
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Тергембай Кенжегүл Ілиясқызы «8D03204 – Журналистика» білім беру бағдарламасы бойынша «Экстремалды журналистика: қалыптасу және даму тенденциялары» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Баспасөз және баспа ісі кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Алауханов Есберген Оразулы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жазушылар одағы төрағасының кеңесшісі, заңгер-жазушы, заң ғылымдарының докторы, профессор (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Жарилкаганов Алимжан Муратбаевич – Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің Консультативтік кеңесші органының төрағасы, департамент бастығының кеңесшісі, филология ғылымдарының кандидаты (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Тайшыбай Зарқын Сыздықұлы – Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Тарих, экономика және құқық факультеті, Журналистика және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, академик (Петропавл қ., Қазақстан Республикасы);
Асанов Камашке Даулетканович – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Филология факультетінің Журналистика кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы);
Ақсейіт Ғалия Манатқызы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің Баспасөз және баспа ісі кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Есдәулетов Айтмұханбет Оразбайұлы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультеті, Баспасөз және баспа ісі кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Мехмет Топлу – Анкара Хаджы Байрам Вели университеті, Коммуникация факультетінің профессоры (Анкара қ., Түркия).
Қорғау 2025 жылғы 12 сәуір, сағат 11:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D03204 – Журналистика» білім беру бағдарламасы бойынша «8D032 – Журналистика және ақпарат» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас форматта (оффлайн және онлайн) өткізіледі деп жоспарлануда.
Мекен-жайы: Астана қ., А. Янушкевич көшесі, 6, Оқу-әкімшілік корпусы №4, №112 аудитория.
Аңдатпа (қаз.): Тергембай Кенжегүл Ілиясқызының «Экстремалды журналистика: қалыптасу және даму тенденциялары» тақырыбындағы «8D03204 – Журналистика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған диссертациясы. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі әлемдегі экстремалды журналистика-танымал және сұранысқа ие аудиториялардың бірі және мәселенің өзектілігі, ең алдымен, жалпы қоғамдық қауіпсіздік және осы бағытта жазатын журналистердің жұмысына қатысты. Төтенше жағдайлар туралы жарияланған материалдар кез-келген қоғамда қызығушылықпен қабылданады, өйткені цифрландыру жағдайында олар әлемдегі өзекті мәселелердің біріне айналды. Сонымен қатар, химиялық, бактериологиялық және биологиялық қаруды жасырын өндіру қаупі артты. Ақпараттық технологиялар қарқынды дамып келе жатқанына қарамастан, адамзат табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды бақылауда ұстап, уақтылы әсер ете алмайды. Технология мен ғылым дамыған сайын адам қолымен жасалған төтенше жағдайлардың саны артты. Ең дамыған деп саналатын мемлекеттердің өзідері жазатайым оқиғалардың алдын алуға, олардың себеп-салдарлық байланыстарын жоюға қабілетсіз болып отыр. Бүкіл әлемде дүрбелең тудырған коронавирус бұл төтенше жағдайлардың бүкіл әлем үшін ортақ проблемаға айналуының алғашқы дәлелдерінің бірі. Зерттеу нысаны. Экстремалды журналистиканың бағыты мен саясатын іске асыру мәселелері. Зерттеу пәні. Экстремалды оқиғаларға арналған бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары. Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақстандағы экстремалды журналистиканың қалыптасуы мен даму тенденцияларын сипаттау. Диссертациялық жұмыста қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажеттілігі туындады: экстремалды журналистиканы зерттеудің теориялық негіздемесін беру; отандық экстремалды журналистиканың тарихын қарастыру және теория мен тұжырымдамаға негізделген экстремалды журналистика ұғымына авторлық анықтама беру; экстремалды журналистика мәселелерін реттеудің саяси-құқықтық негіздерінің жай-күйін талдау; отандық экстремалды журналистиканы дамыту үшін шетелдік экстремалды журналистиканың қалыптасуы мен даму тәжірибесін қарастыру; ҚР-дағы экстремалды журналистиканың қалыптасу кезеңдері мен даму үрдістерін қарастыру; экстремалды журналистиканың қазіргі жай-күйін талдау: проблемалар мен тәуекелдерді бағалау; елдегі экстремалды журналистиканы