
«6D030100 - Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Абдрасулова Айжан Ермеккызы диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Абдрасулова Айжан Ермеккызы «6D030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша «Құқық қолдану процесіндегі заң ұқсастығы және құқық ұқсастығы (теория және практика мәселелері)» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Рецензенттер:
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Ғылыми кеңесшілер:
Мензюк Галина Анатольевна - заң ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан-Американдық еркін университетінің Құқық және экономика факультетінің деканы (Өскемен қ.)
Василевич Григорий Алексеевич – заң ғылымдарының докторы, профессор, Беларусь мемлекеттік университетіндегі Конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі (Минск қ., Беларусь)
Қорғау 2024 жылғы 19 қаңтар, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6D030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша «8D042 – Құқық» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3aUhqHFMK_WzSns3OPE5Mm1P2GMwSNfW1oeCS8BUzua2Q1%40thread.tacv2/1701842231386?context=%7b%22Tid%22%3a%225a2fd781-9261-485a-af2b-6171d0efab73%22%2c%22Oid%22%3a%223b25c00d-d748-4c13-bb26-7930a6fb4202%22%7d
Мекен-жайы: г. Астана, ул. К. Сатпаева, 2, Главный корпус, ауд. №302.
Аңдатпа (қаз.): Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде үздіксіз өзін бекіту жолымен келеді. Конституциялық бағыттағы мақсаттарды және қоғамдық-саяси дамудағы принциптерді іске асыру мемлекеттің құқықтық жүйесін одан әрі жетілдіруге негіз болады, ал оған қоғамдық және мемлекеттік өмірдің түрлі салаларында заңнамалық реформалардың жасалуы сөзсіз жетістікке әкелетіні дәлелденді. Алайда ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында атап өтілгендей, «Егер тиісті құқық қолдану тәжірибесі болмаса, заңнаманы жетілдіргеннен ешқандай пайда жоқ». Бұл құқықтың философиялық мәніне қатысты тұжырымдар, яғни оны қаншалықты жетілдірсің де әрдайым олқылықтар болады. Оның себебі құқықта бағалау категорияларын қолдану қажеттілігіне, өмірлік жағдайлардың құқық нормаларымен салыстырғанда күрделілігіне, яғни міндетті түрде реттелуді қажет ететін қатынастардың күрделілігіне, басқа да негіздерге байланысты. Бір жағынан, қоғамдық қатынастардың қарқынды дамуы осы қатынастардың тиісті құқықтық нормативтермен жартылай немесе толық реттелмеуі мүмкін жағдайына объективті түрде әкелуі туындайды. Дегенмен құқықтық даулар мен қақтығыстарды шешудегі логикаға бет бұрсақ, бұл жағдайлар құқықтық реттеу саласының аясында екенін көрсетеді. Екінші жағынан, құқықтағы олқылықтардың пайда болуы заң шығару процесінің құқықтық шеберліктегі кемшіліктердің нәтижесі болуы мүмкін, яғни процестің ұйымдастырылуын қамтамасыз етуде, сараптамалық негіздеменің сапасыз болуында, заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу барысында жүйелік тәсілдің болмауында, құқықтық құрылымдар мен құқық нормаларында құқықтық бастамалардың тұжырымдамалық ережелерін дұрыс өзгертпеуде болуы мүмкін. Құқықтағы олқылықтарды жою құзыретті мемлекеттік органның міндеті болып табылады, ол заңнамаға тиісті түзетулер қабылдау арқылы құқықтық регламенттеудің нақты саласында олқылықтардың болмауына неғұрлым ықпал етеді. Алайда заңдағы олқылық көбінесе құқық қолдану процесінде анықталады. Мұндай жағдайларда құқық қолданушы орган немесе лауазымды тұлға қоғамдық қатынастардың нақты түрін қажетті түрде құқықтық реттеу жоқ деумен даулы немесе өзге де мәселені шешуден бас тарта алмайды. Мұндай жағдайда құқық қолдану процесінің субъектісіне заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын қолдану арқылы олқылықтың орнын толтыру әдісі сияқты