
«8D04201 - Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Сактаганова Акмарал Бакытовна диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Сактаганова Акмарал Бакытовна «8D04201 – Құқықтану» мамандығы бойынша «Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің кәсіби құқықтық санасын қалыптастыру және нығайту (теория мен тәжірибе мәселелері)» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Рецензенттер:
Жанибеков Акынкожа Каленович
Алибаева Гульнара Айтжановна - ғылым докторы, профессор, Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы Каналы филиалы, проректор
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Жатканбаева Айжан Ержановна
Мицкая Елена Владимировна
Жетписов Серик Кожанович - ғылым докторы, доцент
Цоль Фредерик Анджей - ғылым докторы, профессор
Алибаева Гульнар Айтчановна - ғылым докторы, профессор
Ғылыми кеңесшілер:
Абдрасулов Ермек Баяхметұлы - заң ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің конституциялық және азаматтық құқық профессоры (Астана қ.)
Южель Огурлу - заң ғылымдарының докторы, Балыкесир университетінің профессоры (Стамбул қ., Түркия)
Қорғау 2024 жылғы 21 ақпан, сағат 13:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D04201 – Құқықтану» мамандығы бойынша «8D042 – Құқық» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: http://surl.li/plmyx
Мекен-жайы: 010008, г. Астана, ул. К. Сатпаева, 2, Главный корпус, ауд. №302
Аңдатпа (қаз.): Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жалпы қазақ қоғамының құқықтық санасының, сондай-ақ жекелеген кәсіптік топтардың құқықтық санасының қалыптасуы мен нығаюы қазақ қоғамы мен мемлекетінің Екінші Республика мен Жаңа Қазақстанға өтуінің міндеттері мен мазмұнымен, 2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда конституциялық реформалар процесінде бекітілді. 2022 жылы 6 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев халыққа жолдауында келесіні белгіледі: «Жаңа, Әділетті Қазақстанда полицияның озбырлығына, біліксіз прокурорларға және біржақты судьяларға жол берілмейді». Бұл жағдайда «Азаматтардың санасының, қоғамда, заңнамада түбегейлі өзгерісі» жөнінде оның «мықты парламенттік, саяси дәстүрлі, дәстүрлі келіссөздер мен ымраға келу саясаты» мемлекетке айналуы үшін әлеуметтік және құқықтық сананың рөлі әлеуметтік және құқықтық лексикада ерекше мәнге ие. Осы жөнінде, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында да атап айтылған, онда «Азаматтық белсенділік - құқықтық мемелекеттің өмір сүруінің қажетті шарты болып табылады. Өз кезегінде жеке тұлға мен қоғамда қалыптасқан құқықтық мәдениетке байланысты», - деп көрсетілген. Құқықтық сана құқықтық мәдениеттің бөлігі болып танылады. Бұл мағынада, жоғарғы құқықтық сананың ірге тасы болып, әртүрлі көріністерде және жалпы дәcтүрдің түрлері ортасында жетекші рөлге ие, себебі заңдылықтың қамтамасыз етілуі, әділеттіліктің, мемлекеттің қалыпты жұмыс жасауына, қоғамдық сананың тығыз байланысы қоғамдық құқықтық сана мен әлеуметтік топтарға тікелей байланыстырады. Судьялар және сот жүйесі қызметкерлерінің кәсіби құқықтық санасы қоғамдық құқықтық санасының бөлігі және оның қалпынан мемлекеттік жүйенің дамуымен байланысты, себебі судьяның құқықтық санасы барлық сот жүйесімен байланысты. Мемлекеттің өзі судьяларға және сот жүйесі қызметкерлерінің әрекеттері арқылы сөйлейді. Шынында, судьялар және сот қызметкерлерінің құқықтық санасы азаматтардың бостандығы мен құқықтарының, құқықтық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне және өз кезегінде құқықтық