
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Бисембиева Жанаргуль Курганышовна «8D04102 – Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақстанның Батыс аймағындағы адами капиталдың сапасын бағалау» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Экономика және кәсіпкерлік кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Бакирбекова Айгуль Макулбековна - экономика ғылымдарының кандидаты, қауым.профессор, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Экономика» кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Байтуова Лаура Толегетаевна – PhD, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, «Қаржы, есеп және аудит» БББТ аға оқытушысы (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Ширинкина Елена Викторовна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Сургут мемлекеттік университеті «Менеджмент және бизнес» кафедрасының профессоры (Сургут қ., Ресей Федерациясы);
Абдымомынова Алмакул Шакирбековна – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Экономика» кафедрасының профессоры (Қызылорда қ., Қазақстан Республикасы);
Бақтымбет Асем Сериковна – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақ технология және бизнес университетінің «Экономика» кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Майдырова Айгуль Булатовна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының профессоры.
Каштякова Элена - PhD, профессор, Братислава экономикалық университетінің профессоры (Братислава қ., Словакия).
Қорғау 2026 жылғы 10 шілде, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D04102 – Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша «8D041 – Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/3Ty5t3
Мекен-жайы: Астана қ., Қажымұқан, 11, №517 ауд.
Аңдатпа (қаз.): Бисембиева Жанаргуль Курганышовнаның «8D04102 – Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Қазақстанның Батыс аймағындағы адами капиталдың сапасын бағалау» тақырыбындағы диссертациялық жұмысының АҢДАТПАСЫ Диссертациялық зерттеудің мақсаты – Қазақстанның Батыс аймақтарының қазіргі даму жағдайында адами капиталдың сапасын бағалау және оны жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу жұмысы Қазақстанның Батыс аймағындағы адами капиталдың сапасын бағалау мәселелеріне арналған. Қазіргі жағдайда адами капитал экономикалық өсудің, инновациялық дамудың және ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторы ретінде қарастырылады. Экономиканың цифрлануы, технологиялық өзгерістер, еңбек нарығындағы жаңа талаптар мен жаһандық сын-қатерлер адами капитал сапасын бағалау мен оны тиімді басқарудың маңыздылығын арттыруда. Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылды: 1. Адами капиталдың сапасының теориялық негіздемелерін талдау негізінде «адами капиталдың сапасы» ұғымына авторлық тұрғыдан анықтама ұсыну; 2. Адами капиталдың сапасын бағалаудың әдіснамалық негіздерін қарастыру және зерттеу 3. Адами капитал сапасын бағалаудың шетелдік тәжірибесін зерделеу. 4. Қазақстанның Батыс аймағындағы адами капитал сапасының қазіргі жағдайына талдау жүргізу. 5. Адами капитал сапасын және оны пайдалану тиімділігін бағалау. 6. Адами капитал сапасының Қазақстанның Батыс аймағындағы әлеуметтік экономикалық даму деңгейіне әсерін талдау. 7. Аймақтағы адами капиталдың сапасын дамытудың жолдарын анықтау және болжау. 8. Диссертациялық жұмыстағы зерттеу әдістері ретінде статистикалық талдау, салыстырмалы бағалау, индекстік әдіс, интегралдық көрсеткіштер әдісі, құрылымдық-функционалдық талдау, динамикалық модельдеу және көпфакторлы жүйелік тәсілдер қолданылды. Диссертация тақырыбын зерттеудің теориялық және әдіснамалық базасы шетелдік және қазақстандық ғалымдардың ғылыми туындыларындағы қалыптасқан және бекітілген адами капитал және оның сапасы туралы тұжырымдамасының негізгі ережелері құрайды. Адами капитал және оның сапасын бағалау жөніндегі негізгі тұжырымдар мен категорияларды негіздеудің бастапқы көздерінің бірі - экономикалық теорияның классиктері мен неоклассиктерінің, қазіргі заманғы қазақстандық және шетелдік ғалым-экономистердің адами капиталды пайдалану теориясы мен тәжірибесін әзірлеу саласындағы еңбектері болды. Қорғауға шығарылатын ережелер: – «адами капиталдың сапасы» үғымының жаңа авторлық түсіндірмесі; – адами капиталдың сапасын бағалауға және болжам есептеуге арналған модельдік кешен; – адами капиталдың сапасының бағалау және экономикалық өсуге байланысты тигізетін әсерін анықтауға мүмкіндік беретін мезо-деңгейдегі басқару жүйесінің схемасы; – Қазақстанның Батыс аймағы бойынша жүргізілген SWOT талдау негізінде адами капиталдың сапасын дамыту бойынша стратегиялық бағыттар және ұсыныстар. Диссертациялық зерттеу барысында келесі негізгі нәтижелерге қол жеткізілді: 1. Адами капиталдың мәні мен мазмұнына қатысты отандық және шетелдік ғылыми көзқарастар жүйеленіп, олардың эволюциялық даму ерекшеліктері зерттелді. Зерттеу нәтижесінде қазіргі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, цифрландыру және инновациялық даму жағдайлары ескеріле отырып, «адами капиталдың сапасы» ұғымына авторлық анықтама берілді. 