
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Дуйсенбекова Айгерим Азатқызы «8D04106 – Аналитикалық Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ауылшаруашылығының тұрақты дамуы: экономикалық аспект (Шығыс Қазақстан облысының материалдары)» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Экономика және кәсіпкерлік кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Ресми рецензенттер:
Керимова Укиляй Керимовна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
Бұхарбаева Ақмарал Жетібайқызы – PhD докторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Экономика» кафедрасының қауым.профессоры (Қызылорда қ., Қазақстан).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Таджиева Сайора Ураловна – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Бұхара мемлекеттік университетінің «Қызмет көрсету саласы экономикасы» кафедрасының меңгерушісі (Бухара қ., Өзбекстан Республикасы);
Есиркепова Алтын Махмудовна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Экономика» кафедрасының меңгерушісі (Шымкент қ., Қазақстан Республиксы);
Темирова Ақмарал Болатовна – экономика ғылымдарының кандидаты, қауым. профессор, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Экономика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Қызылорда қ., Қазақстан).
Ғылыми кеңесшілері:
Рыспекова Мадина Оразовна – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының доценті (Астана қ., Қазақстан Республикасы)
Алина Даниловска – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Варшава жаратылыстану ғылымдары университеті Экономика және қаржы институтының «Экономика және экономикалық саясат» кафедрасының меңгерушісі (Варшава қ., Польша)
Қорғау 2026 жылғы 10 шілде, сағат 13:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D04106 – Аналитикалық Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша «8D041 – Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/3U58iS
Мекен-жайы: Астана қ., Қажымұқан, 11, №517 ауд.
Аңдатпа (қаз.): АҢДАТПАСЫ Дуйсенбекова Айгерим Азатқызы «8D04106 – Аналитикалық экономика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ауылшаруашылығының тұрақты дамуы: экономикалық аспект (Шығыс Қазақстан облысының материалдары)» диссертациялық жұмысының. Диссертациялық зерттеудің мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған әдіснамалық тәсілдерді ғылыми тұрғыдан негіздеу және қолданбалы механизмдерді әзірлеу. Зерттеу міндеттері: – өңірлік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында ауыл шаруашылығының тұрақты дамуының іргелі аспектілерін жүйелеу; – облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ауыл шаруашылығының экономикалық тұрақтылығын бағалау үшін әдіснамалық құралдарды қалыптастыру; – өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу үшін қолдануға болатын шетелдік механизмдерді айқындай отырып, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуының озық әлемдік тәжірибесін зерделеу; – Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығының ағымдағы жағдайын экономикалық тұрақтылық көрсеткіштері тұрғысынан бағалау; – өңірдің азық-түлік қауіпсіздігіне жүйелі бағалау жүргізу; – ШҚО ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына факторлық бағалауды жүзеге асыру; – облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ШҚО ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жетілдіру шараларын әзірлеу; – облыс ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына кластерлік модельді негіздеу және енгізу; – облыстың азық-түлік қауіпсіздігін жақсарту үшін ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына болжам жасау. Зерттеу әдістері. Диссертациялық зерттеудің әдіснамалық негізін ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талдаудың жүйелі және кешенді тәсілдері, азық-түлік тұрақтылығы тұжырымдамасы, аграрлық экономика және өңірлік даму теориялары құрады. Жұмыста зерттеу