мәдениеттің қоғамдағы қалыптасуына оң әсер етеді. Судьялар және сот жүйесі қызметкерлерінің құқықтық санасының маңыздылығын түсіне отырып, мемлекет оның қалыптасуы мен нығайтылуы үшін, заң ғылымдарымен жасақталған теориялық концепциялармен үлкен жұмыс жүргізуде. Сонымен қоса заң жүзінде судьялар және сот қызметкерлерінің құқықтық санасы жаңа ортада толық айқындалмаған түсініктің өзі құқықтық мәдениетпен байланысу жүйесі қоғамдық санаға әсер ету жолдары бекітілмеген және қоғамның сенімін тудыратын сот жүйесіндегі құқықтық санаға әсер ету жолдарымен күресуге, құқық бұзушылықтардың алдын-алуға және жемқорлыққа жол бермеуге бағытталған шаралар анықталмаған. Талдауға және қайта қарауға жататын тағы бір сұрақ, ол - судьялар және сот қызметкерлері кәсіби даярлау жүйесі, концепциялары мен сот қызметкерлерін іріктеу және тағайындау, дәрежелерін көтеру мен дайындау, жемқорлыққа қарсы сана мен басқада тікелей немесе жанама санаға әсер етуге жол бергізбеу бойынша, кәсіби топтың санасын нығайту мәселелері танылады. Жоғарыдағы аталған ақпарат негізінде, жеке және жалпы судьялар және сот қызметкерлерінің кәсіби санасының қалыптасу мәселелерін жаңа ортада жан-жақты сапалы талдау қорытындысы негізінде, келесі бағыттарда нығайтылуы талап етіледі деп таныған, олар: құқықтық психология, құқықтық идеология, құқықтық білім, құқықтық этика, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту. Осылайша, таңдалған тақырыптың актуалдығы мен жаңашылдығы судьялар және сот қызметкерлерінің құқықтық санасын жоғарылату қажеттілігі өз кезегінде құқықтардың қорғалуын, қауіпсіздігін қаматамасыз ету үшін, жоғары дәрежелі, білікті судьялар мен сот қызметкерлерінсіз қамтамасыз ету мүмкін еместігімен негізделеді. Диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жаңа және Әділетті Қазақстан тәртібінде судья және сот жүйесінің қызметкерлерінің кәсіби құқықтық санасының қалыптасуы мен орнығуының мәселелеріне талдау жүргізу және кешенді зерттеу біздің мақсатымыз. Осы мақсаттарға жету ниетінде келесі міндеттер белгіленді: – құқықтық сана мәселесінің теориялық аспектілерін, оның тұжырымдамасын, құрылымдық компоненттерін, функцияларын талдау; – қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында құқықтық прогрестің және Қазақстан Республикасының тұрақты-әлеуметтік дамуының факторы ретінде құқықтық сананы зерттеу; – жеке және ұжымдық құқықтық сана жүйесінде кәсіби құқықтық сананың мәнін анықтау; – мамандандырылған әлеуметтік-кәсіптік топтар ретінде сот жүйесінің судьялары мен қызметкерлерінің санатын айқындау; – судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің кәсіби құқықтық санасының түсінігін, мәнін және мазмұнын белгілеу; – Қазақстан Республикасында судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің кәсіби даярлығына және шет елдердің тәжірибесіне талдау жүргізу; – судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің кәсіби құқықтық санасы мен кәсіби мінез-құлқының өзара байланысы мен өзара әсерін анықтау; – судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің кәсіби деформациясының себептері мен мазмұнын және оның алдын алуды қарастыру; – судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің кәсіби құқықтық санасын арттыру жолдарын көрсету. Диссертациялық зерттеудің әдіснамалық негізі болып жалпы ғылыми және құқық саласының ғылыми зерттеу әдістемесін келесі элементтер құрады: дилектикалық зерттеу әдісі, тікелей қоғамдық зерттеу әдісі, формальды және диалектикалық логикалық әдістер, дедуктивті және индуктивті ой қорытындылау, тарихи