
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Примбетов Даурен Сакенович «6D050200 – Саясаттану» мамандығы бойынша «Терроризммен күресудің саяси механизмдері: Қазақстан және шетелдік тәжірибе» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Саясаттану кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Нусипова Арайлым Умарходжаевна – философия докторы (PhD), Халықаралық білім беру корпорациясы Жалпы құрылыс факультетінің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының қауымдастырылған профессоры (ҚазБСҚА). Мамандығы: «6D050200 – Саясаттану» (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Шериязданов Бауржан Рахимгалиевич – саяси ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім Министрлігі ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері. Мамандығы: «23.00.02 – Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық мүдделер және саяси процестер мен технологиялар» (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Қалиев Ильдар Әбужанович – саяси ғылымдар кандидаты, «Торайғыров университеті», философия және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының профессоры. Мамандығы: «23.00.02 – Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық мүдделер және саяси процестер мен технологиялар» (Павлодар қ., Қазақстан Республикасы);
Нуров Мархаббат Мешитбекович – философия докторы PhD, «Тұран» университеті «Халықаралық қатынастар және дипломатия» жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының вице-президенті. Мамандығы: 6D050200 - Саясаттану (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Сулейменов Пиримбек Муханбетович – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті, “Әл-Фараби” орталығының директоры, саяси ғылымдар кандидаты, қауымдастырылған профессор. Мамандығы: «23.00.02 – Саяси институттар-процесттер» (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Жанпейісова Қарғаш Далелхақызы – саяси ғылымдар кандидаты. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Саясаттану кафедрасының доценті (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Дронзина Татьяна Александровна – саяси ғылымдар докторы, Әулие Климент Охридский атындағы София университетінің профессоры (София қ. Болгария).
Қорғау 2025 жылғы 1 шілде, сағат 12:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6D050200 – Саясаттану» мамандығы бойынша «8D031 – Әлеуметтік ғылымдар» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас форматта (оффлайн және онлайн) өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/8114174324?pwd=dVhvaFdrUm9hRll6eTBsclhybUtvZz09
Конференцияның идентификаторы: 811 4174 324,
Кіру коды: DC9hpA
Мекен-жайы: Астана қаласы, Сәтбаев көшесі 2, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Оқу-әкімшілік №1 ғимараты, 302-аудитория.
Аңдатпа (қаз.): Примбетов Даурен Сакеновичтың «6D050200 – Саясаттану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСУДІҢ САЯСИ МЕХАНИЗМДЕРІ: ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ» диссертациялық жұмысы Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл диссертациялық жұмыс Қазақстандағы терроризммен күресудің саяси механизмдерін зерттеу арқылы Қазақстан және шетелдік тәжірибені талдай отырып, қазіргі ахуалы, оның проблемалары, даму келешегін және тәуекелдерін зерттеуге бағытталған. Зерттеу тақырыбының өзектілігі еліміздегі терроризммен күресудің саяси механизмдерін зерттеу Қазақстан және шетелдік тәжірибені талдай отырып, тиімдісін анықтау, ұсыну қажеттілігімен айқындалады. Мәселенің