
«6D030100 - Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Рысжанова Гульнур Саматовна диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Рысжанова Гульнур Саматовна «6D030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша «Сот билігі және оның ұлттық заңнаманы дамытудағы рөлі» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Рецензенттер:
Ибрагимов Жамаладен Ибрагимович - ғылым кандидаты, доцент, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Факультет деканы
Жамбаев Ержан Сагынханович - ғылым кандидаты, доцент, Astana International University, доцент
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Сактаганова Индира Советовна - ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Профессор (міндетін атқарушы)
Zoll Fryderyk Andrzej - ғылым докторы, профессор, Ягеллонский университет, профессор
Алибаева Гульнара Айтжановна - ғылым докторы, профессор, Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы Каналы филиалы, проректор
Орманова Шолпан Шерехановна - ғылым кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Доцент (міндетін атқарушы)
Малютин Никита Сергеевич - ғылым докторы, профессор, доцент
Жетписов Серик Кожанович - ғылым докторы, доцент, ТОРАЙҒЫРОВ УНИВЕРСИТЕТІ, доцент
Ғылыми кеңесшілер:
Мусин Қуат Саниязданұлы – PhD, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының профессоры (Қарағанды қ.)
Цомплак Кристиан – заң ғылымдарының докторы, Вроцлав университетінің профессоры, (Вроцлав қ., Польша)
Қорғау 2023 жылғы 27 желтоқсан, сағат 14:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6D030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша «8D042 – Құқық» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://teams.microsoft.com/l/message/19:UhqHFMK_WzSns3OPE5Mm1P2GMwSNfW1oeCS8BUzua2Q1@thread.tacv2/1700809664255?tenantId=5a2fd781-9261-485a-af2b-6171d0efab73&parentMessageId=1700809664255&groupId=0bfacd1b-9f77-4136-9014-cec349f70164
Мекен-жайы: г. Астана, ул. К. Сатпаева, 2, Главный корпус, ауд. №302.
Аңдатпа (қаз.): Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезеңдегі, яғни қоғамдық және мемлекеттік өмірдің барлық жақтары Жаңа Қазақстанның құрылуына байланысты жаңғыртылуы барысындағы сот билігінің маңызы мен рөлі оның екі маңызды функциясында жатыр. Біріншіден, сот билігі сот төрелігін жүзеге асыру арқылы адамның құқықтары мен бостандықтарын нақты ісімен қорғауды қамтамасыз етуі керек болса, екіншіден, биліктің басқа тармақтарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, ұлттық заңнаманың дамуы мен жетілдірілуіне ықпал етуі тиіс, және де ықпал ету арқылы оған заң мен әділеттіліктің үстемдігі идеяларын бекітеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 1-қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»атты жолдауында «Қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуы қажет» деп, ерекше атап өтілген. Өзектіліктің ішіне ұлттық заңнаманы жетілдіру және дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуге белсенді қатысатын судьялар қауымдастығы органдары туралы да қосып айта кету керек. Бұдан басқа, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің ғылыми мақалаларды, ғылыми-практикалық түсініктемелерді, практикалық оқулықтарды жариялау арқылы, түрлі республикалық және халықаралық форумдарды ұйымдастыру арқылы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүйесін жаңғыртудағы және жақсартудағы қызмет саласын зерттеу ерекше назар аударуды талап етеді. Таңдалған тақырыптың өзектілігі, сонымен қатар ҚР Жоғарғы Сотының құқықтық сипаты толық анықталмаған нормативтік қаулыларымен де байланысты. Толық анықталмаған деудің