құқықтық, формальды-құқықтық және өзгеде құқықты тану әдістері. Қорғауға ұсынылатын негізгі ережелер (дәлелденген ғылыми гипотезалар және жаңа білім болып табылатын басқа да қорытындылар): Қорғауға шығарылған негізгі ғылыми тұжырымдамалар: 1. Құқықтық сана концепциясының алғаш қалыптасуы құқықтық білім, құқықтық хабарда болуы, заңға сенім, заң жайында ой және сол секілді өз назарымды тек тәжірибелі ғалымдардың ойына ғана бөліп қоймай, сонымен қатар халықтың құқыққа және заңға деген көзқарасы ескерілді. Тұлғаның тәжірибесі және оның өзгерістері барлық құқық жүйесіндегі құқықтық сананың теориялық түсінігінің негізі болды. Осылайша, құқықтық сананың уақыттағы қалыптасқан түсінігі мен мәніне негізделіп, келесі авторлық түсінік ұсынылды: «Құқықтық сана – қоғамдық сананың құқықтың пәнімен байланысы, ол тұлғалардың көптүрлі әрекеттерінен көрінген құқықтық немесе құқыққа қарсы қырынан қоғамда бағаланып, нәтижесімен қоғамда қабылданған заңдылық, қоғамдағы объективті қарсылықтардың жиынтығымен санаса отырып, құрылады». 2. Құқықтық сананың ғана емес, барлық құқық саласының зерттеуі қазіргі таңда күнделікті тәжірибені түсінуге бағытталуға негізделуі қажет. Бұл зерттеудің нысанына құқық зерттеушілерге қатысты бағытталуы қажет, бұл бірінші орында олардың түсініктері мен саналарының құқықтық құбылыстарды қабылдауына байланысты. Тек, осы жүйеде формальды құқық саласы мен оның құрылысын қамтиды. Құқықтың зерттеулердің орталығына формальдық құқықтық қатынастарды қою субъективті құқықтық қабылдаудың жиынтығын бұрмалап, нәтижесінде құқықтық реттеу барысында жүйелі қателіктерге алып келеді. Бұл өз кезегінде құқықтық регламентпен бекітілген тұрақты механизімді істен шығарады. Осыған орай, зерттеу барысында басым назарды формальды құқықтық қатынастардан қоғаммен ортақ қабылданған құқық түсінігіне аударып, құқықтық санаға зейін қою қажет. 3. Құқықтық сана - құқықтың даму және тұрақты ҚР қоғамының даму факторы ретінде, келесі бағытта бекітілген: ол қоғамдық және жеке сана дәрежесін ерікке жіберу, коррупцияға, заңсыздыққа, траибализмге және өзге де теріс қылықтарға қоғамда жол бермеуге жетуі тиіс. Жоғары дәрежедегі құқықтық сананы қалыптастыру қоғамдық өмірде тұрақтылыққа, азаматтық келісімге келуге, қатардағы азаматтардың өмір дәрежесінің өсуіне, адам бостандығы мен құқықтарды қорғау қалыптылығына алып келеді. Сонымен бірге, қоғамдық сананың адам өміріне материялдық әсерін ескере отырып, әрбір азаматтың құқық қатынастарындағы белсенділігі, өзін-өзі тәрбиелеу мен жетілдіру арқылы жаңғыртуға алып келетіні, ал ол оқу мен білім деңгейін жетілдіруге, дамуға және тұрақты қоғамда – ҚР экономикасын дамуына жетелейді. 4. Кәсіби құқықтық сана өзге кәсіби саналардың бірқатар санаттарымен тығыз байланысты. Оны бір адамның бір топ адамның ортақ кәсіби бірлестігімен байланысын түсінумен негізделеді, ол қажетті бір қатар ортақ заттарды қолдана білуді, қажетті білімді, ерекше сапаны, ерекше кәсіптің қыр-сырын білумен белгіленеді. Кәсіби құқықтық сана, құқықтық құбылыстар қатарында және толық құқық саласында құқықтың ортақ саласы қатарында қабылданады. Ғылыми құқықтық санамен салыстырғанда кәсіби құқықтық сана құқық теорияларын зерттеумен негізделмейді, ол құқықты практикада қолдануға жатады. Кәсіби құықтық сана жоғарғы оқу орынында алынған білімге және орта білімге негізделеді. 