
«8D04106 - Аналитикалық Экономика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Маханов Сагат Султанбекович диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Маханов Сагат Султанбекович «8D04106 – Аналитикалық Экономика» мамандығы бойынша «Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу және мұнай химиясы өнімін кеңейтудегі инвестициялық қызметі» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Рецензенттер:
Османов Жасым Джафарович - ғылым кандидаты, доцент, Ұйым
Омарова Айжан Игиликовна - ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, доцент
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Шинкевич Алексей Иванович - ғылым докторы, профессор, профессор
Валеева Юлия Сергеевна - ғылым докторы, доцент, Ресей кооперациялық университеті, проректор
Сыздықова Азиза Оралбайқызы - философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, доцент
Сагинаев Аманжан Туремуратович - ғылым докторы, профессор, КЕАҚ «Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және Газ Университеті», профессор
Есберген Раушан Әкімгерейқызы - ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, доцент
Сихимбаева Динар Рахмангазовна - ғылым докторы, профессор, Қазтұтынуодағы Караганды университеті , профессор
Ғылыми кеңесшілер:
Егембердиева Сауле Меирбековна – экономика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Дмитрий Николаевич Силка – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы).
Қорғау 2023 жылғы 26 желтоқсан, сағат 15:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D04106 – Аналитикалық Экономика» мамандығы бойынша «8D041 – Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/36jp5Z
Мекен-жайы: г. Астана, ул. Кажымукана, 11, ауд. №517 (УЛК)
Аңдатпа (қаз.): «8D04106 – Аналитикалық экономика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған Маханов Сағат Сұлтанбекұлының «Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу және мұнай химиясы өнімін кеңейтудегі инвестициялық қызметі» диссертациялық жұмысына АҢДАТПА Диссертациялық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу өнеркәсібі мен мұнай химиясындағы инвестициялық қызметін теориялық-әдістемелік негіздеу және оның экономикалық тиімділігін бағалау бойынша ұсыныстар әзірлеу. Зерттеудің міндеттері: - мұнай өңдеу өнеркәсібі мен мұнай химиясындағы инвестициялық қызметтің ерекшелігін зерделеу және «мұнай өңдеу өнеркәсібі мен мұнай химиясындағы инвестициялық қызмет» ұғымына авторлық анықтама беру; - Қазақстанның мұнай-газ кешенінің ерекшелігін ескере отырып, мұнай өңдеу және мұнай химиясы өнімдерін шығаруды кеңейту үшін өндірістер құру бойынша инвестициялық қызметті экономикалық бағалау тәсілдерінің әдістемесін негіздеу; - мұнай өнімдері мен мұнай-химия өнімдерінің әлемдік нарықтарына талдау жүргізу, жекелеген елдер-ірі инвесторлардың инвестициялық қызметін зерттеу; - Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешенінің мұнай өңдеу және мұнай-химия өнімдерін шығару жөніндегі инвестициялық қызметінің қазіргі жай-күйіне талдау жасау; - ел экономикасының мұнай-химия секторының даму факторларын анықтау; - Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртудағы инвестициялық қызметінің нәтижелілігін талдау және бағалау; - мұнай-химия кластерін қалыптастыру бойынша негізгі инвестициялық жобалардың мазмұнына талдау жасау; - авторлық әдістемелік тәсілдерді пайдалана отырып, мұнай-химия өнімдерін шығару үшін өндірістерді кеңейту бойынша инвестициялық қызметке бағалау жүргізу: мұнай-химияның базалық өнімдерін өндіру бойынша индикативтік көрсеткіштерді (өнім көлемі және олардың өсімі, жалпы қосылған құн үлесі, еңбек өнімділігінің өсуі, ішкі нарықта тұтыну, импортты алмастыру) есептеу; - мұнай-химия өнімдерін өндіру бойынша инвестициялық жобалық шешімнің экономикалық тиімділігіне баға беру; - мұнай өңдеу өнеркәсібі мен мұнай химиясын дамытудағы Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының басым бағыттарын