
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Туремуратов Олжас Жангельдыевич «8D03106 – Саясаттану» білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақстан Республикасындағы урбандалу процестерінің саяси аспектілері»» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Саясаттану кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Ресми рецензенттер:
Алтыбасарова Мейрамгүл Армиянқызы – саяси ғылымдарының кандидаты, Торайғыров университеті Философия және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының профессоры. Мамандығы: «23.00.02 – Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық мүдделер және саяси процестер мен технологиялар» (Павлодар қ., Қазақстан Республикасы);
Шерьязданова Камилла Галимовна – философия докторы (PhD), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының профессоры, директор орынбасарының м.а. Мамандығы: «23.00.00 – Саясаттану» (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Амитов Султанкожа Абдукадырович – әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің доценті. Мамандығы: «22.00.04 – Әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар және процестер» (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Калиаскарова Гүлназ Базарбекқызы – философия докторы (PhD), Астана медицина университеті Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының оқытушысы. Мамандығы: «6D050200 – Саясаттану» (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Кожирова Светлана Басейовна – саяси ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері. Мамандығы: «23.00.02 – Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар» (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Бюлегенова Бибигуль Бисенбаевна – саяси ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті саясаттану кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Погодин Сергей Николаевич – тарих ғылымдарының докторы, Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университеті Гуманитарлық институты халықаралық қатынастар жоғары мектебінің профессоры, директоры (Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы).
Қорғау 2025 жылғы 17 маусым, сағат 16:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D03106 – Саясаттану» білім беру бағдарламасы бойынша «8D031 – Әлеуметтік ғылымдар» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас форматта (оффлайн және онлайн) өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/8114174324?pwd=dVhvaFdrUm9hRll6eTBsclhybUtvZz09
Конференцияның идентификаторы: 811 4174 324;
Кіру коды: DC9hpA.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Қ. Сәтпаев көшесі, 2, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің бас ғимараты, 302-аудитория.
Аңдатпа (қаз.): Олжас Жангельдыұлы Туремуратовтың «8D03106 – Саясаттану» бiлiм беру бағдарламасы бойынша философия докторы дәрежесін (PhD) алуға ұсынылған «Қазақстан Республикасындағы урбандалу процестерінің саяси аспектілері» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Соңғы онжылдықтарда урбандалу әлемдегі ең өзекті және маңызды құбылыстардың біріне айналды. Бұл үдеріс елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер етуде. Қазақстан да бұл үрдістен тыс қалған жоқ. Урбандалу үдерісі елімізде тек ауылдық жерлерден қалаға көшу шеңберінде ғана емес, сонымен қатар саяси аспектермен де тығыз байланысты. Бұл аспектілер өз кезегінде әлеуметтік және мәдени динамиканың өзіндік сипат алуына ықпал етуде. Қазақстан, Орталық Азиядағы ең ірі мемлекет ретінде, соңғы жылдары қалалардың қарқынды өсуіне куә болды. Елдегі қалалар тек экономикалық орталықтар ғана емес, сонымен қатар жаңа идеялар, саяси қозғалыстар мен әлеуметтік үрдістердің қалыптасу орнына айналды. Урбандалу процестерінің саяси аспектілері зерттеуі қала кеңістігіндегі өзгерістердің саяси үдерістерге, қоғамдық-саяси сана мен бірегейліктің қалыптасуына қалай әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Қазіргі Қазақстан қалалары азаматтар мен мемлекет арасындағы күрделі өзара іс-қимыл, саяси бәсекелестік пен қоғамдық күн тәртібінің қалыптасу алаңына айналып отыр. Зерттеу барысында урбандалу мен саяси биліктің түрлі деңгейлердегі өзара байланысы кешенді түрде қарастырылады. Тақырыптың өзектілігін айқындайтын бірнеше факторлар бар. Біріншіден, қалалардың