
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ергалиев Рауан Ерсинович «6D050600 – Экономика» мамандығы бойынша «Цифрлық технологияларды пайдалану арқылы өнім жеткізу тізбектерінде логистикалық сервисті дамыту» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Экономика және кәсіпкерлік кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Ресми рецензенттер:
Баймуханбетова Эльмира Есенбековна – экономика ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының доценті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).;
Молдабекова Айсулу Турсынбаевна – PhD, доцент, ҚР ҒЖБМ Ғылым Комитетінің Экономика институты «ZertteuLab» зертхана меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Шинкевич Алексей Иванович – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазан ұлттық зерттеу технологиялық университетінің «Логистика және басқару» кафедрасының меңгерушісі (Қазан қ., Ресей Федерациясы).
Кегенбеков Жандос Кадырханович – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан-немі университеті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Мухамедханова Айнур Батырхановна – PhD, М.Ауезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан университеті «Экономика» кафедрасының доценті (Шымкент қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Раимбеков Жанарыс Сабирович – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы)
Томас Чой – PhD, профессор, Аризона Университеті (Темпи қ., Аризона штаты, АҚШ).
Қорғау 2026 жылғы 12 маусым, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6D050600 – Экономика» мамандығы бойынша «8D041 – Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес отырысы аралас (офлайн және онлайн) форматта өткізіледі.
Сілтемесі: https://twi.kz/ImTM
Мекен-жайы: г. Астана, ул. Кажымукана, 11, ауд. №517
Аңдатпа (қаз.): Ерғалиев Рауан Ерсінұлының 6D050600 – «Экономика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Цифрлық технологияларды пайдалану арқылы өнім жеткізу тізбектерінде логистикалық сервисті дамыту» тақырыбындағы диссертациялық жұмысының АҢДАТПАСЫ Диссертациялық зерттеудің мақсаты – цифрлық технологияларды пайдалану жағдайында өнім жеткізу тізбектеріндегі логистикалық сервисті дамыту бойынша теориялық-әдіснамалық негіздер мен қолданбалы ұсыныстарды әзірлеу. Зерттеу міндеттері: – логистикалық сервис ұғымын және оның жеткізу тізбектеріндегі орнын нақтылау, сондай-ақ логистикадағы цифрлық технологиялардың мәні мен функцияларын анықтау; – цифрландыру жағдайында логистикалық сервистің тиімділігін бағалаудың әдіснамалық тәсілдерін зерттеу; – халықаралық және ұлттық деңгейде логистикалық сервистің даму үрдістері мен логистикалық процестердің цифрлану деңгейін талдау; – ет өнімдерін жеткізу тізбектеріндегі логистикалық сервистің ағымдағы жағдайын бағалау, салалық ерекшеліктерді, бар проблемалар мен шектеуші факторларды анықтау; – цифрландыру деңгейі мен логистикалық сервистің тиімділік көрсеткіштері арасындағы өзара байланысты анықтау мақсатында кәсіпорындарға сауалнама жүргізу; – цифрлық технологиялардың логистикалық сервисті дамытуға әсерін анықтау, негізгі цифрлық құралдарды айқындау және олардың логистикалық көрсеткіштерге (жылдамдық, сенімділік, шығындар, клиенттердің қанағаттануы және т.б.) әсерін бағалау; – ұсынылған шаралардың экономикалық тиімділігін негіздеу және олардың жеткізу тізбегіне қатысушыларға әсерін бағалау; – логистикалық сервисті институционалдық дамыту мен басқарудың стратегиялық басымдықтарын, тұжырымдамалық моделін және механизмін ұсыну; – ет өнімдерін жеткізу тізбектерінде логистикалық сервисті цифрлық технологиялар негізінде арттыру бойынша әдістемелік тәсілдер мен практикалық ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу әдістері. Жұмыста жүйелік және салыстырмалы талдау әдістері, экономикалық-статистикалық әдістер, эмпирикалық деректерді өңдеу тәсілдері, сондай-ақ өнім жеткізу тізбектеріне қатысатын кәсіпорындарға сауалнама жүргізу қолданылды. Эмпирикалық база логистикалық тізбектің әртүрлі буындарындағы кәсіпорындарды қамтитын сауалнама нәтижесінде қалыптастырылып, нәтижелердің репрезентативтілігін қамтамасыз етті. Қорғауға ұсынылатын негізгі ережелер: Кәсіпорындардың логистикалық сервис сапасын сандық бағалау әдістемесі. Логистикалық сервистің интегралдық индексі (ILS) ұсынылып, ол негізгі көрсеткіштерді олардың маңыздылығын ескере отырып біртұтас критерийге біріктіреді. Цифрлық технологияларды енгізудің логистикалық сервис деңгейіне әсерін