себебі, олар ғылыми доктринада бірде интерпретациялық акті болып, бірде сот прецедентінің көздері болып қарастырылады, дегенмен олар заңнамада нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрі ретінде белгіленген. Осыған байланысты қазақстандық заңнаманың барлық жүйесін, оның негізгі субъектілерін, оның ішінде сот билігін зерттеу өзекті болып отыр. Бұл ретте қазақ билер соты мен қазіргі сот жүйесі қызметіндегі құқық шығару ұқсастығын орнату сот билігінің, тіпті жалпы мемлекеттік механизмнің жұмыс істеуі ұлттық дәстүрлерге ұласатындығының белгісі ретінде қарастырылады. Жоғарыда айтылғандардың барлығы сот билігінің ұлттық заңнаманы дамытуға қатысу мәселелерін зерттеудің және соттың құқық шығаруының формалары мен түрлерін анықтай отырып, осындай қызметті классификациялау мәселелерін түсінудің, мұқият талдау жасаудың уақтылығы мен өзектілігін көрсетеді. Және де бұл мәселелердің барлығын соттың, өзге де құқық қолданушылардың практикасында үнемі туындайтын мәселелерге байланысты тереңінен зерттелген деп санау қиынға соқтырады. Диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты – сот билігінің ұлттық заңнаманы дамытудағы рөлінің теориялық және практикалық мәселелерін жан-жақты талдау. Осы мақсатқа жету үшін диссертацияға келесі міндеттер қойылды: – сот билігінің мемлекеттік билік механизміндегі орны мен рөлінің эволюциясына теориялық-құқықтық талдау жүргізу; – сот билігінің қазақтың байырғы дәстүрлі қоғамындағы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнау кезеңіндегі қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін сол дәуірлердегі соттың құқық шығаруын талдай отырып зерттеу; – Қазақстан Республикасында сот билігін ұйымдастырудағы конституциялық-құқықтық негіздерді талдау; – ұлттық заңнама жүйесінде негізгі элементтерді анықтау және классификациялау; – ҚР ұлттық заңнамасын дамыту жүйесіндегі заңнамалық және заңға тәуелді реттеу субъектілерінің рөлін көрсету; – конституциялық бақылау органының құқық шығару субъектісі ретіндегі ерекшеліктерін белгілеу; – соттың құқық шығару мәселесінің теориясына талдау жүргізуді және ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығын жетілдірудегі тиімді формалардың бірі ретінде қарау; – сот практикасын зерттеу және оның ұлттық заңнаманы дамытудағы рөлін көрсету; – судьялардың сот төрелігі жүйесінен және ресми-нормативтік мазмұндағы құжаттарды қабылдаудан тыс ҚР заңнамасын дамытуға қатысуын талдау; – сот билігінің ҚР ұлттық заңнамасын дамытуға қатысу процесін жетілдіру жолдарын көрсету. Диссертациялық зерттеудің әдіснамалық негізі тану барысына қатысты жалпы ғылыми диалектикалық әдістер болып табылады, олар зерттеудің объектісі мен мәнін объективті түрде анықталған және тарихи өзгермелі санаттар ретінде қарастыруға бағытталған. Бұл өз кезегінде заңнаманы талдауға, ғылыми доктринаға, сот билігінің ұлттық заңнаманы дамытуға тікелей және жанама қатысу практикасына мүмкіндік берді. Сонымен қатар формальды-логикалық, салыстырмалы-құқықтық, формальды-құқықтық және жүйелік-құрылымдық талдау әдістері, сондай-ақ мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды танудағы басқа да дәстүрлі және жаңа әдістер қолданылды. Қорғауға ұсынылатын негізгі ережелер (дәлелденген ғылыми гипотезалар және жаңа білім болып табылатын басқа да қорытындылар): 1. Мемлекеттік механизмдегі сот билігінің орны мен рөлінің эволюциясы саяси-құқықтық идеялар мен озық ойшылдардың көзқарастары бір мезгілде күшті әсер еткен, ғасырлар бойы биліктің бөлінуі мен тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесінің принциптері туралы білімдерін тереңдетіп, осы құқықтық тұжырымдамаларды конституциялық-құқықтық құжаттарда және құқықтық болмыста көрсету қажеттілігін негіздеген қоғамның экономикалық негізі мен саяси тұрғыда құрылуының дамуы аясында қарастырылуы керек екендігітуралы дәлелдер келтірілді. Осындай негізге байланысты барлық елдерде, соның ішінде Қазақстан Республикасында да биліктің басқа тармақтарынан тәуелсіз дербес сот билігі заң жүзінде қалыптасып, дами бастады, оның негізгі міндеті сот төрелігін жүзеге асыру болды. 