
«8D04102 - Экономика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Мухамедханова Айнур Батырхановна диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Мухамедханова Айнур Батырхановна «8D04102 – Экономика» мамандығы бойынша «Инновациялық форсайт жағдайында кәсіпкерлік құрылымдардың бәсекеге қабілеттігін арттыру (Түркістан облысындағы ет өндіру және өңдеу өндіріс мысалында)» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Рецензенттер:
Дузельбаева Гульшат Берикбаевна - ғылым кандидаты, доцент, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Факультет деканы
Раскалиев Тимур Хасанович - философия докторы (PhD), Еуразия стратегиялық талдау институты
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Котеев Санджи Васильевич - ғылым кандидаты, доцент, Бүкілресейлік Аграрлық мәселелер және информатика институты. А. А. Никонова, профессор
АКИМБЕКОВА ГАЛИЯ УЙСИМБЕКОВНА - ғылым докторы, профессор
Егембердиева Сауле Мейрбековна - ғылым докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, профессор
Бакирбекова Айгуль Макулбековна - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, профессор
Карипова Айнур Турсынбаевна - ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, доцент
Абылкасимова Жибек Ануарбековна - философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, Кафедра меңгерушісі
Ғылыми кеңесшілер:
Тулеметова Айгуль Саиновна – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Экономика» кафедрасының меңгерушісі
Мустафа Нурсой – PhD докторы, профессор, Мугла Сыткы Кочман университеті (Мугла қ., Туркия Республикасы)
Қорғау 2024 жылғы 12 сәуір, сағат 12:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D04102 – Экономика» мамандығы бойынша «8D041 – Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/39FHF4
Мекен-жайы: . Астана, ул. Кажымукана, 11, ауд. №517
Аңдатпа (қаз.): «8D04110 –Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған Мухамедханова Айнур Батырхановнаның «Инновациялық форсайт жағдайында кәсіпкерлік құрылымдардың бәсекеге қабілеттігін арттыру (Түркістан облысындағы ет өндіру және өңдеу өндіріс мысалында)» диссертациялық жұмысына АҢДАТПА Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуын тежейтін маңызды факторлардың бірі отандық кәсіпкерлік құрылымдардың бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмендігі болып табылады. Қазіргі нарық жағдайында сыртқы ортаның әсерінен, әлемдік және қазақстандық экономикадағы дағдарыс салдарынан сыртқы және ішкі бәсекелестік күрестің күшеюі бұл мәселенің өзектілігін артырып отыр. Инновациялық форсайт жағдайында кәсіпкерлік құрылымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың күрделі және көп қырлы мәселесін шешу көп жағдайда, ең алдымен кәсіпкерлік құрылымдардың бәсекелестік көз қарасын талдау және бағалауды, оларға әсер ететін факторларды зерттеуде қолданыстағы тәсілдер мен бірге жаңа инновациялық әдістерді қолдануды қажет етеді. Сонымен қатар, кәсіпкерлік құрылымдардың мақсатты нарықта табысты қызмет атқаруын, бәсекелестік үстемдіктерін шынайы бағаламай, кәсіпкерлік құрылымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, негізделген басқару шешімдер қабылдау мүмкін емес. Қазақстан Президенті Қ.