институт көмекке келеді. Көптеген мемлекетте, соның ішінде Қазақстан Республикасында да ұқсастықты қолдану заңнаманың кейбір салаларында көзделген. Дегенменде ұқсастық институты реттейтін құқықтық нормаларды тұжырымдаудың жалпылануы мен қысқалығы, оны қолданудың жалпы тәртібінің болмауы, осы мәселесі бойынша ғылыми доктринадағы ұстанымдардың көптігі оның мәні мен мақсатын әр түрлі түсінуге әкеледі. Мұның бәрі, сайып келгенде, құқық қолдану субъектілеріне осы институтты пайдалану қиынға соғады, ұқсастықты басқа құқықтық категориялармен араластыруға мүмкіндік береді, оған жүгінуден аулақ болуға тырысады немесе керісінше олқылық болмаған жағдайда ұқсастықты қолданады, бұл кейде құқық қолдану процесінде заңды, әділ және орынды шешім шығаруға ықпал етпейді. Құқық ұқсастығы институтын құқықтық регламенттеудің ықшамдылығы, заңды ресми түсіндіру субъектісінің болмауы салдарынан ұқсастық туралы заңнамалық ережелерді нормативтік түсіндірудің мүмкін еместігі, осы салада және халықаралық тәжірибені жалпылау саласында кешенді қазақстандық ғылыми зерттеулер құқық қолдану субъектілерінің қиын жағдайда қалуына әкеледі. Себебі, осы институттың мәні туралы, белгілі бір жағдайларда құқықтағы олқылықтарды жою қажеттілігі мен мүмкіндігі туралы, құқықтағы ұқсастықты тиімді қолдану әдістері туралы теориялық түсініктердің және ресми түсіндірулердің болмауының әсерінен. А талған факторлардың барлығы осы диссертациялық зерттеудің өзектілігін, оның тақырыбын, құрылымы мен әдіснамасын таңдауды анықтады. Диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты – салыстырмалы әдістерді қолдана отырып, құқық қолдану процесінде ұқсастықтың құқықтық сипатын белгілеу және оның маңызды сипаттамаларын, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен құқық қолдану практикасы жүйесіндегі орнын, оның басқа да сабақтас ұғымдармен өзара байланысын, ҚР Конституциялық Сотының (ҚР Конституциялық Кеңесінің 2022 жылдың 31-желтоқсанға дейінгі) және ҚР Жоғарғы Сотының, сондай-ақ халықаралық соттардың осы институтты қолдану тәсілдерін қалыптастырудағы құқықтық позицияларының рөлдерін айқындау. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды: 1. «Құқықтық процесс», «құқық қолдану процесі», «құқықтық процедура» сынды ұғымдарға көзқарастардың қалыптасуын сипаттаумен қатар қалыптасқан тәсілдер мен теориялық көзқарастарды ескере отырып, өзіндік көзқарасты қалыптастырумен сипаттау. 2. Құқықтық процестің жүйесіндегі құқық қолдану процесінің рөлін талдау және оның мазмұны мен кезеңдерін анықтау, әйтпесе онсыз осы процестегі ұқсастықтың құқықтық табиғатын түсіну қиын. 3. «Құқықтағы ұқсастық», «құқық ұқсастығы және заң ұқсастығы» ұғымдарының құқықтық табиғатын олардың мазмұнын және заңнама мен құқық қолдану процесіндегі орнын белгілей отырып зерттеу. 4. Заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын көршілес құқықтық ұғымдармен (құқықты түсіндіру, құқықты нақтылау) өзара байланыста қарау қажеттілігін негіздеу. 5. Құқықтағы олқылықтар құқық қолдану процесінде құқық ұқсастығы мен заң ұқсастығын қолданудың қажетті шарты екенін көрсету. 6. Қазақстан Республикасындағы және кейбір шет елдердегі жеке құқықтық қатынастарды реттеу кезінде заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын қолданудың ерекшелігін, заңнамалық негіздері мен практикасын сипаттау. 7. Жария құқықта заң мен құқық ұқсастығын пайдалану бойынша ерекшеліктер, құқықтық негіздер, теориялық доктриналар және құқық қолдану практикасы бойынша негізгі тұжырымдарды қалыптастыру. 