2. Қазақтың құқықтық жүйесінің бірегейлігі мен өзгешелігі судья-билер корпусын қалыптастыру жүйесінде, не болмаса заңды және әділ сот шешімдерін қабылдау ерекшеліктерінде ғана емес екендігі айқындалды. Яғни, сонымен қатар судья-билердің әдеттік құқық нормаларын жетілдіру және дамыту қызметі сияқты дәстүрлі практикасымен ағымдағы әдет-ғұрыптардың құқықтық нормаларын жалпы құқықтық нұсқамалардан құқықтық ережелер жасау әдістері арқылы нақтылау және егжей-тегжейлеу қызметі сияқты практикасымен өзгешеленеді. Бұл жаңа құқықтық ережелер (нормалар) нақты істер бойынша сот шешімдерінің қабылдануы барысында дедуктивті логикалық қорытындылар арқылы жасақталынып отырды. Билер құқықтық принциптердің мазмұнына терең еніп, олардың іске асырылу формаларын біле отырып, сот шешімдерінде ойлау қабілеті арқылы құқықтық нұсқамалардың мазмұны туралы жаңа білім қалыптастырды, олардың ақиқатына дау тараптары күмән келтірмеді, олар судья-билердің шеберлігі мен адалдығын толық мойындады. Билердің жаңа өзгеше жағдайлардың жиынтығын ескеретін, сол кезеңге тән Ереже түріндегі абстрактілі құқықтық ұйғарымдар құру сияқты соттың құқық шығарудағы мұндай формасының рөліөзекті. Қазақ билерінің құқық шығару дәстүрлері, біріншіден, Қазақ хандығының құқықтық жүйесінің дамуын көрсетеді, екіншіден, сот билігінің ұлттық заңнаманы дамыту мен жетілдіруге қатысуының тиімділігі мен қажеттілігінің қазіргі заманғы тұжырымдамасын растайды. 3. Бүкіл кеңестік кезең бойы Қазақстанда сот билігі дербес билік құрылымы болып қалыптаспағаны туралы негіз болар мағлұматтар келтірілді. Кеңес үкіметі мен Коммунистік партия социалистік мемлекет құруда өз саясатын жүргізуге тырысты және онысот органдары арқылы қуғын-сүргінге ұшыратумен бірге үйлестіруді көздеді. Дегенмен, кеңестік кезеңде айтарлықтай дәрежеде декларативті болса да, сот төрелігінің демократиялық бастамалары бекітіле бастады: судьялардың сайлануы, сот процестерінде ұлттық тілді қолдану мүмкіндігі, сот төрелігінің ашықтығы мен жариялылығы. Сонымен қатар, Қазақстанда жаңа институт – Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Пленумы құрылды, ол соттарға заңнаманы қолдану мәселелері бойынша үстемдігі бар түсініктеме бере алды. Бұл институт соттың құқық шығаруының дамуына ықпал етті, өйткені ол кейіннен нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлерінің бірі болып табылатын нормативтік қаулылар қабылдана бастаған ҚР Жоғарғы сотының пленарлық отырыстарының прототипіне айналды. 4. ҚР-дағы сот билігінің конституциялық-құқықтық негіздерін біртұтас мемлекеттік биліктің Конституцияда белгіленген және мемлекеттің атынан Конституцияда көзделген тәртіппен құрылатын арнайы мемлекеттік органдар ретіндегі соттар іске асыратын тәуелсіз тармағының формасы, мазмұны мен контуры құрайтындығы негізделді. Ол заң жүзінде құқықтық даулар мен істерді шешу және барлық құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында оларға жүктелген басқа да міндеттерді орындау құзыретіне ие.