айқындау; - инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижелері бойынша мұнай-химия өнімдерінің жаңа түрлерінің экспортына болжамды бағалау жүргізу; - мұнай өңдеу өнеркәсібі мен мұнай химиясы өндірістерін кеңейту жөніндегі инвестициялық қызметтің Қазақстан Республикасының экономикасына және оның салааралық баланстарының құрылымына әсерін бағалау. Зерттеу әдістері. Монографиялық әдіс мұнай өңдеу және мұнай-химия кәсіпорындарының қызмет ету ерекшеліктерін ескере отырып, инвестициялық қызметті бағалаудың авторлық әдістемелік тәсілдерін әзірлеу мақсатында пайдаланылды. Статикалық және динамикалық әдістер, салыстыру әдісі бағалаудың сандық көрсеткіштерін нақтылау және экономикалық құбылыстар арасындағы байланыстарды анықтау, мұнай-газ кешенінің инвестициялық қызметінің жағдайын зерттеу үшін қолданылады. Мұнай-химия өнімдерін өндіру бойынша инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау процесінде есептік-конструктивті және дисконтталған әдістер қолданылды. Салааралық баланстардағы құрылымдық өзгерістерді анықтау үшін мультипликаторлардың әсері қолданылады. Алғашқы мәліметтердің көздері: мұнай-газ кешенінің есеп беру материалдары, мұнай компанияларын дамытудың стратегиялық жоспарлары, мұнай-газ секторындағы кәсіпорындарды әртараптандыру бойынша жобалық шешімдер. ҚР Ұлттық экономика және энергетика министрліктерінің мәліметтері, Халықаралық энергетика агенттігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және түрлі сараптамалық агенттіктердің аналитикалық болжамдары пайдаланылды. Қорғауға шығарылатын негізгі ережелер: - өндірістік үдерістердің ерекшелігін ескере отырып, «мұнай өңдеу өнеркәсібі мен мұнай химиясындағы инвестициялық қызмет» ұғымының авторлық анықтамасы; - Қазақстанның ерекшелігін ескере отырып, мұнай өңдеу және мұнай химиясы өнімдерін кеңейту бойынша инвестициялық қызметті экономикалық бағалау әдістемесі; - Қазақстан Республикасының мұнай өнімдері мен мұнай-химия өнімдерін кеңейтудегі инвестициялық қызметті бағалауы; – мұнай-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаның экономикалық тиімділігін бағалауы; - Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу және мұнай химиясы өнімдерін кеңейтудегі инвестициялық қызметінің басым бағыттары; - мұнай өңдеу мен мұнай химиясындағы инвестициялық қызметтің Қазақстан экономикасына әсері. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы. 1. Мұнай өңдеу өнеркәсібі мен мұнай химиясындағы инвестициялық қызметтің ерекшелігі зерттелді және негізделді: - мұнай өңдеу өнеркәсібі мен мұнай химиясындағы инвестициялық жобаның өмірлік циклінің ерекшеліктері ашылды; - мұнай өңдеу өнеркәсібі мен мұнай химиясындағы инвестициялық қызметтің бағыттары негізделді; - өнім экспортын ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстандағы мұнай өңдеу өнеркәсібі мен мұнай химиясындағы инвестициялық қызметтің ерекшелігі жіктелді; – жүргізілген теориялық зерттеулер негізінде Қазақстан Республикасында өндірісті ұйымдастыру ерекшелігін ескере отырып, «мұнай өңдеу өнеркәсібі мен мұнай химиясындағы инвестициялық қызмет» ұғымына авторлық анықтама берілді. 2. Авторлық тәсілдерді есепке ала отырып, мұнай өңдеу және мұнай химиясы өнімдерін шығару үшін өндірістер құру жөніндегі инвестициялық қызметті экономикалық бағалау әдістемесі ұсынылды: - мұнай өңдеу және мұнай-химия өнімдерін кеңейту бойынша инвестициялық қызметті бағалау әдістемесі зерттелді; - мұнай өңдеу және мұнай химиясы өнімдерін шығару бойынша өндірістерді ұйымдастырудың инвестициялық жобасын басқару алгоритмі әзірленді; - Қазақстанда мұнай өңдеу және мұнай химиясы өнімдерін кеңейту бойынша инвестициялық қызметті бағалаудың кешенді әдістемесі ұсынылды. 