өзектілігін нақтылайтын бірнеше факторды атап көрсетуге болады: ‒ біріншіден, еліміздегі терроризммен күресудің саяси механизмдерінің ғылыми тұжырымдары және оны тәжірибеде қолданылу барысын талдау бұл мәселенің құрылымы мен маңызын түсінуге мүмкіндік береді. Ғылыми тұжырымдардың жетістіктері мен кемшіліктерін жүйелі талдауға қажеттілік бар. Еліміздегі терроризммен күресудің саяси механизмдерін көптеген елдер басшылыққа алатын терроризммен күресудің саяси механизмдерін халықаралық құжат қағидаттары және оларды қазіргі жағдайда Қазақстанда жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыру да аса маңызды; ‒ екіншіден, террористік көріністердің алдын алуды, оқшаулауды және жолын кесуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың іс-қимылының механизмі құқықтық реттеліп, іс-қимыл алгоритмі айқындалғанымен оның қазіргі ақпараттық кеңістікте, әсіресе киберқауіпсіздік жағдайында ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуында біршама қиындықтар туындап отыр. Ол тек Қазақстан емес жалпы әлем елдерінің күн тәртібінде тұрған мәселе. Сондықтан қазақстандық терроризммен күресті ұйымдастырудың құқықтың заңнамалық негізін жаңа талаптарға сай өзгерістерін зерттеуге қажеттілік бар және ол өзекті; ‒ үшіншіден, халықаралық тәжірибеде қалыптасқан терроризммен күресудің саяси механизмдерін ұйымдастырудың үлгілерін талдай отырып, оларды Қазақстандық жағдайда қолдану мүмкіндіктерін ғылыми негіздеу қажеттігі бар. Сонымен бірге терроризммен күресудің саяси механизмдерін басқару жүйесін реформалауда жетістікке жеткен елдердің тәжірибесі және оның қазақстандық жағдайда қолдану мүмкіндіктерін кеңірек қарастыру өзекті; ‒ төртіншіден, терроризммен күресудің саяси механизмдерін ұйымдастырудың даму келешегін қарастыра отырып, толыққанды ендіруге кедергі келтіруі мүмкін тәуекелдерді анықтау, олардың деңгейін саралауға қажеттілік айқын болып отыр. Осы тәуекелдерді ескермей терроризммен күресудің саяси механизмдерін басқару жүйесін дамыту бойынша әзірленетін тұжырымдамалардың тиімді жүзеге асуы қиындай түседі; ‒ бесіншіден, мемлекеттің терроризмге қарсы жүргізіп отырған саясатының барысын зерттеуде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылдарынан бері орын алған оқиғаларды ивент анализ арқылы талдап, ғылыми қорытынды жасап, ұсыныстар беру арқылы ақпараттық кеңістікте террористік идеология, сананы манипуляциялау сияқты қауіптердің алдын алу жолдарын қарастыру маңызды. ‒ алтыншыдан, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылыми Порталының» мәліметтеріне сәйкес, саясаттану бағытында кейінгі онжылдан астам уақытта осы тақырыпта диссертациялық зерттеулер жүргізілгенімен мемлекеттік тілде өте аз, жоқтың қасы. Бұл ғылыми жұмыстардың жаңартылу мерзімдерін есепке алғанда кейінгі жылдардағы терроризммен күресудің саяси механизмдерін оның іске асуына байланысты жүйелі ғылыми зерттеулер қажеттілігі бар, сондықтан саясаттану ғылымдары тұрғысынан ақпараттық технологиялардың ықпалы, әлемдік тәжірибені зерттей отырып, ғылыми ұсыныстар беретін жаңа жұмыс ретінде ұсынылады. Жоғарыда көрсетілген негіздер диссертация тақырыбының өзектілігін және оның ғылыми құндылығын айқындайды. Осыған байланысты дисссертациялық жұмыс осының алдында жүргізілген зерттеулердің өзіндік логикалық жалғасы ретінде, терроризммен күресудің саяси механизмдерінің жетілдірілуі, даму келешегі мен тәуекелдерін зерделеуді ұсынады. Зерттеудің объектісі ретінде Қазақстан Республикасындағы терроризммен күресудің саяси механизмдерінің мәселелері және қазіргі ахуалы талданады. Зерттеу пәні – Қазақстан Республикасы терроризммен күресудің саяси механизмдерінің проблемалары, шешу жолдары барысында туындайтын тәуекелдер. Зерттеудің хронологиялық ауқымы Қазақстандағы терроризммен күресті зерттеудің кезеңі тәуелсіздік жариялағаннан кейінгі уақытты қамтиды: 1991-2025 жылдар. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасындағы терроризммен күресті жүргізудің механизмдерін жетілдірудің тәуекелдері мен келешегіне саяси талдау жасау. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей зерттеу міндеттері анықталды: 1. Терроризммен күресті жүргізудің механизмдерін жетілдірудің ғылыми тұжырымдарын талдау және олардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтау, шетелдік және отандық ғалымдардың тұжырымдарына сүйене отырып, зерттеуге қатысты тиімді қағидаттарды айқындау және оларды сақтаудың артықшылықтарын негіздеу. 2. Қазақстан Республикасындағы терроризммен күресті жүргізудің механизмдерін жетілдірудің институтционалдық ұйымдастырылуының заңнамалық-құқықтық қалыптасу кезеңдеріне, қазіргі ахуалына талдау жасау. 3. Халықаралық тәжірибедегі терроризммен күресті жүргізудің механизмдерін, тәсілдерінің ерекшеліктерін, ұйымдастырудың үлгілерін зерттеу және жекелеген мемлекеттер тәжірибесін, осы бағыттағы реформалардың жетістіктерін саралау, Қазақстанда қолдану мүмкіндіктерін қарастыру. 4. Киберкеңістік пен әлеуметтік байланыс арналарының кеңеюі терроризмге зорлық-зомбылықты таратудың жаңа мүмкіндіктерін беріп, адамзат үшін жаңа қатерлерді төндіріп, тәуекелдер қаупін тудырып отырғандықтан ақпараттық кеңістіктегі терроризммен күрес саясаты зерттеу міндеттеледі. 5. Терроризммен күресті жүргізудің механизмдерін одан әрі дамыту барысында туындауы мүмкін тәуекелдерді анықтау және оларды саралау. 6. Қазақстандағы терроризммен күресті жүргізудің механизмдерін жетілдіру жүйесін одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу. Жоғарыдағы мақсатқа қол жеткізу және аталған міндеттерді шешуде зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі ретінде жалпы ғылыми әдістер де, саяси ғылымның әдістері де пайдаланылды: тарихи, диалектикалық, саяси-құқықтық, жүйелік талдау, салыстырмалы талдау, институционалдық және құрылымдық-функционалдық талдау. Атап айтқанда, тарихи, диалектикалық, салыстырмалы талдау терроризммен күрес саясатын ғылыми тұжырымдарының қалыптасу процессін талдауда қолданылды. Терроризммен күрес саясаты үлгілерін қарастырғанда институционалдық және құрылымдық-функционалдық талдау, Қазақстан Республикасындағы терроризммен күрес саясатының институционалдық құрылымын қарастырғанда саяси-құқықтық және жүйелік әдіс қолданылды. Терроризммен күрес саясатының қазіргі ахуалын зерделегенде және оның болашағына талдау жасауда ивен-анализ, проблемаларын мен даму келешегін айқындағанда эксперттік тереңдетілген сұхбат әдісін қолдануға мүмкіндік болды. Ал оның даму барысындағы тәуекелдерді анықтау үшін саралау және талдау әдісі қолданылды. Зерттеудің деректер негізі ретінде диссертациялық жұмыстың дереккөз базасы шартты түрде келесі топтарға біріктіруге болатын әртүрлі дереккөздерді пайдаланды: Дереккөздердің бірінші тобын мемлекеттік-конфессиялық қатынастар мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен мемлекетаралық ұйымдардың халықаралық заңнамалық актілері және басқа да құқық қолдану тәжірибесі құрайды. Атап айтқанда Террористік жарылыстардың жолын кесу жөніндегі халықаралық конвенция (Нью-Йорк, 16 желтоқсан 1997 ж.) [1], Терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі халықаралық конвенция (БҰҰ Бас Ассамблеясының 1999 жылғы 9 желтоқсандағы 54109 қарарымен қабылданған) [2], Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес жөніндегі Шанхай конвенциясы (Шанхай, 15 маусым 2001 ж.) БҰҰ-ның терроризмге қарсы жаһандық стратегиясы (БҰҰ Бас Ассамблеясының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі 60288 қарарымен қабылданған) [3], Еуропа Кеңесінің терроризмнің алдын алу туралы конвенциясы (Варшава, 2005 ж. 16 мамыр) [4], Шанхай ынтымақтастық ұйымының терроризмге қарсы конвенциясы (Екатеринбург, 16 маусым 2009 ж.) [5], Ядролық терроризм актілерінің жолын кесу жөніндегі халықаралық конвенция (Нью-Йорк, 13 сәуір 2005 ж.) [6], Дереккөздердің екінші тобы Қазақстан Республикасының діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктерінің қызметіне қатысты негізгі заңдар мен нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Конституциясы [7], «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (1999 жылғы 13 шілдеде) қабылданды [8], Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Заңы (2012 жылғы 6 қаңтардан бастап) [9], Террористік және экстремистік қылмыстар туралы заңнаманы қолдану бойынша сот практикасының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы №11 нормативтік қаулысы [10], Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi [11], Дереккөздердің үшінші тобы ҚР Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауларымен, сөйлеген сөздерімен, мәлімдемелерімен байланысты және мемлекеттік органдардың ресми сайттарында ұсынылған басқа да материалдар. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі таңда ғылыми ортада терроризм және діни экстремизм тақырыбына арналған еңбектердің саны айтарлықтай көп. Аталған тақырыпқа арналған зерттеулер өзінің мазмұнына байланысты әртүрлі мақсаттар мен міндеттер қояды. Терроризммен күресті жүргізудің механизмдеріне байланысты зерттеулерді шартты түрде топтастырып, классификациялауға болады. Олар: шетелдік, жақын шетел зерттеушілерінің еңбектері және отандық зерттеушілер. Терроизм ұғымына қатысты дәстүрлі зерттеуге пікірлер осы мәселенің зерттелуінің негізі болады. Алғашқы түсініктердің қолданылуы азаматтарды қорқыту және бағындыру үшін қолданылатын мемлекеттік терроризм немесе «жоғарыдан келген» террор деген түсінікті білдірді. Бұрынғы көптеген философ, ғалымдар террордың бұл түрін саяси оппозиция мен бүлікшіл халықты мәжбүрлеудің «пайдалы» әдісі ретінде түсіндіруге тырысты. Атап айтатын болсақ, Н.Макиавелли [12], Ж.-Ж. Руссо [13], Т. Гоббс [14], И. Кант [15], Г. Гегель [16] және М. Вебер [17], Ф. Ницше, [18] т.б. ойшылдар террордың классикалық ұғымын, оның табиғаты мен қоғамдағы көріністерін, билікке қатысты салдарын зерттеді. Терроризм мен конфликтінің қазіргі дәуірдің кең мәдени және жаңа контекстіндегі зорлық-зомбылықтың түрлері ретінде қарастыратын ғалымдарға Х. Арент [19], Д. Кампер, [20], Э. Саид, [21], Э. Фромм [22], Б. Хоффман [23] жатады. Олар зорлық-зомбылық мәселесінің мәдени-тарихи және мәдени-саяси сипатын талдап, феноменологиялық көзқараспен ғылыми еңбектер жазған. Терроризм идеологиясы мен жекелеген террористтің экзистенциалдық санасын философиялық тұрғыдан түсіну үшін француз ойшылы А.