
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Тлеуова Назым Жолбарысовна «8D03101 – Әлеуметтану» білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақстандағы жасөспірімдер спортының әлеуметтендіру функциясы» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Әлеуметтану кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Абдикакимов Мухтар Тыныштыкбекулы – философия докторы (PhD), Шәкәрім университеті, Социологиялық талдау орталығының басшысы. Мамандығы: «6D050100 – Әлеуметтану» (Семей қ., Қазақстан Республикасы).
Несипкалиев Даурен Еренгалиевич – философия докторы (PhD), С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетті Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Мамандығы: «6D050100 – Әлеуметтану» (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Джамалиева Газиза Жумагалиевна – әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі. Мамандығы: «22.00.04 – Әлеуметтік құрылым, әлеуметтік процестер мен институттар» (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы).
Отар Эльмира Сакеновна – философия докторы (PhD), «Қазақстан қоғамдық даму институты» КЕАҚ Отбасылық және гендерлік саясатты зерттеу орталығының директоры. Мамандығы: «6D050100 – Әлеуметтану» (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Шебалина Ольга Андреевна – философия докторы (PhD), А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, тұрақты даму орталығының жетекшісі. Мамандығы: «8D03101 – Әлеуметтану» (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Саликжанов Ринат Саттарович – әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Мамандығы: «6D050100 – Әлеуметтану» (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Хаяти Бешерли – PhD, профессор, Анкара Хаджы Байрам Вели университеті (Анкара қ., Түркия).
Қорғау 2026 жылғы 4 қараша, сағат 14:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D03101 – Әлеуметтану» білім беру бағдарламасы бойынша «8D031 – Әлеуметтік ғылымдар» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі офлайн және онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/8114174324?pwd=dVhvaFdrUm9hRll6eTBsclhybUtvZz09
Конференцияның идентификаторы: 811 4174 324,
Кіру коды: DC9hpA
Мекен-жайы: Астана қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі, 2, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің оқу-әкімшілік ғимараты, 302-аудитория
Аңдатпа (қаз.): Тлеуова Назым Жолбарысовнаның «8D03101 –Әлеуметтану» бiлiм беру бағдарламасы бойынша философия докторы дәрежесін (PhD) алуға ұсынылған «Қазақстандағы жасөспірімдер спортының әлеуметтендіру функциясы» тақырыбындағы диссертациялық жұмысының АННОТАЦИЯСЫ Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі заманғы адамзат қоғамында, оның ішінде біздің елімізде де, әлеуметтік-мәдени жағдайлар тым күрделі және әр түрлі сипатта. Жалпы олардың басым бөлігі адамзатты жарқын болашаққа апаратын күре жолын құрайтыны айқын. Десек де, олардың арасында қоғамға кері әсерін тигізетін, көбінесе жеке тұлғаның әлеуметтену барсын шиеленістіретін жайттар да бар. Жас ұрпақ басшылыққа алатын басқа да мінез-құлық үлгілер негізін зерттеу нәтижесінде қоғамның болашақ дамуына байланысты сценарийлер пайда болатыны сөзсіз. Заманауи жастар, жасөспірімдер мен студенттер, ең ұтқыр және белсенді әлеуметтік топтар, ертеңгі ғылым, мәдениет, экономика, саясат және т.б. салалардың дамуына елеулі үлес қосатын әлеуеті зор, саны көп қауымдастықтар. Сондықтан олардың әлеуметтену жолдары, ерекшеліктері, оны басқару мүмкіндіктері мен кемшіліктері зерттеушілердің ұдайы назарында болуы қажет. Қазіргі заманғы жастардың өздерінің субмәдени, әлеуметтік-эмоционалдық, көрнекілік сипаттамалары ХХ ғасырдың 90-шы жж. жас ұрпақтан ерекшеленеді. Оның үстіне, социологтар екі-үш жыл сайын жастарды біріктірудің, бірігудің жаңа тәжірибелерінің пайда болуын атап өтеді. Жастардың әлеуметтік-мәдени тәжірибелеріндегі жарқын және жылдам өзгерістерінде, Г. Тардтың сөзімен айтқанда, қоғамның әлеуметтік тіршілігінің дайын нысандарына олардың еліктеу мен үлгiлеу процестерi