анықтау. Диссертациялық жұмыстың міндеттері: 1. «Әлеуметтік-мәдени интеграция» түсінігінің әлеуметтанулық тұжырымдарын жүйелеу; 2. Этностық топтардың доминантты қоғаммен қарым-қатынас динамикасы мен концептуалды үлгілеріне шолу жасау; 3. Қазақстандағы өзбек қауымдастығының демографиялық үдерістеріне әлеуметтанулық-демографиялық талдау; 4. Қазақстандағы өзбек қауымдастығының этностық ядросын анықтау үшін статистикалық талдау жасау және «институттық толықтық» тұрғысынан доминатты қоғаммен интеграциясының әлеуетін айқындау; 5. Азаматтық және этникалық бірегейлік құрылымын деконструкциялау арқылы трансшекаралық байланыстардың олардың бірегейлігіне ықпалын анықтау; 6. Білім беру кеңістігінің соның ішінде өзбек тілінде білім беретін мектептердің әлеуметтік-мәдени интеграцияны жүзеге асырудағы институттық әлеуетін анықтау; 7. Қазақстанда оқытылатын «Узбек адабиёти» оқулығындағы этникалық бірегейліктің репродукциясына сыни-дискурс талдау; 8. Өзбек тілді мектептерге арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқулықтарының азаматтық бірегейлік конструкциясына контент-талдау; Диссертациялық жұмыстың объектісі – Қазақстандағы өзбек этностық қауымдастығының әлеуметтік-мәдени интеграциясы. Диссертациялық зерттеудің пәні – Қазақстандағы өзбек этностық қауымдастығының шоғырланып қоныстануы мен институттық толықтығы жағдайында әлеуметткі-интеграция механизмдері. Ғылым әдебиеттерге шолу мен осы тақырып шеңберінде жүргізілген зерттеу қорытындыларын негізге ала отырып, бірнеше гипотеза құрастырылды. Негізгі гипотеза. Қазақстандағы өзбек этникалық қауымдастығы жоғары деңгейде институттық толықтығы (шоғырланып қоныстануы, махалла институты, өзбек тілді мектептер болуы) оқшаулауға емес, керісінше, этникалық бірегейлік пен азаматтық бірегейлікті теңгерімде ұстайтын интеркультурализм үлгісі арқылы әлеуметтік-мәдени интеграцияға деген ішкі сұраныс қалыптасады, алайда бұл үрдіс білім беру контексіндегі дискурстың сипатына байланысты бәсеңдеуі мүмкін. Қосалқы гипотезалар: - Қазақстандағы өзбек этностық қауымдастығының интеграция үдерісінде этникалық бірегейлік пен азаматтық бірегейліктің паралелді дамуына негізделген гибридті мәдени бірегейлік қалыптасады, бұл бірегейлік моделі этникалық өзекті сақтай отырып, азаматтық құндылықтар мен қазақтармен өзбектерді біріктіретін ортақ түркілік шығу тегі, территориялық тиесілік секілді мәдени кодтар арқылы жалпықазақстандық коғамға интеграциясын қамтамасыз етеді. - Өзбек этностық қауымдастығының тығыз қоныстанып өмір сүруі - оқшаулану факторы емес, керісінше махалла секілді әлеуметтік институттардың сақталуына және тиімді қызмет етуіне жағдай жасайтын кеңістік ретінде қарастырылады. Бұл орта сыртқы өзгерістерге бейімделудің әлеуметтік капиталын қалыптастырады және локалды деңгейдегі шиеленістерді көрсетілген реттеу тетіктері арқылы шешіп отыратын «буферлік» қызмет атқарады. - Қазақстандағы өзбектердің мемлекеттік тілді меңгеруге және азаматтық бірегейлікті қабылдауға ұмтылысы тек идеологиялық емес, экономикалық прагматизмге негізделген. Егер бұрынғы буын үшін «этникалық экономика» (диханшылық, сауда, қызмет көрсету) жеткілікті болса, жаңа буын үшін тіл білу және мәдени интеграция – «этникалық экономика» шеңберінен шығып, мемлекеттік ұйымдар (медицина, педагогика, ақпараттық технологиялар саласы) мен ірі бизнес секілді