8. ҚР конституциялық бақылау органы мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларында құқық ұқсастығы мен заң ұқсастығын қолдануға қатысты құқықтық ұстанымдарды әзірлеу жөніндегі жалпы тенденцияларды дәлелдеу. Бұл ҚР Конституциялық Сотының құрылуы мен жұмыс істеуіне байланысты ерекше өзектілікке ие болып отыр. 9. Ғылыми доктрина мен құқық қолдану практикасын талдау арқылы құқық ұқсастығын қолдану арқылы ұлттық және халықаралық құқық нормаларын дамытатын халықаралық соттар шешімдерінің рөлі мен маңыздылығын анықтау. Зерттеу әдістері. Автор диссертацияда абстракциялау және нақтылау, индуктивтілік, дедуктивтілік, логикалық және диалектикалық әдістер сияқты жалпы ғылыми әдістерді қолданды. Жалпы ғылыми әдістермен қатар диссертацияның әдіснамалық негізін жеке ғылыми әдістер құрады, олардың ішінде: техникалық-құқықтық, формальды-құқықтық, кешенді, салааралық, салыстырмалы-құқықтық, жүйелік-құрылымдық және т.б. Қорғауға ұсынылатын негізгі ережелер (дәлелденген ғылыми гипотезалар және жаңа білім болып табылатын басқа да тұжырымдар) : 1. Заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығы әдістерін қолдану құқық қолдану процесінде қамтамасыз етілетіні, бұл өз кезегінде құқықтық процестің бір түрі болып табылатынына дәлелдер келтірілді. Құқықтық процестің мазмұнын, оның классификациясын, құқықтық процедурамен арақатынасын анықтау аналогияның құқықтық табиғатын құқықтық категория ретінде білу үшін маңызды әдіснамалық мәнге ие, өйткені аналогияны құқықтануда қолдану кең таралған және тек іс жүргізу формаларымен шектелмейді. 2. Құқық қолдану процесінің барлық кезеңдерін дұрыс сақтау негізгі фактор болып табылатыны, белгілі бір деңгейде тосқауыл болатыны анықталды. Бір жағынан, судьяның немесе басқа құқық қолданушының белгілі бір істің мән-жайларын субъективті қабылдауына тосқауыл болады, өйткені заңды дауларға қатысты объективті фактілер өмірлік жағдайлардың күрделілігіне байланысты құқықтық реттеумен әрдайым белгілі бір дәлдікпен қамтыла бермейді. Кезеңдер тізбегінің бұзылуы, құқық қолдану процесінің басқа да ақаулары осы іс-әрекеттің субъективті принциптерін күшейтеді, бұл заңға тыйым салынғанына қарамастан, іс бойынша Тараптарға, оның экономикалық жағымсыздықтарына, ұлттық немесе діни наным-сенімдеріне, басқа бейімділіктерге немесе ұнатпауларға қатысты заңның өзін ұнатудың немесе ұнатпаудың әсерін болжау қиындықтарымен түсіндіріледі. Екінші жағынан, құқық қолдану процесінің белгілі бір кезеңінің барлық талаптарын сақтау, өмірлік жағдайлардың белгілі бір тобына қатысты талдау барысында анықталған қолдануға болатын нақты құқық нормалары болмаған кезде, оларды кәсіби анықтауға және заңды істерді тиімді шешуге ықпал етеді. 3. Құқықты қолдану субъектісінің құқықтық мәдениеті, оның кәсіби құқықтық санасының жеткілікті деңгейі істің мән-жайларын дұрыс талдауда және оларға сәйкес құқықтық нұсқамаларды дәл таңдауда маңызды шарт болып табылатыны анықталды, өйткені құқық қолдану процесінде судьяның белсенді позициясына заң шығарушымен құқық беру оның субъективті қабылдау және әрекет ету ықтималдылық қаупі бар, ал судьяның бейтарап ұстанымының қажеттілігін заңмен белгілеу сот процесінде әлсіз жақтың жеңілуіне әкелуі мүмкін, егер ол материалдық және өзге де жағдайда неғұрлым дайын күшті жақтан төмен болса. 4. Әр түрлі проблемалық жағдайларда құқық нормаларын түсіндіру, нақтылау және егжей-тегжейлеу кезінде құқықты қолдану субъектілері тікелей немесе жанама түрде құқықтық мәселелерді шешу үшін ұқсастыққа жүгінетіні анықталды. Демек заңдағы ұқсастықтың мағынасы оның күнделікті өмірдегі, ғылымдағы, моральдағы, өнердегі немесе философиядағы маңыздылығына тең, өйткені адамдардың өмірінде ұқсастыққа жүгіну өндірістік қызметпен, басқа да өмірлік жағдайлармен байланысты. Осыған байланысты заң ғылымы мен практикасындағы ұқсастық заңгерлердің пайымдауларына тән тәсілі болып табылатыны және дәлелдер мен