
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Сактаганова Гульмира Советовна «6D051700 – Инновациялық менеджмент» мамандығы бойынша «Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық жүйесін инновациялық дамыту басқармасы» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Менеджмент кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Ресми рецензенттер:
Искаков Бауыржан Муратбекович – экономика ғылымдарының кандидаты, «Туран-Астана» университетінің «Бизнес әкімшілендіру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Габдулина Ляззат Баглановна - PhD докторы, Бизнес және коммуникация жоғары мектебінің «Экономика және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы. «Шәкәрім университеті» КЕАҚ Семей қ. (Семей қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Быкадоров Сергей Александрович – экономика ғылымдарының доктор, профессор, Сібір мемлекеттік жолдар қатынасы университетінің «Жүйелік талдау және жобаларды басқару» кафедрасының профессоры (Новосібір қ., Ресей Федерациясы);
Искакова Дамира Максутовна – экономика ғылымдарының кандидаты, «Инноватор» ғылыми -өндірістік кәсіпорны ЖШС директоры. (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Кенжин Жаксат Болатович – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының оқу қызметі департаментінің директоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Бакирбекова Айгуль Макулбековна – экономика ғылымдарының кандидаты, «Х.Д. Чурин атындағы агробизнесті басқару және ұйымдастыру» кафедрасының профессоры, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Вольфрам Шарфф – PhD, профессор, Қоршаған орта және ITS инновациялық технологияларын ұйымдастыру институтының бас директоры (Дрезден қ., Германия).
Қорғау 2026 жылғы 30 қаңтар, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6D051700 – Инновациялық менеджмент» мамандығы бойынша «8D041 – Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Мекен-жайы: Астана қ., Қажымұқан көшесі,11, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің оқу-зертханалық ғимараты, 518-аудитория.
Аңдатпа (қаз.): АННОТАЦИЯ Сактаганова Гулмира Советовнаның «Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық жүйесін инновациялық дамыту басқармасы» тақырыбындағы «6D051700 – Инновациялық менеджмент» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған диссертациялық жұмысына Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Цифрландырудың заманауи үдерістері мен озық технологияларды енгізу экономиканың негізгі салаларының, соның ішінде көлік-логистикалық сектордың трансформациялануын айқындайды. Қазақстан Республикасында 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары, Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы, 2024–2029 жылдарға арналған жасанды интеллектіні дамыту тұжырымдамасы сияқты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы көлік-логистикалық саланы дамытудың стратегиялық бағдарларын қалыптастырады. Сонымен қатар инновациялық әзірлемелерге инвестициялардың шектеулілігі, басқару субъектілерінің цифрлық экономикаға жеткіліксіз тартылуы, техникалық артта қалу және инфрақұрылымның өңірлік теңсіздігі сияқты мәселелер сақталуда. Осы жағдайларда диссертациялық зерттеудің өзектілігі Қазақстанның көлік-логистикалық жүйесінің инновациялық дамуын басқаруды жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу қажеттілігімен негізделеді. Диссертациялық зерттеудің объектісі – макро-, мезо- және микро деңгейлердегі Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық жүйесі. Диссертациялық зерттеудің пәні – Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық жүйесінің инновациялық дамуын қалыптастыру және басқару үдерісінде туындайтын ұйымдастырушылық-басқарушылық сипаттағы қатынастар. Диссертациялық зерттеудің мақсаты – көлік-логистикалық жүйенің инновациялық дамуын басқарудың теориялық тәсілдерін зерттеу және Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайында оны жетілдіру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу. Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттер айқындалып, шешілді: – көлік-логистикалық жүйенің инновациялық дамуының теориялық тәсілдерін жан-жақты зерттеу, Қазақстанның көлік-логистикалық жүйесінің инновациялық даму кезеңдерін айқындау, «көлік-логистикалық жүйенің инновациялық дамуын басқару» ұғымына авторлық анықтама беру; – Қазақстанның көлік-логистикалық жүйесінің инновациялық дамуын басқарудың әдіснамасын анықтау, оның даму бағыттары мен үрдістерін айқындау; – көлік-логистикалық жүйенің инновациялық дамуын басқарудың шетелдік оң тәжірибесін жүйелеу; – Қазақстанның көлік-логистикалық жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму үрдістеріне баға беру, саланың инновациялық және инфрақұрылымдық дамуына арналған мемлекеттік бағдарламаларды талдау; – көлік-логистикалық жүйенің инновациялық даму үдерістерін экономикалық-математикалық модельдеу; – дәстүрлі мониторинг әдістерін (сауалнама жүргізу және сұхбат алу) пайдалана отырып, Қазақстанның көлік-логистикалық жүйесі кәсіпорындарына мониторинг жүргізу, бұл инновациялық даму үдерісін тежейтін көптеген мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді; – көлік-логистикалық жүйенің инновациялық дамуын басқаруды жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу: жол картасының жобасы және перспективалық бағыттардың маршруттары. Зерттеу тақырыбының ғылыми тұрғыдан зерделену деңгейі. Инновациялық дамуға елеулі үлес қосқан, оны инновациялық әлеует тұрғысынан қарастыратын шетелдік ғалымдардың қатарына Ф. Палей, Н.Г. Комлев, А.А. Харин, С.М. Ильяшенко, Е.И. Кривенко, Е.С. Стряпчих, А.В. Михайлова, С.Ю. Глазьев, М.И. Воейков, А.И. Колганов, А.В. Бузгалин және басқаларды жатқызуға болады. «Инновациялық даму» ұғымын кәсіпорындардың инновациялық қызметі ретінде қарастырған ғылыми еңбектер А.А. Захаров, С.Ф. Сайфулина, С.Ю. Глазьев, Б.Н. Кузык, Ю.В. Яковец, Г. Ицкович, Л. Лейдесдорф және басқа зерттеушілердің еңбектерінде көрініс тапқан. Инновациялық дамуды өзгерістер призмасы арқылы, үдерістік тұрғыда қарастыру шетелдік авторлардың ғылыми еңбектерінде зерттелген, олардың қатарында С.В. Чернятин, Н.В. Быковская, И.П. Богомолова және басқалар бар. Салалардағы инновациялық даму мен инновациялық қызмет мәселелері қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған, атап айтқанда: Г.К. Шерова, М.Р. Сихимбаев, Д.Р. Сихимбаева, У.С. Алимбетов, Г.З. Зайнелова, Н.В. Краузе, З.М. Турдиева, А.Т. Ускеленова, Б.С. Толысбаев, Д.М. Турекулова, Б.Т. Бейсенгалиев, Б.К. Жуманова, Ф.К. Досмамбетова, А.Т. Койбакова, Н.А. Курманов, А.Н. Токсанова, А. Мухамеджанова, Н. Сырлыбаев және басқалар. Инновациялық дамуды басқару мен оны ұйымдастыруды зерттеу әдіснамасын дамытуға елеулі үлес қосқан шетелдік ғалымдар қатарына J.H. Lee, M. Amer, Л.Ю. Матич, R. Phaal, R.N. Kostoff және басқалар жатады. Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін инновациялар мен инновациялық даму саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері құрады. Зерттеу міндеттерін шешу барысында келесі әдістер қолданылды: «инновация», «инновациялық даму» ұғымдарының мазмұнына ғылыми әдебиеттерге шолу жасау және контент-талдау, статистикалық талдау әдістері, аналитикалық кестелер, синтез және салыстыру әдістері, сауалнама және сұхбат алу әдістері, жүйелеу және жалпылау, деректерді визуализациялаудың графикалық әдістері, бағдарламалық және нормативтік-құқықтық құжаттарды талдау, трендтерді талдау, басқару субъектілерінің өзара әрекеттесуін талдау, корреляциялық-регрессиялық талдау. Зерттеудің ақпараттық базасын отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, ғылыми-практикалық конференциялар