басқа әлеуметтік лифтілерге қол жеткізудің ұтымды стратегиясы. Диссертациялық зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негізін әлеуметтік құбылыстарды талдаудың көпөлшемді парадигмасына сүйенеді. Бұл өзбек этностық қауымдастығының институттық құрылымын, бірегейлік трансформациясын және көпэтносты қоғамды ұлт құру процесіне интеграциялаудың үлгісін кешенді зерделеуге мүмкіндік береді. Өзбектердің шоғырланып қоныстануын, оның географиялық шекарасы басқа бағыттарда интеграцияға кедергі келтірмейтіні Дуглас Мессидің «кеңістіктік ассимиляция», Марк Гранноветтердің «әлеуметтік желілер» және Раймонд Бретонның «институттық толықтық», Алехандро Портестің «этностық анклавтар» теориялары және Кэтрин Бриккел мен Айона Даттаның «ашық анклавтың» географиялық шекарасы болғанымен, оның әлеуметтік, экономикалық байланыстары бірнеше (ауылда, қалада, шетелде) бағытта дамитынын түсіндіретін теориялар қолданылды. Этникалық бірегейліктің қалыптасуы мен сақталу тетіктерін талдауда Ф. Барттың «этникалық шекаралар» концепциясын қолдандық. Теория топ мүшелерінің «біз» және «бөгде» деп қалай айыратынын және әлеуметтік интеракция барысында шекараларды қалай нығайтатынын түсіндіреді. Бірегейліктің ішкі мазмұнын, күнделікті тәжірибе мен «отырықшылық» мінез-құлық үлгілерін сипаттауда П. Бурдьенің «габитус» және «әлеуметтік алаң» теориялары қолданылды. Этникалық және азаматтық бірегейліктердің өзара қайшылықсыз үйлесуін негіздеу үшін Х. Бхабханың «үшінші кеңістік» және С. Холлдың «мәдени гибридті» концепциялары алынды. Бұл тәсіл өзбек қауымдастығының «қазақстандық өзбек» сияқты гибридті формасын анықтауға мүмкіндік береді. Мемлекет пен этнос арасындағы интеграция сипатын талдауда Ю. Хабермастың «коммуникативтік іс-қимыл» және «қоғамдық кеңістік» теориялары негізге алынды. Бұл махалла сияқты дәстүрлі институттардың заң үстемдігі мен ашықтық негізінде азаматтық қоғамға интеграциясын теориялық тұрғыдан дәйектейді. «Узбек адабиёти» оқулығындағы этникалық және азаматтық концепцияларының интеграциялық әлеуетін сыни дискурс талдау үшін Gerard Genette -тің 5 деңгейлі транстекстуализм теориясы бойынша сыни дискурс талдау жасалады. Зерттеу стратегиялары және әдістері Зерттеу «аралас әдістер» (mixed-methods) дизайнына негізделген. Мұнда сандық (статистикалық деректерге талдау және «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқулығына контент талдау) және сапалық (сарапшылармен жүргізілген сауалнама, тереңдетілген сұқбат және «Узбек адабиёти» оқулығына сыни-дискурс талдау) әдістердің синтезі қолданылды. Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы: 1. Өзбек этностық қауымдастығының интеграциясы «ортақ түркілік шығу тегіне» негізделген интеркультуралистік сипат арқылы ашылады, бұл жерде этносимволдық кодтар (түркілік тамыр) этникалық тұйықталудың емес, керісінше, азаматтық қоғаммен ынтымақтастық орнатудың динамикалық ресурсы ретінде қарастырылады. 2. Зерттеу барысында өзбек этностық қауымдастығының демографиялық өсімінің Қазақстанның адами капиталын ұдайы өндірісі жүйесіндегі негізгі субъектілерінің бірі екендігін ғылыми тұрғыдан негізделеді. Бұл нәтижелер этностың әлеуметтік-мәдени интеграциясын жүзеге асырудың демографиялық құрылым ерекшеліктеріне негізделген стратегиялық бағыттарын әзірлеуге теориялық негіз болады. 