үлкен рөл атқарады. Заманауи Қазақстан қоғамында спорт бірегейлікті қалыптастырудың, трансляциялаудың және адам мен адамзаттың қозғалыс мәдениетін игерудің бірегей әлеуметтік институтын білдіреді. Спорт бүгінгі қоғамның барлық деңгейлеріне органикалық түрде еніп, тіршілік әрекетінің негізгі кіші жүйелеріне ауқымды ықпал етіп отыр. Сондай-ақ, спорт ұлтаралық қатынастарға, іскерлік өмірге, жеке адамның әлеуметтік мәртебесіне, этикалық құндылықтар мен адамдардың өмір салтына да ықпалы бар екенін атап өту қажет. Спорт жастардың өмір сүру мәнінің жаңа аспектілерінің пайда болуға мүмкіндік береді. Өйткені, ол жаңа жағдай туғызып және жаңа мүмкіндіктер береді, сол арқылы тұлғаның әлеуметтену процесі қоғам мәдениетінің түрлі құндылықтарының тұлғаның ішкі, рухани өмірі мен мазмұнын толтырады. Бұл мәселені шешуге балалар мен жасөспірімдер спортын жаңғырту және одан әрі дамыту арқылы елеулі үлес қосуға болады. Бұқаралық негізде ұйымдастырылған, барлығына қолжетімді балалар мен жасөспірімдер спорты жастар арасында жоғары әлеуметтік және азаматтық ұстанымдар, құндылықтар мен көзқарастарды қалыптастырып, сондай-ақ жастардың жақсы жеке қасиеттері дамуына ықпал етеді. Сондықтан, ұлтымыздың болашағы – жастарды спортқа баулу мәселесі өзекті бола түсуде. Бұл өз кезегінде бұқаралық спортқа баулу үшін тұлғаны, әлеуметтік топтарды спорт саласындағы белсенділікке итермелейтін мотивтерді зерттеуге бастайды. Осыған байланысты, біздің зерттеудің бір бөлігі жасөспірімдердің спортқа деген мотивациясын анықтауға арналған. Бұндай өзектіліктің бірнеше нақты әлеуметтік факторларды атап өтейік. Біріншіден, қазіргі дене тәрбиесі жүйесінде біраз тоқырау үрдістері байқалады. Мектеп оқушыларының біраз бөлігі дене шынықтыру сабағына қатыспайды, мектептен тыс спортпен шұғылданбайды. Сонымен қатар, «көптеген зерттеулердің, соның ішінде денсаулық мониторингіне сәйкес, ұлттың орташа денсаулық көрсеткіші айтарлықтай төмендеп келеді» [1]. Оның себеп пен салдарын анықтау үшін дене шынықтыру мен спорттың теориялық мәселелерін де қатар зерттеу қажет. Екіншіден, соңғы жылдары қоғамның әлеуметтік құрылымының айтарлықтай өзгеруіне байланысты онда қоғам қабаттарында көлемі мен рөлі жағынан ірі, бірақ дене шынықтыру мен спорттық дәстүрлері жаңа сипатта әлеуметтік топтар пайда болады. Олар дене тәрбиесі мен спорттың әр-түрлі үлгілерімен танысуға мәжбүр болып, өз кезектерінде спорт саласын жетілдірілуін ынталандыруда. Мысалы, гольф пен триатлон сияқты спорт түрлері қаражат, жабдық пен уақыттың көп шығынын талап етуіне байланысты олармен көбінесе кәсіпкерлер айналысуда. Ал соңғы жиырма-отыз жылда саны артқан күзетшілер қауымы жекпе-жектің әр түрімен шұғылданушылардың көлемінің өсуіне ықпал етуде. Үшіншіден, біз дене шынықтыру мәселелеріне тұрақты қызығушылықтың жалпы өркениеттік себептері бар екенін атап өтеміз. Зерттеушілер «Отбасының сақталуына, ұлттың қорғаныс қабілетіне және жұмыс күшін ұдайы өндіру мүмкіндігінің қажетті шарты ретінде спорт пен дене шынықтырудың социогенездік маңызы бар. Мысалы, бұл туралы халықаралық зерттеулерде, оның ішінде спорт социологиясы бойынша да, ауқымы кең ізденістер бар» деп айтып жүр [2, с. 155]. Сонымен, жасөспірімдер спорты, оның акторлары әлеуметтену аясындағы үрдістердің белсенді субъектілері және әлеуметтік өзгерістер барысында ұдайы динамикада болатындықтан бұл мәселелерді кешенді зерттеу аса өзекті. Диссертациялық зерттеудің мақсаты: жас ұрпақты әлеуметтендіру институттарының бірі ретінде балалар мен жасөспірімдер спортының ерекшеліктерін анықтау, балалар спортының әлеуметтену тетіктерін және оларды қазіргі жасөспірімдердің әлеуметтік ортасына тән әлеуметтену үрдісіне кері ықпалы бар әлеуметтік тәуекелдерді жеңуде пайдалану жолдарын табу. Зерттеу мақсатына байланысты мынадай міндеттер қойылды: - пәнаралық талдау арқылы әлеуметтенудің мәні мен әлеуметтік механизмдерін анықтау; - бала мен жасөспірімдерді әлеуметтендіру институтын талдауда қолданылатын ұғымдарды нақтылау және тереңдету; - қазіргі жасөспірімдер арасында тәуекелдерінің