-Ж. Тоқаев 2022 ж. Қазақстан халықына Жолдауында «Мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән беру, ... ауыл шаруашылығы кооперативтеріндегі ... оң тәжірибені бүкіл елге біртіндеп тарату қажет» - деп атап өтті[1]. Инновациялық форсайт жағдайында ет өндіру және ет өңдеу өндірісінде кооперациялық байланыс негізінде өндірісіті шоғырландыру және ірілендіру арқылы ет өндіру-өңдеу кооперативтерін құрудың ет шаруашылығындағы құрылымдардың бәсекеге қабілеттілігін бағалауда қажетті статистикалық ақпараттарды жинау арқылы бәсекелік деңгейін жаңа инновациялық форсайт әдістері мен тәсілдері негізінде бағалауды алға тартады. Сондықтан ет саласындағы қазіргі қалыптасқан шағын, орта, кәсіпкерлік құрылымдар аралық кооперация негізінде іріленген инновациялық «ет өндірісі кооперативі» мен «ет өңдеу-сату кооператив» құрылымдарын құру арқылы жалпы ет саласы мен оның құрылымдарының стратегиялық бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша мәселелердің дұрыс шешілуі осы зерттеу жұмысының мақсаты мен зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды. Ғылыми-зерттелу дәрежесі. Отандық және шетелдік басылымдардың көбі кәсіпкерлік құрылымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ету мәселелеріне арналған, оларда бәсекеге қабілеттілікті нығайту мәселелеріне әсер ететін тікелей немесе жанама факторлар мен байланыстардың тұтас кешендері талқыланады. Кәсіпорынның және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін басқарудың теориялық және әдіснамалық негіздері шетел ғалымдары Ф.Котлердің, К.Макконнеллдің, М.Месконның, М.Портердің, Ф.Хедуридің және басқалардың еңбектерінде, инновациялық теорияның авторы, Дж. Шумпетер және әлемде классикалық кооперативтік теорияға өз еңбектерін ұсынған теоретиктер А.В. Чаянов, М.И. Туган-Барановский және басқалар. Шетелдік авторлардың, А.Дж. Стрикленд, А.А. Томпсон және басқалардың, сонымен қатар Ресейлік және отандық авторлардың шығармаларында кооперациялық қозғалыстың дамуының әр түрлі кезеңдері зерттелген, олар, А.А. Никонов, А.В. Ткач, И.Б.Ромашова, И.А.Спиридонов, В.А.Фурсов, В.Е.Хруцкий, Р.А. Фатхутдинов, О. Сабден, Ф.Г. Альжанова және т.б. шаруашылық жүргізуші субъектілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде ғылыми-техникалық прогресті, инновацияның теориялық тәсілдері мен әдіснамалық негіздеріне, олардың тиімділігін арттыру мәселелері шел елдің және қазақстандық ғалымдардың: Д.В.Соколов, А.Б.Титов, М.М.Шабанова, Ю. П. Морозов, А.И. Пригожин, А.К. Кошанов, Т.И. Есполов, У.К. Керимова, Г.А. Қалиев, А.А. Сатыбалдин, Р.К.Ниязбекова, М.Қ.Ускенов, Т.А. Есиркепов және тағы басқалардың еңбектерінде қарастырылған. Елдің бәсекелік қабілеттілігін арттыру мәселесін зерттеуде қазақстандық ғалымдар: К.А. Сагадиев, Г.Ж. Нурмуханова, О. Сабден, М. Мельдаханова және басқалардың еңбектерінде зерттелген. Кәсіпкерлік құрылымдардың бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың ұсынылып отырған әдістерінің одан әрі күрделенуі байқалады, оларды пайдалану арнайы ақпараттық ресурстарды қалыптастыруды және жоғары білікті мамандардың біліктілігін және зерттеу нәтижесінде бағалауын қажет етеді. Осының барлығы осы диссертациялық зерттеу тақырыбын таңдауды, оның мақсаты мен міндеттерін айқындады. Зерттеудің мақсаты – инновациялық форсайт жағдайында ет өндіру және ет өңдеу өндірісінде инновациялық кооперативтік құрылымдарды құру және қалыптастыру негізінде дамытудың теориялық-әдіснамалық аспектілерін зерттеу және тәжірибелік ұсыныстар беру болып табылады. Зерттеу міндеттері. Зерттеу мақсатына жету үшін келесі ғылыми мәселелердің шешімдері қарастырылды: - инновациялық форсайт жағдайында «инновация», «инновациялық кооператив» ұғымының заманауи мәнін ашу, инновациялық «ет өңдеу-сату кооперативтерін» ұйымдастыру мен бәсекелік дамытуды теориялық-әдіснамалық негіздеу; - кооперация негізінде ет өндіру, өңдеу кооперативтерін дамытудың шетелдік тәжірибесін зерттеу және оларды отандық ет өндірісі, ет өңдеу-сату кооперативтерін құру мен дамытуда қолдану, құрылымдардың бәсекелік қабілетін бағалау көрсеткіштер жүйесін зерделеу; - Түркістан облысы ет шаруашылығында ет санаттарының құрылымдық орны мен үлесін, ЖШС «Инфрастрой ЛТД» ет өңдеу-сату компаниясының өндіріске ендірген өнімдік, өндірістік, үрдістік, маркетингтік инновацияларын