дамыту саясатын тиімді іске асыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу. Зерттеудің әдіснамалық және эмпирикалық базасы экстремалды журналистиканың қалыптасуы мен даму тенденцияларын жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар оның қоғамдағы рөлі мен ықпалын терең түсінуге ықпал етеді. Зерттеу барысында диссертациялық жұмыстың логикалық-жүйелік құрылымы жалпы ғылыми әдістер негізінде жасалды. Экстремалды журналистиканың даму динамикасын, оның кезеңдерін зерттеу үшін тарихи-аналитикалық әдіс, ал әртүрлі елдер мен мәдениеттердегі экстремалды журналистиканың ерекшеліктерін салыстыру үшін салыстырмалы әдіс қолданылды. Экстремалды журналистикаға қатысты эмпирикалық мәліметтер базасы әлеуметтік медиа платформаларында пікірлерді қолдану үшін мазмұнды талдауды қолданды. Сонымен бірге эмпирикалық деректерді жинау үшін экстремалды журналистердің қауіпсіздігі мәселелерін қозғайтын сұхбат әдісі қолданылды. Нормативтік-құқықтық база ретінде «Масс-медиа туралы», «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңдары, Мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдамалар талданды. Эмпирикалық деректер қолданбалы әдістерді қолдану арқылы алынды және диссертациядағы ғылыми зерттеу мәселелерін шешуге мүмкіндік берді. Жұмыстың ғылыми-практикалық маңыздылығы. Докторлық диссертация материалдары жоғары оқу орындарында азаматтық қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, экстремалды жағдайларда Журналистика пәндерін оқыту кезінде, сондай-ақ ғылыми еңбектер жазу кезінде пайдаланылуы мүмкін. Диссертация материалдары экстремалды жағдайлар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы байланыс мәселелеріне, ақпараттандырудың мәніне, халықты және аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың негізін құра алады. Бұдан басқа, «Экстремалды журналистерді даярлау/қайта даярлау бағдарламасын» мемлекеттік деңгейде іске асырудың арқасында БАҚ өкілдеріне оқыту курсынан өтуге және төтенше жағдайларда қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік бар. Диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелері, ережелері мен қорытындылары 13 ғылыми жұмыста жарияланған. Оның ішінде ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялауға арналған және қорғауға қажетті жарияланымдар: Scopus және Web of Science Core Collection (Emerging Sources Citation Index) базаларына кіретін басылымдарда бір ғылыми мақала жарияланды. Онда «Media Coverage of Conflict Situations in Kazakhstan in the Early Years of Independence» атты мақала International Journal of Media and Information Literacy журналына Kenzhegul Tergembay, Akmaral Mamankul, Meruyert Shukuyeva, Aitmukhanbet Yesdauletov сияқты авторлардың атынан жарияланды (Published in the USA. International Journal of Media and Information Literacy. 2024. 9(1): 130-141 DOI: 10.13187/ijmil.2024.1.130 https://ijmil.cherkasgu.press (Q3, процентиль – 63). Уәкілетті орган ұсынған ғылыми басылымдар тізбесіне енетін журналдарға 4 мақала жарияланды: 1. Экстремалды жағдайдағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. Журналистика сериясы. №4 (129) 2019 ISSN 1811-1823. - 23-31 беттер. http://dspace.enu.kz/handle/data/17455. 2. Коронавирус туралы ақпараттың қоғамдық санаға ықпалы. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. Журналистика сериясы. №1 (130) 2020 ISSN 1811-1823. - 33-39 беттер. https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/253. 3. Interaction of law enforcement press services with journalists in extreme situations. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. Журналистика сериясы. № 2(139)/2022. ISSN 1811-1823. - 71-78 беттер. https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/ download/107/58/116. 4.The importance of media literacy in covering extreme situations. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. Журналистика сериясы. №3(144)/2023. ISSN:2616-7174. - 8-13 беттер. DOI: https://doi org/10.32523/2616-7174-2023-144-3-8-13. Сонымен қатар, диссертация тақырыбына сәйкес отандық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға 8 мақала жарияланды: «Елдегі экстримальды жағдайлардың «Egemen Qazaqstan» газетіндегі көрінісі». «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығына орай өткен «Жаһандық медиакеңістіктегі баспасөздің рөлі мен даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдары ның жинағы. /15 қараша 2019 г. – Астана: ЕНУ им Л.Н.