әдістерінің кең кешені қолданылды: индекс әдісі (жеке және интегралды көрсеткіштер жүйесі арқылы тұрақтылықты бағалау үшін); факторларды верификациялау және индекстерді агрегаттау кезінде салмақтық коэффициенттерді негіздеу үшін негізгі компоненттер әдісі (PCA); экономикалық тұрақтылық детерминанттарын анықтау үшін факторлық және корреляциялық-регрессиялық талдау; 2029 жылға дейінгі ауыл шаруашылығын дамытудың болжамды модельдерін құру үшін экономикалық-математикалық модельдеу (ЭММ) әдісі; сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығын дамытудың үрдістері мен мәселелерін анықтау үшін құрылымдық-динамикалық, салыстырмалы және графикалық талдау әдістері пайдаланылды. Негізгі ережелері: 1. Ауыл шаруашылығының экономикалық тұрақтылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі арасындағы өзара байланысты авторлық нақтылау. 2. Облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында ауыл шаруашылығының экономикалық тұрақтылығын бағалаудың авторлық әдіснамасы. 3. Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы мен азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін кешенді бағалау, бұл ауыл шаруашылығы секторындағы қолданыстағы диспропорцияларды және өсу нүктелерін анықтауға мүмкіндік берді. 4. Ауыл шаруашылығы өндірісін жүйелі жақсартуға және облыстың азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз етуін нығайтуға бағытталған Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығының тұрақты дамуының ұйымдастырушылық-экономикалық тетігі мен тұжырымдамалық кластерлік моделі. 5. Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығын дамытуды эконометрикалық болжаудың екі деңгейлі жүйесі, оған мыналар кіреді: – микродеңгейде: ауыл шаруашылығының ең перспективалы бағыттары ретінде жұмыртқа және балық өндірісін дамыту модельдері; – макродеңгейде: факторлардың ауыл шаруашылығының экономикалық тұрақтылығына әсерін бағалау моделі, сондай-ақ аграрлық сектордың экономикалық тұрақтылығының өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі деңгейімен өзара байланыс моделі. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы. 1. Облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ауыл шаруашылығының экономикалық тұрақты даму санаты нақтыланып, ғылыми негізделді. Ол аграрлық экономиканың теңгерімді дамуын, ресурстарды ұтымды пайдалануды, ішкі және сыртқы күйзелістерге төзімділікті, азық-түлік тәуелсіздігі мен қазіргі және болашақ ұрпақ үшін тамақтану сапасын қамтамасыз етуді қамтиды. 2. Өңірдің ауыл шаруашылығының тұрақтылығы мен азық-түлік қауіпсіздігін кешенді бағалау әдіснамасы әзірленді. Ол төрт блокты: қаржылық, экономикалық, базалық өнімдерге физикалық қолжетімділік, сондай-ақ тамақтану рационының сапалық құрамы мен тұрақтылығын біріктіруге негізделген. Әртүрлі көрсеткіштерді бірыңғай талдау жүйесіне агрегаттауға мүмкіндік беретін тиісті индекстер мен коэффициенттер ұсынылды. 3. Ауыл шаруашылығының тұрақты дамуының халықаралық тәжірибелеріне салыстырмалы зерттеу жүргізіліп, Шығыс Қазақстан облысы үшін бейімделген механизмдер ұсынылды. 4. 2020–2024 жылдарға арналған ШҚО статистикалық деректерін талдау негізінде ауыл шаруашылығының тұрақты дамуының қазіргі жай-күйіне бағалау жүргізілді. Экономикалық тұрақтылық индексі 2020 жылы 105,85%-ды құраса, 2023 жылы 101,30%-ға дейін төмендеп, 2024 жылы 112,45%-ға дейін өсті. 5. Шығыс Қазақстан облысының азық-түлік қауіпсіздігінің кешенді индексі құрылды. 2024 жылғы қорытынды индекс 101,18%-ды құрады, бұл азық-түлік қауіпсіздігі жүйесінің жеткілікті, бірақ тұрақсыз жағдайына сәйкес келеді. 6. Жүргізілген факторлық талдау өңірде «компенсациялық тұрақтылық» моделінің қалыптасқанын эмпирикалық түрде дәлелдеді. Мұнда аграрлық қауіпсіздікке инвестициялар, мемлекеттік қолдау және жұмыспен қамту оң үлес қосады, ал негізгі қауіптер импортқа тәуелділік пен климаттық күйзелістер болып табылады. Бұл саясатты қаржылық қаражатты количествентік тұрғыдан ұлғайтудан саланың сапалы технологиялық жаңғыруына бағыттау қажеттілігін ғылыми тұрғыдан негіздейді. 