талдау және ұсынылатын инновация түрлерін бағалау; - аймақтар мен аудандарда шаруашылықтарара кооперация негізінде құрылатын инновациялық «ет өндірісі кооперативі» мен «ет өңдеу-сату кооперативтерінің» кооперациялық байланыс үлгілерін әзірлеу, бәсеке қабілеттігін арттыру жолдарын негіздеу, ұсыныстар беру; - елдің ет шаруашылығы құрылымдарының шаруашылық қызметтерін форсайттың эконометрикалық, экономикалық-математикалық, регрессиялық және тренд үлгілері негізінде болашаққа 2030 ж. даму параметрлерін негіздеу, ұсыныстар беру. Зерттеу нысаны - Түркістан облысының ет шаруашылықтары, инновациялық ет өңдеу компаниялары мен кооперативтік құрылымдары қызметтері жүйесі, ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары. Зерттеу пәні - ет шаруашылығы кооперациясы негізінде инновациялық ет өндіру және ет өңдеу кооперативтер құрылымдарын құру мен қалыптастыру, оларды дамытудың теориялық-әдістемелік негіздері, ұйымдастыру-экономикалық қатынастары. Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Мәселенің теориясы мен әдіснамасы шетелдік және қазақстандық ғалымдардың ғылыми еңбектерін зерттеу негізінде анықталды. Ақпараттық негіздер ретінде ҚР заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің қабылдаған заңдары мен жарғылары, нормативтік ақпараттар, Қазақстан Республикасының Президентінің жолдаулары мен мемлекеттік бағдарламалар, Статистика ұлттық бюросының, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің, Түркістан облысының ауыл шаруашылық статистика комитетінің деректері қолданылды. Зерттеу нәтижелерін талдауда форсайттың статистикалық, монографиялық, эконометрикалық, корреляциялық-регрессиялық, индекстік және тағы да басқа әдістері қолданылды, арнайы компьютерлік бағдарламалар негізінде есептелді. Зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалығы келесілерден тұрады: - инновациялық форсайт жағдайында «инновация», «инновациялық кооператив» ұғымдарының экономикалық мәнін ашу арқылы бәсекеге қабілетті «ет өндірісі кооперативтері» мен «ет өңдеу-сату кооперативін» ұйымдастыру мен құрудың тұжырымдамасы негізделді; - шаруашылықтарара кооперация негізінде келісіммен ет өндіру, өңдеу кооперативтерін дамытудың шетелдер тәжірибесі зерделеніп, нәтижелері отандық ет өңдеу-сату кооперативтерін ұйымдастыру және құруда қолданылды, бәсеке қабілеттілігін бағалау көрсеткіштер жүйесі зерделенді; - Түркістан облысы ет шаруашылығында ет өндіруші санаттардың орны мен үлесі талданып, инновациялық ЖШС «Инфрастрой ЛТД» ет өңдеу-сату компаниясының қолданысқа ендірген өнімдік, өндірістік және маркетингтік инновациялар мен ұсынылатын инновация түрлері талданды, ет компаниясында жаңа ет өнімдері ассортименті, етті өңдеу-сату тік интеграциялық байланыстың ұйымда атқарылуы бағаланып, ұсыныстар берілді; - Түркістан облысының ет шаруашылығында шаруашылықтар аралық кооперация негізінде құрылатын инновациялық «ет өндірісі кооперативі» мен «ет өңдеу-сату кооперативтерінің» кооперациялық байланыс үлгілері әзірленді, инновациялық құс етін өңдеу-сату компанияларына болашаққа стратегиялық өсу жолдары негізделді, ұсыныс жасалды; - елдің ет шаруашылығы құрылымдарының шаруашылық қызметтерін форсайттың эконометрикалық, математикалық, регрессиялық және тренд үлгілері негізінде болашаққа 2030 ж. стратегиялық даму параметрлері есептеліп негізделді, ұсыныстар жасалды. Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: - инновациялық форсайт жағдайында «инновация», «инновациялық кооператив» ұғымдарының экономикалық мәнін теориялық-әдістемелік негіздеу нәтижесінде, ет шаруашылықтарыара кооперация негізінде «ет өндірісі кооперативі» мен «ет өңдеу-сату кооперативін» ұйымдастыру және құрудың авторлық тұжырымы; - ет шаруашылығында кооперация келісімі негізінде ет өңдеу-сату кооперативтерін дамытудың шетел тәжірибесін зерделеу нәтижелері, оны отандық ет өндіру және өңдеу саласында ет өңдеу-сату кооперативтерін ұйымдастыру және құруда қолдану, ет өңдеу құрылымдарының бәсекелік қабілетін бағалау нәтижелері; - Түркістан облысының ет шаруашылығы құрылымдлары қызметтерінің қазіргі жағдайын талдау, инновациялық ЖШС «Инфрастрой ЛТД» ет өңдеу компаниясының қолданысқа ендірген өндірістік және өнімдік, ұйымдық және маркетингтік инновациялар түрлерін бағалау; қолданыстағы және ұсынылатын ннновациялық қызметтер нәтижесінде етті (өндіру - өңдеу - буып түю - сату) тік интеграциялық-технологиялық үрдістерді ұйым ішінде атқаруы анықталды, инновациялық жаңа ет өнімдері ассортимент көлемін талдау, бағалау нәтижелері; - Түркістан облысының ет шаруашылықтарыара кооперация негізінде инновациялық «ет өндірісі кооперативі» мен «ет өңдеу-сату кооперативін» ұйымдастыру және құрудың кооперациялық байланыс үлгілері әзірленді, сондай-ақ нновациялық құс етін өңдеу-сату компанияларына стратегиялық өсуге негізделген стратегиялық даму жоспарына ендіру ұсынылды; - Форсайттың экономикалық-математикалық, эконометрикалық және тренд үлгілері жәрдемінде елдің ет шаруашылығы саласын болашаққа 2030 ж. стратегиялық дамытудың есептелген параметрлері мен қорытындылары. Эконометрикалық үлгілер негізінде есептелген параметрлер дамудың теориялық деңгейін анықтайды, елдің ет шаруашылығының болашаққа стратегиялық дамуын болжау қорытындылары мен нәтижелері. Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеу барысында алынған негізгі нәтижелер мен қорытындылар кооперациялық байланыс негізінде ет өндіруші шаруашылықтарара жаңа инновациялық «ет өндірісі кооперативтері» мен «ет өңдеу-сату кооперативтері» құрылымдарын ұйымдастыру және құру, дамыту мәселелері бойынша кейінгі теориялық және қолданбалы зерттеулер үшін қолданылуы мүмкін. Диссертациялық зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы, онда әзірленген ұсыныстар Қазақстан Республикасының Түркістан облысындағы ет өндірісі шаруашылық санаттары, соның ішінде жеке тұрғындар шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыруға бағытталған және оларды Түркістан облысы ет өндірісі мен ет өңдеу саласындағы кәсіпкерлік құрылымдардың шаруашылық қызметтерінің тиімділігін арттыруға жағдай жасайды. Жоспарлы ғылыми-зерттеу жұмысымен байланысы. Диссертациялық жұмыс М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Экономика» кафедрасының 2021-2025 жж: МБ 21-06-09 ғылыми зерттеу жұмыстардың тақырыбының, 3 Бөлім «АӨК тиімділігін арттыру және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» агроөнеркәсіп кешенінің экономикасының қазіргі жай-күйін және даму мәселелерін талдау бағытына сәйкес орындалды. Дәйектілік принципі. Диссертацияда алынған ғылыми мәліметтер заманауи компьютерлік технологияларды қолдана отырып, арнайы бағдарламамен есептеліп әзірленген эконометрикалық, математикалық тренд үлгілері қолданылды, елдегі ет өндірісі және оны өңдеу саласының 2024-2030 жылдарға даму болжамының көрсеткіштері негізделді. Зерттеу нәтижелерінің апробациясы Диссертация жұмысының негізгі нәтижелері халықаралық конференцияларда, теориялық және тәжірибелік семинарларда баяндалды, жалпы 10 ғылыми еңбекте жарияланған, соның ішінде Уәкілетті орган ұсынған басылымдарда – 5 мақала, «Scopus» дерекқорына кіретін Халықаралық ғылыми басылымдарда 1 мақала, Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда – 4 мақала, халықаралық конференция материалдарында жарияланған. Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс: кіріспе, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертация 129 беттен, соның ішінде 29 кесте, 10 суреттен құралған.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/xAemDZdfNcA