3. Өзбек қауымдастығы жинақы қоныстанған елді мекендердің (Сайрам, Қарабұлақ және Қарнақ) «институттық толықтық» деңгейі алғашқы рет Р.Бретонның концепциясын жергілікті контексте қолдану негізінде, этникалық инфрақұрылымның дамуын топтың оқшаулануына емес, керісінше, әлеуметтік капиталды жұмылдыру арқылы жалпықазақстандық кеңістікке интеграциялануына ықпал ететін функциялық тетік екені дәлелденді. 4. «Ашық этникалық анклав» концептісі қауымдастықтың мәдени тұтастығын сақтай отырып, оның жоғары әлеуметтік мобилдігі мен интеграциясын қамтамасыз ететін жаңа әлеуметтанулық парадигманы ұсынады. 5. Зерттеу барысында О.Дж.Мартинестің «шекаралас аймақтар» (borderlands) теориясы аясында қазақстандық өзбектердің Өзбекстан Республикасымен байланысын «трансұлттық экономикалық агент» ретінде концептуалдауға болады. Зерттеу нәтижесінде анықталғандай репатриацияның болмауы қауымдастықтың «автохтонды/локалды бірегейлігі» сезімі трансұлттық желілер арқылы экономикалық прагматизмді жүзеге асырудың жоғары деңгейімен түсіндіріледі. Қазақстандық өзбектердің «Отан» түсінігі географиялық тұрғыдан Қазақстанмен, ал әлеуметтік-ресурстық тұрғыдан екі елді қамтитын трансшекаралық қатынасты құрайды. 6. Қазақстандағы өзбектердің этникалық бірегейлігінің үш деңгейлі трансформациялық-интеграциялық типі (этномәдени, гибридті және шекаралық типтер) анықталды. Информанттардың жас ерекшеліктеріне қарай этностық бірегейлік типтерінің ішкі мазмұны этно-мәдени сипаттан азаматтық-түркілік суперэтностық бірегейлікке ауысады. Ол (жастар арасында) этникалық бірегейліктің азаматтыққа бірегейлікпен үйлесім табатын гибридті сипаты эмпириялық тұрғыдан тереңдетілген сұқбат барысында расталды. 7. Ю. Хабермастың «қоғамдық кеңістік» теориясы Қазақстандағы өзбек этностық анклавтардың интеграциялық әлеуетін талдау үшін синтезделді. Махалла мен этномәдени орталықтардың тек этникалық салт-дәстүрді сақтаушы емес, азаматтық ұлт құрудағы «процедуралық көпір» және «кеңістікті бірлесе өндіру» (common ground) алаңы ретіндегі жаңа функционалдық рөлі негізделді. 8. Орта білім беру жүйесіндегі «Узбек адабиёти» мен «Қазақ тілі және әдебиеті» оқулықтарына жасалған сыни дискурс және контент-талдау арқылы этникалық кодтар мен қазақстандық азаматтық құндылықтардың интеркультуралистік үйлесімі айқындалды. Оқулықтардың тек білім беру құралы емес, этносаралық диалог пен азаматтық бірегейлікті қалыптастырушы институттық тетік ретіндегі әлеуеті ашып көрсетілді. 9. Әдіснамалық деңгейде әлеуметтік-мәдени интеграция процесін «төменнен жоғарыға» қарай, яғни қауымдастықтың ішкі қажеттілігі мен сұранысын (миграция, білім, әлеуметтік мобилдік) басты индикатор ретінде қарастыратын құрал ұсынылды. Қазақстанда шоғырланып өмір сүретін басқа этностық қауымдастықтардың интеграциялық құрылымдарын мемлекеттің интеркультурализмге негізделген этносаясатын жүргізуге ғылыми әдіснамалық мүмкіндік береді. Зерттеудің теориялық құндылығы: Зерттеудің теориялық маңыздылығы этникалық қауымдастықтардың әлеуметтік-мәдени интеграциясын талдаудың жаңа әлеуметтанулық тәсілдерін негіздеуімен айқындалады: 1. Р. Бретонның «институционалдық толықтық» концепциясы мен Ю. Хабермастың «қоғамдық кеңістік» теориясын синтездеу арқылы шоғырланып қоныстанған этникалық топтардың интеграциялық әлеуетін бағалаудың теориялық-әдіснамалық шеңбері кеңейтілді. 