тезистерді ұсынуда өте маңызды екендігі дәлелденді, бұл құқықтық олқылықтарды бір реттік енгізу арқылы толтыру тәсілінен әлдеқайда кең институт болып табылады. Құқық қолдану шешімдерінің құқықтық негіздемесінің аспектісі ұқсастықты бірегей және айрықша әдіске айналдырады, тіпті континенталды құқық жүйесі жағдайында да, оған Қазақстан Республикасы да жатады. Ұқсастық бойынша пайымдау әдісі арқылы құқық қолданушы субъектінің мақсаты шын мәнінде қарастырылып отырған жағдай мен заң практикасында болған прецеденттер арасындағы байланысты өзі үшін түсіну болып табылады. Көбінесе бұл екі факті жиынтығы субъектілердің атқарушы құзыреттілік негізінде орындалатын әдеттегі істер құқығын қолдану кезінде бірдей болады. Қалай болғанда да алдыңғы шешімдерге жүгіну күрделі де, жеңіл істерді де шешуді жеңілдетеді. 5. Заңның ұқсастығы мен құқық ұқсастығының заңнамалық маңызы бар, яғни олардың жеке және жария құқықтағы олқылықтардың орнын толтырудағы күрделі құқықтық институт болып табылатындығымен тұжырымдалған авторлық анықтамасы қалыптастырылды. Бұл күрделі институт заңнамалық ережелердің құқықтық белгісіздік факторларымен сипатталатын құқықтың философиялық мәніне, оларға нормативтік-ұйымдастырушылық әсермен салыстырғанда қоғамдық қатынастардың тез дамуына байланысты. Аталмыш жағдайлар құқықтық реттеуді талап етеді, өйткені мемлекет және оның құзыретті органдары мен лауазымды тұлғалары құқықтық қатынастар субъектілерінің белгілі бір талаптарын, егер мұндай талаптар құқықтың мәніне сәйкес келсе және оның саласында болса, нақты құқықтық нұсқамалар болмаған жағдайда да заңды деп тануға міндетті. Бұл тұжырымдар заң практикасынан алынған мысалдармен расталады. 6. Құқықтың қалыптасу белгілері тек құқық ұқсастығына ғана емес, заң ұқсастығына да тән екендігі дәлелденді. Мұндай тұжырым құқықтағы алшақтықты анықтаған кезде, ұқсас қатынастарды реттейтін норма ешқашан қарастырылып отырған қатынастарды толық реттемейтінін мойындамау мүмкін емес деген қорытындыға келеді. Мұндай жағдайларда судья немесе құқықты қолданудың басқа субъектісі жаңа ұйғарымдар жасаумен шектесетін түрлі қосымша дәлелдер, толықтырулар мен түсіндірулер жүргізеді. 7. Заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығы құқықтағы олқылық категориясы арқылы байланысты ұғымдармен, түсіндірумен және нақтылаумен тығыз байланыс орнатылды. Құқықтағы олқылықты анықтамас бұрын, логикалық операцияларды жүргізу, жаңа ұғымдарға, салыстыру әдістеріне және құқық нормаларын түсіндіруге және нақтылауға тән басқа әдістерге жүгіну арқылы заңнаманың бүкіл жүйесін талдау қажет. Заң мен құқықтың ұқсастығы құқықтық нормаларды түсіндірместен дербес қолданыла алмайды, оның көмегімен ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін немесе олардың мазмұнынан нақты нормаларды кейіннен шығару үшін бастапқы бастама болатын құқықтық ережелердің мағынасын түсіну қамтамасыз етіледі. Демек заң мен құқық ұқсастығын қолдану тиісті ережелерді белгілі бір түсіндіруді қамтиды. Тіпті құқықты түсіндіру мен құқықтың ұқсастығы теориялық тұрғыдан ерекшеленеді деп есептесек те, олардың нәтижелеріне әкелетін тәсілдердің кейбір айырмашылықтары бар, сайып келгенде, олардың практикалық тұрғыдан ерекшеленбейтіндігімен келісу керек, өйткені олардың нәтижелері бірдей-нормативтік нұсқаулар жиынтығынан салыстырмалы түрде жаңа құқықтық ережелерді шығару. 8. Заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын қолдану шарты ретіндегі нақты олқылықтың табиғаты және оның ойдан шығарылған олқылықтың айырмашылығы – нақты олқылық заңмен реттелмеген қоғамдық қатынастар заңды маңызды сипаттамаларға ие болған кезде ғана пайда болады және нәтижесінде нақты нормативтік-құқықтық әсермен қамтамасыз етілуі керектігі негізделді. 