3. Мұнай өңдеу және мұнай химиясы өнімдерін кеңейту бойынша Қазақстандағы инвестициялық қызметтің нәтижелілігіне бағалау жүргізілді: - Қазақстанның салалық шетелдік нарықтардағы орнын өзектендіре отырып, мұнай өнімдері мен мұнай-химия өнімдерінің әлемдік өндірісінің талдауы ұсынылды; - Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешенінің мұнай өңдеу және мұнай-химия өнімдерін шығару жөніндегі инвестициялық қызметінің қазіргі жай-күйіне жүргізілген талдау негізінде ел экономикасының мұнай-химия секторын дамыту факторлары айқындалды; - мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жобаларын іске асыру және мұнай химиясы өнімдерін шығару және өндірістерді ұйымдастыру бойынша инвестициялық қызметтің нәтижелілігіне талдау жүргізілді; - авторлық әдістемені қолдану арқылы ұлттық мұнай-химия кластерін құру жобасына баға берілді; - Қазақстанда мұнай өңдеу және мұнай химиясы өнімдерін кеңейту бойынша инвестициялық қызмет нәтижелілігінің топтық сызбасы әзірленді. 4. Мұнай химиясы өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаның экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізілді: - мұнай-химия өнімдерін шығару бойынша өндірісті ұйымдастырудың нақты инвестициялық жобасының экономикалық тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін есептеу жолымен инвестициялық қызметтің нәтижелілігі негізделді; – әр түрлі тәуекелдерге сезімталдықты анықтау арқылы мұнай-химия өнімдерін шығару бойынша өндірісті ұйымдастырудың инвестициялық жобасының тәуекелдеріне талдау жүргізілді. 5. Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу және мұнай химиясы өнімдерін кеңейту жөніндегі инвестициялық қызметінің басым бағыттары ұсынылды: - бірінші басымдық: ішкі нарықты мұнай химиясының базалық өнімдерімен қанықтыру (мұнай-химия өнімдерінің негізгі түрлеріне импорттың төмендеуі және импорт алмастырудың өсуі бойынша болжам берілді); - екінші басымдық: ұлттық мұнай-химия кластерін құру (Қазақстан өнеркәсібі экономикасының мұнай өңдеу және мұнай-химия секторларын дамыту жөніндегі кластерлерді қалыптастыру негізделді); - үшінші басымдық: қазақстандық өнімнің экспортын ұлғайту (өндіріске жоспарланған мұнай-химия өнімдерінің түрлері бойынша экспорттық әлеует ұсынылды). 6. Мұнай өңдеу мен мұнай химиясындағы инвестициялық қызметтің Қазақстан Республикасының экономикасына әсері айқындалды: - Қазақстандағы төртінші мұнай өңдеу зауытын салу және пайдалану кезеңдеріндегі әсерлер жіктелді; - мұнай өңдеу зауытының құрылысы кезеңінде және инвестициялық жобаны іске асырудан салааралық теңгерім мультипликаторларының экономикалық модельдері ұсынылды; - мұнай өңдеу өнімдерін кеңейту мультипликаторының ұлттық экономиканың түрлі салаларына әсері анықталды; - жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде жиынтық әсердің Қазақстан Республикасының экономикасына ықпалына бағалау жүргізілді; - 2030 жылға дейінгі Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлеміне мұнай-химия өнеркәсібі өнімінің қосылған құнының үлесін ұлғайтудың болжамды нәтижелері берілді. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығын негіздеу. 1-нәтиже мұнай өңдеу өнеркәсібі мен мұнай-химия саласындағы инвестициялық қызметті ұйымдастырудың маңызды тұжырымдамасы, ерекшеліктері, бағыттары туралы теориялық білімдерін нақтылайды және тереңдетеді. Алынған нәтижелер ҚР мұнай-газ кешенін дамытуға байланысты экономикалық ғылымдағы жаңа зерттеулерді жүзеге асыруға негіз болады. 2-нәтиже - инвестициялық қызметті бағалауда мұнай өңдеу өнеркәсібі мен мұнай химиясын дамыту үшін жобалау шешімдерін таңдау кезінде инвесторларға, жобалаушыларға, бизнес-жоспарларды әзірлеушілерге арналған әдістемелік ұсыныс болып табылады. Алгоритм түріндегі инвестициялық қызметті реттеудің ұсынылып отырған әдістемесі мұнай өңдеу және мұнай-химия өнімдерін өндіру бойынша өндірісті ұйымдастыру бойынша инвестициялық жобаны басқаруға арналған нұсқаулық болып табылады. Әзірленген кешенді әдістеме өндіріс көлемінің өсу көрсеткіштері, экономиканың мұнай өңдеу және мұнай-химия секторындағы еңбек өнімділігінің өсуі бойынша Қазақстанда мұнай өңдеу және мұнай-химия өнімдерін кеңейтудегі инвестициялық қызметті бағалауға, өнімнің негізгі түрлері бойынша ішкі нарықта тұтыну көлемінің болжамды көрсеткіштерін