5. Қазіргі уақытта, жаңа кезеңде судьялар кәсіби топ ретінде қалыптаспаған, мұндай дамудың кешігуі алдағы қатарда дамыған елдерде де көрініс алады. Бұл ұзақ уақыт судьялардың арнайы қалыптасқан кәсіби топтар жөнінде сөз қозғауына алып келген. Одан бөлек, діни өкілдердің басым бөлігі, басшылармен бектілген тәртіп жөнінде бай ғылыми еңбектерді күтеді. Бұл еліміздің тарихи кәсіби топтар ретінде танылған оқиғалар бойынша билер мен сұлтандарға зер салдырады. 6. Кәсіби судьялар қоғамының қалыптасуына келесідей заттар әсер етеді: нормативтік құқықтық актілердің жүйесі олардың әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін реттеуі; олардың жұмысындағы мәселелерге сыртқы әлеуметтік ережелердің реттеуі (әдеп заңдары, қоғаммен қабылданған жалпы адамгершілік қағидалары және т.с.с.); судьялардың қауымдастығы мен одақтарының болуы және олардың шешімдері; судьяларға қоғамда өздерінің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігіне кепілдің болуы; ортақ қоғамдағы топқа тән нақты ерекшеліктердің қоғамға тән болуы. Сот жүйесі қызметкерлерінің кәсіби топтардың бірі болғандықтан маңыздылығы мен рөлі негіздей отырып аса бағаланбайды, себебі сотқа дейінгі барлық дайындық жұмыстары әкімшілік қызметкерлермен жүргізіледі. Сонымен қоса, судьялардан кейінгі барлық сот актілерін орындау бойынша жұмыстар бір қатар қызметкерлерге жүктеледі және олармен атқарылатын жұмыстың жауапкершілігі төмен емес. 7. Заңгерлердің кең құқықтық санасының тек бір бөлігі ретінде судьялардың кәсіби құқықтық санасы қаралатыны анықталды. Заңгерлердің жалпы құқықтық санасының нақты жағдайға байланысты бейімделетіні, судьялардың кәсіби қызметтерімен тығыз байланысты. Судьялардың кәсіби құқықтық санасы рөлінің негізгі мақсаты - қоғамда қабылданғаннан тыс әрекет деп танылуы мүмкін әрекеттерді жоғарғы моральдық-этикалық нормалармен беттестіру. Қоғамда өзге заң қызметкерлерінен тыс судьяларға жоғарғы талап қойылуы қажет деп танылған. Құқықты қолданудың түсінігі мен судьялардың құқықтық санасы тұрақты байланыста болуы анықталды. Құқық қолданудың нәтижесі болып сот актісін нақты іске қатысты қабылдауы танылады (сот шешімі, қаулы, үкім, анықтау). Сот актісі осы жағдайда интеллектуалдық ақыл-ойдың жемісі ретінде қызмет етеді. Судьяның білімі, оның ситуацияны бағалауы, заңды күшіндегі құқық нормаларына сілтемелер қосуы, моральдық адамгершілік қасиеттер тұрғысынан бағалауының жиынтығы болып табылады. 8. Судьялардың кәсіби құқықтық санасының қалыптасу процессі мен оның нақты түсінігінің анықтамасы қалыптасты: «Судьялардың кәсіби құқықтық санасы – жеке және топтық құқықтық сананың бір түрі, жүйелі құқықтық білім негізделген салалық сипаттағы, кешенді құқықтық сенімдер, білім, құндылықтар, қағидалар және дәстүрлер тобы, олар өз кезегінде сот жүйесінде қалыптасып, сот қызметі мен әділеттік үшін бір тапсырма мен мақсатқа бағытталады». 9. Сот жүйесінің қызметкерлері үшін кәсіби құқықтық сана деп олардың қызметтерін сот жүйесінде көрсететін түсінік бекітілген. Ол түсінік судьялардың құқықтық санасы түсінігіне жақын мағананы көздейді. Себебі сот жүйесінің әр қызметкері сот процессінің процессулдық әрекеттерді орындаумен жанама түрде байланысты. 10. Аргумент, судьялар мен сот жүйесінің қызметкерелерін іріктеу және тағайындау жүйесі жоғарғы кәсіби құқықтық сананың қалыптасуы мен нығаюына үлкен үлес қосады. Бұл, құқықтық білімнің сапалы түрлері мен әдістерінің сот жүйесі тарапынан патронаттық қамтамасыз етеді, мамандандырылған оқу орындарының алдын-ала сот жүйесіндегі, сот төрелігінің жүзеге асу тиімділігін анықтайды. Сондықтан, Республикалық жоғарғы оқу орындарында құқықтану қызметкерлерін оқыту мен дайындау жүйесін кординалды өзгертулерді талап етеді, судьяларды іріктеу мен тағайындау жүйесі мен сот қызметкерлерін тағайындау тәртібін қайта қарау заңның тәуелсіздігін және әділетсіздіктің алдын алу мақсатында, сонымен қатар адам және азамат құқықтары, бостандықтары, жеке немесе заңды тұлғаның қызығушылықтарын қамтамасыз ету үшін қажет. 