
«8D04106 - Аналитикалық Экономика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Молдабекова Гульмира Байгалиевна диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Молдабекова Гульмира Байгалиевна «8D04106 – Аналитикалық Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы халқын әлеуметтік қолдаудың экономикалық механизмін жетілдіру (Ақтөбе облысының материалдары негізінде) тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Жаумитова Маржан Досымовна - философия докторы (PhD), Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы
Смагулова Гульжихан Советбековна - ғылым кандидаты, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Рахметова Рахиля Умирзаковна - ғылым докторы, профессор, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Экономика институты
Притворова Татьяна Петровна - ғылым докторы, профессор, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Смагулова Шолпан Асылхановна - ғылым докторы, профессор, профессор
Моттаева Анджела Бахауовна - ғылым докторы, профессор
Ниязбаева Айгуль Амангельдыевна - философия докторы (PhD), доцент, К. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Бекжанова Тоты Калжановна - ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор, "Esil University" мекемесі, Кафедра меңгерушісі
Ғылыми кеңесшілері:
Қорғау 2024 жылғы 31 мамыр, сағат 14:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D04106 – Аналитикалық Экономика» мамандығы бойынша «8D041 – Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/3ANwU8 Е-mail: b.isayeva_78@mail.ru
Мекен-жайы: Астана қ., Қажымұқан, 11, №517 ауд. (ОЗК)
Аңдатпа (қаз.):Молдабекова Гульмира Байгалиевнаның 8D04106 «Аналитикалық экономика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Қазақстан Республикасы халқын әлеуметтік қолдаудың экономикалық механизмін жетілдіру (Ақтөбе облысының материалдары негізінде)» диссертациялық жұмысының АҢДАТПАСЫ Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ел үкіметі халықты әлеуметтік қолдау бойынша іске асыратын шаралар жаңа әлеуметтік проблемалардың туындауын негіздеуге және алдын алуға бағытталуға тиіс. Осыған байланысты Қазақстан Үкіметі көптеген жылдар бойы ең төменгі тұтыну себетінің құнының өсуіне сәйкес ең төменгі жалақы мен зейнетақыны арттырды. Халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған (халықты жұмыспен қамту деңгейін төмендету, бағалардың өсуі және халықтың табыс деңгейінің диспропорциясы және т.б.) нарықтық жағдайларда белгілі бір қолайсыз экономикалық апаттардан азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары мемлекеттің, кәсіптік одақтардың және өзге де қоғамдық құрылымдардың көмегімен жүзеге асырылады. Бұл әлеуметтік қорғау шаралары көбінесе экономикалық сипатта болады. Зерттеу аясында құқықтық реттеудің жай-күйі анықталды, заңнама азаматтардың әлеуметтік құқықтары кепілдіктерінің жай-күйіне әсер етеді. Әлеуметтік сала бойынша нормативтік тәсілге ие кемшіліктер, ағымдағы заңнамада конституциялық әлеуметтік қолдаудың іске асырылуын бағалау кептірілуде. Осы әлеуметтік проблемалардың негіздеріне, әлеуметтік қолдау туралы қазақстандық заңнаманы дамыту тұжырымдамаларына кешенді зерттеу жүргізілді, өткен реформалар мен қайта құруларға құқықтық талдау жасалды. Диссертациялық зерттеудің мақсаты – халықты әлеуметтік қолдаудың экономикалық механизмін дамытудың перспективалық бағыттарын анықтау және оларды іске асыру құралдарын жетілдіру бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу міндеттері: - Әлеуметтік қолдау жүйесінің теориялық аспектілері және оны қамтамасыз ету экономикалық механизмін зерттеу; - Халықты әлеуметтік қолдаудың әдіснамалық негіздерін және экономикалық механизмдерін қарастыру; - Дамыған елдердің халықты әлеуметтік қолдаудың экономикалық механизмін ұйымдастыруды зерделеу; - Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қолдау жүйесін талдау; - Қазақстанда және оның өңірлерінде әлеуметтік қолдаудың даму факторлары мен мәселелеріне талдау жүргізу; - Ақтөбе облысының халқын әлеуметтік қолдаудың экономикалық механизмінің тиімділігін бағалау; - Макроэкономикалық көрсеткіштерге және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету көрсеткіштеріне сыртқы және ішкі факторлардың әсерін бағалаудың экономикалық-математикалық моделін әзірлеу; - Халықты әлеуметтік қолдауда төлемақы саясатының механизмін әзірлеу; - Ақтөбе облысында халықты әлеуметтік қолдау жүйесін дамытудың басым бағыттарын анықтау, оларды іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу әдістері. Диссертациялық зерттеудің теориялық - әдістемелік негізін халықтың әртүрлі топтарын әлеуметтік қолдау жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуының ғылыми негіздерін әзірлеуге елеулі үлес қосқан макроэкономика, аналитикалық және өңірлік экономика саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың тұжырымдамалық еңбектері себеп болды. Зерттеу әдістері зерттеу нысаны мен пәнінің мақсатына, міндеттеріне, ерекшелігіне сәйкес таңдалды, бұл - талдау, бақылау, сауалнама жүргізу, сұхбат алу, тестілеу, әңгімелесу, салыстыру және т.