Гумилева, 2019. – с. 69-72 беттер. ISBN 978-601-337-247-1; «Қазақстандағы төтенше жағдайлардың баспасөзде жариялануы». «Еліміздің медиа кеңістігі: ізденістер мен жобалар» атты профессор Намазалы Омашұлының 70 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалда-рының жинағы. 31 қаңтар 2020 жыл. – Нұр-Сұлтан: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2020. – 264 б. – 142-145 беттер. ISBN978-601-337-283-9; «Жаңа медианы тиімді қолдану арқылы экстремал журналистерді даярлау». «ǴYLYM JÁNE BІLІM - 2020» атты XVI Халықаралық ғылыми конференциясы жинағы, А. Маманқұлмен біріккен авторлық. Нұр-Сұлтан. 2021; «Тәуелсіз Қазақстандағы мемлекеттік тілдің даму тенденциясы». Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Азия елдеріндегі шет тілдері: оқыту тәжірибесі және инновациясы» атты халықаралық онлайн ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағы; «Халықаралық терроризм және ақпарат». Жазушы, ақын, журналист, ғалым Нұржан Қуантайұлының 50 жасқа толуына арналған «Баспа ісі және әдеби үдеріс: жазушы – редактор – оқырман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы. Алматы: Қазақ университеті, 2021. – 115 б. ISBN 978-601-04-5240-4; «Журналистердің эктремал ақпараттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері». Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Сауытбек Абдрахмановтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Мәдениет, білім, ғылым ықпалдастығы және қазіргі медиакоммуникация» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары; «Түркиядағы цифрлық медиа арқылы төтенше жағдайлар жайлы ақпараттың таралу ерекшеліктері». Ұлт, БАҚ, Мемлекет. (Түркі тілдес елдердің Медиа-платформасы) Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бойынша халықаралық конференциясы. 17 қараша 2021 жыл / Баку мемлекеттік университеті, журналистика факультеті; «Жаңа медиа кеңістігіндегі эстремизм: проблемалық аспектілері». Қырғыз Республикасы Ош мемлекеттік университетінің 85 жылдық мерейтойына орай өткен «Түркі халықтарының рухани ықпалдастығы: тіл, әдебиет, мәдениет» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы. Конференция материалы Ош мемлекеттік университетінің Хабаршысында жарияланады. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, 9 бөлімнен, қорытынды және қосымшалардан, жалпы саны 182 әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыс көлемі 147 бетті құрайды. Диссертациялық жұмыстың ішкі тұтастығы. Негізгі бөлім үш тарауға бөлінген. Бірінші тарау шетелдік экстремалды журналистиканы, экстремалды журналистиканың тарихы мен ерекшеліктерін қарастыруға арналған, зерттеу барысында Еуропа, АҚШ, Ресей, Түркия елдерінің экстремалды журналистикасына шолу жасалды. Екінші тарау отандық экстремалды журналистиканың пайда болу, қалыптасу және даму тенденцияларын зерттеуге негізделген. Қазақстандық ақпараттық кеңістікте экстремалды журналистиканың қалыптасуы мен дамуының маңызды кезеңдері зерделенді. Оның ішінде қазақстандық БАҚ-та жарияланған тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы жанжалды жағдайлар талданды. Зерттеу көрсеткендей, бұл фактілер ресми дереккөздерде төтенше жағдай емес, кішігірім бұзақылық ретінде ғана көрсетілген. Жұртшылық арасында дүрбелең туғызатын ақпаратты заңсыз жариялаумен айналысқан «сары басылымдар» зерттелді. Сонымен қатар, төтенше жағдайларда журналистерді жинау, тарату және қауіпсіздік мәселелері ерекше назар аударуды қажет етеді. Сондай-ақ, заңнамаға «экстремалды журналист» терминін енгізу туралы ұсыныс беріледі. Жоғарыда аталған Заңда төтенше жағдайларда журналист қайтыс болған немесе залал шеккен жағдайда өтемақы төлеу туралы мәселе мүлдем қарастырылмаған. Заң актілері бірінші кезекте журналистердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуі керек деген қорытындыға келді. Үшінші тарауда қазақстандық экстремалды журналистиканың даму перспективасына болжам жасалды және елімізде экстремалды журналистерді даярлау бағдарламасының жобасы ұсынылды. Зерттеу барысында журналистика саласындағы заманауи ақпараттық технологиялардың рөлін бағалай отырып, экстремалды жағдайларда журналистерді даярлау ерекшеліктері қарастырылды. Бұл өз кезегінде төтенше жағдайлардан сақтандыру тетігін жетілдіруге ықпал етеді деген қорытындыға келдік. Мақсатқа жету үшін дамыған елдердің осы бағыттағы тәжірибесі талданды. Талдау барысында мұндай курстардың Англия, Америка, Германия сияқты алдыңғы қатарлы елдерде жақсы дамығанына көз жеткізуге болады.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/Mgi1H-u9sn8