11. Негізделген, кәсіби құқықтық сананың қалыптасуы мен нығаюының кәсіби мінез-құлыққа әсерінің үлесін бағаламай қалдыру қиын. Белгіленген кәсіби міндеттер стандарттары, жалпыға ортақ танылып, барлық кезде міндетті әрі қажетті түрде қамтамасыз етілмеуі мүмкін. Көп жағдайда судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің позитивті ойлау жүйесінің пікірлерінің қалыптасуы императивті түрде анықталады. Судьяның нақты теріс қылықты, қылмыстық құқықтық сана элементтерінің императивті бекітілген шарттарды, міндетті емес санатқа аударуға және ол өз кезегінде оқиғалар мен субъективті тәсілдерге байланысты ауытқуларға алып келуі мүмкін. 12. Судьялар және сот жүйесі қызметкерлерінің құқықтық санасының деформацияға ұшырауы және оның алдын алу мәселесі автордың аргументтерінен көрініс табады. Негізділігін, судья және сот жүйесі қызметкерлерінің кәсіби құқықтық санасы арттыруға, деформацияның алдын алуға, оны басқару шаралар жүйесін мамандандырылған кәсіби топ ретінде кәсіби құқықтық сананың арттыру жөніндегі кешенді жұмыстармен негізделеді. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы. Диссертацияның қолжазбасы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының отырысында талқыланды. Диссертацияның негізгі теориялық тұжырымдары мен ұсыныстары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырумен өткізілген ғылыми конференцияларда талқыланды. Диссертациялық зерттеудің негізгі қағидалары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Комитетімен ұсынылған ғылыми журналдарда, Scopus базасына кіретін журналда жарияланды. Жұмыстың мазмұнын құрайтын диссертацияның негізгі теориялық идеялары мен қорытындылары, практикалық ұсынымдары - 10 (он) ғылыми мақалаларда баяндалған, оның ішінде 4 (төрт) халықаралық конференция материалдарындағы мақалалар, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комитеті ұсынған журналдардағы 4 (төрт) мақала, шетелдік ғылыми журналда 1 (бір) мақала, Scopus базасына кіретін журналда 1 мақала жарияланды. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығын негіздеу. Диссертациялық зерттеудің жаңалығы қоғамда құқықтық сананы қалыптастыру мен нығайтуға қатысты мәселелер алғаш рет арнайы кәсіби топтардың - судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің қызметіне байланысты диссертациялық деңгейде қаралмағандығында. Бұл тұрғыда жұмыстың ерекшелігі - судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің кәсіби құқықтық санасының басқа құқықтық категориялар мен құбылыстармен: құқықтық мәдениет пен құқықтық біліммен өзара байланысында зерттелетін саладағы құқықтық мәселелерді қарастыруда және кешенді тәсілді қолдануда көрінеді; мемлекеттік қызметшілердің лауазымдары мен лауазымдарына іріктеу және тағайындау; біліктілігін арттыру және қосымша білім беру, судьялар қоғамдастығы органдарының қызметі және судьялық әдеп нормаларын сақтау; құқықтық сананың деформациясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ықпал ету шаралары және т.