б. Халықты әлеуметтік қолдау механизмін жетілдіру бағыттарын негіздеу үшін монографиялық, есептік-құрылымдық және экономикалық-математикалық зерттеу әдістері қолданылды. Негізгі ережелері: 1-ереже – Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында әлеуметтік қолдау жүйесін қалыптастыруға әсер ететін экономикалық механизмінің жүйелендірілген және нақтыланған тұжырымдамасы жан-жақты зерттелді. 2-ереже – Әлеуметтік көмек көлемін, макроэкономикалық, өңірлік факторлар кешені мен отбасы әл-ауқатын ескере отырып, халықты әлеуметтік қолдау деңгейіне әсерін бағалау және болжау әдістемесі зерттеліп, модельдеу алгоритмі және өтемақы моделі жасалды. 3-ереже - Әлеуметтік қолдау көрсету мен дамытудың жетілдірілген ұйымдық-экономикалық механизміне қосымша экономикалық механизм ұсынылып, өңірдегі халықты әлеуметтік қолдау жүйесінің басым бағыттарын дамыту шаралары бойынша әлеуметтік қызметтерде отбасын (үй шаруашылығын) «Сандық отбасы картасы (DFC)» атты әлеуметтік қолдау механизмі ұсынылды. 4-ереже - Өңірдегі халықты әлеуметтік қолдау жүйесінің теңгерімді көрсеткіштерін тиімділігін бағалау бойынша теңдестірілген көрсеткіштер жүйесінің индикаторлары ұсынылып, негізгі стратегиялық жоспарға эконометриялық әдістер арқылы қол жеткізілетіндігі қарастырылды. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы. Зерттеу нәтижелері мен материалдары Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің оқу үдерісінде «Менеджмент» бағыты бойынша даярлықтың «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Қазақстан экономикасын басқару» пәндері бойынша дәрістер мен практикалық сабақтарды жүргізу кезінде, Мәскеу жоғары оқу орындары кәсіподақтарының «Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы» оқу орнында автордың теориялық және әдістемелік әзірлемелері «Әлеуметтік сақтандыру» пәні бойынша оқу үдерісінде және экономикалық пәндер бойынша пайдаланылады. Сонымен қатар, «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалары» басқармасында жүгізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының негізінде әлеуметтік-экономикалық дамудың ішкі және сыртқы факторларына байланысты отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесіндегі өтемақы, сондай-ақ цифрлық отбасы картасы халықты әлеуметтік қолдаудың механизмдері мен құралдары ұсынылды. Диссертациямен жұмыс істеу барысында 2022 жылғы 15 наурыздағы №24390 авторлық құқықпен қорғалатын объектіге құқықтардың мемлекеттік тізіміне мәліметтерді енгізу туралы анықтама алынды. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі. «Қазақстан Республикасы халқын әлеуметтік қолдаудың экономикалық механизмін жетілдіру» диссертациялық жұмысының зерттелу барысында төменгідей нәтижелер жүзеге асырылды. - Халықты әлеуметтiк қолдауды қамтамасыз етудiң әдiстерi жүйелендiрiлiп, экономикалық механизмінің ұғымдары нақтыланды; - Халықты әлеуметтік қолдаудың даму тенденциялары мен тиімділігін бағалаудың факторлары анықталды; - Қазақстан Республикасының және Ақтөбе облысының халықты әлеуметтік қолдауының өңірлік ерекшеліктері мен бағыттары айқындалды; - Өңірдегі әлеуметтік қолдау экономикалық механизмін жетілдіруге бағытталған үлгісі құрылды; - Халықты әлеуметтік қолдауды талдауға негізделген әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігін бағалаудың әдістемелік тәсілі әзірленді; – Әлеуметтік қолдау жүйесін дамытудың басым бағыттары айқындалып, өңірдегі халықты әлеуметтік қолдауға бағытталған бірінші кезектегі шаралар ұсынылды. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаға сәйкестігі. Диссертациялық зерттеу барысында төмендегідей мемлекеттік бағдарламалар негізге алынды. 1. Атаулы әлеуметтік көмек (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жыл) 2. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» (Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жыл) 3. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жыл) 4. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы (ҚР Үкіметінің 2018 жыл) 5. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жыл) 6. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы(Қазақстан Республикасы Үкіметі 2017ж) 7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жыл арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жыл) Докторанттың әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы жазылады. Зерттеу тақырыбы бойынша автор 14 ғылыми еңбектер жариялады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдарға жарияланымдар -4 мақала және Scopus деректер базасында индекстелген - 1мақала, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға жарияланымдар - 9 мақала.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/FtolIfd6PjY
