
«8D04102 - Экономика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Калдыбаева Данира Орынбаевна диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Калдыбаева Данира Орынбаевна «8D04102 – Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша «Цифрлық экономиканың қалыптасуы жағдайында ауыл шаруашылық кәсіпорындары қызметінің тиімділігін бағалау (Шығыс Қазақстан облысы материалдары бойынша)» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Есиркепова Алтын Махмудовна - ғылым докторы, профессор, Ұйым
Женисхан Дарима - ғылым кандидаты
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Абдимомынова Алмакул Шакирбековна - ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор, Профессор (и.о.)
Смагулова Шолпан Асылхановна - ғылым докторы, профессор, профессор
АКИМБЕКОВА ГАЛИЯ УЙСИМБЕКОВНА - ғылым докторы, профессор
Котеев Санджи Васильевич - ғылым кандидаты, доцент, Бүкілресейлік Аграрлық мәселелер және информатика институты. А. А. Никонова, профессор
Каменова Мазкен Жанатаевна - ғылым докторы, профессор, Тұран-Астана университеті
Сайымова Мейрамкул Дулаткызы - ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, доцент
Ғылыми кеңесшілері:
Исаева Бибигуль Кунтугановна – PhD докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының доценті.
Блохина Татьяна Константиновна - экономика ғылымдарының докторы, профессор, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің «Экономика және басқару» кафедрасының профессоры (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы).
Қорғау 2024 жылғы 30 мамыр, сағат 16:30 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D04102 – Экономика» мамандығы бойынша «8D041 – Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/3AKBjx
Мекен-жайы: Астана қ., Қажымұқан, 11, №517 ауд. (ОЗК)
Аңдатпа (қаз.): «8D04102 –Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған Калдыбаева Данира Орынбаевнаның «Цифрлық экономиканың қалыптасуы жағдайында ауыл шаруашылық кәсіпорындары қызметінің тиімділігін бағалау (Шығыс Қазақстан облысы материалдары бойынша)» диссертациялық жұмысына АҢДАТПА Диссертациялық зертеудің мақсаты - цифрлық экономиканың қалыптасу жағдайында ауыл шаруашылық кәсіпорындары қызметінің тиімділігін бағалау және тиімділікті арттыру бойынша ұсыныстар беру. Зерттеу міндеттері: – цифрлық экономикаға ауысу тұрғысынан ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қызметін бағалаудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу; – Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қазіргі жағдайына баға беру; – ауыл шаруашылық кәсіпорындары қызметінің тиімділігін айқындайтын факторлар мен көрсеткіштерін талдау; – ауыл шаруашылық кәсіпорындарының тиімділігін бағалау моделін құрып, оның цифрлық технологияларға тәуелділігін бағалау әдістемесін құрастыру; – ауыл шаруашылық кәсіпорындарының тиімділігін арттыру тұрғысынан цифрлық технологияларды енгізу бағыттары мен болашағын зерттеу; – цифрландырудың нақты шараларын ұсыну, олардың ШҚО-ның ауыл шаруашылық кәсіпорындары қызметінің экономикалық тиімділігіне әсерін бағалау және болжау жасау; – ШҚО ауыл шаруашылық кәсіпорындарын тиімді дамыту үшін цифрлық технологияларды енгізудің алгоритмі мен ұйымдастырушылық-экономикалық моделін құрастыру. Зерттеу әдістері. Талдаудың статистикалық әдістері, экономикалық және салыстырмалы талдау, нормативтік цифрландыруларды талдау, жүйелік талдау мен цифрлық экономиканың қалыптасу жағдайындағы ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қызмет тиімділігін зерттеуге қатысты пәнаралық тәсілдер; экономикалық- математикалық әдістер, корреляциялық-регрессиялық тәсілдер мен басқа әдістер. Зерттеудің ақпараттық базасы. