
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Омурзакова Алия Каскырқызы «8D04106 – Аналитикалық Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша «Әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тәуекелдерін бағалау» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Экономика және кәсіпкерлік кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Ресми рецензенттер:
Галиева Алма Хаирбулдиновна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Esil University, «Экономика» кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Жолдыбаев Ерлан Сатыбалдыевич – PhD, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаментінің талдау және жобалық жұмыс басқармасының басшысы (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Тохиров Жавлон Рахимович – PhD, доцент, Бұхара мемлекеттік университеті, «Маркетинг және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі (Бухара қ., Өзбекстан Республикасы);
Мырзагалиева Надира Надировна - DBA, «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Атқарушы директорs (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Есіркепова Алтын Махмұдқызы – экономика ғылымдарының докторы, профессор, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Экономика» кафедрасының меңгерушісі (Шымкент қ., Қазақстан Республиксы).
Ғылыми кеңесшілері:
Шалболова Урпаш Жаниязқызы – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы)
Силка Дмитрий Николаевич – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының Инвестициялық-құрылыс бизнесі кафедрасының профессоры (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы)
Қорғау 2026 жылғы 15 мамыр, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D04106 – Аналитикалық Экономика» мамандығы бойынша «8D041 – Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес отырысы офлайн және онлайн форматта өткізіледі.
Сілтемесі: https://clck.su/IIJap
Мекен-жайы: Астана қ., Қажымұқан, 11, №517 ауд.
Аңдатпа (қаз.): Омурзакова Алия Каскырқызы докторанттың 8D04106-«Аналитикалық экономика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсыналған «Әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тәуекелдерін бағалау» диссертациялық жұмысының АҢДАТПАСЫ Диссертациялық зерттеудің мақсаты - Қазақстан Республикасының әлеуметтік саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) жобаларында тәуекелдерді бағалау және басқару бойынша теориялық-әдістемелік негіздерді әзірлеу және практикалық ұсынымдар дайындау. Зерттеу міндеттері: – әлеуметтік саладағы МЖӘ-нің ерекшелігін зерттеп, «әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік» ұғымына авторлық анықтама ұсыну. Әлеуметтік МЖӘ жобаларындағы тәуекелдерді тиімді басқару үшін мұндай әріптестіктердің коммерциялық жобалардан айырмашылығын нақты түсіну маңызды. Зерттеу мемлекеттік және жеке құрылымдардың әлеуметтік саладағы өзара әрекеттесуінің ерекшеліктерін анықтауға бағытталған, бұл МЖӘ-нің шынайы жағдайларға бейімделген нақты анықтамасын ұсынуға мүмкіндік береді; – Қазақстанның әлеуметтік саласының ерекшеліктерін ескере отырып, МЖӘ жобаларының тәуекелдерін кешенді бағалау әдістемесін әзірлеу. Тәуекелдерді сандық және сапалық тұрғыдан бағалауды қамтитын әдістеме тәуекелдерді басқаруға жан-жақты тәсілді қамтамасыз етеді. Әдістемені Қазақстан жағдайына бейімдеуге, оның ішінде жергілікті экономикалық, әлеуметтік және реттеуші факторларды ескеруге ерекше назар аударылады; – әлеуметтік саладағы МЖӘ жобаларын іске асырудың әлемдік тәжірибесін талдау және үздік тәжірибелерді қазақстандық жағдайға бейімдеу. Әлемдік тәжірибе талдау үшін мол материал береді. Зерттеу Қазақстанда қолдануға болатын тиімді тәжірибелерді анықтауға бағытталған, бұл жобалардың тиімділігін арттыруға және тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді; – Қазақстандағы әлеуметтік саладағы МЖӘ жобаларының қазіргі жағдайын және даму перспективаларын талдау. Қазіргі жобаларды талдау негізгі мәселелер мен кедергілерді анықтауға, сондай-ақ даму әлеуетін бағалауға мүмкіндік береді. Зерттеу перспективалы бағыттарды анықтауға және МЖӘ жобаларын іске асыру жағдайларын жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеуге бағытталған; – әлеуметтік саладағы МЖӘ жобаларына тән тәуекелдерді анықтау және жіктеу. Тәуекелдерді жіктеу оларды тиімді басқарудың негізі болып табылады. Зерттеуде қаржылық, басқарушылық, құқықтық, институционалдық, техникалық және әлеуметтік аспектілерді қамтитын тәуекелдердің егжей-тегжейлі жіктемесі ұсынылады; – әлеуметтік саладағы МЖӘ жобалары үшін тәуекелдерді басқару моделін әзірлеу және апробациялау. Модель теориялық тұрғыдан негізделіп қана қоймай, тәжірибеде тексерілуі тиіс. Ұсынылған модель әлеуметтік жобалардың ерекшеліктерін ескеріп, жобаның барлық кезеңдерінде тәуекелдерді тиімді басқаруға мүмкіндік береді; – әлеуметтік саладағы МЖӘ жобаларының тәуекелдерін азайту және тұрақтылығын арттыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу. Зерттеу нәтижелеріне негізделген ұсынымдар мемлекеттік органдар мен жеке әріптестерге жобаларды басқаруды жетілдіруге арналған нақты құралдар мен шараларды қамтиды. Зерттеу әдістері: Зерттеуде тақырыпты жан-жақты қарастыру үшін әртүрлі әдістер қолданылды. Монографиялық әдіс әлеуметтік саладағы МЖӘ-нің теориялық негіздерін әзірлеуге пайдаланылды. Статикалық және динамикалық әдістер тәуекелдерді сандық бағалау үшін қолданылды, бұл олардың жобаның әр кезеңіне әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Салыстырмалы талдау әдісі әлемдік тәжірибені зерттеу және бейімдеу үшін қолданылды. Есептік-конструктивтік әдіс пен дисконттау әдістері ұсынылған шешімдердің экономикалық тиімділігін бағалау үшін пайдаланылды. Негізгі ережелері: – Қазақстан жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, «әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік» ұғымының авторлық анықтамасы; – әлеуметтік саладағы МЖӘ жобаларының тәуекелдерін кешенді бағалау әдістемесі; – Қазақстандағы әлеуметтік саладағы МЖӘ жобаларының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын бағалау; – әлеуметтік саладағы МЖӘ жобалары үшін тәуекелдерді басқару моделін әзірлеу және апробациялау; – тәуекелдерді азайту және жобалардың тұрақтылығын арттыру бойынша практикалық ұсынымдар. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы: – әлеуметтік саладағы МЖӘ шеңберіндегі инвестициялық қызметтің ерекшеліктері негізделді; – тәуекелдерді басқару алгоритмін қамтитын кешенді бағалау әдістемесі әзірленді; – әлемдік тәжірибе талданып, үздік тәжірибелер Қазақстан жағдайына бейімделді; – әлеуметтік саладағы МЖӘ жобаларының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары бағаланды; – тәуекелдердің егжей-тегжейлі жіктемесі әзірленді; – тәуекелдерді басқару моделі әзірленіп, тәжірибеде тексерілді; – тәуекелдерді азайту және жобалардың тұрақтылығын арттыру бойынша нақты шаралар ұсынылды. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі: – әлеуметтік саладағы МЖӘ-нің мәні мен ерекшелігі туралы теориялық білімді тереңдетеді; – тәуекелдерді бағалау және басқару әдістемелері инвесторлар, жобалаушылар және талдаушылар үшін практикалық құрал бола алады; – әзірленген тәсілдер экономиканың басқа салаларында да қолданылуы мүмкін; – алынған нәтижелер МЖӘ саласындағы жаңа аналитикалық және эмпирикалық деректердің қалыптасуына ықпал етеді. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламарға сәйкестігі. Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік салаға жеке инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларына толық сәйкес келеді. Атап айтқанда, олар 2024–2028 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыруға ықпал етуі мүмкін. Докторанттың әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы жазылады. Зерттеу нәтижелері 8 ғылыми мақалада жарияланған, оның ішінде Scopus базасындағы рецензияланатын журналда – 1 мақала (68-процентиль, Q2), ҚР ҒЖБМ КОКСНВО ұсынған басылымдарда – 3 мақала, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар материалдарында – 4 мақала. Автор зерттеуді диссертацияның барлық кезеңдерінде дербес жүргізді және зерттеу тақырыбы бойынша арнайы біліктілік пен практикалық тәжірибеге ие.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/2MEuxMVtVe0