7. Аграрлық саясатты жетілдіруге және жергілікті агроазық-түлік жүйелерін дамытуға, қайта өңдеуді кеңейтуге, кооперацияны нығайтуға, басқаруды цифрландыруға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған ұйымдастырушылық-экономикалық тетік пен стратегиялық бағыттар ұсынылды. 8. Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығының тұрақты даму моделі ретінде аграрлық кластер тұжырымдамасы негізделді. Кластерлік тәсіл өндірушілерді, қайта өңдеу кәсіпорындарын, ғылыми орталықтарды, логистиканы және басқару органдарын тұрақтылықтың өсуіне, өзін-өзі қамтамасыз етуді арттыруға және экспорттық әлеуетті күшейтуге бағытталған бірыңғай жүйеге біріктіруге мүмкіндік беретіні көрсетілді. 9. Төрт экономикалық-математикалық модель құрылып, Шығыс Қазақстан облысының 2025–2029 жылдарға арналған негізгі агроазық-түлік және экономикалық көрсеткіштеріне болжам жасалды. Жұмыртқа ішкі кешенінің моделі жоғары түсіндіргіштік қабілетті (R² = 0,885) көрсетіп, жұмыртқалағыш тауықтар санының, жұмыртқа импортының және инвестициялардың маңыздылығын растады. Балық ішкі кешенінің моделі жоғары статистикалық сенімділікті (R² = 0,844) көрсетіп, тауарлы балық өсірудің, балық пен теңіз өнімдері импортының және балық аулау мен аквакультура өнімдері көлемінің маңызды рөлін анықтады. Мемлекеттік қолдау, кредиттеу және еңбек өнімділігі негізіндегі ауыл шаруашылығының экономикалық тұрақтылық индексінің моделі R² = 0,8954 мәніне ие болды. Азық-түлік қауіпсіздігі индексінің экономикалық тұрақтылық индексіне тәуелділігінің бір факторлы моделі де статистикалық маңызды оң байланысты (β = 1,0255; R² = 0,6211) растады. 10. Болжам бойынша, ұсынылған шаралар іске асырылған жағдайда, ауыл шаруашылығының экономикалық тұрақтылық индексі 2024 жылғы 112,45%-дан 2029 жылы 126,19%-ға дейін, ал азық-түлік қауіпсіздігі индексі 101,18%-дан 122,18%-ға дейін өсуі мүмкін. 11. Ауыл шаруашылығының тұрақтылығына кедергі келтіретін негізгі барьерлер бөліп көрсетілді, оның ішінде жекелеген шаруашылықтардың төмен қаржылық тұрақтылығы, кооперативтік нысандардың әлсіз дамуы, шағын шаруашылықтардағы инновациялық және технологиялық енгізудің жеткіліксіз деңгейі, сондай-ақ азық-түліктің жекелеген түрлері бойынша сыртқы жеткізілімдерге тәуелділіктің сақталуы. 12. Аграрлық саясаттағы стратегиялық шешімдердің тиімділігі кешенді индекстеу, факторлық және регрессиялық талдау деректеріне негізделуі тиіс екендігі дәлелденді. Диссертацияда ұсынылған индикаторлар мен модельдер тұрақты өңірлік мониторинг жүйесі үшін негіз ретінде пайдаланыла алады. Аграрлық сектордың тұрақты дамуын болжамды-талдамалық бағалау алгоритмі әзірленді, ол диагностиканы, кластерлеуді, модельдеуді және синергетикалық әсерді бағалауды қамтиды. Бұл үрдістерді тіркеп қана қоймай, өңірдің бейімделгіш және тұрақты азық-түлік жүйесін қалыптастыра отырып, оларды басқаруға мүмкіндік береді. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі. 1-нәтиже жаңа болып табылады, өйткені ауыл шаруашылығының экономикалық тұрақты даму санатын авторлық нақтылау азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрақтылықты өңірлік азық-түлік қауіпсіздігімен ажырағысыз байланыстырып, зерттеудің теориялық-әдіснамалық іргетасын қалайды. 2-нәтиже жаңа болып табылады, себебі қаржылық, экономикалық, физикалық қолжетімділік пен азық-түлік сапасын біріктіретін кешенді бағалаудың интеграцияланған әдіснамасы әзірленді. Бұл басқару органдарына азық-түлік қауіпсіздігін агрегатталған индекстер арқылы өлшеуге мүмкіндік береді. 3-нәтиже жаңалық элементтерін қамтиды, атап айтқанда цифрландыру, агроэкология және қосылған құн тізбегін дамыту сияқты жаһандық үрдістерді шетелдік тәжірибелерді тиімсіз көшірудің алдын алу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының институционалдық ерекшеліктеріне бейімдеуімен ерекшеленеді. 