бағалау моделі. Эмпирикалық деректердің статистикалық талдауы негізінде логистиканы цифрландырудың негізгі қызмет параметрлеріне оң әсері дәлелденді. Логистикалық сервис деңгейінің тез бұзылатын өнімдердің жеткізу тізбектерінің экономикалық тиімділігіне әсерін сандық бағалау моделі. Логистикалық сервисті институционалдық және ұйымдастырушылық-экономикалық дамытуға арналған тұжырымдамалық модель мен механизм. Ет өнеркәсібіндегі логистикалық сервиске цифрлық шешімдерді енгізу бойынша ғылыми-практикалық ұсыныстар кешені. Зерттеудің негізгі нәтижелері: – логистикалық сервис экономикалық категория ретінде теориялық тұрғыда талданып, оның жеткізу тізбектерінің тиімділігінің интегралдық көрсеткіші ретіндегі рөлі нақтыланды және оны сандық бағалау қажеттілігі негізделді; – кәсіпорындардың логистикалық сервис сапасын сандық бағалау әдістемесі әзірленді, оның ішінде негізгі көрсеткіштерді (жеткізу мерзімі, сенімділік, қызмет көрсету деңгейі, икемділік және т.б.) біріктіретін интегралдық индекс ұсынылды; – тез бұзылатын өнімдер жеткізу тізбектеріндегі кәсіпорындарға жүргізілген эмпирикалық зерттеу негізінде цифрлық технологияларды енгізу деңгейі анықталып, оның әртүрлі буындар мен кәсіпорын түрлері бойынша біркелкі еместігі айқындалды; – цифрландыру деңгейі мен логистикалық сервис көрсеткіштері арасындағы оң өзара байланыс статистикалық түрде дәлелденді, оның ішінде логистикалық шығындардың азаюы, жеткізу жылдамдығы мен сенімділігінің артуы; – цифрлық технологиялардың логистикалық сервиске әсерін бағалау моделі әзірленіп, цифрлық шешімдерді енгізу тиімділігін сандық бағалауға мүмкіндік берілді; – логистикалық сервис деңгейінің жеткізу тізбектерінің экономикалық тиімділігіне әсері анықталып, ол өнім шығындарының азаюы, логистикалық шығындарды оңтайландыру және қосылған құнның өсуі арқылы көрініс табатыны дәлелденді; – логистиканы цифрландырудың экономикалық әсерін сандық бағалау тәсілі ұсынылды; – логистикалық сервисті цифрландырудың негізгі кедергілері анықталды, оның ішінде жоғары инвестициялық шығындар, кадрлық құзыреттіліктің жетіспеушілігі және инфрақұрылымдық шектеулер; – логистикалық сервисті институционалдық және ұйымдастырушылық-экономикалық дамытуға арналған тұжырымдамалық модель мен механизм ұсынылды; – ет өнеркәсібі кәсіпорындарында логистикалық сервисті дамыту үшін цифрлық технологияларды енгізу бойынша практикалық ұсыныстар кешені қалыптастырылды. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығын негіздеу. Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы: – қызмет көрсету көрсеткіштерін олардың салмақтарын ескере отырып біріктіретін логистикалық сервистің интегралдық индексі (ILS) әзірленді. Есептеу әдістемесі ұсынылып, Қазақстанның ет секторы кәсіпорындарының деректерінде апробациядан өткізілді; – цифрлық технологиялардың логистикалық сервис деңгейіне әсері эмпирикалық түрде дәлелденді. Регрессиялық талдау негізінде цифрландырудың логистиканың сенімділігін, жылдамдығын және ашықтығын арттыратыны сандық тұрғыда анықталып, ұсынылған гипотеза расталды; – жеткізу тізбектеріндегі логистикалық сервис деңгейі мен логистикалық шығындардың төмендеуі арасындағы сандық байланыс анықталды. Сервисті жақсартуға инвестиция салудың экономикалық тиімділігін көрсететін модель ұсынылды; – цифрлық трансформация жағдайында логистикалық сервисті дамытуға арналған тұжырымдамалық модель қалыптастырылды. Онда цифрлық шешімдерді экономикалық ынталандырулармен біріктіретін стратегиялық және институционалдық басқару механизмдері ұсынылған; – ет саласының логистикасын цифрландыру бойынша қолданбалы ұсыныстар кешені әзірленіп, нақты технологияларды енгізудің экономикалық әсері есептелді. Жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы. Зерттеудің теориялық маңыздылығы логистикалық сервис және жеткізу тізбектерін басқару саласындағы ғылыми түсініктерді дамытуға қосқан үлесімен айқындалады. Біріншіден, жұмыс ет өнімдерін жеткізу тізбектерінде цифрландырудың логистикалық сервиске әсерінің жеткіліксіз зерттелуімен байланысты ғылыми олқылықтың орнын толтырады. Алынған нәтижелер цифрлық технологиялардың логистика тиімділігіне әсер ету механизмдерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Диссертацияда цифрлық құралдардың сервис сапасын және жеткізу тізбектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы екендігі эмпирикалық түрде дәлелденген. Осы арқылы логистика теориясының цифрлық трансформация жағдайындағы ережелері