Камю көп еңбек сіңіреді [24]. Ол тарихи аналогия әдісіне сүйене отырып, террористік идеялардың генезисін қадағалап, оларды ешбір жағдайда ақтау мүмкін емес деген қорытындыға келді. Олардың ішінде шетелдік барлау сарапшылары В. Лейкер [25], М. Либиг [26] және К. Стерлингтің еңбектері Қазақстанда ерекше атаққа ие болды [27]. В. Лакер терроризмнің әртүрлі елдерде мәдени дәстүрлеріне, әлеуметтік құрылымына және басқа да көптеген факторларға байланысты әртүрлі көрінетін өте күрделі құбылыс екенін, бұл терроризмге жалпы анықтама беруге тырысуды өте қиынға соғатынын атап көрсетеді. Тұлғаның радикалды ағымдарға бет бұруы елеулі өзгерістері жоғары ықтималдықпен, психикалық бұзылулармен байланысты болуы мүмкін. 19-ғасырдың соңы мен 20-ғасырдың басындағы террористік әрекеттермен бірге болған жанқиярлық мотивтерге байланысты американдық зерттеушілер Э.Найт пен А. Гейфманды көптеген террористердің психикалық ауытқулары болуы мүмкін деген қорытындыға әкелді [28]. Террористке тән белгілі бір тұлға типтерін анықтайды: идеяның фанаты, садо-мазохист, кекшіл, нарциссист батыл адам, кемшіліктері бар тұлға, авантюрист, зомби, ақымақ деген сияқты сипаттама жасайды. Америка Құрама Штаттарындағы 11 қыркүйек оқиғасынан кейін зерттеуге серпін алған трансұлттық терроризм және оған қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастық тақырыбы шетелдік зерттеушілер тарапынан қарқын ала бастады. Оған мысал ретінде Марта Креншоудың «Терроризмді зерттеу қоғамдастық және терроризмге қарсы күрестегі БҰҰ рөлі» атты еңбегін айтуға болады [29]. Дж.Лессердің терроризм, зорлық-зомбылық көріністеріне тікелей жауап беруді және осы құбылысты қабылдамаудың халықаралық ортасын қалыптастыруды қамтитын «орталық» стратегиясы мен «көп өлшемді» тәсілін айтуға болады [30]. У. Лакердің жетекшілігімен террористік ұйымдардың құжаттар жинағы маңызды орын алады [31]. Ұзақ мерзімді перспективада халықаралық қоғамдастық күшті діни құрамдас бөлігі бар заманауи терроризмнің идеологиялық астарларына қарсы тұрудың жолдарын іздеуі қажет болатынын ескерсек, қазіргі терроризм мен исламның байланысын талдайтын зерттеулер қызықты болып көрінеді. Бұл мәселелер шетелдік зерттеушілердің еңбектерінен көрініс тапты, олар Ховард, Рассел Д. және Сойер, Рейд Л. – Гилфорд [32] Жақын шетел зерттеушілерінің еңбектеріне тоқталатын болсақ, терристік құбылыстың себептерін қарастырған кезде оның себептері ретінде қоғамдық-саяси жағдайларды бірінші орында қарастырған. Б.С.Грехнев [33] еңбектері мемлекеттік және саяси терроризмге арналған. О.А. Колобов [34], С.И. Грачев [35], Ю.И. Авдеев [36] сияқты зерттеушілердің диссертациялық зерттеулерінде терроризм проблемасы тарихи және саяси аспектілерді қамтыды. Әлеуметтік-философиялық және мәдени, психологиялық тұрғыда терроризм мәселесін зерттегендер Т.А. Дронзина [37], А.С. Баранов, Д.В. Ольшанский [38]. Бұл авторлардың еңбектері идеялық және ғылыми бейтараптығымен ерекшеленетін жаңа көзқараспен ерекшеленіп, мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттесуінің және мемлекеттік басқару әдістерінің сан алуан аспектілерін ашатын еңбектері айтарлықтай қызығушылық тудырады. Қазақстанда терроризм мен экстремизмнің алдын алу және оған қарсы тұру бойынша мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылы мәселелерімен айналысатын ғалымдар көп емес. Барлық қазақстандық әдебиеттерді монографиялар, ғылыми мақалалар, анықтамалық-сараптамалық материалдар және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар деп жіктеуге болады. Отандық саяси ғылыми ортада терроризм мәселенің әртүрлі аспектілерін зерттеушілер қатарында Е. Карин [39], А. Құлбаев [40], Н. Касенова [41], М. Онучко, Р. Подопригора [42], А. Решетняк [43], А. Сұлтанғалиева [44], Д. Сәтбаев [45], Тулебаева М.К, Д. Шарипова, және т.