
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Саябаев Кайсар Максутович «6D050600 – Экономика» мамандығы бойынша Жасыл туризм ауылдық өңірлердің (Ақмола облысы мысалында) экономикалық әлеуетін дамытудың инновациялық тәсілі ретінде тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Экономика» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Ресми рецензенттер:
Жанабаева Жанар Каирбековна – экономика ғылымдарының кандидаты, қауым.профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының доценті (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Садыков Жасулан Амангельдыевич – PhD, доцент, Esil University «Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрының меңгерушісі (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Ибрагимов Нутфилло Салимович – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Бұхара мемлекеттік университетінің «Экономика және туризм» кафедрасының профессоры (Бухарақ., Өзбекстан Республикасы);
Муканов Айдар Хамзеевич – PhD, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Туризм» кафедрасының доценті (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Шаяхметова Лилия Муслимовна – PhD, Alikhan Bokeikhan University «Экономика және бизнес» кафедрасының доценті (Семей қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Тиреуов Канат Маратович – экономика ғылымдарының докторы, профессор, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» ҚеАҚ ректоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
<Тиреуов Канат Маратович – экономика ғылымдарының докторы, профессор, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» ҚеАҚ ректоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы)>Ниязбекова Шакизада Утеулиевна – </Тиреуов Канат Маратович – экономика ғылымдарының докторы, профессор, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» ҚеАҚ ректоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы)>экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы университеті (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы).
Қорғау 2025 жылғы 30 маусым, сағат 10:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6D050600 – Экономика» мамандығы бойынша «8D041 – Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас форматта (оффлайн және онлайн) өткізіледі.
Сілтемесі: https://clck.ru/3MJX2i
Мекен-жайы: Астана қ., Қажымұқан, 11, Еуразия ұлттық университетінің №517 ауд.(ОЗК)
Аңдатпа (қаз.):Қайсар Мақсұтұлы Саябаевтың 6D050600 – «Экономика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған «Жасыл туризм ауылдық өңірлердің (Ақмола облысы мысалында) экономикалық әлеуетін дамытудың инновациялық тәсілі ретінде» тақырыбындағы диссертациялық жұмысының АННОТАЦИЯСЫ Диссертациялық зерттеудің мақсаты Ақмола облысының ауылдық жасыл туризмін дамыту арқылы ауылдық аумақтардың экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған практикалық ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу қажет: - ауылдық аумақтардың тұрақты дамуының қарастырылатын тұжырымдамалық негіздері мен мазмұндық сипаттамаларын ғылыми категория ретінде ашу; - ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын бағалауға арналған қолданыстағы әдіснамалық тәсілдерді жүйелеу; - Ақмола облысы ауылдық аумақтарының қазіргі экономикалық жағдайына жан-жақты диагностика жүргізу; - Ақмола облысының ерекше жағдайларына қолданылатын бейімделген тұрақты даму көрсеткіштерін бағалау әдістемелеріне сыни талдау жасау; - өңірдің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық параметрлерін ескере отырып, ауылдық жасыл туризмнің тұрақты даму тұжырымдамасының тиімділігін кешенді бағалауға арналған бірегей әдістеме әзірлеу; - ауылдық жасыл туризмді дамытуға бағытталған мемлекеттік реттеу және қолдау жүйесін оңтайландыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар дайындау. Зерттеу әдістері пәнаралық көзқарасқа негізделген, олар ғылыми таным әдістерінің жүйесін біріктіреді: жүйелік-функционалдық талдау, салыстырмалы зерттеулер, контент-талдау және басқалар. Жұмыста бірізді түрде объективтілік пен детерминизм қағидаттары қолданылды. Зерттеу ауылдық жасыл туризмнің әр түрлі аспектілерін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған тәжірибе жүзінде дәлелденген әдіснамалық тәсілдерге негізделген. Бұл тәсілдер Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық базасына жүргізілген талдаумен және статистикалық деректермен толықтырылған. Статистикалық деректерді талдау барысында ақпаратты өңдеуге арналған бағдарламалық құралдар — SPSS және Microsoft Excel қолданылды. Бастапқы ақпараттың негізгі дереккөздері ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2014–2023 жылдар аралығындағы статистикалық материалдары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында, оның ішінде ҚР Президентінің сайты, Ақпараттық талдау орталығы және басқа да салалық порталдарда орналастырылған деректер пайдаланылды. Мұндай кешенді тәсіл тақырыптың барлық қарастырылып отырған аспектілері бойынша шынайы және негізделген қорытындылар жасауға мүмкіндік берді. Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: 1. Ауылдық жасыл туризмнің нақтыланған тұжырымдамасы және оның ауылдық аумақтардың тұрақты дамуындағы рөлі, соның ішінде осы ұғымға авторлық дефиниция беру. 2. Жасыл туризмнің дамуын өзара байланысты реттеуші ықпалдар жүйесі ретінде қарастыратын интегралды басқару моделі. 3. Ауылдық аумақтардың тұрақты даму бағдарламаларының тиімділігін бағалауға арналған үш деңгейлі экономикалық-математикалық әдіс, ол мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді: - Макро-, мезо- және микро деңгейдегі көрсеткіштерді кешенді түрде талдау; - Іске асырылып жатқан бағдарламалардың нәтижелілігін дәл бағалау; - Олардың ұзақ мерзімді әсерін болжау. 4. Ауылдық жасыл туризмді дамыту стратегиясы — ауылдық аумақтарды дамытудың жалпы стратегиясының ажырамас құрамдас бөлігі ретінде. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы. 1. Ауылдық аумақтардың тұрақты даму тұжырымдамасы бұл экономикалық мүдделерді, әлеуметтік қажеттіліктерді және қоршаған ортаны қорғауды үйлестіруге бағытталған көпдеңгейлі стратегия болып табылады. Ауыл тұрғындары, кәсіпкерлер мен туристер қатарынан 350 респондентті қамтыған әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқандардың 82%-ы туристік инфрақұрылымға жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) енгізуге оң көзқарасын білдірген. Бұл осындай бастамалар қоғам тарапынан жоғары деңгейде қолдау табатынын растайды. 2. Халықаралық тәжірибе ауылдық аумақтардың тұрақты даму мақсаттарына жетуде жасыл туризм мен баламалы энергетика арасындағы синергияның тиімділігін көрсетеді. Ақкөл ауданындағы күн панельдері мен жел электр станцияларын қолдануға негізделген «Эко-ауыл» жобасын сәтті жүзеге асыру энергиямен қамтамасыз ету шығындарының айтарлықтай төмендеуін және экологиялық көрсеткіштердің жақсарғанын көрсетті. 3. Ақмола облысының табиғи және ресурстық әлеуетін кешенді талдау нәтижесінде, жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) қолдана отырып, жасыл туризмді дамыту үшін қолайлы жағдайлардың бар екені анықталды. Өңірде жоғары деңгейдегі күн сәулесі, тұрақты жел ағындары мен әр түрлі табиғи ландшафттар бар, бұл экологиялық тұрақты туристік жобаларды сәтті іске асыру үшін жақсы негіз болып табылады. 4. Жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалана отырып жасыл туризмді дамытуға арналған басқару моделі үш деңгейлі қағида бойынша құрылымдалған. Макродеңгейде мемлекеттік саясат пен бағдарламалық қолдауды әзірлеуге негізгі назар аударылған. Мезодеңгей өңірлік энергия-туристік кластерлерді қалыптастыруды қамтиды. Ал микродеңгейде ауылдық туристік нысандар базасында нақты жобаларды іске қосу көзделген. 5. Экономикалық бағалау жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) туристік секторға енгізудің тиімділігін көрсетті. Күн электр станцияларының өзін-өзі ақтау мерзімі орта есеппен 4–6 жылды құрайды. Іске асырылған әрбір жоба ауыл тұрғындары үшін 8–12 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп, олардың табысын 30–35%-ға арттыруға ықпал етеді. 6. Жаңартылатын энергия көздерімен (ЖЭК) біріктірілген жасыл туризмді стратегиялық дамытудың негізгі бағыттарына мыналар жатады: гибридті қондырғыларды салу, экотехнологиялар саласында кадрлар даярлау, сондай-ақ халықаралық талаптарға сай экологиялық туризм стандарттарын әзірлеу және енгізу. 7. Мемлекеттік қолдау ынталандыру шараларының механизміне негізделуі тиіс. Оған салықтық жеңілдіктер, ЖЭК жабдықтарын сатып алуға арналған субсидиялар, сондай-ақ нысандарды электр желілеріне қосу тәртібін жеңілдету кіреді. 8. Ұсынылған бастамаларды іске асыру жоспары кезең-кезеңімен жүзеге асыру тәсілін көздейді: бірінші кезеңде – 10 демонстрациялық нысанның іске қосылуы; екінші кезеңде – табысты тәжірибелерді 25 нысанға дейін кеңейту; үшінші кезеңде – тұрақты экотуристік кластерлерді қалыптастыру. 9. Стратегияны табысты іске асыру үшін мемлекеттік органдар, жергілікті халық, бизнес және сарапшылар қауымдастығы арасындағы белсенді өзара іс-қимыл қажет. Экологиялық ағарту мен кәсіби кадрлар даярлау шаралары ерекше рөл атқарады. Сауалнама нәтижелері бойынша экологиялық және энергетикалық сауаттылықты дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларына деген айқын сұраныс бар. 10. Жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) негізделген жасыл туризмді дамыту ластайтын заттардың шығарындыларын азайтуға, ауылдық инфрақұрылымға салынатын инвестициялардың өсуіне және жаңа жұмыс орындарының құрылуына әкеледі деп болжануда. Сондай-ақ, әсіресе экологияны қолдайтын саяхатшылар тарапынан туристік ағынның артуы күтіледі. 