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының анықтамалық материалдары мен тақырыптық жинақтары, Қазақстан Республикасы облыстары, қалалары әкімдіктерінің ресми веб-сайттарындағы материалдар, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігінің мәліметтері, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мы сайтының деректер базасы, ресми мерзімді басылымдарда және Интернетте жарияланған материалдар мен сандық ресурстар. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық кәсіпорындары қызметін цифрлық дамыту мәселелері бойынша ұлттық және өңірлік бағдарламалары мен Жол карталары, ауыл шаруашылық қызметіне қатысты нормативтік деректер мен әдістемелер пайдаланылды. Диссертациялық зерттеудің қорғауға шығарылатын негізгі тұстары: 1. «Ауыл шаруашылық кәсіпорындары қызметінің тиімділігі» ғылыми категориясының цифрландырумен байланысты құрастырылған авторлық анықтамасы. 2. Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қызмет тиімділігін бағалаудың көп параметрлі моделі және цифрлық факторлардың оған тигізетін әсерін анықтау моделі. 3. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының цифрлану деңгейін бағалаудың авторлық әдістемесі негізінде анықталған цифрлық факторлар әсерінің есептелген нәтижелері. 4. Цифрлық технологияларды енгізу шараларының негізінде құрастырылған ауыл шаруашылық кәсіпорындарының цифрлық дамуының өңірлік индексі. 5. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарын цифрлық технологияларды енгізу алгоритмі және зерттеу объектісін цифрландыруды дамытудың ұйымдастырушылық-экономикалық моделі. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы: 1. Цифрлық экономиканың қалыптасуы жағдайында ауыл шаруашылық кәсіпорындары қызметінің тиімділігін бағалау ерекшеліктері зерттелді: – «цифрлық экономика жағдайындағы кәсіпорындардың тиімділік» ұғымының пайда болу тарихы мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қызметін зерттеуші әртүрлі авторлардың ой-пікірлері негізделді; – жүргізілген теориялық зерттеулер негізінде авторлық түсіндірудің құрамдас элементтері бар «Ауыл шаруашылық кәсіпорындары қызметінің тиімділігі» ғылыми категориясының цифрландырумен байланысты ұғымының авторлық анықтамасы берілді. 2. Ауыл шаруашылық кәсіпорындар қызметіне ықпал ететін факторлар жіктеліп, олардың әсеріне сипаттама жасалынған; - қарастырылған факторлардың сандық көрсеткіштері айқындалды; - ауыл шаруашылық кәсіпорындар тиімділігін жалпылама айқындайтын өлшемшарттардың түрлері қарастырылып, отандық және шетел ғалымдардың ұсыныстары зерттеуге салынды; - зерттеуге салынған өлшемшарттардың ішінен ең қолайлысы және мақсатқа сай ретінде пайда және рентабельділік көрсеткіштері таңдалды; - рентабельділік көрсеткішін есептеу әдістемесі негізінде ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қызмет тиімділігін бағалаудың авторлық көп параметрлі моделі құрастырылды; - көппараметрлі модель екі дербес қарастырылатын функцияға, яғни табысты максималды жасауға және шығындарды ең аз деңгейге келтіру функцияларына бөлінді және әр функцияға қатысты цифрлық факторлардың нәтижелі көрсеткішке тигізетін әсерін анықтау моделі құрастырылды. 3. Қарастырылатын өңірдегі бір қатар іс әрекет ететін шаруашылықтардың экономикалық қызметі талданды; - зерттелген кәсіпорындардың цифрлық факторлары мен шығындары талданды, осы шығындардың және нәтижелік көрсеткіштердің арасындағы корреляциялық байланыс анықталып, регрессиялық теңдеу құрастырылды; - цифрлық факторларды ауыл шаруашылық кәсіпорындар қызметіне енгізудің нәтижелерін өлшеу негізінде осы кәсіпорындардың цифрлық деңгейін анықтау әдістемесінің теориялық сызбасы құрастырылды; - Іс жүзінде қызмет ететін ауыл шаруашылық кәсіпорындарына нақты цифрлық факторларды қолдануға арналған шаралар ұсынылып, қызмет барысына енгізілді; - енгізілген цифрлық шаралардың, технологиялардың экономикалық тиімділігі бағаланды, оның негізінде кәсіпорындардың цифрлану деңгейін бағалаудың әдістемесі қолданылып, фирмалардың экономикалық, әлеуметтік, техникалы-технологиялық, экологиялық нәтижелері айқындалды. 4. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жалпы өңірлік цифрлық дамуын айқындайтын әдістемелердің қажеттігі дәлелденді; - әртүрлі салалардағы цифрлық даму индексын анықтаудың отандық және шетел тәжірибелері зерттелді; қарастырылатын өңірдің цифрлық даму көрсеткіштерін талданғаннан кейін оның негізгі мәселе туғызатын зоналар мен себептер-факторлар белгіленді; талдау нәтижесінде айқындалған факторлар негізінде өңірдің ауыл шаруашылық кәсіпорындарының цифрлық даму индексын (АЦДИ) анықтаудың әдістемесі автормен құрастырылды; АЦДИ-ы үш субиндекске бөлінді: кәсіпорындар қызметінің, инфрақұрылымның және еңбек қорларының цифрлық даму субиндекстері; - құрастырылған әдістеме қолдана отырып, зерттеуге салынған кәсіпорындардың цифрлық даму индексі бағаланды. 5. Ғылыми жұмыс барысында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде автор ауыл шаруашылық кәсіпорындарына цифрлық технологияларды енгізу алгоритмін құрастыруға мүмкіндік алып, оны нақтылады; - қазіргі уақыттағы еліміздегі ауыл шаруашылық кәсіпорындарына цифрлық технологияларды енгізудің механизмін зерттеп, оны жеке модель түрінде көрсетті; - жалпы өңірдегі ауыл шаруашылық кәсіпорындарын цифрландыру мәселесін шешуге арналған осы ұйымдастырушылық-экономикалық модель толықтырылып, жетілдірілді, яғни берілген ғылыми жұмыста алынған тәжірибе берілген цифрландыру моделіне енгізілді, оның ішінде елімізде арнайы цифрлық агротехнологиялық паркті ашу, кәсіпорындарға цифрлық құралдарды пайдаланудың ұжымды формаларын енгізу, арнайы техникалы-технологиялық инжиниринг ашу шараларын атауға болады; - ұсынылған ұйымдастырушылық-экономикалық модельдің экономикалық тиімділігіне болжамды экономикалық баға жасалынды. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығын негіздеу: Нәтиже 1. Ауыл шаруашылығының жалпы ел экономикасындағы маңызын және рөлін, даму ерекшеліктерін ескере отырып, осы салада қалыптасқан көптеген мәселелерді зерттей келе, цифрлық технологиялардың осы мәселелерді шешудегі мүмкіндіктері мен әлеуеті зор екендігі туралы тұжырым шығаруға болады. Осыған орай, ғылыми зерттеу категориясымен байланысты ұғымдық аппаратқа теориялық зерттеу жүргізу, ғылыми әдебиеттерде «цифрлық экономика жағдайындағы ауыл шаруашылық кәсіпорындары қызметінің тиімділігі» туралы нақты анықтама әзірше жоқ екендігі анықталды. Біздің пікірімізше, «Цифрлық экономика жағдайындағы ауылшаруашылық кәсіпорындары қызметінің тиімділігі» ұғымына қатысты автордың анықтамасы осы бағыттағы болашақ теориялық экономикалық зерттеулерге негіз бола алатыны сөзсіз. Нәтиже 2. Автормен құрастырылған көппараметрлі тиімділік моделін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызмет нәтижелігіне кешенді факторлық талдау жасауға қолайлы болады, ал тиімділік көрсеткішіне нақты цифрлық факторлардың әсер етуін бағалау моделін кәсіпорын қызметін цифрландыру кезінде пайдалануға қолайлы. Бұл модельдерді қолдану арқылы, біріншіден, тиімділікті бағалауды табысты өсіру және шығындарды азайту бағыттарында жеке бөліктерге бөліп жасауға мүмкіндік береді, оның нәтижесінде бағалаудың объективтілігі өседі және болашаққа ең жақсы шешімді қабылдауға көмектеседі. Екіншіден, берілген бағалау әдістемесі фирманың жұмысын жан-жақтан қарастырып, жеке дара көрсеткіштерді қолданады, бұл тиімділікті өсірудің көздерін зерттеуді тереңдете түсіреді. Үшіншіден, модельде қолданылатын барлық параметрлер кәсіпорын бухгалтериясы бойынша оңай алынады және есептелінеді, бұл көрсеткіштерді бағалауды