Басқа міндеттердің қатарында сот билігінің ұлттық заңнаманы дамытуға және жетілдіруге қатысуын ерекше атап өткен жөн. 5. Ұлттық заңнама жүйесінің барлық элементтерін, оның негізгі субъектілерін белгілеу құқықтық реттеу механизмін дамыту және жаңа құқықтық нұсқамалар жасау процесіндегі сот билігінің орны мен рөлін анықтау үшін үлкен маңызға ие екендігіне негіз болатын пікірлер келтірілді. Қазақстандық ұлттық заңнаманың негізгі элементтері заңнама құрылымының вертикалды түрде құрылатын құрылымынан туындайтыны дәлелденді. Мұндай түрдегі құрылым билікті жария түрде құру механизміне тәуелді, ішіндегі әрқайсысының өкілдері өз құзыретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілер шығарады, бұл әрекеттерімен нормативтік құқықтық актілер иерархиясы жүйесі мен актілердің заңдық күші жүйесі үшін теориялық және практикалық базаны құрайды. ҚР ұлттық заңнамасының элементтерін құқық құрылымын құрудың вертикалды түрдегі принципі бойынша да, горизонталды жүйе бойынша да бөліп көрсетуге болады. Екі жағдайда да заңнама жүйесі қоғамдық қатынастарды реттейтін ҚР-ң барлық нормативтік құқықтық актілерін қамтитын болады. Бұған заңдар да, заңға тәуелді актілер де, ҚР Конституциялық Соты мен ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары, орталық және жергілікті билік органдарының актілері, техникалық регламенттер кіреді. 6. Заңнамалық және заңға тәуелді реттеудің мәнін айқындау, яғни ҚР Парламенті қандай қатынастар бойынша заңдар қабылдай алады, ал Үкімет, ҚР Жоғарғы Соты және өзге де мемлекеттік органдар заңға тәуелді актілерді қандай қатынастар бойынша қабылдай алады деген мәселенің неғұрлым айқын ұстанымын белгілеу заң ғылымы мен практикасы үшін өзекті болып табылатындығы анықталды. ҚР Конституциясының ережелерін сөзбе-сөз түсіндіру заңдар тек Конституцияда дөп көрсетілген аса маңызды қатынастарды ғана реттей алады, ал заңға тәуелді актілер қоғам мен мемлекет үшін маңызды емес әлеуметтік өзара іс-қимылдарды реттейді деген ойлауға әкелуі мүмкін. Конституцияда көрсетілген «барлық өзге қатынастар» табиғатынан тәуелсіз және дербес дейтін ерекше және жеке қатынастар жүйесі емес екендігі мәлім. Керісінше, «барлық өзге қатынастар» ең маңызды қатынастармен тығыз байланысты және бастапқы маңызды қатынастардан туындайды, туындауына осылар себепкер. Демек заңдардың да, заңға тәуелді актілердің де реттей алатын қатынастары бірдей. Бұл жерде айырмашылық тек мынада болады: Парламенттің қабылдайтын заңдары қандайда бір қатынастардың жалпы, негізгі және маңызды жақтарын реттесе, ал басқа органдардың заңға тәуелді актілері, ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын қоса алғанда, осы, яғни қандайда бір деп отырған қатынастардың нақтылайтын және егжей-тегжейлейтін жақтарын реттейтін болады. Осыған байланысты Конституцияның 61-бабының 3-тармағынамынадай өзгерістер енгізген дұрыс болар: «аса маңызды қоғамдық қатынастар» деген тіркесті «қоғамдық қатынастардың аса маңызды жақтары» деп ауыстыру. Бұл қадам заңнамалық және заңға тәуелді реттеудің барлық субъектілері, әрқайсысы өз деңгейінде, қоғамдық қатынастардың әртүрлі жақтарын реттеуге бағытталған нормативтік мазмұндағы құқықтық актілерді қабылдай отырып, ұлттық заңнаманы қалыптастыруға және дамытуға тиімді үлес қосатын жағдайды қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, заңнамадағы олқылықтарды тезірек жоюға ҚР Парламенті Мәжілісінде Жоғарғы Соттың өз өкілі болсын деген шешім ықпал етеді деген сенімдеміз. 