материалдары, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілері, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының статистикалық деректері, интернет желісінің ақпараттық ресурстары, көлік және логистика саласындағы арнайы ақпараттық-талдамалық материалдар, сауалнама нәтижелері, сондай-ақ автордың жеке есептеулері құрады. Диссертациялық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің аналитикалық зерттеулері, ғылыми ұжымдардың, бірлестіктер мен одақтардың деректері пайдаланылды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы төмендегідей болып табылады: – инновациялар, инновациялық даму және инновациялық қызметтің мәні мен маңызын айқындайтын теориялық қағидалар тереңдетілді, «көлік-логистикалық жүйенің инновациялық дамуын басқару» ұғымына авторлық анықтама қалыптастырылды; – көлік-логистикалық жүйенің инновациялық дамуын басқаруды бағалауға арналған құралдар жүйесін қамтитын бағалау әдістемесі ұсынылды, сондай-ақ көлік-логистикалық жүйе параметрлерін өлшеуде кешенді тәсіл негізделіп, ол экономиканың бәсекеге қабілеттілігін болжаудың сапалық тұрғыдан жаңа деңгейін қамтамасыз етеді; – жүйеленген факторлар мен көрсеткіштер бойынша көлік-логистикалық жүйенің инновациялық дамуын басқарудың экономикалық-математикалық моделі әзірленді, бұл көлік-логистикалық саланың инновациялық дамуының статистикалық тұрғыдан мәнді көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік береді; – дәстүрлі мониторинг жүргізу әдістерін (сауалнама және сұхбат алу) пайдалану арқылы Қазақстанның көлік-логистикалық жүйесі кәсіпорындарына мониторинг жүргізу жүйесі жүзеге асырылды, ол инновациялық даму үдерісін тежейтін көптеген мәселелерді айқындауға мүмкіндік берді; – 2030 жылға дейінгі инновациялық және технологиялық дамудың негізгі трендтері, көлік-логистикалық жүйенің инновациялық дамуын басқарудың басым бағыттары, оны іске асырудың маршруттық карталары, сындарлы кезеңдері мен кедергілері және оларды жою тетіктері айқындалған Жол картасының жобасы әзірленді. Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар: – «көлік-логистикалық жүйенің инновациялық дамуын басқару» ұғымына берілген авторлық анықтама; – көлік-логистикалық жүйенің инновациялық дамуын басқаруды бағалаудың әдістемесі мен құралдар жүйесі, көлік-логистикалық жүйе параметрлерін өлшеудің кешенді тәсілі, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін болжауға мүмкіндік береді; – жүйеленген факторлар мен көрсеткіштер бойынша көлік-логистикалық жүйенің инновациялық дамуын басқарудың экономикалық-математикалық моделі, көлік-логистикалық саланың инновациялық дамуының статистикалық тұрғыдан мәнді көрсеткіштерін айқындауға мүмкіндік береді; – дәстүрлі мониторинг әдістерін (сауалнама және сұхбат алу) қолдану арқылы Қазақстанның көлік-логистикалық жүйесі кәсіпорындарына жүргізілген мониторинг жүйесі, инновациялық даму үдерісін тежейтін көптеген мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді; – Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық жүйесінің инновациялық дамуын басқарудың перспективалық бағыттарының маршруттарын қамтитын Жол картасының жобасы. Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Зерттеу барысында алынған нәтижелер Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық жүйесінің инновациялық дамуын басқару саласындағы ғылыми және теориялық зерттеулерді одан әрі дамыту үшін пайдаланылуы мүмкін. Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы саланың инновациялық дамуына әсер ететін факторларды кешенді түрде зерделеу қажеттілігімен, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бизнес үшін практикалық ұсынымдар әзірлеумен айқындалады. Автор әзірлеген инновациялық дамуды бағалау әдістемесі мен басқарудың экономикалық-математикалық моделі көлік-логистикалық жүйедегі инновацияларды стратегиялық басқаруды жетілдіру мақсатында қолданылуы мүмкін. Бұл саланың цифрлық трансформациясын жеделдетуге ықпал етеді. Диссертациялық зерттеудің жекелеген нәтижелері Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық жүйесінің инновациялық дамуын басқаруды әзірлеу барысында практикалық қызметте пайдаланылды. Ұсыныстарды мемлекеттік басқару органдары, көлік-логистикалық қызметтер мен кәсіпорындар көлік-логистикалық жүйені басқару үдерісінде практикалық қызметіне басшылыққа ала алады, бұл өз кезегінде олардың қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында қол жеткізілген негізгі нәтижелер: 1. Іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулердің, отандық және шетелдік ғалымдардың жетістіктерін терең зерделеу және жүйелеу негізінде көлік-логистикалық жүйенің инновациялық дамуын басқарудың авторлық анықтамасы қалыптастырылды. 2. Талдаудың жеті кезеңін қамтитын және экономикалық-математикалық, статистикалық және социологиялық әдістерді ұштастыратын көлік-логистикалық жүйенің инновациялық дамуын бағалаудың кешенді әдістемесі әзірленді. 3. Инновацияларды басқару бойынша шетелдік тәжірибе (Сингапур, Финляндия, Германия, Нидерланды) жүйеленіп, бейімделді, халықаралық тәжірибелерді қазақстандық жағдайға енгізу жөнінде ұсынымдар берілді. 4. Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық жүйесінің қазіргі жай-күйі талданып, оның негізгі үрдістері, мәселелері және инновациялық дамудың драйверлері айқындалды. 5. Саланың дамуына факторлардың ықпалын сандық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік беретін экономикалық-математикалық модель құрылды. Инновациялық өнім көлемі (тауарлар мен қызметтер) және өңірлер бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен айналысатын қызметкерлер саны сияқты факторлардың маңыздылығы анықталды. 6. 209 респонденттің қатысуымен социологиялық зерттеу жүргізіліп, көлік-логистикалық жүйенің инновациялық дамуына кедергілер мен перспективалар айқындалды. 7. Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық жүйесінің инновациялық дамуын басқару жөніндегі жол картасы жобасының перспективалық бағыттары анықталды. 8. 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған көлік-логистикалық жүйенің инновациялық және технологиялық дамуының негізгі трендтері мен технологиялары айқындалды. 9. Болашақ кезеңдерге арналған Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық жүйесінің инновациялық дамуын басқарудың перспективалық бағыттарын қамтитын маршрут қалыптастырылды. Зерттеу нәтижелерін апробациялау. Диссертациялық зерттеудің негізгі қағидалары «ТМД елдерінің интеграциялық дамуының мүмкіндіктері: зерттеушілер мен сарапшылар диалогы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Бішкек, 2019 ж.), «Заманауи ғылыми жетістіктер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Прага, 2018 ж.), «Адам капиталы – қоғамның инновациялық дамуының факторы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Уфа, 2018 ж.) апробациядан өтті. Диссертациялық зерттеу материалдары өндірістік қызметке енгізілді. Енгізу актілері бар. Жарияланымдар. Диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелері 17 ғылыми еңбекте жарияланған, оның ішінде: Scopus дерекқорына кіретін ғылыми журналдарда – 2 (екі) мақала, олардың біреуі Q2 деңгейіне жатады (процентиль – 65); Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда – 7 (жеті) мақала; ғылыми-практикалық конференция материалдарында – 6 (алты) мақала; ғылыми журналдарда – 2 (екі) мақала. Диссертацияның құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған дереккөздер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Негізгі мәтін 120 беттен тұрады. Диссертацияда 35 сурет пен 26 кесте берілген. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 100 атауды қамтиды.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=UO__PXqSiFM