қарқынды дамуы елдің әлеуметтік-экономикалық құрылымын өзгертуде. Екіншіден, қалаларда қоғамдық қозғалыстар мен саяси идеялар шоғырланып, саяси белсенділік артып келеді. Үшіншіден, қалалар шешім қабылдау орталығына айналуда, бұл урбандалудың саяси басқару құрылымына ықпалын күшейтеді. Төртіншіден, урбандалу жаңа социо-мәдени шынайылықтарды қалыптастыруда, бұл өз кезегінде икемді саяси стратегияларды талап етеді. Ақыры, Қазақстанның геосаяси жағдайы мен көрші елдермен байланысын ескере отырып, урбандалу тек ұлттық емес, халықаралық маңызға да ие. Осыған байланысты, Қазақстандағы урбандалу процестерінің саяси аспектілерін жүйелі әрі терең зерделеу өзекті міндет болып табылады. Зерттеудің мақсаты: Қазақстан Республикасындағы урбандалу процестерінің саяси аспектілері кешенді түрде талдау. Зерттеу міндеттері: 1. Урбандалуды түсіндірудегі түрлі концепциялар мен тәсілдерді зерделеу, салыстырмалы талдау жүргізу. 2. G7 елдеріндегі урбандалудың негізгі факторлары мен детерминанттарын анықтау. 3. Орталық Азия елдерінің урбандалу сценарийлеріндегі құрылымдық-типологиялық ұқсастықтар мен ерекшеліктерді табу. 4. Қазақстандағы урбандалу үдерісінің тарихи дамуын талдау. 5. Қазақстандағы урбандалуы диахронды және синхронды тұрғыдан зерттеу. 6. Урбандалу үдерісін тиімді институционалдық басқаруға арналған ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу нысаны: Қазақстандағы урбандалу процестерінің саяси аспектілері. Зерттеу пәні: Урбандалу басқару механизмдері және олардың салдары. Зерттеудің теориялық маңыздылығы – Қазақстандағы урбандалу процестерінің саяси аспектілерін зерттеу арқылы урбандалу мен саяси үдерістер арасындағы байланыстарды посткеңестік контексте түсінуді тереңдету. Практикалық маңыздылығы – зерттеу нәтижелері қалаларды басқару стратегияларын жетілдіруге, жергілікті билік органдарының тиімді шешімдер қабылдауына септігін тигізеді. Ғылыми жаңалығы: 1. Урбандалу зерттеудегі концепциялар мен тәсілдердің тарихи-типологиялық жіктелуі ұсынылды. 2. XX ғасырдағы саяси оқиғалар G7 елдеріндегі урбанизация үдерістеріне негізгі қозғаушы фактор ретінде айқындалды. 3. Кеңестік индустрияландыру сценарийі Орталық Азия елдерінің урбандалуына ортақ типологиялық сипат ретінде талданды. 4. Қазақстандағы урбандалу динамикасы мен саяси үдерістер арасындағы өзара байланыс айқындалды. 5. Қазіргі урбанизация үдерістері көпфакторлы құбылыс ретінде концептуализацияланды. 6. Урбандалуды тиімді институционалдық басқаруға арналған ұсыныстар дайындалды. Теориялық-методологиялық негіздеме: салыстырмалы талдау әдісі, статистикалық деректерді жинау және талдау, жүйелік көзқарас арқылы кешенді сараптау, мемлекеттік бағдарламалар мен саяси шешімдердің талдауы, саяси құрылым мен басқару арасындағы байланыстарды зерттеу, халықаралық тәжірибе мен тарихи-саяси шолу арқылы салыстырмалы зерттеу. Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: 1. Урбандалу зерттеудегі тәсілдер біртіндеп моно-дисциплинарлықтан поли-дисциплинарлыққа, редукционизмнен холизмге, эссенциализмнен конструктивизмге көшті. 2. G7 елдерінде урбандалудың басталуына XX ғасырдағы саяси оқиғалар түрткі болды. 2. Кеңестік индустрияландыруға негізделген «орталық/шет» үлгісі – Орталық Азиядағы урбандалудың ортақ типтік ерекшелігі. 4. Қазақстандағы урбандалу саяси тенденциялармен тығыз байланысты қалыптасты. 5. Қазіргі урбандалудың басты мәселесі – қалалар мен өңірлер дамуының теңсіздігі. 6. Бюрократиялық кедергілер урбандалуды тұрақты басқаруға кері әсер етеді. Зерттеу нәтижелерінің апробациясы: 1) Scopus деректер базасында индекстелген ғылыми журналдарда бір мақала («Urbanization Trends in Central Asian Countries: Aspects of Extensive and Intensive Agglomeration Growth», Public Organization Review, Q1, процентиль – 82); Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми журналдарда үш мақала: («Urbanization as a global trend: causes and consequences», «Урбанизация және агломерация қалыптасуының жергілікті басқаруға әсері», «Case Study of Single-Industry Towns of East Kazakhstan»). Диссертация құрылымы. Диссертацияның құрылымы оның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес анықталады. Диссертация кіріспеден, екі тараудан (әрқайсысы үш бөлімнен), қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=YNh18kW3yY4