б. бар. Е. Қариннің еңбектері ғылыми ортада танымал, діни экстремистерден Қазақстанға төніп тұрған қауіп, азаматтарымыздың Сирияда радикалдар жағында соғысуының себептері мәселелерін зерттеген. [46]. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін «секьюритилендіру» проблемасын еңбектерінде талдаған [47]. Саясаттанушы М. Онучконың жұмысы Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды зерттеуге арналған, ол халықаралық тәжірибені зерттеп, көпконфессиялық қоғам жағдайында мемлекет пен діннің өзара әрекеттесуіне талдау жүргізді [48]. Отандық сарапшылар діни бірлестіктердің саяси-құқықтық жағдайын зерттей келе, әлеуметтік зерттеулер мен мемлекеттік саясат пен заңнаманы талдауға сүйене отырып, мемлекет тарапынан репрессиялық шаралар радикализмді қоздырады деп есептейді және олар репрессиялық шаралардың дәрежесі мен тиімділігінің арақатынасына күмән келтіреді. «Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы саясатының қалыптасу ерекшеліктері» атты алғаш мемлекеттік тілде диссертациялық жұмыс жазып, аталған мәселеге қатысты зерттеу жүргізген М.К. Тулебаева жұмысында терроризмге қарсы жұмыстың жинақталған тәжірибесі талдап, мемлекеттік билік институттарының оған қарсы жұмыс жүргізуге байланысты қызметін және терроризмге қарсы күресті ұйымдастырудағы халықаралық ұйымдардың рөлін атап өтіп, олармен ынтымақтастықтың пайдаланылмаған резервтерін анықтады. Қазақстандағы терроризм қаупінің деңгейіне баға берді. Жұмыста терроризмнің елде таралуының ықтимал жолдары көрсетілген. Терроризм қаупінің туындауындағы саяси және діни факторларға қатысты баға берілді. Қазақстанның терроризмге қарсы саясатының негізгі мақсаттары мен бағыттары айқындалды [49]. Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу бойынша Қазақстанның мемлекеттік саясаты тақырыбында диссертациялық зерттеу жұмысын жазған Ғ. Досмахамбетұлы діни экстремизнің жастар арасында таралуы және оның алдын алу мәселелерін зерттеген [50]. Зерттеуші Б.А. Нұралина саяси жанжалдарды шешудегі келіссөздер процесінің стратегиясы мен тактикасы атты жұмысында террористік акциялар жағдайында келіссездердің маңызын зерттеді [51]. Қазіргі ақпараттың жылдам даму жағдайында әлемде терроризмнің жаңа түрлерінің дамып жатқанын ескере келе, А. Нусипова онымен күрестің бір жолы ретінде ақпараттық кеңістіктегі конфликтердің алдын алуды ұсынады [52]. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, терроризммен күресудің саяси механизмдері мәселесіне байланысты біраз зерттеудің жинақталғанына қарамастан, оның проблемаларын одан әрі талдауды қажет ететінін айтуға болады. Демек, терроризммен күресудің саяси механизмдерін жақсартуға байланысты одан әрі зерттеулер қажет. Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Берілген диссертациялық жұмыста келесі жаңа нәтижелер бар: – терроризммен күресудің саяси механизмдерін жетілдірудің қазіргі кезде қалыптасқан ғылыми тұжырымдарына кешенді зерттеу жүргізілді, соның нәтижесінде автордың көзқарасы бойынша топтастырылды, жүйеленді; – Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы күрес және оның алдын алу бойынша құқықтық-заңнамалық негізіне талдау жасалып, жетілдіру жолдары талданып, кезеңдері анықталды; – халықаралық тәжірибеде қалыптасқан терроризммен күресудің саяси механизмдері үлгілеріне, олардың жұмыс істеу тетіктері барысына талдау жасалып, Қазақстанда қолдану мүмкіндіктеріне авторлық талдау жасалды; – мемлекеттің терроризммен күрес саясатын зерттеуде оның таралуының жаңа алаңы болып отырған ақпараттық кеңістіктің ықпалын зерттеу қажеттілік екені