
«8D04106 - Аналитикалық Экономика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Жакупов Ерлан Кайрбекович диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Жакупов Ерлан Кайрбекович «8D04106 – Аналитикалық Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша «Кәсіпкерліктің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері (Ақмола облысы мен Астана қаласы мысалында)» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Таубаев Аяпберген Алданаевич - "Esil University" мекемесі, Ректор университета
Елпанова Мадина Абжалиевна - ғылым кандидаты, доцент, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, доцент
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Казбекова Лиман Айдарбековна - ғылым кандидаты, доцент
Сабирова Рысты Куандиковна - ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор
Беспалый Сергей Владимирович - ғылым кандидаты, профессор
Бакирбекова Айгуль Макулбековна - профессор
Буркальцева Диана Дмитриевна - ғылым докторы, доцент, доцент
Елшибаев Ракымжан Камытбекулы - ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор, Нархоз университеті, доцент
Ғылыми кеңесшілері:
Бержанова Айгуль Мухамбетовна – экономика ғылымдарының кандидаты, қауым.профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының профессоры м.а.
Алдона Заворска – PhD докторы, Жаратылыстану ғылымдарының Варшава университеті Экономика және қаржы институтының WULS-SGGW профессоры (Варшава қ., Польша).
Қорғау 2024 жылғы 30 мамыр, сағат 14:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D04106 – Аналитикалық Экономика» мамандығы бойынша «8D041 – Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/3AK47n
Мекен-жайы: г. Астана, ул. Кажымукана, 11, ауд. №517 (УЛК)
Аңдатпа (қаз.): «8D04106 – Аналитическалық экономика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған Жакупов Ерлан Кайрбековичтің «Кәсіпкерліктің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері (Ақмола облысы мен Астана қаласы мысалында)»диссертациялық жұмысына АҢДАТПА Зерттеудің мақсаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кәсіпкерліктің әсерін бағалау және оны ынталандыру мен дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу міндеттері: – кәсіпкерліктің ғылыми-теориялық негіздерін зерттеп, оның қазіргі әлеуметтік-экономикадағы рөлін көрсету; – шағын және орта кәсіпкерліктің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін бағалау; – өңірлердегі шағын және орта кәсіпкерліктің дамыту мәселелерін анықтау; – Қазақстан Республикасының өңірлерінде кәсіпкерлікті қолдауды жетілдіру бағыттарын анықтау; – әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпалын арттыру мақсатында өңірлерде кәсіпкерлікті ынталандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында әртүрлі әдістер, соның ішінде жүйелік талдау және синтез, әлеуметтік сауалнама, статистикалық талдау, математикалық модельдеу сияқты жалпы ғылыми таным әдістері қолданылды, бұл зерттеу объектілерін жан-жақты зерттеуге мүмкіндік берді. Әр түрлі ғылыми салалардың білімі мен әдістерін біріктіретін пәнаралық тәсіл де қолданылды. Экономикалық және статистикалық деректерді талдау үшін экономикалық талдау, салыстырмалы талдау және Eviews бағдарламасы арқылы математикалық модельдеу әдістері де қолданылды. Жұптық басымдық әдісі әртүрлі факторлар мен айнымалылардың салыстырмалы маңыздылығын анықтау үшін қолданылды. Сараптамалық бағалаулар мен пікірлер алу үшін сараптамалық сауалнамалар жүргізілді. Әлеуметтанулық сауалнама және бақылау эмпирикалық деректерді жинау және кәсіпкерлер мен зерттелетін процестің басқа қатысушыларының пікірлері мен мінез-құлқын бағалау үшін пайдаланылды. Қорғауға шығарылатын негізгі ережелер: – «Кәсіпкерлік» ұғымына нақтыланған және тереңдетілген авторлық анықтама. – Шағын және орта кәсіпкерліктің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін бағалау әдістемесі. – Шағын және орта кәсіпкерліктің өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін бағалау көрсеткіштері мен нәтижелері. – Өңірлік деңгейді шағын және орта кәсіпкерліктің ынталандыру мен дамыту бойынша ұсыныстар. – Кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұсынылған бастамалардың өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы. 1. «Кәсіпкерлік» ұғымының экономикалық және мазмұндық бөлігін, сондай-ақ оның елдің/өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін қарастыра отырып, зерттелетін категорияның авторлық түсіндірмесі ұсынылды. 