тенденцияларын анықтау және оларға қарсы тұруда балалар мен жасөспірімдер спорты мүмкіндіктерін анықтау; - жасөспірімдерді тиімді әлеуметтендіру мақсатында балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту жолдарын айқындау; - нақтылы әлеуметтанулық зерттеулер негізінде жасөспірімдер спортын дамытудағы мотивация рөлін айқындау, оны жетілдірудің жолын көрсету және спортпен шұғылдану үшін әртүрлі мотивтердің айқындылық деңгейін зерттеу және қызығушылықтың тұрақтылығын бағалау. Зерттеу әдістері: -теориялық талдау әдістері: жүйелі талдау, салыстармалы талдау; -эмпирикалық деректерді жинау және талдау әдістері: сандық әдістер (сауалнама тарату), сапалық әдістер (контент талдау). Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы: - алғаш рет қазақстандық әлеуметтануда балалар мен жасөспірімдер спорты өскелең ұрпақты әлеуметтендіру институты ретінде қарастырылды; - балалар мен жасөспірімдер спортына тән әлеуметтендіру шарттары мен механизмдеріне әлеуметтанулық талдау жүргізуге мүмкіндік беретін категориялар жүйесі тұжырымдалды; - диссертациялық жұмыста тәуекелдердің әлеуметтанулық тұжырымдамасы қазіргі Қазақстан жасөспірімдерді әлеуметтендіру жолында тұрған негізгі мәселелер мен қиындықтарды анықтауға мүмкіндік берді; - балалар мен жасөспірімдер спорты жүйесін ұйымдастырудың әртүрлі деңгейлерінің жұмыс істеуінің әлеуметтік жағдайлары зерттелді; - балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулудың маңызды мотивациалық шарттары анықталды; - елдегі балалар мен жасөспірімдер спортының қазіргі жай-күйін әлеуметтанулық талдау жүргізу негізінде жасөспірімдерді әлеуметтендірудің маңызды институты ретінде балалар мен жасөспірімдер спортының қызметін оңтайландыру бойынша ұсыныстар жүйесі жасалды. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы төмендегідей тың мәселелердің күн тәртібіне қойылуы мен ұсынылған нақты шешімдері арқылы көрінеді: 1. Балалар және жасөспірімдер спорты - жасөспірімнің жеке тұлғасын да, тұтастай алғанда жас ұрпақты да оң әлеуметтендірудің маңызды құралы. Сондықтан, елімізде балалар спортын дамыту өзекті және маңызды. 2. Балалар мен жасөспірімдер спортындағы әлеуметтенудің негізгі субъектілері: а) жасөспірімнің өзі; ә) жасөспірімнің отбасы; б) билік органдары мен әртүрлі деңгейдегі мамандандырылған мекемелер; в) коммерциялық және коммерциялық емес негізде балалар спорт жүйесіне кіретін қоғамдық ұйымдар; г) құрдастар; ғ) бұқаралық ақпарат құралдары. Балалар мен жасөспірімдер спортының әлеуметтендіру қызметін тиімді жүзеге асыру әлеуметтік процестерге және әлеуметтену механизмдеріне қатысатын барлық аталған субъектілердің конструктивті өзара әрекеттесу жағдайында ғана мүмкін болады. 3. Балалар мен жасөспірімдер спорты жүйесінің тәрбиелік қызметтерін толыққанды жүзеге асырудың маңызды шарты – бұл қызметтің өзектілігі мен маңыздылығына, оның басым құндылықтары мен негізгі міндеттеріне қатысты кең ауқымды қоғамдық пікірталаста мызғымас консенсус құру және нығайту. 4. Балалар мен жасөспірімдер спортының әлеуметтендіру қызметін жоспарлау және жүзеге асыру қазіргі ел жастары ортасында жасөспірімдердің тәуекелдерін ескере отырып, бар қауіп-қатерді түсіну үшін және нақты әлеуметтік тәуекелдер мен қауіптерге қарсы тұру үшін балалар спорты жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту керек. 5. Балалар мен жасөспірімдер спорт жүйесі, егер а) ол дәл жүйе ретінде ұйымдастырылып, басқарылатын болса; ә) оның мазмұны қазіргі жағдай белгілеген өзекті басымдықтарға негізделетін болса; б) жасөспірімдердің оған қатысуы олардың жеке идеяларын, күтілімдерін және қызығушылықтарын қанағаттандыруға негізделген болса, онда ол алдында тұрған әлеуметтік міндеттерді толық көлемде және қажетті тиімділікпен орындай алады. 6. Бұл шарттарды сапалы орындау балалар мен жасөспірімдер спортының әлеуметтендіру қызметімен байланысты мәселелердің барлық кешенін кәсіби зерттеу арқылы ғана мүмкін болады. Сондықтан да осы қызмет саласын дамытуға қатысты мәселелерді әлеуметтанулық зерттеу осы диссертацияның міндетті шарты және қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. 