9. Заң мен құқық ұқсастығын жеке құқықта қолдану жақын және алыс шет елдерде жеткілікті таралғаны анықталды, алайда Қазақстан Республикасында айтарлықтай аз дәрежеде. Ұқсастықты қолдану тәжірибесі көп жағдайда ҚР Жоғарғы Сотына тиесілі. Бұл, бір жағынан, Қазақстандағы құқықтағы ұқсастық тұжырымдамасының тұтас ғылыми доктринасының болмауына, құқықтағы ұқсастық институтының мазмұны мен әдістерін егжей-тегжейлі талдай отырып, құқықтағы олқылықтар кезінде ұқсастықты қолдану туралы заңның ережелерін ресми түрде егжей-тегжейлі түсіндіруге байланысты екендігі негізделді. Екінші жағынан, бұл ереже төменгі сатыдағы судьялардың әрдайым проблемалық жағдайлардан дұрыс шығуға әкелмейтін заңнан ауытқу қорқынышымен байланысты. Мұндай жағдайларда соттар іс бойынша дербес шешімдер қабылдаудың орнына бұрын ҚР Конституциялық Кеңесіне жүгінген, ал бүгін ҚР Конституциялық сотына жүгінеді. Жеке құқықта ұқсастықтың қолданылуын талдау барысында заңнамадағы олқылықтар мен шарттық құқықтағы олқылықтардың орнын толтыру әдістері мен тәсілдерінде айырмашылықтар бар екендігі анықталды. 10. Құқық бұзушылықтардың жаңа құрамдарын белгілеу және олар үшін заңды жауапкершілік мәселелерін қоспағанда, заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығы іс жүзінде жария құқықта қолданылатыны негізделді. Қылмыстық құқықты қоса алғанда, жария құқықтың барлық салаларында диспозитивті-реттеуші нормаларға немесе жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды белгілеуге қатысты мәселелер қылмыстық-құқықтық нормалар жүйесін қоса алғанда, ұлттық заңнаманың жалпы қағидаттарын, міндеттері мен мақсаттарын пайдалану арқылы құқық ұқсастығын қолдану тұрғысынан қаралуы мүмкін. 11. ҚР Конституциялық Сотының (бұрын – ҚР Конституциялық Кеңесінің) және ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларында заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын қолдануға қатысты құқық қолдану және құқық шығару мазмұнының құқықтық ұстанымдары әзірленетіні дәлелденді. Мұндай құқықтық ұстанымдар Қазақстан Республикасындағы құқықтық қатынастардың барлық субъектілері үшін жалпыға бірдей міндетті бола отырып, құқықтық регламенттеудің тиімділігін, құқық қолдану, оның ішінде сот қызметінің сапасын арттырады. ҚР Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулыларында көрсетілген ҚР Конституциялық Кеңесінің құқықтық ұстанымдары 2022 жылғы 8-маусымдағы ҚР Заңына сәйкес ҚР Конституциялық соты оларды қайта қараған сәтке дейін өзінің заңдық күшін сақтайды. 12. Халықаралық жария және жеке құқықтағы құқықтың ұқсастығын бірінші кезекте халықаралық сот және квази-сот органдары қамтамасыз ететіні анықталды. Халықаралық құқықтағы ұқсастықтың құқықтық табиғаты, оны жиі қолданудың себебі де байланысты құқықтың мәні, оның белгісіздігі мен абстрактілігінің жиі кездесетін жағдайлары. 13. Халықаралық Сот төрелігі құқық ұқсастық әдістерін олардың олқылықтарына қарамастан қолдана отырып, халықаралық ғана емес, ұлттық заңнама нормаларын дамытып, ұлттық субъектілерге құқықты қолданудың судьялардың қалауы мен шектерінің, сондай-ақ заңдылық шеңберінде судьялардың заң шығармашылығының үлгілі мысалдарын көрсететіні анықталды. 