2. Шағын және орта кәсіпкерліктің өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін экономикалық бағалаудың авторлық әдістемесі ұсынылды: – кәсіпкерліктің өңірлердің/елдердің әлеуметтік-экономикалық ықпалына әсерін бағалау әдістемелері зерттелді; – кәсіпкерліктің өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін бағалаудың кешенді әдістемесі ұсынылды. 3. Ақмола облысы мен Астана қаласының мысалында кәсіпкерліктің өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін бағалау жүргізілді: – Ақмола облысы мен Астана қаласының мысалында авторлық әдістемені қолдану арқылы кәсіпкерліктің өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін бағалау жүргізілді; – өңірлердің әлеуметтік-экономикалық және инвестициялық дамуындағы шағын және орта кәсіпкерліктің рөлі бойынша Қазақстан өңірлерін типологияландыру жүргізілді; 4. Өңірлік деңгейде шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыру және дамыту бойынша ұсыныстар берілді: – «Оңай бизнес» шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша авторлық цифрлық платформа ұсынылды. – Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі шағын және орта кәсіпкерлікке несие беруді ұлғайту жөнінде ұсыныс берілді. 5. Ұсынылып отырған авторлық платформаның шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендірудің және Ақмола облысы мен Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына ұлғаюына болжамды баға берілді: – Ақмола облысы мен Астана қаласының жалпы өңірлік өніміне цифрлық платформаның әсерін болжамды бағалау әзірленді; – шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруді ұлғайтудың Ақмола облысы мен Астана қаласының ЖӨӨ-не әсерін болжамды бағалау әзірленді; – шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруді ұлғайтудың Ақмола облысы мен Астана қаласының салық түсімдеріне әсерін болжамды бағалау әзірленді; – Ақмола облысы мен Астана қаласының орташа жалақысына шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруді ұлғайтудың әсерін болжамды бағалау әзірленді; – Ақмола облысы мен Астана қаласының шағын және орта кәсіпкерлігіндегі жұмыскерлер санының өсуіне шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруді ұлғайтудың әсерін болжамды бағалау әзірленді. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығын негіздеу. 1-нәтиже. «Кәсіпкерлік» маңызды ұғымы туралы теориялық білімді нақтылайды және тереңдетеді. Авторлық интерпретация түпнұсқа болып табылады, өйткені ол жеке, әлеуметтік және экономикалық аспектілерді біртұтас тұжырымдамаға біріктіретін кәсіпкерлікке кешенді көзқарас болып табылады. 2-нәтиже. Зерттеушілерге, мемлекеттік органдарға кәсіпкерліктің өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін кешенді бағалау үшін әдістемелік ұсыныс болып табылады. Әзірленген кешенді әдістеме жалпы өңірлік өнімнің өсу көрсеткіштері, салық түсімдерінің өсуі, орташа жалақының өсуі және ШОБ субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны бойынша кәсіпкерліктің өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін бағалауға мүмкіндік береді. Критерийлерді түзете отырып ұсынылатын кешенді әдістеме кәсіпкерлікті Қазақстан өңірлерінің ғана емес, сонымен қатар әлемнің басқа да өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағалау үшін қолданылуы мүмкін. Кәсіпкерліктің өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін бағалаудың авторлық әдістемесін қолдану жаңа аналитикалық және эмпирикалық нәтижелерді қалыптастыруға ықпал етеді. 3-нәтиже. Шағын және орта кәсіпкерліктің өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін бағалау көрсеткіштері мен нәтижелерін көрсетеді. Кәсіпкерліктің өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін бағалау кешенді математикалық модельдің көмегімен жүргізілді. Бірінші бағалау Eviews статистикалық пакеті арқылы жүргізілді. Зерттеу барысында шағын және орта кәсіпкерліктің көрсеткіштері Ақмола облысы мен Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне оң әсерін тигізетіні анықталды. Барлық жүргізілген регрессиялық талдаулар бойынша R-square анықтау коэффициенті 0,9-дан асады, бұл қарастырылып отырған айнымалылар арасындағы корреляцияның жоғары дәрежесін көрсетеді. Модельдердің маңыздылық деңгейі p < 0,0000. Фишер критерийі бойынша қарастырылған модельдер барабар. Шағын және орта кәсіпкерліктің өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін екінші бағалау мынадай көрсеткіштер негізінде жүргізілді: ЖӨӨ-дегі ШОК үлесі, өңірде жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан ШОК-те жұмыспен қамтылғандардың үлесі, өңірлердің салық түсімдерінің жалпы санынан ШОК-ке салық аударымдарының үлесі, өңірдің негізгі капиталына инвестициялардың жалпы санынан негізгі капиталға инвестициялардың үлесі, сондай-ақ өңірде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санынан ШОК белсенді кәсіпорындарының үлесі. Нәтижелер Ақмола облысы мен Астана қаласының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін көрсетті. Әзірленген математикалық модельге және оның өлшемдеріне сәйкес, Ақмола облысының ШОК субъектілерінің өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері орташа болып табылады, ал Астана қаласында бұл көрсеткіш жоғары. Бұдан басқа, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық және инвестициялық дамуындағы шағын және орта кәсіпкерліктің рөлі бойынша Қазақстан өңірлерін типологияландыру жүргізілді. 