
«6D050600 - Экономика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Бейсекова Перизат Джуматовна диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Бейсекова Перизат Джуматовна «6D050600 – Экономика» мамандығы бойынша «АӨК-де астық өнімдері кластерінің жұмыс істеуі» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Карипова Айнур Турсынбаевна - ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, қауымдастырылған профессор (доцент)
Айнаканова Бакытгуль Асимхановна - Докторант PhD
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Шуленбаева Фая Ахметовна - ғылым докторы, доцент, Қазақ ұлттық Аграрлық университеті
Котеев Санджи Васильевич - ғылым кандидаты, доцент, Бүкілресейлік Аграрлық мәселелер және информатика институты. А. А. Никонова, профессор
Каменова Мазкен Жанатаевна - ғылым докторы, профессор, Тұран-Астана университеті
Ғылыми кеңесшілері:
Джолдасбаева Гульнар Каримовна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Алматы технологиялық университеті» АҚ «Экономика және менеджмент» кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Печеная Людмила Тимофеевна – экономика ғылымдарының докторы, Ресей биотехнологиялық университеті "Бизнесті басқару және сервистік технологиялар" кафедрасының профессоры (Мәскеу қ., Ресей).
Қорғау 2024 жылғы 27 желтоқсан, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6D050600 – Экономика» мамандығы бойынша «8D041 – Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/3EptLL
Мекен-жайы: г. Астана, ул. Кажымукана, 11, ауд. №517
Аңдатпа (қаз.): Бейсекова Перизат Джуматовнаның «6D050600 – Экономика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «АӨК-де астық өнімі кластерінің жұмыс істеуі» диссертациялық жұмысының АҢДАТПАСЫ Зерттеудің мақсаты – АӨК-де астық өнімі кластерінің жұмыс істеуі жөніндегі теориялық, әдістемелік ережелерді зерттеу, оның тиімділігін бағалау және ҚР-да қолдану үшін ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Зерттеудің мақсатына жету үшін келесі міндеттер анықталды: – АӨК-де астық өнімі кластерін қалыптастыру бойынша теориялық тәсілдер мен категорияларды зерделеу; – астық өнімі кластерінің жұмыс істеуін бағалау әдістемелерін қарастыру; – астық өнімдері кластерлерінің жұмыс істеуінің шетелдік тәжірибесін зерттеу; – астық өнімдері кластерлерінің жұмыс істеуінің заманауи үрдістерін анықтау; – астық өнімдері кластерінің жұмыс істеу тиімділігін бағалау; – жұмыс істеп тұрған астық өнімі кластерінің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін айқындау; – болашақта кластерлерді дамытуды жоспарлаудың негізін құрайтын астық өндірісінің оңтайландыру моделін әзірлеу. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін шешу және іске асыру Қазақстан Республикасының АӨК-де астық өнімдерінің кластерлерді дамытуды жоспарлаудың негізін құрайтын астық өндірісінің оңтайландыру бойынша ғылыми-негізделген ұсынымдарды әзірлеуге мүмкіндік береді. Диссертациялық зерттеу аясындағы нысан АӨК-гі астық өнімі кластері болып табылады. Зерттеу әдістері. Заңнамалық, нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламалық құжаттары мен шешімдері, Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің ұлттық статистика бюросының деректері, халықаралық экономикалық ұйымдардың зерттеу материалдары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің және АӨК астық өнімдері кешені кәсіпорындарының бағдарламалық және нормативтік құжаттары болып табылады. Талдамалық зерттеу шеңберінде астық өнімі кластерінің жұмыс істеуінің қазіргі жағдайындағы трендтер қарастырылды. Статистикалық әдісті қолдана отырып, индикативті көрсеткіштер нақтыланды. Сонымен қатар, экономикалық-математикалық модельдер, отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулері, монографиялық зерттеулер, статистикалық материалдар, мерзімді басылымдардағы мақалалар қолданылды. Негізгі ережелері (дәлелденген ғылыми гипотезалар және білім болып табылатын басқа да тұжырымдамалар) 1. «Кластер», «астық өнімі кластері» санаттардың өзара байланысы бойынша авторлық түзету. 2. Астық өнімі кластерінің жай-күйін бағалау әдістемесі. 3. Жұмыс істеп тұрған астық өнімі кластерінің даму үрдістері және оның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері. 4. Болашақта кластерлерді дамытуды жоспарлаудың негізін құруға мүмкіндік беретін астық өндірісінің оңтайландыру моделі. 5. Астық өнімі кластерінің одан әрі жұмыс істеуі жөніндегі басым бағыттар мен ұсыныстар. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы. 1. Авторлық анықтаманы, «кластер», «астық өнімі кластері» санаттардың өзара байланысы бойынша авторлық жүйесінің ұғымы. Астық өнімі кластерін дамытуда белгіленген және басқа да көптеген мәселелерді оқшаулау және сонымен бірге оның азық-түлік бәсекеге қабілеттілігін күшейту және қамтамасыз ету бойынша жаңа экономикалық жағдайларға бейімделуі бірқатар теориялық-әдіснамалық, аналитикалық және практикалық міндеттерді шешуді талап етеді, ұлттық азық-түлік бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету аспектісінде функционалдық мақсаттағы кластерлік ұйымның жаңа «трендін» әзірлеуге объективті қажеттілік туғызады. 2. Қазақстан Республикасының АӨК-де астық өнімі кластерінің жай-күйін бағалау әдістемесі. АӨК-де астық өнімдері кластерінің жұмыс істеу тиімділігін бағалау негізгі мақсат ретінде анықталғандығында болды. Экономика агросекторының астық өнімі кластерінің тиімді дамуы олардың арасындағы қатынастардың сипатын қалыптастыру кезінде пайда болады, бұл оларды белгілі бір тұтастық ретінде анықтауға мүмкіндік береді. Көбінесе бір аумақта шоғырланған өзара байланысты қызмет түрлерінің кәсіпорындары мен ұйымдарының көп функционалды өзара әрекеттесуінің көп өлшемді экономикалық жүйесі деп түсініледі. 3. Астық өнімі кластерінің жұмыс істеуін талдау оның даму тенденцияларын анықтау. Астық өнімі кластерінің жұмыс істеуін бағалау нәтижесін алу үшін 2012-2022 ж. арасындағы материалдық-техникалық ресурстардың, астық өндірісінің және оны қайта өңдеу өнімінің көрсеткіштері бойынша статистикалық өңдеу жүргізілді. Астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін өткізу 2022 жылы бірінші топтың (астықты өткізу) екі көрсеткішінің өсуін 2012 жылмен салыстырғанда және екінші (астықты қайта өңдеу өнімдерін өткізу) бойынша төмендеуін көрсетеді. Интегралды көрсеткіштерді есептеу формуласын әзірлеу астық кластерінің жұмыс істеу қарқынын есептеу үшін жалпы мәселенің бір бөлігін жабады. Барлық есептелген интегралдық көрсеткіштер бойынша оң үрдіс байқалды. Астық кластерінің жұмысындағы өзгерістер индексінің қарқынын анықтау динамика қатарындағы әрбір деңгейдің алдыңғы деңгейіне, яғни орташа өсу коэффициентіне қатынасын көрсетті. Болжамның жиырма тоғыз нұсқасы үшін жүргізілген есептеулердің дұрыстығы 70-тен 98%-ға дейінгі диапазонда болады. Бұл кластердің жұмыс істеу көрсеткіштерінің жеткілікті объективті болжамды мәндерін көрсетеді. 4. Астық өнімдері кластерінің жұмыс істеу тиімділігі бағалау нәтижесінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететуі. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тиімділігі оның әлеуетінің көлеміне және экономиканың салалық құрылымына байланысты: экономикалық кешенді әртараптандыру әлеуеті неғұрлым маңызды және жоғары болса, дамудың тұрақтылығы мен инерциясы соғұрлым жоғары, қауіптер мен кездейсоқ құбылыстарға осалдау болады. АӨК-дегі өңірлік астық өнімі кластерінің функциялары өңірлік мүдделерді іске асыруға бағытталған, оларға сәйкес келетін бес функционалдық міндетті бөлуге болады: өмір сүру деңгейін арттыруға жәрдемдесу: өңір халқының тиімді жұмыспен қамтылуы, оның қаржылық, табиғи-ресурстық және өндірістік әлеуетін ұлғайту; өңірішілік және өңіраралық байланыстарды дамыту. АӨК-дегі астық кластерінің халықтың ақшалай табысына әсерін қарастыра отырып, халық азық-түлік сатып алуға өз қаражатының бір бөлігін ғана жұмсайтыны атап өтілді. 5. АӨК-де астық өнімі кластерінде өндірістің оңтайландыру моделін әзірлеу. Заманауи математикалық модельдеу технологияларына негізделген астық өндірісінің оңтайландырылған моделі талдаудың маңызды және тиімді әдісін ұсынады. Оның артықшылығы-көптеген негізгі аспектілерді ескере отырып, астық секторының жұмыс қарқынын егжей-тегжейлі және терең бағалауды қамтамасыз ету мүмкіндігі. Модель астық кластерінің ағымдағы жағдайын дәл бағалау құралы ғана емес, сонымен қатар қуатты болжау құралы болып табылады. Оның әмбебаптығы әдісті әртүрлі салалар мен қызмет салаларында сәтті қолдануға мүмкіндік береді, бұл қосымша зерттеулер мен талдауларға жаңа мүмкіндіктер ашады. 6. Астық өнімдері кластерінің тиімді жұмыс істеуіндегі мемлекеттік реттеу. Мемлекеттің рөлін күшейтуде, мемлекеттік шаралар ретінде мыналарды: дәнді дақылдардың белгілі бір түрлерін өндіру үшін әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу, кепілді бағалар бойынша мемлекеттік сатып алу шарттарын жақсартуға бағытталған іс-шараларды өрістету, экспорттық квота мен тиісті салық заңнамасын енгізу, ішкі нарықта бағаны көтеруге және ішкі тұтынуды ынталандыруға бағытталған іс-шараларды енгізуді ұсынуға болады. Әлемдік астық шаруашылығында қалыптасқан қазіргі жағдай мемлекет экономикасындағы астық шаруашылығының өсіп келе жатқан рөлін көрсетеді, тиісінше саланы әлемдік нарыққа шығару үшін ұлттық астық саясаты қажет, оған астық шаруашылығының барлық шаруашылық жүргізуші субъектілері экономикалық қызығушылық танытады, онсыз саланың жоғары тиімді жұмыс істеуіне сену қиын. Мемлекеттік астық саясаты астық шаруашылығының және онымен сабақтас экономика салаларының орнықты және тиімді жұмыс істеуі, елдің астыққа деген қажеттілігін неғұрлым толық және кепілді қанағаттандыру, оның экспортын кеңейту мақсатында дамыған астық нарығын қалыптастыру қажеттілігіне негізделуге тиіс. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі. Диссертациялық зерттеу барысында алынған нәтижелер АӨК-де астық өнімі кластерінің жұмыс істеуі мен дамуының теориялық-әдіснамалық негіздерін жетілдіру мәселелерін, сондай-ақ агроөнеркәсіптердің бәсекелестік даму стратегияларын таңдаудағы жүйелі талдау мүмкіндіктерін зерттеу үшін маңызды болуы мүмкін. Астық өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдық-құқықтық іс-шараларды іске асыру және нормативтік-құқықтық шешімдер қабылдау қажет. Астық өнімдері кластерінің жұмысын жетілдірудің маңызды бағыттары: – өндірістік, экономикалық және қаржылық қызметті тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы ұйымдарын реформалауды жүргізу; – ресурстарды үнемдейтін технологияларды игере отырып және масақ дақылдарының жоғары өнімді сорттарын пайдалана отырып, астық өндірісін техникалық және технологиялық қайта жарақтандыру; – аграрлық бейіндегі лизингтік құрылымдары мен ғылыми-білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл жасайтын агросервиспен қамтамасыз етілген астық шаруашылығының заманауи инфрақұрылымын құру; – астық өндірісінің инновациялық технологиялық процестері бойынша АӨК инновациялық консалтингтік компаниясының жұмысын қажетті қызмет көрсету стандарттарының болуымен ұйымдастыру; – АӨК-де астық өндірісін дамытуға және нығайтуға ықпал ететін әлеуметтік, көліктік-логистикалық, өндірістік, материалдық, технологиялық инфрақұрылымның тиімді жұмыс істеуін құру. Бұл бағыттарды жүргізу астық өндірісін тұрақты кеңейтілген ұдайы өндіру, АӨК-дегі астық өнімі кластерінің кірістілігін, төлем қабілеттілігін арттыру үшін тиімді құрал бола алады. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі. Диссертация жұмысының тақырыбы мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес келеді: – Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. Тоқаев. Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары: Қазақстан халқына жолдауы. – Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. Тоқаев. Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм. Қазақстан халқына жолдауы. – Қазақстан Республикасының Заңы. Астық туралы: 2001 жылдың 19 каңтарда, №143 қабылданған. (08.06.2024 жаңартылған) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастырудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы: 2013 жылдың 11 қазанда, №1092 бекітілген. (29.07.2019 жаңартылған) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы: 2017 жылдың 12 желтоқсанда, №827 бекітілген. (01.10.2020 жаңартылған) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. Экономиканың басым секторларындағы пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы: 2005 жылдың 25 маусымда, №633 бекітілген. – Қазақстан Республикасының Заңы. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы: 2014 жылдың 10 маусымда, №207-V ҚРЗ қабылданған. (22.07.2024 жаңартылған) – Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021–2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны бекіту туралы: 2021 жылдың 12 қазандағы № 732 қаулы. (22.09.2023 жаңартылған) – Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтары туралы: 2021 жылғы 26 ақпандағы № 520 Жарлығы – Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекіту туралы: 2024 жылғы 30 шілдедегі № 611 Жарлығы Докторанттың әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Жұмыстың негізгі тұжырымдамалары жалпы көлемі 12 б.б. 27 ғылыми жұмыстарында жарияланды. Оның ішінде Clarivate Analytics, Scopus, JSTORE және т.б. компаниялардың деректер базасына енгізілген, нөлдік емес импакт–факторы бар немесе деректер базасында индекстелетін 2 ғылыми мақалада, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған тізімде көрсетілген экономикалық журнал басылымында 7 ғылыми мақала, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда 16 мақала, шетелдік пен басқа басылым журналында 2 мақала басылып шығарылды. Автор диссертацияны дайындаудың барлық кезеңдерінде өз бетінше зерттеу жүргізді, өйткені оның диссертация тақырыбы бойынша арнайы біліктілігі мен практикалық жұмыс тәжірибесі бар.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/DtX6gdnX0fI?feature=shared