анықтауға, импорттың төмендеуі және импортты алмастырудың өсімі бойынша көрсеткіштерді есептеуге, шикізаттық емес экспорттың жалпы көлеміндегі өнім экспортының үлесін және ұлттық экономика құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің жалпы қосылған құнындағы мұнай өңдеу және мұнай химиясының жалпы қосылған өнімінің үлесін ұлғайту бойынша көрсеткіштерді айқындауға мүмкіндік береді. Ұсынылған әдістеме Қазақстан экономикасы өнеркәсібінің басқа салаларын әртараптандыру және дамыту жөніндегі инвестициялық қызметті бағалау критерийлерін түзете отырып қолданылуы мүмкін. Қазақстанда мұнай өңдеу және мұнай химиясы өнімдерін кеңейту бойынша инвестициялық қызметті бағалаудың авторлық әдістемесін қолдану талдамалық және эмпирикалық зерттеулер жүргізу арқылы жаңа нәтижелерді қалыптастыруға ықпал етеді. 3 - нәтиже - Қазақстанда мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жобаларын жүзеге асыру және мұнай химиясы өнімдерін шығару жөніндегі өндірістерді ұйымдастыру жөніндегі инвестициялық қызметтің нәтижелілігін талдау ел экономикасының мұнай-химия секторын одан әрі дамыту факторларын айқындау және ұлттық мұнай-химия кластерін құру жобасын бағалау үшін негіз болды. Қазақстанда мұнай өңдеу және мұнай химиясы өнімдерін кеңейту бойынша инвестициялық қызметтің нәтижелілігінің ұсынылған сызбасы мұнай-химия өнеркәсібін дамыту бағдарламаларын жасау үшін ұсыныс болады. 4-нәтиже - мұнай-химия өнімдерін өндіру жөніндегі нақты инвестициялық жобаның экономикалық тиімділігін бағалау және тәуекелдерге жүргізілген талдау өнеркәсіпті әртараптандыру жөніндегі басқа жобалардың тиімділігін бағалау үшін практикалық үлгісі болып табылады. 5-нәтиже ҚР мұнай өңдеу өнеркәсібі мен мұнай химиясындағы инвестициялық үдерістерді одан әрі іске асыруға бағытталған. 6-нәтиже ұлттық экономиканың әртүрлі салаларына мұнай өңдеу және мұнай химиясындағы инвестициялық қызметтің мультипликатордың әсері мен мұнай өңдеу өнімдерін кеңейту және елдің өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлеміне мұнай-химия өнеркәсібі өнімдерінің жалпы қосылған құнының үлесін ұлғайту арқылы ҚР экономикасына ықпалын негіздейді. Бұл нәтиже Қазақстанның мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды таңдау үшін бағдар болады. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі. «Қазақстан Республикасының мұнай-газ химиясы саласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына, ««Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес келеді. Диссертациялық зерттеудің жекелеген нәтижелері ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы бойынша «Қазақстан экономикасының мұнай өңдеу және мұнай-химия секторларын дамыту үшін инвестицияларды бағалау» тақырыбындағы ғылыми жобаны жүзеге асыруда пайдаланылды. «Astana IT University» ЖШС оқу процесінде «Жобаларды экономикалық бағалау» пәнін оқыту кезінде мұнай-химия өнімдерін өндіру бойынша өндірісті құру бойынша нақты инвестициялық жобаның экономикалық тиімділігін бағалау ұсынылды. Ізденушінің әр жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Қорғауға шығарылған негізгі ережелер мен тұжырымдар 15 ғылыми еңбекте көрініс тапты, оның ішінде 1 мақала - Scopus халықаралық дерекқорына кіретін журналда (61-ші процентиль, бірінші автор), 1 мақала - Scopus дерекқорының «E3S Web Conf.» журналында (25-ші процентиль), 4 мақала - ҚР МҒЖБ ҒЖБССҚК ұсынған ғылыми басылымдарда (бірінші автор - 1 мақалада), 7-халықаралық ғылыми - практикалық конференция материалдарында (бірінші автор - 2 мақалада, жеке автор - 1 мақалада), 2 мақала - басқа басылымдарда. Диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша қорғалатын авторлық құқық объектілеріне (ғылыми туындыларға) 2 куәлік алынды. Автор диссертацияны дайындаудың барлық кезеңдерінде өз бетінше зерттеу жүргізді, өйткені оның диссертация тақырыбы бойынша арнайы біліктілігі мен практикалық жұмыс тәжірибесі бар.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/vVbhgwmQPi0?si=hAgD6rOpuch0cvTU