4-нәтиже. Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеу және «жалғыз терезе» қағидаты бойынша басқа да функцияларды алу мәселесін шешу үшін Қазақстанда «Оңай бизнес» шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың авторлық цифрлық платформасы әзірленді (цифрлық платформа жобасымен толығырақ келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://7023ec.creatium.site/onaybusiness.gov.kz). Бұл цифрлық платформа жобасы мемлекеттік қаржылық қолдау арқылы ел өңірлеріндегі кәсіпкерлерді ақпараттандыру мәселесін шешуге кешенді көзқарасты көрсетеді. Сондай-ақ, осы платформаның көмегімен «жалғыз терезе» қағидаты бойынша ҚР кәсіпкерлерін қолдау бойынша қолда бар платформалардың функцияларын біріктіруге мүмкіндік бар («Даму» АҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ, Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы АҚ және басқалар). Платформаларды біріктіру кәсіпкерлерге барлық қажетті қызметтерді жалғыз терезеден алуға мүмкіндік береді, бұл платформаны кәсіпкерлер үшін пайдалануды жеңілдетеді. Сондай-ақ, еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне несие беруді ұлғайту ұсынылды, өйткені Азия даму банкі жүргізген бизнесті дамыту үшін несиелеу қаражат беруден бас тарту саны бойынша Қазақстан ТМД елдерінен озып отырғанын көрсетеді, бұл өз кезегінде ұлттық экономиканың тоқырауына алып келеді. 5-нәтиже. Ұсынылып отырған бастамалардың Ақмола облысы мен Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалының бағалау болжамын көрсетеді. Болжам кәсіпкерлікті несиелеуді ұлғайтудың өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне әсері, сондай-ақ «Оңай бизнес» авторлық цифрлық платформасының өңірлердің ЖӨӨ-ге әсері негізінде жүргізілді. Кәсіпкерлікті несиелеуді ұлғайтудың Ақмола облысы мен Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін болжау Eviews 12.0 статистикалық пакетіндегі регрессиялық талдау көмегімен жүргізілді. Жалпы, кәсіпкерлікті несиелендірудің ұлғаюы өңірлердің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне оң әсерін тигізді, атап айтқанда: орташа жалақы, ЖӨӨ, ШОК қызметкерлерінің саны және өңірлік бюджетке түсетін салық түсімдері. «Оңай бизнес» авторлық цифрлық платформасының өңірлердің жалпы өңірлік өніміне әсерін бағалау да оң әсерін көрсетті. Осы платформаның ЖӨӨ-ге әсерін бағалау болжамы 2027 жылға дейін 589 адам арасында жүргізілген сауалнама негізінде жүргізілді. 589 респонденттің 62-сі бизнес иелері болды. Қалған 527 қатысушының 268-і бизнесті бастауды жоспарламаған, бірақ олардың 114-і платформаның функцияларымен танысып, платформаның кем дегенде бір функциясын атап өтіп, шешімін өзгертіп, бизнесті бастауға болады деген шешімге келді. 62 кәсіп иесінің 43-і платформаға қосылуға мүдделі болды. Осы ақпарат негізінде 2027 жылға дейін болжамды әсер ету моделі жасалды. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі. «Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы», «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын бекіту туралы», «Бизнестің жол картасы-2025» «Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметі қаулысының ережелеріне сәйкес келеді. Диссертациялық жұмыстың нәтижелері «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының жұмыс процесінде (талдамалық материалдарды қалыптастыру кезінде) пайдаланылады. Ізденушінің әр жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Зерттеу нәтижелері 8 ғылыми еңбекте көрініс тапты: оның ішінде Scopus халықаралық ғылыми метрикалық базасына кіретін журналда – 1 мақала (71 процентиль, бірінші автор ретінде), ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған ғылыми басылымдарда – 3 мақала (3 мақалада бірінші автор ретінде), халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда – 3 мақала (2 мақалада бірінші автор ретінде), 1 мақала – басқа басылымда. Автор диссертацияны дайындаудың барлық кезеңдерінде өз бетінше зерттеу жүргізді, өйткені оның диссертация тақырыбы бойынша арнайы біліктілігі мен практикалық жұмыс тәжірибесі бар.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/YM_N9Wysl4A