кеңейтіліп, цифрландыру логистикалық көрсеткіштерді жақсартудың дербес драйвері ретінде қарастырылатыны көрсетілді. Екіншіден, жұмыста әзірленген әдістемелік тәсілдер (логистикалық сервис көрсеткіштерінің интегралдық жүйесі, цифрландырудың сервиске әсерін бағалайтын эконометриялық модель) осы саладағы зерттеулердің әдіснамалық базасын толықтырады. Ұсынылған бағалау әдістемесі мен жиналған эмпирикалық материал жеткізу тізбектерін басқару, цифрлық логистика және сабақтас бағыттар бойынша әрі қарайғы ғылыми зерттеулерде қолданылуы мүмкін. Практикалық маңыздылығы зерттеудің нақты сектор үшін, әсіресе Қазақстанның ет өнеркәсібі кәсіпорындары үшін жоғары құндылығымен анықталады. Жүргізілген талдау логистикалық сервистегі нақты проблемалық аймақтарды анықтауға, сондай-ақ кәсіпорындардың цифрлық шешімдерді енгізуге дайындығын бағалауға мүмкіндік берді. Көптеген кәсіпорындардың әлі де қолжетімді цифрлық құралдарды пайдаланбайтыны және соның салдарынан жеткізу жылдамдығы мен сапасы бойынша әлеуетті артықшылықтарды толық пайдаланбай отырғаны анықталды. Зерттеу нәтижелері бизнес пен салалық басқарушыларға логистиканың қай бағыттарын бірінші кезекте жетілдіру қажет екенін және қандай технологиялар ең жоғары әсер беретінін нақты көрсетеді. Ұсынылған практикалық ұсыныстар ет өнімдерінің логистикасын цифрлық трансформациялау бойынша жол картасы ретінде қарастырылуы мүмкін. Оларды іске асыру логистикалық шығындарды азайтуға, өнім жоғалтуларын төмендетуге (сақтау және тасымалдау шарттарын бақылау жүйелерін енгізу арқылы), клиенттік сервисті жақсартуға және нәтижесінде кәсіпорындардың табыстылығы мен нарықтағы үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Салалық деңгейде бұл шаралар жеткізу тізбектерінің тұрақтылығы мен ашықтығын арттыруға ықпал етеді, бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен экспорттық әлеуетін күшейту тұрғысынан маңызды. Сонымен қатар, диссертацияның қорытындылары мен ұсыныстары мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастықтардың қызметінде қолданылуы мүмкін. Атап айтқанда, анықталған цифрландыру кедергілері (инвестициялардың жеткіліксіздігі, локализацияланған ІТ-шешімдердің болмауы, білікті кадрлардың тапшылығы) макродеңгейде қолдауды талап ететін бағыттарды көрсетеді. Агроөнеркәсіптік кешен мен логистикалық инфрақұрылымды дамытуға жауапты органдар зерттеу нәтижелерін цифрлық технологияларды енгізуді ынталандыру бағдарламаларын әзірлеуде пайдалана алады. Ғылымды дамыту бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі. Диссертациялық зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес келеді, атап айтқанда экономиканы цифрландыру және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелерімен үйлеседі. Нәтижелер Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін 2030 жылға дейін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының ережелерімен үйлеседі, онда өнім жеткізу тізбектерін тиімді қалыптастыру, агрологистикаға цифрлық технологияларды енгізу және өнімді тасымалдау мен сақтау кезіндегі шығындарды азайту көзделген. Ұсынылған әдістемелік тәсілдер, модельдер мен практикалық ұсыныстар логистикалық процестердің тиімділігін арттыруға, цифрлық инфрақұрылымды дамытуға және аграрлық азық-түлік жеткізу тізбектерінің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған іс-шараларды іске асыруда қолданылуы мүмкін. Ізденушінің жарияланымдарды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелері 11 ғылыми жұмыста жарияланған, оның ішінде Scopus деректер базасында индекстелетін журналдағы бір мақала (50-процентиль), Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдардағы төрт мақала, сондай-ақ халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы алты жарияланым бар. Ізденуші жарияланымдарды дайындаудың барлық кезеңдеріне тікелей қатысқан: зерттеу мақсаттары мен міндеттерін қою, эмпирикалық деректерді жинау және өңдеу, аналитикалық есептеулер жүргізу, әдістемелік тәсілдер мен модельдерді әзірлеу, нәтижелерді түсіндіру және қорытындылар қалыптастыру. Зерттеу нәтижелері Астана және Стамбул қалаларында өткен халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда апробациядан өтті, сондай-ақ №AP08856331, №AP19677634 және «Жас Ғалым» №AP22686491 ғылыми жобаларын іске асыру барысында пайдаланылды. Жекелеген ұсыныстар «Қазақстан көлік холдингі» ЖШС-нің практикалық қызметіне енгізілді, бұл енгізу актісімен расталады.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=qp5M4uRJTSU