7. ҚР Конституциялық Сотының және ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының өздерінің құқықтық сипаты бойынша қаншалықты ұқсастықтары болса, оларды бір-бірінен айыруға болатын соншалықты айырмашылықтары көп екені анықталды, бұл ұлттық заңнаманы жетілдіру мен дамытуда конституциялық бақылау органының нормативтік қаулыларының рөлі мен маңызын неғұрлым егжей-тегжейлі талдауға негіз болады. ҚР Конституциялық Соты айтарлықтай құқық қолдану сипаттағы нормативтік қаулыларды қабылдай отырып, сонымен бірге қолданыстағы құқықты қалыптастырады, оған ҚР Конституциясының 4-бабына сәйкес, Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары да кіреді. Нормативтік қаулыларының құқық қолдану сипатына қарамастан, ҚР Конституциялық соты өзінің құқықтық ұстанымдары, құқықтық ережелері және қабылданатын шешімдердің қарар бөлігі арқылы кез келген нормативтік құқықтық актіні тұтастай немесе оның жекелеген нормалары мен ережелерін ҚР Конституциясына сәйкес емес деп жариялай алады. Бұдан басқа, ҚР Конституциялық Сотының нормативтік қаулыларында, жолдауларында көрсетілген құқықтық позицияларында ҚР Парламенті мен Үкіметіне ҚР ұлттық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жиі беріледі. 8. ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларына қолданыстағы құқық мәртебесін беру, сондай-ақ нормативтік қаулыларды «Құқықтық актілер туралы» заңның 7-бабы 2-тармағына сәйкес,нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне жатқызу заң доктринасында жиі сынға ұшырайтыны анықталды. Осыған байланысты, нормативтік құқықтық актінің қабылдануы негізінде құқықтың жаңа нормаларыныңжасақталуы сот билігі қызметінің басты формасы болып табылмайтынына қарамастан, сот билігі жұмысының қосымша бағыты ретіндегі мұндай құзырет Қазақстан Республикасында сот төрелігін іске асыру процесінің тиімділігін қамтамасыз ететіні негізделді. Бұл Парламенттің заңнамалық функциялары сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын толық қамтамасыз ете алмайтындығымен түсіндіріледі, өйткені сот практикасы Парламенттің заңнамалық актілерін толықтыратын, нақтылайтын, және егжей-тегжейлейтін Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын қажет етеді. Құқықтық актілер туралы заңның 5-бабының 2-тармағында ҚР Конституциялық Сотының нормативтік қаулыларының орны нақты айқындалғанына, оның ҚР Конституциялық Сотының нормативтік қаулыларында қаралу нысанасына айналатын конституциялық нормаларға теңестірілетіне негізделе отырып жәнеаталмыш Заңның осы бабының 3-тармағында Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының заңдық күші туралы емес, оның мазмұны туралы жазылғанын айта отырып, ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының заң күші деңгейін заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет деп санаймыз. Атап айтқанда, Құқықтық актілер туралы заңның 5-бабындағы 3-тармағын мынадай редакцияда жазып, өзгерту: «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының заңдық күші өздерінің нормаларын нақтылауға және егжей-тегжейлеуге бағытталған заңнамалық актілердің күшіне тең». Тек, бұл жерде Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларында заңдардың ережелерін нақтылау шектері сақталса болғаны. Нормативтік қаулыларда заң нормаларын жеткіліксіз нақтылау, сондай-ақ заңнамалық нормаларды шамадан тыс нақтылау құқықтық реттеу үшін зиянды болады. Бұл тұрғыда оңтайлы тепе-теңдікке жету сот жүйесінің, республиканың барлық органдары мен ұйымдарының тынымсыз және үздіксіз жұмысымен байланысты. 9. Сот практикасын ұлттық заңнаманы дамыту және жетілдіру процесіне қатысы бар кең және тар мағынасында қарау керектігінақтыланды. Сот практикасын кең мағынада қарастырылуын алсақ, бұл жерде соттармен заңнама жүйесі оның тиімділігіне тексеріледі десекте болады, құқықтық реттеудің қиындықтары анықталады, құқықтағы қайшылықтар мен кемшіліктер анықталады деп айтуға болады, өйткені сот практикасы әлеуметтік процестердің өзгергіштігін көбінесе құқық қолдану призмасы арқылы көрсетеді. ҚР Жоғарғы Соты соттардың құқық қолдану қызметінің деректері негізінде істердің әртүрлі санаттарын қараудағы сот практикасын қорытындылайды және соттардың заңнаманы жетілдіругеқатысты ұсыныстарын талдайды. 