әлдеқайда жеңілдетеді. Сонымен бірге аталған моделдерді теориялық зерттеулерде, экономикалық білім беру жүйесінде кеңінен қолдануға болады. Берілген моделдер нәтижелерді шамамен тез және дәл анықтауға мүмкіндік береді. Нәтиже 3. Жүргізілген жұмыста іс жүзінде істейтін ауыл шаруашылық кәсіпорындар қызметіне нақты цифрлық шаралар енгізілді және оның нәтижесі есепті жылдың соңында анықталды. Нәтиже көрсеткендей, берілген цифрлық шаралардың шаруашылық тиімділігіне ықпалы әрі оң, әрі зор екені анықталды. Автормен жүргізілген зерттеу барысында енгізілетін цифрлық технологиялардың экономикалық тиімділігін ғана емес, сондай-ақ, басқа да нәтижелерін бағалауға болатыны айқындалды. Бұл әдістемені жеке кәсіпорындар ғана емес, сондай-ақ, сәйкес салалық мемлекеттік органдар мен ұйымдар қолдана алатынын атап өту керек. Нәтиже 4. Цифрлық технологияларды енгізу шараларының негізінде ауыл шаруашылық кәсіпорындарының цифрлық дамуының өңірлік индексі әдістемесі құрастырылды. Бүгінгі күнге дейін ауыл шаруашылығына қатысты цифрлық дамудың өңірлік деңгейін өлшеудің толыққанды әдістемесі болмағанын атап өту керек. Сондықтан да, агроөнеркәсіп кешенінде цифрлық технологиялардың даму деңгейін өңір және жалпы ел шектерінде анықтайтын индекстер әдістемесін құрастырудың үлкен маңызы бар болғанын атап өтуге болады. Бұл әдістемені жеке кәсіпорындардан бастап, аудан, аймақ және облыс шектеріндегі заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар мен ұйымдар қолдана алады. Нәтиже 5. Ауыл шаруашылығын цифрландырудың экономикалық және ұйымдастырушылық-басқарушылық басымдықтары бүгінгі күні анық болмай жатыр. Осыған байланысты цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмыстарды жүйелі ғылыми-техникалық пен ұйымдастырушылық-әдістемелік негізге ауыстыру қажет болды. Жалпы түрде цифрлық технологияларды енгізудің құрастырылған алгоритмі кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық жүйесін түбегейлі өзгертетін кезеңдердің жүйелігінен тұрады. Бұл процедура, түбінде кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділігін өсіруге жәрдемдесетін нақты мақсаттарға жетуге, міндеттерді және көрсеткіштерді орындауға бағытталған болады. Сондай-ақ, берілген жұмыста өңірдегі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қызметін цифрлық дамытудың жаңа матрицалық моделі ұсынылды. Бұл моделде цифрландыру үдерісі біріңғай жүйеге біріктірілген, нәтижесінде цифрлық факторларды енгізу уақыты едәуір қысқарады және қолайлы болады. Құрастырылған ұйымдастырушылық-экономикалық моделді пайдалану нәтижесінде өңірдегі ауыл шаруашылық кәсіпорындардың қызмет тиімділігі жоғарлайтыны сөзсіз, оны автормен саналған болжамды нәтижелерден көруге болады. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы, ҚР Үкіметі жанындағы «Елдің зияткерлік әлеуеті» техникалық комиссиясы жоғары ғылыми тұрғыда бекітілген ғылымды дамытудың басым бағытына сәйкес келеді. Диссертациялық зерттеудің жеке нәтижелері ШҚО-ның үш ауыл шаруашылық кәсіпорындарының тәжірибелік қызметінде қолданылған. Ізденушінің әр жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Зерттеу нәтижелері 15 ғылыми жұмыста көрсетілді, оның ішінде 1 мақала Scopus халықаралық ғылыми-метрикалық деректер базасына енгізілген журналда (49 пайыздық), 5 мақала – ҚР уәкілетті органымен ұсынған басылымдарда (5 мақалада да 1-ші автор), 9 мақала – халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар материалдарында (жеке – 4 мақала). Диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша қорғалатын авторлық құқық объектілеріне (ғылыми жұмыс) 2 авторлық куәлік алынды. Автор диссертациялық жұмысты дайындаудың барлық кезеңдерінде зерттеуді өз бетінше жүргізді
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/i_Qz4IZ1hGo