2. Адами капитал сапасын бағалаудың теориялық және әдістемелік негіздері талданып, халықаралық ұйымдардың (БҰҰДБ, Дүниежүзілік банк, ЭЫДҰ және т.б.) тәжірибелері зерттелді. Адами капитал сапасын бағалаудың көрсеткіштері мен критерийлері жүйелендірілді. 3. Қазақстанның Батыс аймағы өңірлерінің (Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары) әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері негізінде адами капитал сапасының қазіргі жағдайына кешенді талдау жүргізілді. Өңірлердің білім беру, денсаулық сақтау, халықтың әл-ауқаты және еңбек нарығы көрсеткіштері бойынша ерекшеліктері анықталды. 4. Қазақстанның Батыс аймағында адами капитал сапасын бағалауға арналған үш деңгейлі модельдік кешен әзірленді. Ұсынылған модель адами капитал сапасын қалыптастырушы факторлардың өзара байланысын бағалауға және оның даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. 5. Адами капитал сапасының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне әсері бағаланып, адами капитал сапасы мен өңірлік экономикалық өсім арасындағы тәуелділік анықталды. Зерттеу нәтижелері адами капитал сапасының жоғары болуы еңбек өнімділігінің, инновациялық белсенділіктің және халықтың өмір сүру сапасының артуына ықпал ететіндігін көрсетті. 6. Адами капитал сапасын басқарудың мезо-деңгейдегі механизмі әзірленіп, оның экономикалық тиімділігін бағалауға арналған басқару жүйесінің схемасы ұсынылды. Бұл механизм өңірлік деңгейде адами капиталды дамыту саясатын жетілдіруге мүмкіндік береді. 7. Қазақстанның Батыс аймағы бойынша жүргізілген SWOT-талдау негізінде адами капиталды дамытудағы күшті және әлсіз жақтар, мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлер айқындалды. Осы талдау нәтижесінде адами капитал сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық басымдықтар мен даму бағыттары ұсынылды. 8. Аймақтың инновациялық даму қажеттіліктеріне сәйкес адами капитал сапасын жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстар әзірленді. Ұсынылған шаралар білім беру жүйесінің сапасын арттыруға, денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігін жақсартуға, еңбек ресурстарының біліктілігін көтеруге және адами капиталдың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Зерттеудің ғылыми жаңалығы адами капитал сапасының мазмұнын қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар тұрғысынан нақтылауда, Қазақстанның Батыс аймағы үшін адами капитал сапасын бағалауға арналған үш деңгейлі модельдік кешен әзірлеуде, адами капиталдың экономикалық тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін мезо-деңгейдегі басқару жүйесінің механизмін ұсынуда көрініс тапты. Сонымен қатар, SWOT-талдау нәтижелері негізінде аймақта сапалы адами капиталды қалыптастырудың стратегиялық бағыттары мен оны тұрақты дамытудың практикалық ұсыныстары әзірленді. Зерттеу барысында адами капитал сапасының теориялық және әдіснамалық негіздері зерделеніп, «адами капиталдың сапасы» ұғымына авторлық анықтама берілді. Адами капитал сапасын бағалаудың халықаралық тәжірибесі талданып, оны бағалаудың әдістемелік аспектілері жүйеленді. Қазақстанның Батыс аймағы өңірлеріндегі адами капиталдың қазіргі жай-күйіне кешенді талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері адами капитал сапасының өңірлік әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне елеулі ықпал ететінін көрсетті. Білім беру, денсаулық сақтау, халықтың әл-ауқаты және инновациялық белсенділік адами капитал сапасын қалыптастыратын негізгі факторлар ретінде анықталды. Аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, адами капиталды дамытуға бағытталған басым шаралар ұсынылды. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі: Диссертациялық зерттеу барысында алынған нәтижелердің ғылыми жаңалығы адами капитал сапасын бағалаудың теориялық, әдіснамалық және практикалық аспектілерін жетілдірумен анықталады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы ең алдымен «адами капиталдың сапасы» ұғымын қазіргі экономиканың цифрлануы, инновациялық даму және еңбек нарығының трансформациялануы жағдайында қайта қарастырумен байланысты. Осы негізде адами капитал сапасының мазмұнын ашатын авторлық анықтама ұсынылды. Ұсынылған анықтама адами капиталдың тек білім мен денсаулық көрсеткіштері арқылы ғана емес, сонымен қатар оның инновациялық белсенділігі, бейімделу қабілеті және экономикалық қайтарымдылығы арқылы сипатталатынын негіздейді. Зерттеудің маңызды ғылыми нәтижелерінің бірі – Қазақстанның Батыс аймағы жағдайында адами капитал сапасын бағалауға арналған үш деңгейлі модельдік кешеннің әзірленуі. Ұсынылған модель адами капитал сапасына әсер ететін факторларды жүйелі түрде бағалауға, олардың өзара байланысын анықтауға және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып кешенді талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Зерттеу барысында адами капитал сапасының өңірлік әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне ықпалы анықталып, оның экономикалық өсуді, еңбек өнімділігін және халықтың өмір сүру сапасын арттырудағы рөлі негізделді. Бұл нәтижелер адами капиталдың өңірлік даму факторы ретіндегі маңыздылығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеуге мүмкіндік береді. Ғылыми жаңалықтың маңызды элементтерінің бірі – адами капитал сапасын басқарудың мезо-деңгейдегі механизмінің ұсынылуы. Әзірленген басқару жүйесі адами капиталды дамыту үдерістерін үйлестіруге, ресурстарды тиімді пайдалануға және өңірлік даму бағдарламаларының нәтижелілігін арттыруға бағытталған. Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы Қазақстанның Батыс аймағындағы адами капитал сапасын арттыруға арналған стратегиялық бағыттар мен нақты ұсыныстардың әзірленуімен сипатталады. SWOT-талдау негізінде анықталған басым бағыттар өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру, денсаулық сақтау, еңбек нарығы және инновациялық қызмет салаларында тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Диссертация нәтижелері мемлекеттік басқару органдарының, өңірлік атқарушы органдардың, білім беру және ғылыми ұйымдардың адами капиталды дамытуға бағытталған бағдарламаларын әзірлеу және жетілдіру барысында қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, зерттеудің теориялық және әдістемелік тұжырымдары адами капитал экономикасы, өңірлік экономика және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін зерттеуге арналған болашақ ғылыми жұмыстар үшін әдіснамалық негіз бола алады. Ғылымның даму бағыттарына және мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі Диссертациялық зерттеу Қазақстан Республикасының ғылымды дамыту басымдықтарына және елдің стратегиялық даму құжаттарында айқындалған міндеттерге сәйкес келеді. Зерттеу тақырыбы адами капиталды дамыту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, еңбек ресурстарының сапасын жетілдіру және өңірлердің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мәселелерін қамтиды. Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму басымдықтарымен, оның ішінде адам әлеуетін дамытуға, білім беру мен ғылымның сапасын арттыруға, халықтың денсаулығын жақсартуға және инновациялық экономиканы қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарымен үйлеседі. Диссертациялық жұмыс Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауларында белгіленген адами капиталды дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруға бағытталған. Зерттеу барысында адами капитал сапасын бағалау мен оны дамыту тетіктерін жетілдіру мәселелері қарастырылып, өңірлік деңгейде тиімді басқару шешімдерін қабылдауға арналған ұсыныстар әзірленді. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының білім беру, ғылым, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларын жетілдіру барысында пайдаланылуы мүмкін. Жұмыс ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, инновациялық дамуды қамтамасыз етуге және адами капиталдың сапасын көтеруге бағытталған ғылыми зерттеулердің басым бағыттарына толық сәйкес келеді. Диссертациялық зерттеу AP26103857 «Экономикалық бағалау қосылған құн адами капитал және оның өмір сапасына әсері» гранттық қаржыландыру жобасы аясында орындалған және «Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер» ғылыми бағытының міндеттерімен сабақтасады. Жарияланымдарды дайындаудағы қосқан үлесінің сипаттамасы. Диссертациялық зерттеу нәтижелері бойынша жарияланған ғылыми жұмыстардың барлығында докторант зерттеу идеяларын қалыптастыруға, ғылыми әдебиеттерді талдауға, зерттеудің әдіснамасын әзірлеуге, статистикалық және аналитикалық материалдарды жинақтауға, өңдеуге және талдауға, сондай-ақ алынған нәтижелерді жүйелеуге тікелей қатысты. Scopus халықаралық дерекқорында индекстелетін ғылыми басылымдарда докторант адами капитал сапасын бағалаудың теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеуге, авторлық тәсілдерді әзірлеуге, эмпирикалық деректерді талдауға және қорытындыларды қалыптастыруға негізгі үлес қосты. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда жарияланған мақалаларда докторант Қазақстанның Батыс аймағындағы адами капитал сапасының қазіргі жағдайын талдауды, бағалау көрсеткіштерін қалыптастыруды және зерттеу нәтижелерін интерпретациялауды жүзеге асырды. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар материалдарында жарияланған еңбектерде докторант баяндамалардың негізгі мазмұнын әзірлеуге, ғылыми нәтижелерді ұсынуға және зерттеу қорытындыларын негіздеуге тікелей қатысты. Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері 14 ғылыми басылымда көрініс тапты: оның ішінде Scopus ғылыми – метриялық базасының басылымында 3 мақала, ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған журналында 3 мақала, шетелдік ғылыми басылымдар мен халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция материалдарының жинағында – 8 мақала жарияланды. Авторлық құқықпен қорғалатын обьектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіміне мәліметтерді енгізу туралы 1 анықтама алынды. Зерттеу нәтижелері бойынша алынған барлық ғылыми қорытындылар, ұсыныстар мен практикалық ұсынымдар диссертация бойынша жеке ғылыми ізденістері нәтижесі болып табылады.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=LYqht0_Z1II