10. Сот практикасын тар мағына тұрғысынан алғанда, судьялардың белсенді ұстанымының процесі жүретіндігі туралы дәлелдер келтірілді, бұл ұстаным әртүрлі құқықтық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің нақты тепе-теңдігін орнатуға бағытталады. Осы орнату жолында судьялар көбінесе заң үстемдігі идеясын бұзбай, құқықтағы олқылықтар мен қайшылықтардың орнын жаңа құқықтық нормалармен толтырады. Қандайда бір іс бойынша шешім шығару процесінде судья құқықтық ережелерді шығарғанда құқықтық ұйғарымдардыңтүсінікті немесе түсініксіз белгіленгеніне, құқықта қайшылықтар немесе олқылықтар бар-жоғына назар аударуы керек. Судья ғылыми доктринаның тұжырымдарын қолдана отырып, өзінің кәсіби дағдыларын көрсете отырып, қажет болған жағдайда ұлттық құқық жүйесінің негізгі құқықтық принциптері мен ережелеріне сәйкес келетін жаңа нұсқамалар жасауға құқылы. Қазіргі кезеңдегі сот практикасының рөлін асыра бағалау қиын. Бір жағынан, оны тұтастай құқықтың қайнар көзі деп атауға болмайды. Екінші жағынан, сот практикасы заңнамадағы олқылықтарды анықтап, олардың орнын толтыра отырып, сот органдарының жаңа құқықтық позицияларын құра отырып, Қазақстан Республикасының құқықтық болмысына органикалық түрде үйлесіп, заңнаманы жетілдіруге және дамытуға объективті ықпал етеді. 11. Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің ұлттық заңнаманы дамытуға сот төрелігін жүзеге асырумен ғана қатыспайтыны негізделді. Сот жүйесінің құқықтық реттеуді жаңғыртуға тартылуының басқа да жолдары бар: заң жобаларын дайындау жөніндегі түрлі комиссияларға қатысу, соттардың ұлттық заңнама нормаларын қолдануы және оны жетілдіруі мәселелері бойынша түрлі конференциялар, дөңгелек үстелдер мен семинарлар ұйымдастыру; сот қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының қызметіне, ұлттық заңнаманы реформалау және судьялық құқық мәселелері бойынша судьялардың ғылыми және өзге де жарияланымдарына араласуы. 12. Жоғарыда айтылған тұжырымдар негізінде сот билігінің ұлттық заңнаманы дамытуға қатысуын жетілдіру жолдары ұсынылды. Бұл процестің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі судьялардың кәсіби құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады. Оның деңгейі судьяның құқықтық қызметінің нәтижелеріне, яғни Жоғарғы Сотпен қабылданатын нормативтік қаулылардың сапасына, сот шешімдерінің мазмұнына, құқықтық реттеудің тиімділігін арттыру бойынша ұсынылатын шараларға тікелей әсер етеді. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы. Диссертацияның қолжазбасы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының отырысында талқыланды. Диссертацияның негізгі теориялық тұжырымдары мен ұсыныстары Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті және Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің басқа да жоғары оқу орындарымен өткізілген ғылыми конференцияларда талқыланды. Диссертациялық зерттеудің негізгі қағидалары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Комитетімен ұсынылған ғылыми журналдарда жарияланды. Жұмыстың мазмұнын құрайтын диссертацияның негізгі теориялық идеялары мен қорытындылары, практикалық ұсынымдары - 14 (он төрт) ғылыми мақалаларда баяндалған, оның ішінде 9 (тоғыз) халықаралық конференция материалдарындағы мақалалар, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комитеті ұсынған журналдардағы 4 (төрт) мақала, Республикалық ғылыми-практикалық журналда 1 (бір) мақала, Scopus базасына кіретін журналда 1 мақала жарияланды. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығын негіздеу. Диссертациялық зерттеудің жаңалығы соттың құқық шығаруы саласындағы қатынастарға қатысты мәселелер алғаш рет диссертациялық деңгейде сот билігінің судьялар мен сот жүйесі қызметкерлері қызметінің әртүрлі салаларында ұлттық заңнаманы дамытуға қатысуы қамтыла отырып, жан-жақты қарастырылғандығында. Осыған байланысты жұмыстың ерекшелігін соттың құқық шығаруын соттардың заңнаманы дамыту жөніндегі нақты қызметімен өзара байланысында зерттеудегі құқықтық мәселелерді қарастырудан және кешенді тәсілді қолданудан көруге болады. Бұл нақты қызметтің болмысымына мәселерді зертеу барысында алғаш рет толығымен ашылып, түсінікті болды: Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының құқықтық сипатын зерттеу барысында, құқықтағы олқылықтардың орнын толтыруаясындасот шешімдерінде жаңа құқықтық ұйғарымдардың құрылуын зерттеу барысында; Соттардың конституциялық бақылау органына жүгінгенде кемшілігі бар мәселелердің жасақталуын зерттеу барысында; Жоғарғы Соттың сот практикасы мен Жоғарғы Соттың практикалық оқу құралдарын қорытындылаудағы құқықтық ұстанымдарының қалыптасуын талдау барысында; судьялардың нормативтік құқықтық актілердің жобаларын құру жөніндегі комиссиялар мен жұмыс топтарына қатысуын қарастыру барысында; Судьялар одағының қызметін талдау, судьялардың ұлттық заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарына қатысты ғылыми материалдарының құқықтық басылымдарда жариялануын зерттеу барысында. Осындай талдау негізінде және қалыптасқан тәжірибені ескере отырып, судьялардың заңнаманы дамытуға қатысу жолдарын арттыруға тікелей немесе жанама әсер ететін практикалық ұсынымдар мен нақты ұсыныстар тұжырымдалды. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі. Диссертациялық зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы сот билігінің қызметін және оның ұлттық заңнаманы дамытудағы рөлін талдау мәселелерін кешенді заманауи зерттеуде. Диссертациядағы тұжырымдар мен ұсыныстар соттың құқық шығаруы, сот билігінің билікті бөлу жүйесіндегі қызметі, оның құқықтық реттеу механизмін дамытуға және жетілдіруге қатысуы туралы мәселелерімен байланысты теориялық білімді одан әрі дамытуда қолданыла алады. Диссертациялық зерттеудің қорытындылары мен ұсыныстары соттың құқық шығаруы, соттың заңнама нормаларын нақтылау және түсіндірме беруі туралы мәселелерді зерттейтін құқық теориясына, конституциялық құқық, сот билігі және сот төрелігі ғылымына белгілі бір үлес қосады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы сот билігінің ұлттық заңнаманы дамытуға қатысу жолдарын жетілдіру бойынша ұсынылған ұсыныстарды құқық шығару, құқық қолдану қызметінде, сондай-ақ «мемлекет және құқық теориясы», «Конституциялық құқық», «Соттар мен сот төрелігі», «Соттың құқық шығаруы» сияқты пәндерін және жоғары оқу орнының, одан кейінгі білім берудегі басқа да элективті сынды курстарды оқыту шеңберінде ғылыми-педагогикалық қызметте пайдалануға болатындығымен сипатталады. Өтініш берушінің әр жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Докторанттың жарияланымдары тақырып бойынша өзекті, тәуелсіз және толық зерттеу болып табылады. Зерттеудің ғылыми нәтижелері докторанттың жарияланымдарында көрсетілген. Ғылыми мақалалар сот билігінің ұлттық заңнаманы дамытудағы рөлі бойынша жан-жақты ғылыми- тәжірибелік ұсынымдарды береді және құқық шығарушылық, құқық қолдану қызметінде, сондай-ақ ғылыми педогогикалық қызметте пайдаланылады.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/NH229wnTlAs?si=wsFdxoY2sz5T4RRB