7. Жоспарлы және оңтайлы әлеуметтік бақылау, сонымен қатар, спортпен шұғылдануға мотивация мен ынталандыруды дамыту балалар мен жасөспірімдер спортының әлеуметтендіру қызметін жүзеге асырудың барлық деңгейлерінде іске асырудың міндетті шарттары болып табылады. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының сипаттамасы. Жас ұрпақтың дене тәрбиесі мен психикалық көңіл күйі әлеуметтік институттардың ықпалы және тікелей басқаруымен іске асатын күрделі үрдіс. Автордың жаңалығы алғашқылардың біріншісі болып әлеуметтену процесінің маңыздылығын спорт институты арқылы, дәлірек айтсақ, балалар және жасөспірім спортының мүмкіндіктерін қарастырып, әлеуметтенудің спорт және дене шынықтыруға тәуелді екенін көрсеткен. Диссертация нәтижелерінің маңыздылығы автордың қорытындылары мен ұсыныстарымен айқындалынады. Заманауи балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын ұстанулары отбасы мен спорт институттарының бірлескен әрекеттері арқылы болады. Олардың жағымды мотивациялар қалыптастырып спорта, өмірде елеулі жетістіктерге жетуге жол бастауларынан көрінеді. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасындағы этникалық-мəдени бiлiм тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылдың «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылы бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасындағы негізгі басымдықтарға негізделген. Докторанттың әрбір жарияланымды дайындау дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Диссертация бойынша негізгі ғылыми-теориялық нәтижелер 5 ғылыми мақалада жарияланды. Скопус (Scopus) мәліметтер баспасына 2 мақала, ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы бақылау комитеті (ҒЖБСБК) ұсынған тізімге енетін журналдарда 2 мақала, халықаралық конференцияда 1 мақала жарияланды. Барлық жарияланымдар жүргізілген зерттеу барысында дайындалып, әрбір жарияланым докторанттың өзінің бастамасымен әзірленді. «Спорт арқылы жасөспірімдердің позитивті дамуы: зерттеулерге шолу» // М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан. 2026, ақпан; Relationship between motivational factors and functional roles chosen by student volunteers at sports competitions. Retos,66,96-107.2025. ISSN: 1579-1726, eISSN: 1988-2041 https://recyt.fecyt.es/index.php/retos/index; Social media and community engagement's impact on student health and activity. Retos, 70, 1276-1290. 2025 ISSN: 1579-1726, eISSN: 1988-2041 https://recyt.fecyt.es/index.php/retos/index Сонымен қатар ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарында жарияланған мақалалар бар : Youth sports as an agent of socialization in a modern Kazakhstan society. Gumilyov Journal of Sociology, 152(3), 130-144. (2025). https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-152-3-130-144; Жасөспірімдердің спортпен айналысуына әсер ететтін мотивациялық факторлар: әлеуметтанулық талдау. ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Социологические и политические науки», No4(92), 2025 г. Диссертацияның эмпирикалық базасын диссертанттың 2022-2024 жылдары 1254 респондентті қамтыған 7 зерттеуі және ресми жарияланған статистикалық ақпараттар мен Шымкент қаласының спорт басқармасының материалдарды құрайды. Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі мен негізділігі зерттеу тақырыбы бойынша көптеген әдебиеттер мен ғылыми жұмыстардың қамтылуымен, сондай-ақ автордың эмпирикалық зерттеу нәтижелерінің шетелдік және отандық ғалымдардың мәліметтерімен сәйкес келуімен расталады. Ізденушінің жеке үлесі автордың зерттеу бағдарламасын әзірлеп және оны жүзеге асырудан, диссертацияға қажетті материалдарды жинап, өз күшімен өңдеп, зерттеу нәтижелерін талдауға, қорытынды мен ұсыныстар жасап, апробациядан өткізуге, диссертация тақырыбы бойынша ғылыми жарияланымдар дайындауға тікелей қатысқанына көрінеді. Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Диссертация кіріспеден, үш тараудан, тоғыз бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=S7TY4UjAgaQ