б. Зерттеудің жаңалығы ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, елдің Конституциялық сот құрылуымен адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау неғұрлым тиімді қамтамасыз етілетін жаңа Қазақстанның құрылу кезеңіне кіруіне байланысты, ал сот билігінің рөлі мен жауапкершілігі арттырылатын болады, өйткені құқық туралы дау-дамайдағы соңғы сөз сот органдарында қалады. Мұндай жағдайларда әділ және заңды сот шешімін қамтамасыз ету судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің кәсіби құқықтық санасының жоғары деңгейі болған жағдайда ғана мүмкін болады. Осы мәселенің көптеген аспектілерін терең талдау негізінде судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің кәсіби құқықтық санасын қалыптастыру және нығайту бойынша теориялық ұсыныстар мен нақты ұсыныстар тұжырымдалған: 1. Судьялардың кәсіби құқықтық санасын қалыптастырудың басталуы жоғары заңгерлік білім алу кезеңінде басталады, онда судьялар қауымдастығы болашақ судьялардың оқу бағдарламалары мен мінез-құлық үлгісіне елеулі әсер етуі тиіс. Осыған байланысты, Германия Федеративтік Республикасының тәжірибесі бойынша жоғары заң білімінің мемлекеттік білім беру стандарты негіздерінің функциялары «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңымен айқындалатынын белгілеу қажет. Ол үшін Конституциялық заңның 29-бабы 1-тармағының 2) абзацын «ҚР Жоғарғы Соты ҚР Жоғары Сот Кеңесімен және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп заңгерлік білім беру траекториясының негіздерін: пәндер мен оқу ұзақтығын, соттарда өндірістік және өзге де практикадан өту шарттарын және үлгерімді бақылау жөніндегі шараларды айқындайды» деген сөзбен толықтырылғаны қажет. 2. Сот актісі зияткерлік-ойлау қызметінің, яғни судьяның білімі шоғырланған барлық құқықтық сананың, оның нақты мән-жайларды бағалауының, олардың қолданыстағы құқықтық ұйғарымдарға қолданылуының, оның моральдық-адамгершілік қасиеттерінің нәтижесі ретінде әрекет ететінін ескере отырып, заң білімін аяқтаудың міндетті шарты ретінде азаматтық іс бойынша сот шешімін жасауға және қылмыстық іс бойынша үкім шығаруға, мемлекеттік жазбаша емтихан тапсыру, мұндай талапты заң білімінің мемлекеттік міндетті стандартында бекіте отырып белгіленуі керек. 3. Судьяларға, судьялардың күйзелісінің жоғары деңгейіне, олардың арасында жүйке-психологиялық сипаттағы аурулардың көбеюіне әкеп соқтыратын қалың жұртшылық, бұқаралық ақпарат құралдары, жекелеген субъектілер тарапынан жиі шабуыл жасалатынын ескере отырып, бұл талапты «ҚР Сот Әкімшілігі туралы ережеде» бекіте отырып, судьяларға психологиялық оңалтудан өту мүмкіндігін міндетті ету қажет. Осыған байланысты Ереженің 14-тармағындағы «судьялардың жүктеме нормативтерін әзірлеу» деген сөздерді «судьяларды психологиялық оңалтуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету» деген сөзбен толықтырылсын. 4. Судьялардың кәсіби құқықтық санасы судьялардың біліктілігін арттыру жүйесінде одан әрі дамиды, бұл судьялардың тәуелсіздігін шектемеуі керек, керісінше, жан-жақты кең ойлауға, ой-өрісі мен қазіргі судьялардың әртүрлі білімдерін кеңейтуге ықпал етуі керек. Осы тұрғыдан алғанда, ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі бойынша судьялардың біліктілігін арттыруды міндет емес, кепілдендірілген құқық ету қажет деп санаймыз, соның негізінде судьялардың өздері оқудың траекториясын таңдайды, оны өту үшін ешқандай баға қойылмауға тиіс. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, мұндай жағдайларды ұсыну барлық судьялардың жыл сайын кемінде 5 күн біліктілікті арттыру курстарынан өтуге деген ұмтылысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, белгілі бір сот сатысына байланысты біліктілікті арттыру курстарын бөлу болмауы керек. Мысалы, ГФР-да бірінші, екінші сатыдағы және Жоғарғы Соттың судьялары, егер олар бірдей оқу траекториясын таңдаса, біліктілігін арттырудан өтеді. Осы Ережелер «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 31-1-бабының 1-тармағында бекітіліп, 1-тармақтың 2-абзацын «судьяның өзі таңдаған оқыту траекториясы бойынша судьялардың біліктілігін арттырудың тегін курсын жылына кемінде 5 жұмыс күні өтуіне кепілдік берілген құқығы бар» деген сөздермен толықтырылуы тиіс. 5. Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің кәсіби құқықтық санасы деформациясының жиі кездесетін жағдайларын ескере отырып, осы саладағы ауытқуларды заңсыз мінез-құлықтың тұжырымдамалық негіздері тұрғысынан егжей-тегжейлі зерттеу және «Заң қызметіндегі кәсіби құқықтық сана деформациясының себептері» атты арнайы курсын әзірлеу ұсынылады. Диссертациялық зерттеулердің негізі судьялар және сот жүйесінің қызметкерлерінің құқықтық санасының теориялық және практикалық маңыздылығы көп аспектілі және жүйелі қалыптасуы мен бекітілуін қамтамасыз етуі үшін, заң ғылымдарының негізгі мәселесін шешуіге бағытталған. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі. Диссертациялық зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы судьялар және сот жүйесі қызметкерлерінің құқықтық санасының қалыптасуы мен бекітілуі үшін көп салалы және жүйелі зерттеу жолдарының болуы құқық ғылымдарының маңызды мәселелерінің бірін шешуге мүмкіншілік береді. Диссертациядағы тұжырымдар мен ұсыныстар құқықтық сана саласының мәселелерін көтеруге мүмкіндік береді. Оның өзге құқық салаларымен байланысы, құқық саласында сот жүйесінің мамандарын тиімді іріктеуге, сот жүйесінің реформаларды талап ететінін айқындауға, ол өз кезегінде қоғамда сот жүйесе сенімнің артуына және мәдениет пен құқықтық сананың кәсіби топтарда жетілуіне жеткізетіні айқын. Белгіленген тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстарды дұрыс әрі орнымен қолдану, сот жүйесіне оң үлесін, қоғамның сенімін және судьялардың әділетті құқық қолдану практикасын жетілдіреді. Диссертациялық зерттеудің қорытындылары мен ұсыныстары сот жүйесінің әртүрлі салаларында сот кадрлары мен сот жүйесінің қызметкерлерін іріктеу мен тағайындаудан бастап, судьялардың біліктілігін арттыру институтын жетілдіруге, өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі реттеу үшін қолайлы жағдайлар жасауға дейінгі бірқатар бірінші кезектегі шараларды жүзеге асыру қажет. Зерттеудің практикалық маңыздылығы судьялар және сот жүйесі қызметкерлерінің құқықтық санасының барлық қоғамда қалыптасуы және бекітілуі бойынша мәселелер бойынша ұсынылған ұсыныстарды құқық шығару, құқық қолдану қызметінде, сондай-ақ «мемлекет және құқық теориясы», «Конституциялық құқық», «Соттар мен сот төрелігі», «Соттың құқық шығаруы», «Судьялардың құқықтық санасы» сияқты пәндерін және жоғары оқу орнының, одан кейінгі білім берудегі басқа да элективті сынды курстарды оқыту шеңберінде ғылыми-педагогикалық қызметте пайдалануға болатындығымен сипатталады. Өтініш берушінің әр жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Докторанттың жарияланымдары тақырып бойынша өзекті, тәуелсіз және толық зерттеу болып табылады. Зерттеудің ғылыми нәтижелері докторанттың жарияланымдарында көрсетілген. Ғылыми мақалалар судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің кәсіби құқықтық санасын қалыптастыру және нығайту дамытудағы рөлі бойынша жан-жақты ғылыми- тәжірибелік ұсынымдарды береді және құқық шығарушылық, құқық қолдану қызметінде, сондай-ақ ғылыми педогогикалық қызметте пайдаланылады.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/-klX6hm3nnc?si=WV-Kde0VLjhaPiVh