11. Маңызды ұсынымдардың қатарында жасыл туризмді қолдауға арналған мамандандырылған өңірлік қор құру, жеңілдетілген несие беру бағдарламаларын енгізу, оқыту және кеңес беру орталықтарын ашу, ерікті экологиялық сертификаттау жүйесін енгізу, сондай-ақ халықаралық әріптестіктерді дамыту қажеттілігін атап өткен жөн. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығын негіздеу. 1-нәтиже. Туристік қызметтің ұғымдық аппараты алғаш рет кешенді түрде жіктеліп, ауылдық, жасыл, этникалық, агро- және экотуризм сияқты аралық ұғымдар нақты ажыратылды. Осы негізде «ауылдық жасыл туризм» (АЖТ) терминіне оның өзіндік ерекшеліктерін бейнелейтін авторлық анықтама әзірленді. 2-нәтиже. Жасыл туризм саласында тәуекелдерді оңтайлы бөлуді көздейтін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тұжырымдамасы негізделді: мемлекет белгіленген шектерде нарықтық тәуекелдерді өз мойнына алса, жеке меншік инвесторлар жобалық тәуекелдер үшін жауапты болады. Бұл модель Қазақстан туристік нарығының ерекшеліктерін ескере отырып әзірленді. 3-нәтиже. Ауылдық жекежайлар мен фермерлік шаруашылықтар иелері арасында жүргізілген бірегей эмпирикалық зерттеу нәтижесінде ауылдық жасыл туризмді дамытудағы негізгі проблемалар анықталды. Алынған деректер негізінде сала үшін практиалық маңызы бар «Туристік базаның қызметін ұйымдастыру» атты типтік жоба әзірленді. 4-нәтиже. Жасыл туризмнің Ақмола облысы ауылдық аумақтарының экономикалық өсуіне әсер ететін факторлар кешені анықталып, сандық тұрғыда бағаланды. Экологиялық бағыттағы туризмнің дамуымен байланысты инфрақұрылымдық өзгерістерді талдауға ерекше назар аударылды. 5-нәтиже. Ақкөл ауданының мысалында тексерілген ауылдық жасыл технологиялардың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық тиімділігін кешенді бағалау үшін бірегей экономикалық-математикалық аппарат әзірленді. Бұл әдіс басқарудың әр түрлі деңгейлерінде көп факторлы талдау жүргізуге мүмкіндік береді 6-нәтиже. Аймақтағы ауыл туризмінің қазіргі жағдайына сыни талдау жасалып, жүйелі мәселелер анықталды: мемлекеттік реттеу механизмдерінің тиімсіздігі, инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, туристік қызметтер спектрінің шектеулі болуы. 7-нәтиже. Жасыл туризмді дамыту арқылы ауылдық аумақтардың экономикалық потенциалын арттыруға бағытталған инновациялық стратегиялық басқару моделі ұсынылды. Модель тұрақты өсудің перспективалы бағыттарын, жүзеге асыру механизмдерін, ұзақ мерзімді жоспарлау құралдарын және теңгерімді көрсеткіштер жүйесін қамтиды. 8-нәтиже. Ғылыми айналымға ауыл шаруашылығы мен туристык қызметті біріктіретін жаңа ұйымдастырушылық форма ретінде «коопхоздар» (кооперативтік шаруашылықтар) ұғымы енгізілді. Бұл модельдің ауылдық аумақтардың көпфункционалды дамуы үшін артықшылықтары негізделген. 9-нәтиже. SWOT-талдау негізінде экотуризмді жүйелі түрде дамыту арқылы Ақмола облысының ауылдық аумақтарының экономикалық потенциалын арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдаудың кешенді шараларын қамтитын перспективалық даму стратегиясы әзірленді. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі. Диссертациялық зерттеу Тұрақты даму саласындағы мақсаттар, ҚР Экологиялық кодексі, «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» заң, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі туристік саланы дамыту тұжырымдамасы, Ақмола облысының 2021-2025 жылдарға арналған аумақтарды дамыту мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 2023-2027 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының 2021-2030 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін дамыту тұжырымдамасы және басқалары сияқты нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде жүзеге асырылды. Ізденушінің әрбір мақаланы әзірлеуге қосқан үлесінің сипаттамасы. Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар мен қорытындылар диссертациялық зерттеудің практикалық нәтижелерінен көрініс тапты, олар автордың 20 жарияланымында апробацияланып, көрсетілді, оның ішінде: - ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдардағы 7 мақала; - Импакт-факторлы журналдарда 2 мақала; - Scopus журналындағы 1 мақала: «Finance, franchise and their impact on tourism» (Канада, 2016); - Analytics Clarivate журналдарындағы 2 мақала: «Innovative approach in providing the Japanese zone of Astana» (Қазақстан, 2018) және «Economic substantiation of creation of a modern rural tourist base of rest» (2019). Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған 20 ғылыми мақаланың 4-ін автор жалғыз өзі жариялады. Басқа мақалаларда автор бірінші және корреспондент автор ретінде ұсынылған. Ізденушінің жеке үлесі зерттеудің барлық кезеңдерін дербес ұйымдастыруда және жүзеге асыруда, зерттеу нәтижелері бойынша жарияланымдар дайындауда және басқа нысандарда сынақтан өткізуде айқын көрінеді.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=POC7uz_rpyc