14. Алдыңғы тұжырымдардың негізінде заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығына қатысты ықшамды құқықтық нұсқамаларды нақтылау, сондай-ақ құқықтағы олқылықтар кезінде оларды қолданудың тиімділігін арттыру мақсатында құқықтағы ұқсастық институтын жетілдіру мен дамытудың мынадай жолдары ұсынылды: 14.1. Құқықтық актілер туралы заңда «заңнаманың нақты салаларымен реттелетін қатынастарда заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын қолдану мүмкіндігі тиісті заңнамалық актілермен анықталады» деп белгіленген. Бұл норманы сөзбе-сөз түсіндіру заң шығарушының заң ұқсастығын қолдану туралы тиісті заңдағы білікті үнсіздігі оның тыйым салуы туралы айтады, бұл шындыққа ұласпайды. Осыған байланысты Заңның 13-бабының 4-тармағының 2-абзацында «мүмкіндік» деген сөз «ерекшелік» деген сөзбен ауыстыру ұсынылады. Мұндай редакцияда барлық заңнамалық актілер заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын қолданудың өзіндік ерекшеліктерін көрсете алады, ал олар болмаған жағдайда құқықтық актілер туралы заңда белгіленген жалпы ережелер қолданылады. Аналогияны қолдануға тыйым салу салалық немесе салалық заңның өзінде белгіленуі керек деп ойлаймыз. 14.2. Құқық ұқсастығын қолдану ерекшеліктері қамтылатын әрбір заңнамалық актіде реттеудің ерекшелігі мен мазмұнына байланысты оны қолдану шегін белгілеу қажет деп ойлаймыз. Мысалы, ҚР АК 5-бабы (Жалпы бөлім) 3-тармақпен толықтырылсын деп ұсынамыз, ол заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын қолдануға қатаң шектеулерді көздейді, ҚР АК-де көзделмеген меншік құқығын алу мен тоқтатудың осындай негіздерін белгілейтін жаңа ережелерді шығару жолымен. Басқа шектеулер де мүмкін. 14.3. Заң ұқсастығы мен заңды кең көлемде түсіндірудің көптеген мағыналы белгілері бар екенін ескере отырып, ҚР ҚК-де құқық бұзушылық пен қылмыстық жауаптылық құрамына қатысты заңды кең көлемде түсіндіруге тыйым салу белгіленуі тиіс деп ұсынамыз, ол үшін ҚР ҚК-нің 4-бабы мынадай сөйлеммен толықтырылсын: «Заңды кең көлемде түсіндіруге заң ұқсастығын көрсету нысаны ретінде тыйым салынады». 14.4. Құқықтық актілер туралы заңның 1-бабының 21-тармақшасы реттелмеген қоғамдық қатынастарға заңнаманың мағынасын, құқықтың жалпы қағидаттарын және құқықтың нақты салаларының қағидаттарын қолдану ретінде құқық ұқсастығын айқындайды. Сонымен қатар заңда мұндай қолданудың қысқаша механизмі көрсетілмеген. Заңның 1-бабының 21-тармақшасындағы сөйлемді құқық қолдану дискрециясы мен қалауының оң өсуіне ықпал ететін мынадай сөйлеммен толықтыру керек деп ойлаймыз: «бұл заңнаманың мағынасынан, сондай-ақ құқықтың бір немесе бірнеше принциптерінің мазмұнынан нақты қатынасты реттейтін нормативтен тыс ережені тұжырымдауды білдіреді». 14.5. Шет елдердің, халықаралық соттардың және ғылыми доктринаның тәжірибесін ескере отырып, заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығы институтының мазмұны мен қолданылуына қатысты ұлттық заңнаманың ережелерін соттарға түсіндіретін ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысын шұғыл қабылдауды ұсынамыз. 14.6. Басшы құрамдарының және судьялар корпусының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесінде құқықта ұқсастық институтын қолданудың әдіснамалық негіздерін зерделеуді міндетті курс қылдырып енгізукерек деп ойлаймыз. 14.7. Қазақстанда судьялардың ұқсас істер бойынша барлық шешімдерді көруіне және сот практикасының бірлігіне сәйкес шешімдер қабылдауына бағытталған «цифрлық сот талдауы» бағдарламасын енгізу тәжірибесін ескере отырып, судьяларға заңнамадағы олқылықтар кезінде ұқсас құқықтық нұсқамаларды табуда көмек көрсететін ұқсас цифрлық бағдарламаны әзірлеу және енгізу керектігін ұсынамыз. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы. Диссертацияның қолжазбасы Қазақстан-Американдық еркін университетіндегі Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының кеңейтілген отырысында талқыланды. Диссертацияның негізгі теориялық тұжырымдары мен ұсыныстары Қазақстан-Американдық еркін университеті және Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің басқа да жоғары оқу орындары өткізген ғылыми конференцияларда талқыланды. Жұмыстың мазмұнын құрайтын диссертацияның негізгі теориялық идеялары, тұжырымдары мен практикалық ұсынымдары 17 (он жеті) ғылыми мақалада, оның ішінде – 5 (бес) мақала - халықаралық конференция материалдарында, 4 (төрт) мақала - ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған журналдарда, 3 (үш) мақала - Scopus дерекқорында индекстелетін журналдарда, 5 (бес) мақала - басқа халықаралық рецензияланатын журналдарда. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығын негіздеу. Жұмыстың ғылыми жаңалығы – автор құқықтың философиялық мәні жағдайында құқық қолдану процесінде заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын пайдаланудың мазмұны мен қажеттілігінің тұжырымдамалық аспектілері туралы өзінің көзқарасын қалыптастырады, ол барлық жетілдірілгеніне қарамастан, әрқашан олқылықтарға ие болады. Осы негізде автор заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлей отырып, құқықтық болмыстың тұтас жүйесіндегі құқықтың ұқсастығын түсінуге бағытталған теориялық ережелер ұсынады. Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы қорғауға ұсынылған құқықтық реттеуді жетілдіру жөніндегі негізгі ережелерде, тұжырымдар мен ұсыныстарда нақтыланады және құқық теориясында, құқық қолдану процесінің саласына қатысты салалық заң ғылымдарында, заң ұқсастығы институтында және құқық ұқсастығында ғылыми және ғылыми-практикалық білімді кеңейтуден тұрады. Жиынтықта бұл білім заң ғылымы мен практикадағы ұқсастық институтының мәні мен рөлі туралы тұтас идеяны шоғырландырады. Диссертациялық зерттеудің қорытындылары мен ұсыныстары құқық теориясына, конституциялық құқық ғылымына, сот билігі мен сот төрелігіне, жалпы жеке және жария құқыққа, құқықтық белгісіздік мәселелерін, құқықтағы олқылықтарды, оларды жою және құқықтағы ұқсастық әдістерін қолдана отырып толтыру мәселелерін зерттейтін белгілі бір үлес қосады. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі. Диссертациялық зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы диссертациялық зерттеудің материалдары, оның нәтижелері халықаралық құқықты қоса алғанда, мемлекеттік және жеке құқықта заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын қолданудың теориялық және практикалық мәселелерін одан әрі ғылыми зерттеуге негіз бола алады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы мынада: диссертациялық жұмыстың ғылыми негізделген тұжырымдары мен ұсыныстары ұлттық заңнаманы, соттардың және басқа органдардың құқық қолдану практикасын заңнамадағы олқылықтардың орнын толтыру тәсілдерін құқықтағы ұқсастық әдісімен пайдалану тұрғысынан одан әрі жетілдіру үшін пайдаланылуы мүмкін. Жұмыстағы практикалық тұжырымдар мен ұсыныстар, оларды заң шығару және құқық қолдану органдарының қызметінде мұқият және мүдделі пайдалану кезінде, заң шығару процесіне, құқық қолданудың негізділігіне оң әсер етуі мүмкін, демек құқықтық жүйенің тиімділігін арттырады. Диссертацияның ережелері заң теориясы, конституциялық курстарды оқытуда қолданыла алады. Докторанттың әр жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Докторанттың жарияланымдары академиялық және ғылыми қоғамға бағытталған журналдар мен ғылыми жинақтардағы диссертацияның негізгі ережелерін көрсетуге бағытталған тәуелсіз және толық зерттеулер болып табылады. Ғылыми мақалаларда құқық қолдану процесінде құқық пен заң ұқсастығы институтын жетілдіруге, судьялар мен құқықты қолданудың өзге де субъектілерінің құқық алшақтығы болған және құқық қолдану процесінің түсіндірмесімен және өзге де құралдарымен ұштастыра отырып, құқықтағы ұқсастық әдістерін қолдану қажет болған атипті жағдайларды шешуде көзқарастарын жаңғыртуға қатысты ғылыми-практикалық ұсынымдардың негізгі аспектілері баяндалған.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/gzTurvBoJgo?si=mkNGrdFg6VNGx48f