4-нәтиже жаңа болып табылады, өйткені өңірдің 2020–2024 жылдардағы экономикалық тұрақтылық индексінің серпіні алғаш рет есептеліп, дамудағы диспропорция мен басқару тәсілдерін өзгерту қажеттілігі эмпирикалық түрде дәлелденді. 5-нәтиже жаңа болып табылады, себебі халықтың азық-түлікке қаржылық қолжетімділігінің осал тұстарын дәл анықтауға мүмкіндік беретін азық-түлік қауіпсіздігінің интегралды өңірлік индексі әзірленді. 6-нәтиже жаңалыққа ие, өйткені өңірлік «компенсациялық тұрақтылық» моделі эмпирикалық түрде негізделді. Ол ағымдағы тұрақтылықтың негізінен саланың жүйелі әлсіздіктерін жасыратын мемлекеттік қаражат есебінен қол жеткізілетінін дәлелдейді. 7-нәтиже жаңа болып табылады, себебі ШҚО ауыл шаруашылығының мұқтаждықтарына бейімделген және жергілікті аграрлық саясатты жаңғырту үшін практикалық жол картасы қызметін атқаратын түпнұсқалық ұйымдастырушылық-экономикалық басқару конструкторы әзірленді. 8-нәтиже жаңалықты негіздейді, атап айтқанда өндірістік-логистикалық тізбектер мен цифрлық агроплатформаны тұрақты даму мен қосылған құнның өсуін қамтамасыз ететін бірыңғай тұжырымдамалық кластерлік модельге интеграциялау. 9-нәтиже жаңа болып табылады, себебі жұмыртқа және балық өндірісі шаруашылықтары үшін түсіндіргіштік қабілеті жоғары арнайы өңірлік эконометрикалық модельдер құрылды, олар басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалау үшін дәл математикалық құрал ұсынады. 10-нәтиже алғаш рет сандық түрде дәлелдейді, ШҚО-дағы нысаналы инвестициялық жобаларды 2029 жылға дейін іске асырудың синергетикалық әсерін және өңірдің тапшылықтан тауарлық профицитке көшуінің сценарийлік болжамының экономикалық орындылығын растайды. 11-нәтиже жаңалық әкеледі, өйткені шаруашылық жүргізудің шағын нысандары мен кооперацияны дамытудың нақты жергілікті шектеулері айқындалып, жедел экономикалық араласуды талап ететін құрылымдық мәселелер көрсетілді. 12-нәтиже жаңа болып табылады, себебі аграрлық саясатты регрессиялық және факторлық талдау негізінде басқаруға көшу қажеттілігі дәлелденіп, цифрлық өңірлік мониторинг жүйесі үшін база қалыптастырылды. 13-нәтиже жаңалықты қамтиды, өйткені авторлық болжамды-талдамалық бағалау алгоритмі әзірленіп, ол өңірдің азық-түлік жүйесін бейімделгіш басқару үшін әмбебап құрал ретінде қолданылады. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі. Бұл диссертациялық зерттеу Қазақстан Республикасының ғылымды дамытудың басым бағыттары аясында орындалған, ол тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған. Зерттеу тақырыбы Қазақстан Республикасының бірқатар мемлекеттік бағдарламалық және стратегиялық құжаттарында белгіленген міндеттерге сәйкес келеді: 2021–2030 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тұжырымдамасы; 2021–2025 жылдарға арналған «Тұрақты экономикалық өсу және өңірлерді дамыту» ұлттық жобасы; 2023–2027 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы; «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы; сондай-ақ «Қазақстан–2050» стратегиясы және Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы. Докторанттың әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы жазылады. Зерттеу нәтижелері 18 ғылыми мақалада жарияланды, оның ішінде Scopus базасындағы рецензияланатын журналдарда 2 мақала (80-процентиль, Q1 және 59-процентиль, Q2), ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда 3 мақала, РФ Жоғары аттестациялық комиссиясы ұсынған журналдарда 2 мақала, шетелдік ғылыми басылымда 1 мақала, отандық ғылыми басылымда 1 мақала және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар материалдарында 9 мақала жарияланған. Автор зерттеудің барлық кезеңдерінде дербес жұмыс істеген, тақырып бойынша тиісті біліктілік пен практикалық тәжірибеге ие.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/E9vwsV2-NL8?si=BtVwvG2Bvym3aTKC