2. Әлеуметтану ғылымындағы «этностық анклав» туралы түсінікке жаңа мазмұн берілді. Анклавтың оқшауланушы емес, сыртқы ортамен белсенді интеракцияға түсетін «ашық» сипаты теориялық тұрғыдан негізделді. 3. Этникалық бірегейліктің үш деңгейлі трансформациялық типін (этномәдени, гибридті, шекаралық) негіздеу арқылы бірегейліктің статикалық нысан емес, контекстке байланысты өзгеріп отыратын динамикалық құрылым екендігі теориялық тұрғыдан дәлелденді. 4. Х. Бхабханың «үшінші кеңістік» концепциясын қазақстандағы өзбектердің «әлеуметтік-мәдени интеграция» процесін талдауға қолдану арқылы гибридті бірегейлік теориясының эмпириялық негізі нығайтылды. Зерттеудің практикалық құндылығы: Зерттеудің нәтижелері мен ұсыныстары этносаралық келісім мен мемлекеттің жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыру, ұлт құру стратегиясын жетілдірудің практикалық құралы ретінде қолдана алады. Қорғауға ұсынылған негізгі ғылыми тұжырымдар: 1.Интеграцияның интеркультурализм негізі: Қазақстандағы өзбек этностық қауымдастығының әлеуметтік-мәдени интеграциясы «ортақ түркілік тамырға» негізделген интеркультуралистік диалог ұсынылады. Зерттеуге қатысқан сарапшылардың пікірі мен өзбек этносы өкілдерінің берген жауаптары ортақ этносимволдық кодтардың әрі қарай дамытып, жалпыазаматтық қоғаммен ынтымақтастық орнатудың әлеуметтік-мәдени ресурс қызметін атқарады. 2.Демографиялық дамудың «институттық инерция» типі: өзбек этносының демографиялық өсімі урбанизация деңгейіне қарамастан дәстүрлі «репродуктивті габитусты» сақтау арқылы жүзеге асады. «Топ ішіндегі әлеуметтік капитал» мен туыстық желілердің рөлі этносты адами капиталды ұдайы өндіру жүйесіндегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын негізгі демографиялық субъектілердің бірі етеді. 3.«Ашық этникалық анклав» концептісі: Р.Бретон мен А.Портес теорияларын синтездеу арқылы, шоғырланып қоныстанған өзбек елді-мекендерінің (Сайрам, Қарабұлақ, Қарнақ) «ашық этникалық анклав» ретіндегі сипаты дәлелденеді. «Институттық толықтықтың» оқшаулау емес, керісінше, трансұлттық желілері мен жалпыазаматтық кәсіби нарыққа, экономикаға белсенді интеграцияланудың тиімді платформасы екенін айқындайды. 4.Трансұлттық экономикалық агент: О.Дж. Мартинестің «шекаралық аймақтар» теориясы негізінде, қазақстандық өзбектердің ӨР байланысы «трансұлттық экономикалық агент» ретінде концептуалдауға негіз береді. Репатриацияның болмауы мен локалды бірегейлік басымдығы, мемлекеттік шекараны азаматтардың экономикалық прагматизмді жүзеге асыру үшін «икемді өткізу құралы» ретінде пайдаланатын гибридті интеграциялық форманы қалыптастырады. 5.Этникалық бірегейлік типтерінің трансформациялық динамикасы: Қазақстандық өзбектердің бірегейлігі статикалық емес, динамикалық сипатқа ие және ол үш негізгі типтен тұратын күрделі құрылымды құрайды: Терең тамырланған этномәдени тип: отырықшы мәдениет габитусы мен дәстүрлі құндылықтарға негізделген экзистенциалық өзекті сақтайды; Гибридті этникалық және кеңістіктік тип: «қазақстандық өзбек» - Х. Бхабханың «үшінші кеңістігі» аясында қалыптасқан, қазақстандық мәдени кодтарды бойына сіңірген жаңа сапалық деңгей; Этникалық шекаралық тип: сыртқы ортамен интеракция барысында топтың символдық шекараларын саналы түрде реттейтін тип. Бұл типология этникалық топтың қоғамға кірігу логикасын бейнелейді. 6.