
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Нуралина Қаламқас Тлеугабыловна «8D04106 – Аналитикалық Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша Аймақтық экономиканың нарықтық транформациясының жағымсыз салдарын төмендету (ШҚО мысалында) тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Экономика және кәсіпкерлік кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Бакирбекова Айгуль Макулбековна - экономика ғылымдарының кандидаты, қауым.профессор, Х.Досмухамедов атындағы Атырау университетінің «Экономика» кафедрасының профессоры (Атырау қ., Қазақстан Республикасы);
Жамкеева Махаббат Кангожиевна – PhD, «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Жергілікті қамтуды дамыту және мониторинг Дирекциясының бас сарапшысы (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Буркальцева Диана Дмитриевна – экономика ғылымдарының докторы, доцент, В.И. Вернадский атындағы Қырым федералды университетінің «Кәсіпорын қаржысы» кафедрасының профессоры (Симферополь қ., Ресей Федерациясы);
Тлеубердиева Айжан Токтаровна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Экономика институты (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Абдымомынова Алмакул Шакирбековна – экономика ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Экономика» кафедрасының профессоры (Қызылорда қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Байжолова Раиса Алиевна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Васин Сергей Михайлович - экономика ғылымдарының докторы, профессор, Пенза мемлекеттік университеті «Экономикалық теория және халықаралық қатынастар» кафедрасының профессоры (Пенза қ., Ресей Федерациясы).
Қорғау 2025 жылғы 21 ақпан, сағат 10:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D04106 – Аналитикалық Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша «8D041 – Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас форматта (оффлайн және онлайн) өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/3FkUcb
Мекен-жайы: Астана қ., Қажымұқан, 11, №517 ауд. (ОЗК)
Аңдатпа (қаз.):Нуралина Қаламқас Тілеуғабылқызының 8D04106 «Аналитикалық экономика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Аймақтық экономиканың нарықтық транформациясының жағымсыз салдарын төмендету (ШҚО мысалында)» диссертациялық жұмысының АҢДАТПАСЫ Диссертациялық зерттеудің мақсаты – аймақтық экономиканың нарықтық трансформациясының жағымсыз салдарын зерттеу және оның аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына жағымсыз әсерін төмендету бойынша ғылыми-практикалық ұсыныстар беру. Зерттеу міндеттері: – «аймақ», «аймақ экономикасы» және «нарықтық трансформация» түсініктерінің категориялық мәнін нақтылау; – аймақтық экономиканың нарықтық трансформациясының жағымсыз салдары мен оның әлеуметтік-экономикалық дамуға әсеріне қатысты жүйелік көзқарастарды зерттеу; – нарықтық трансформацияның жағымсыз салдарынан туындаған аймақтық сәйкессіздіктерді анықтау; – нарықтық трансформацияның жағымсыз салдары есебімен аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін бағалау әдістемесін таңдау; – аймақтық экономика мен нарықтық трансформацияның жағымсыз салдарын зерттеудің шетелдік тәжірибесін зерттеу; – Шығыс Қазақстан аймағының қазіргі жағдайын талдау мен шешуді қажет ететін мәселелерін анықтау; – Шығыс Қазақстан аймағы экономикасының нарықтық трансформацияның жағымсыз салдарынан туындаған аймақтық сәйкессіздіктерді анықтау; – нарықтық трансформацияның жағымсыз салдарын есепке ала отырып, Шығыс Қазақстан аймағының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін бағалау; – аймақтық экономиканың нарықтық трансформациясының жағымсыз салдарын төмендету бойынша шаралар тиімділігін анықтау әдістемесін ұсыну; – Шығыс Қазақстан аймағы экономикасының нарықтық трансформациялануының жағымсыз салдарын төмендету механизмін жасау; – Шығыс Қазақстан аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен нарықтың трансформацияның жағымсыз салдарын төмендетудің қажеттілігін есепке ала отырып, аймақтық саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар беру. Зерттеу әдістері. Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері аймақтық экономиканың нарықтық транформациясының жағымсыз салдарын төмендету саласындағы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың іргелі еңбектері болып табылады. Зерттеу жұмысын жазу барысында жалпы әдістер диалектикалық материализм, абстрактілі-логикалық, статистикалық және математикалық үлгілеу, экономикалық талдау, экстраполяция әдістері қолданылды. Негізгі ережелері (дәлелденген ғылыми гипотзалар және жаңа білім болып табылатын басқа да тұжырымдар). – нарықтық өзгерістерді есепке ала отырып «аймақ» түсінігі нақтыланды; – аймақ экономикасының нарықтық трансформациясының әлеуметтік-экономикалық дамуға тигізетін жағымсыз салдары мен оны төмендетуге қатысты авторлық көзқарас; – Шығыс Қазақстан аймағы экономикасының нарықтық трансформациялануының анықталған жағымсыз салдарлары мен олардың белгілеріне қарай топтастырылуы; – экономикалық трансформациясының жағымсыз салдарынан туындаған сәйкессіздіктер; – нарықтық трансформациясының жағымсыз салдарын есепке ала отырып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін бағалау әдістемесі негізінде алынған нәтижелер; – аймақтық экономиканың нарықтық трансформациясының жағымсыз салдарын төмендету бойынша шаралар тиімділігін бағалау әдістемесі; – Шығыс Қазақстан аймағы экономикасының нарықтық трансформациялануының жағымсыз салдарларын төмендету механизмі; – Шығыс Қазақстан аймағы экономикасының нарықтық трансформациясының жағымсыз салдарын төмендетуді есепке алатын жетілген әлеуметтік-экономикалық саясаты. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы. Диссертациялық жұмыстың теориялық маңыздылығы аймақтық экономиканың нарықтық транформациясының жағымсыз салдарын төмендету мәселесіне жаңа көзқарастың негізделуі болып табылады. Зерттеудің теориялық нәтижелерін тиісті заңнамалық және жергілікті атқарушы органдар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеу үдерісінде пайдалануына болады. Аймақтық экономиканың нарықтық трансформациясының жағымсыз салдарларының себептері, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеу, аймақаралық диспропорцияларды теңестірудегі теориялық идеяларды кеңейтуге мүмкіндік береді. Диссертациялық зерттеудің жекелеген қорытындылары «Экономикалық теория және практика негіздері», «Макроэкономика», «Аймақтық экономика», «Экономиканы мемлекеттік реттеу» оқу курстарын оқыту барысында білім беру үдерісінде қолданылуы мүмкін. Зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңызы – диссертациялық жұмыста аймақтық экономиканың нарықтық транформациясының жағымсыз салдарын төмендету бойынша нақты ұсыныстар бар. Диссертациялық зерттеу барысында алынған негізгі нәтижелер әкімшілік саласының мамандары, жоғары оқу орнының оқытушылары және басқа да мүдделі тұлғалар үшін ғылыми және тәжірибелік ақпарат көзі ретінде қолданылуы мүмкін. Аймақтық экономиканың нарықтық трансформациясының факторларын, алғышарттары мен себептерін талдау және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеудің мемлекеттік саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін пайдалануға болады. Зерттеу нәтижелерін ҚР мемлекеттік ұйымдары және жергілікті атқарушы билік ұйымдары аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеу, аймақ экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, тұрақты дамыту бойынша іс шаралар әзірлеуге қолдануға болады. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі. – «аймақ» түсінігі нарыққа өтуден кейінгі өзгерістерді есепке ала отырып толықтырылды; – аймақ экономикасының нарықтық транформациясының әлеуметтік-экономикалық дамуға тигізетін жағымсыз салдары мен оны төмендету мәселесіне жаңа көзқарас негізделді; – Шығыс Қазақстан аймағы экономикасының нарықтық трансформациялануының жағымсыз салдарларын зерттеуде жүйелік бағыт қолданылды; – Шығыс Қазақстан экономикасының нарықтық трансформациясының жағымсыз салдарынан туындаған сәйкессіздіктер анықталды; – нарықтық трансформацияның жағымсыз салдарын есепке ала отырып, Шығыс Қазақстан аймағының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін бағаланды; – Шығыс Қазақстан аймағы экономикасының нарықтық трансформациялануының жағымсыз салдарын төмендетудің механизмі жасалды; – Шығыс Қазақстан аймағының әлеуметтік-экономикалық саясаты нарықтық трансформацияланудың жағымсыз салдарын есепке ала отырып жетілдірілді; – Шығыс Қазақстан аймағының әлеуметтік-экономикасының нарықтық трансформацияның жағымсыз салдарын төмендету бойынша ұтымды ғылыми-практикалық ұсыныстар берілді. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаға сәйкестігі. Диссертациялық зерттеу барысында төмендегідей мемлекеттік бағдарламалар негізге алынды. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. Тоқаев. Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі: Қазақстан халқына жолдауы (2021 жылғы 1 қыркүйекте). Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы: 2017 жылдың 29 қарашада, №790 бекітілген. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы: 2018 жылдың 15 ақпанда, №636 бекітілген. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы: 2019 жылдың 9 қазанда, №185 бекітілген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы: 2019 жылдың 27 желтоқсанда, №990 бекітілген Докторанттың әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы жазылады. Диссертация тақырыбында отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда 12 мақала түрінде жарық көрді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті бекіткен журналдарда – 4 мақала, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында – 7 мақала, импакт фактор «Scopus» базасына кіретін ғылыми базасында 1 мақала жарық көрді. 1. Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында cапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар жарияланымдар: 1.1. Аймақтың əлеуметтік экономикалық дамуындағы демографиялық үрдістердің рөлі / Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті . Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика ғылымдары. № 3(103)/2021 Шілде–тамыз–қыркүйек 30 қыркүйек 2021ж. 155-163 бет. 1.2. Қазақстанның және аймақтық экономиканың нарықтық транформациялануының жағымсыз салдарын зерттеу / Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің жаршысының №4(45) 2021 ж. 45-53 бет. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің жаршысының №4(45) 2021 ж. 45-53 бет. 1.3. Шығыс Қазақстан облысының экономикалық дамуын талдау / Вестник КазНУ. Серия экономическая. Том 141 №3 (2022). 12-22 бет. 1.4. Аймақ экономикасын дамытуды мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі/ Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Хабаршысы. №1 (401) Қаңтар-ақпан 2023.369-382 бет. 2.Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарындағы жарияланымдар: 2.1. Нарықтық трансформацияның жағымсыз салдарын төмендету / «Наука и образование в современном мире: вызовы ХХI века» IV Халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция жинағы, 29-31 қазан, 2019 ж. Нур-Султан. 284-287 бет. 2.2. Қазақстан экономикасының нарықтық трансформациясы / «Жаһандану жағдайындағы қазіргі экономика» халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Нұр-Сұлтан, 2019. 268-273 бет. 2.3. Қазақстан Республикасының экономикасындағы өтпелі кезеңнің ерекшеліктері / Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Шалболова Үрпаш Жаниязқызының 60 жылдығына арналған «Экономиканы жаңғырту: алғышарттар, жайкүйі, жаһандық сын-қатерлер мен индустрия трендтері жағдайында даму жолдары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы, 21 қараша, 2020 ж. Нұр- Сұлтан. 690-696 бет 2.4. ШҚО экономикалық дамуының қазіргі жағдайын зерттеу: бағыттары, мәселелері, басымдықтары ШҚО экономикалық дамуының қазіргі жағдайын зерттеу: бағыттары, мәселелері, басымдықтары / Экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик Апсалямов Надирбек Апсалямовичтің 80 жылдығына арналған «Қазақстанның экономикасы және білімі: жаңа сын-қатерлер мен шындықтар» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, КеАҚ Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті. 9 желтоқсан, 2021 жыл. 258-262 бет 2.5. Социально-экономические аспекты рыночной трансформации экономики Казахстана / Ресей Федерациясы үкіметінің қаржы университеті ұйымдастырған «Актуальные проблемы социальной стратификации и трансформации в современных условиях халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы, 16 қазан, 2020ж. Пенза. 10-14 бет. 2.6 Некоторые аспекты рыночной трансформации экономики Казахстана /«Жаһандық экономикалық кеңістікті қалыптастыру контекстіндегі ұлттық экономикалық жүйелер» VI Халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция, 3 сәуір, 2020 ж. Қырым. 497-500 бет. 2.7. Разработка модели стратегических приоритетов устойчивого развития сельских территорий Казахстана до 2030 года. Пример Восточно-Казахстанской области. / Журнал управления окружающей средой и туризма , [Sl], т. 14, № 5, стр. 2290 - 2299, сентябрь 2023 г. ISSN 2068-7729. Доступно по адресу: < https://journals.aserspublishing.eu/jemt/article/view/8013 >. 3 Scopus деректер базасында индекстелген Socio-economic development of countries based on the Composite country Development Index (CCDI). / Regional Sustainability 4 (2023) 115–128
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/UJhZvLxTZR4