зерттеу барысында талданып, дәлелденіп, онымен күресудің тиімді тетіктері қарастырылып, ұсынылды; – ивент анализга сүйене отырып, Қазақстанда орын алған террористік акциялардың базасы жасалып, вербалды және физикалық әркеттері жүйеленіп, терроризмнің алдын алу шаралары мен бағыты анықталды; – сарапшылардың пікірін зерттеу арқылы терроризммен күрес саясатын одан әрі жетілдіру барысында туындауы мүмкін тәуекелдер анықталды және олардың салдарлары талданды. Одан әрі дамыту, жетілдіру бойынша саяси механизмдермен қатар азаматтық белсенділікті арттыру бойынша ұсынымдар әзірленді. Зерттеу жұмысында келесі ғылыми гипотеза ұсынылды: терроризммен күрес саясатын жетілдіру механизмдері елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалардың нәтижелілігіне, бірегейлікті қамтамасыз ететін ұлттық идеологияны ұстанатын мемлекеттік саясат жағдайына, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының кешенді қызметі мен азаматтардың белсенділігіне тікелей байланысты. Зерттеудің теориялық және тәжірибелік мәні. Зерттеу жұмысы барысында қол жеткізген тұжырымдар терроризммен күрес саясатын жетілдіру механизмдерін жетілдірудің өзектілігін ескере отырып, оны дамыту бойынша әзірленетін саясатта пайдалануға мүмкіндік береді. Берілген диссертациялық жұмыстағы зерттеу материалдарының теориялық және тәжірибелік ауқымы терроризммен күрес саясатының қазіргі ахуалынан туындайтын проблемалары талдау барысында, оны жетілдіру кезеңінде сараланған тәуекелдерді және болжанған даму әлеуетін ескеруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелер «саясаттану», «мемлекеттік басқару», «саяси конфликт» және т.б. білім беру бағдарламалары бойынша оқу материалдарын, терроризммен күрес саясатын жетілдіру механизмдері саласындағы Заң жобаларын, Тұжырымдамаларды әзірлеу барысында қолданылуы мүмкін. Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: 1. Қазіргі уақытта діни терроризм құбылыс ретінде саяси саланың маңызды бөлігі бола отырып, саяси тұрақтылыққа қауіптердің жаңа аспектілерін қалыптастырады. Осы орайда, терроризм ұғымына ғылыми баға беріп, объективті түсінік қалыптастыру маңызды. Терроризммен күресудің саяси механизмдерін жетілдірудің қазіргі кезде қалыптасқан ғылыми тұжырымдарына кешенді зерттеу жүргізе отырып, соның нәтижесінде автордың көзқарасы бойынша тұжырымдар топтастырылып, жүйеленді. Терроризмнің тарихы, мазмұны, тұжырымдамалық аппараты терең талдауды қажет ететіндіктен жалпығылыми әдістерге сүйене отырып, зерделенеді. Зерттеу барысында оның пайда болу тарихы туралы зерттеушілер арасында әртүрлі пікірлер таладанып, қазіргі уақытқа дейін терроризмді әлеуметтік құбылыс ретінде түсінуде, отандық және әлемдік ғалымдардың пікірлері сипаты мен мазмұны бойынша классификацияланады. Терроризммен күресудің саяси механизмдерін зерттеу мәселенің тұжырымдамалық негізі болады. 2. Терроризммен күресуде оның алдын алуды, оқшаулауды және жолын кесуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың іс-қимылының механизмі құқықтық реттеліп, заңнамалық базасы қалыптасты. Терроризммен күрестің заңнамалық негізі осы саладағы құқық қорғау органдарының, арнайы қызметтер мен мемлекеттік мекемелердің қызметін реттейтін бірқатар заңға тәуелді актілерден тұрады. Терроризмге қарсы күрес жүргізуде антитеррорлық орталықтар, комитеттер мен жедел штабтардың құрылуы кешенді түрде онымен күресудің институционалдық негізі екені анықталып, оның жұмысын жетілдіруде қоғамдық интституттарды координациясының кешенді байланысын дамыту қажеттігі анықталды. 