Азаматтық интеграцияның «процедуралық көпірлері»: Махалланың функциялық рөлі Ю. Хабермастың «қоғамдық кеңістік» теориясы аясында қайта қаралып, олардың азаматтық ұлт құрудағы «ортақтықты бірлесе өндіру» алаңы және «процедуралық көпір» ретінде қолдануға болатынын негіздейді. 7.Білім беру жүйесі интеграцияның институттық тетігі: Оқулықтар дискурсы мен контент-талдау нәтижелері этникалық кодтар мен қазақстандық азаматтық құндылықтардың интеркультурализм үйлесімін көрсету бағытында жетілдіру қажеттігін айқындайды. Этникалық бірегейлік кодтары мен қазақстандық бірегейлікті гибридті деңгейде тоғыстыру, интеркультурализм бағытындағы интеграцияның интеллектуалдық негізін қалайды. 8.Әлеуметтік-мәдени интеграцияны бағалаудың әдіснамасы: Қазақстандағы шоғырланып өмір сүретін басқа да этностық топтардың ішкі сұранысы мен әлеуметтік-экономикалық тәжірибелерін басты индикатор ретінде қарастырып, «институттық толықтық» және «этникалық анклав» тұрғысынан анықтайтын жаңа әдіснамалық құрал ұсынылады. Бұл әдіснама мемлекеттің интеркультурализмге негізделген этносаясатын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысының сыннан өтуі және мақұлдануы. Scopus базасында индексацияланған мақала: 1.Social memory: From oblivion or construction to cultural trauma. Rupkatha Journal on Interdisciplinary Studies in Humanities. 2021. 13(2), с. 1-13 (Smagambet, Bayan Zh.) ҚР ҒЖБМ БҒССҚК ұсынған басылымдардағы мақалалар: 1.Қазақстандық өзбектер: өзбек жасөспірімдерін әлеуметтанулық зерттеу. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы, № 1(130), Нұр-Сұлтан, 2020 ж. 196-205 беттер. ISSN 2616-6895 (Н.О. Байғабылов) 2.Қазақстандағы өзбек этникалық тобы және олардың тілдік ерекшеліктері. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми журналы, Гуманитарлық сериясы, №4 (2017), Павлодар, 2017 ж. 126-135 беттер ISSN 18911-1815. (Н.О. Байгабылов) 3.Теоретические предпосылки исследования социокульруной интеграции узбекских общин в Казахстане (на примере Южно-Казахстанской области). Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Хабаршысы, «Әлеуметтану және саяси ғылымдар» сериясы, №2 (62), Алматы, 2018 ж. 87-93 беттер. ISSN 1728-8940. (Н.О. Байгабылов) Халықаралық конференция жинағында жарияланған мақалалар: 1.Kazakistan’da Özbek gençlerinin kimlik oluşumunun özellikleri. Sosyologca, Sosyolojide Yontem ve Uygulama: Sosyoloji ve Siyaset Sempozyumu II – 187, Turkey, 197-202. Print-online: ISSN – 2146 – 5207 2.Репатрианттармен әлеуметтік жұмыс жасау қажеттілігі бүгінгі күні талабы. Международная научно-практическая On-Line конференция: «Проблемы внедрения стандартов кейс-менеджмента в практику социальной работы», Нур-Султан, 2019 год, 11 апрель, 86-91 беттер. УДК 364. ББК 65.272. Ә 53 (Н.О. Байгабылов) 3.Полиэтникалық және моноэтникалық ортада өзбек оқушыларының бірегейлігінің қалыптасу ерекшеліктері. «ǴYLYM JÁNE BILIM – 2019» cтуденттер мен жас ғалымдардың XV Халықаралық ғылыми конференциясы = ХV Международная научная конференция студентов и молодых ученых «ǴYLYM JÁNE BILIM – 2019» = The XV International Scientific Conference for students and young scholars «ǴYLYM JÁNE BILIM – 2019». – НұрСұлтан, 3274-3279 беттер Диссертациялық жұмыстың құрылымы және көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшаларды қамтитын, барлығы 173 беттен тұрады.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=8UW7v774EOI