3. Терроризмге қарсы іс-қимылдың шетел тәжірибесін имплементациялаудың қажеттілігі елдегі күресті жетілдіру, террористік оқиғалардың алдын алуда тиімді. Сондықтан оны осы диссертациялық жұмыста талдаудың қажеттілігі жоғары. Жаһандану үрдісінің уақыт өткен сайын күшейуі Қазақстан үшін шетелмен байланыста терроризммен күресті жүзеге асыру мүмкіндігін дәлелдеуде. 4. Ақпараттық кеңістікте әлеуметтік байланыс арналарының кеңеюі терроризм, зорлық-зомбылықты таратудың жаңа мүмкіндіктерін берді. Сондықтан терроризмнің және террористік идеологияның таралуына мүмкіндік беретін ақпараттық кеңістік оның дамуына қолайлы болып отыр. Мемлекеттің терроризммен күрес саясатын зерттеуде оның таралуының жаңа алаңы болып отырған ақпараттық кеңістіктің ықпалын зерттеу кибертерроризмнің алдын алуға мүмкіндік береді. Цифрлық трансформация артқан сайын киберқауіп күшеюде. Оның алдын алумен күресті жүзеге асыруда мемлекеттік тұжырымдаманың маңызы зор. «2023-2029 жылдарға арналған цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және киберқауіпсіздікті дамыту тұжырымдамасы», «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасын тәжірибеде қолдау мен дамыту арқылы Қазақстанның ақпараттық кеңістіктегі терроризммен күрес саясатының тұрақтылығын сақтауға және қауіптің алдын алу құралы ретінде негізеделді. 5. Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдарынан бергі орын алған террористік актілерге ивент талдау жасау, терроризмнің адамзат үшін қаупі және онымен күресте тек мемлекеттің ішкі жағдайын ғана ескеру жеткіліксіз. Халықаралық терроризм қаупін де ескеру қажеттігін анықтауға негіз болды. Орын алған террористік әрекеттердің физикалық және вербалды әрекеттері базаға тіркеліп, оның мазмұны, ерекшелігі, міндеттері мен мақсаттары жіктеліп, террористік идеология, сананы манипуляциялау сияқты қауіптердің күн санап артып келе жатқанын ұмытпау маңызды екенін анықтау арқылы дәлелденді. Қазақстанда орын алған террористік әрекеттер ұжымдық сипаттан қарағанда индивидуалды екені анықталып, оның орын алуына интернеттің ықпалы зор болғаны айқындалды. Сондықтан ивент анализге сүйене отырып, негізгі қауіп көзі интернет желісі болғандықтан ақпараттық құрылымдарға мән беру ұсынылды. 6. Қазақстанда Терроризммен күресудің саяси механизмдерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар халықаралық тәжірибені және осы саланы зерттеумен айналысатын отандық сарапшылардың пікірін, сондай-ақ қазіргі жағдайда орын алып отырған проблемалар мен даму келешегінде орын алуы ықтимал тәуекелдерді ескеруі тиіс. Зерттеу базасы. Диссертациялық жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Саясаттану кафедрасында орындалды. Зерттеу нәтижелерін апробациялау. Зерттеудің ең маңызды нәтижелері әртүрлі басылымдарда жарық көрді. ҚР ҒжЖБ министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапананы қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. «Саяси ғылымдар, аймақтану, шығыстану, түркітану сериясы» журналында 2 мақала, Scopus деректер базада индекстелетін "Орталық Азия және Кавказ" журналында "Орталық Азия жастар арасындағы діни экстремизм: ерекшеліктері мен шешу жолдары" тақырыбында мақала (басқа авторлармен бірлесіп) жариялады. Диссертациялық жұмыс құрылымы Қорғауға ұсынылған жұмыс нормативтік сілтемелер, белгілеулер мен қысқартулар тізімі, кіріспе, үш бөлім, қорытынды, дереккөздер тізімі, сондай-ақ қосымшаларды қамтиды. Диссертациялық зерттеудің жалпы көлемі 148 бетті құрайды.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=Nk4B1O6iS5c
