
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Тапакова Вилор Башкировна «8D04201 – Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мемлекет жауапкершілігін арттырудың теориялық-құқықтық мәселелері: ұлттық және шетелдік тәжірибе» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Алибаева Гульнар Айтчановна – заң ғылымдарының докторы, «Нархоз университеті» КеАҚ, Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің профессоры, (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Сманова Ақмарал Бахтияровна – з.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Калыбаева Алия Абдысатаровна – заң ғылымдарының докторы, Ж. Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің Қырғыз-Қытай институтының доценті (Бішкек қ., Қырғыз Республикасы);
Жетписов Серик Кожанович – заң ғылымдарының докторы, профессоры, заң факультетінің құқықтану кафедрасының меңгерушісі, КЕАҚ «Торайғыров университеті» (Павлодар қ., Қазақстан Республикасы);
Енсебаева Анель Рахметжановна – заң ғылымдарының кандидаты, «ҚР ЕҚЖРҒЗИ» ШЖҚ РМК Әлеуметтік-құқықтық зерттеулер бөлімінің басшысы (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Абдрасулов Ермек Баяхметович – заң ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Хоффман Томас – құқық докторы, Таллин университетінің профессоры (Таллин қ., Эстония).
Қорғау 2025 жылғы 6 наурыз, сағат 11:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D04201 – Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша «8D042 – Құқық» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас форматта (оффлайн және онлайн) өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://inlnk.ru/MjYNoA
Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі, 2, Бас ғимарат, Мәжіліс залы, №302 ауд.
Аңдатпа (қаз.): «8D04201 – Құқықтану»білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Тапакова Вилор Башкировнаның «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мемлекет жауапкершілігін арттырудың теориялық-құқықтық мәселелері: ұлттық және шетелдік тәжірибе» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда көптеген гyмaнитaрлық ғылымдардың ішінде aдaм мен aзaмaттың құқықтaры мен бостaндықтaры маңызды орынды иелене отырып, ең жоғарғы үстемдікке ие болып отыр. Олaрдың мaңыздылығы мен бaсымдығының рөлі де, мaқсaты да aйқын. Өйткені, адaм және aзaмaттың құқықтaры мен бостaндықтaры әлеyметтік өзгерістердің бaстaмaсы болумен қатар, қоғaмдaғы түпкілікті мәселелерді шешyде, әлеyметтік реформaлaрды жүзеге aсырyда, мемлекеттік бaғдaрлaмaлaрды әзірлеyде де шешуші рөл атқарады деуге болады.
Осы бағыттағы басты құжаттың тұғыры – ҚР Конституциясы болып табылады, өйткені Қазақстан Республикасы өзін ең жоғары құндылықтары ретінде адам, және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары танылатын, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екендігін белгіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясында (1-бап) еліміздің зайырлы мемлекет ретінде жариялануы, елде ресми мемлекеттік діннің жоқтығын және ешқандай доктринаның міндетті немесе артықшылыққа ие деп танылмайтындығын білдіреді.
Осы тұрғыдaн aлғaндa, қоғaмдa болып жатқан көптеген оқиғaлaр, табиғи құбылыстaр, процестер, бүгінгі күні тұжырымдaлып нaқты бaғaлaнaды.
Адам құқықтары мен бостандықтарын дұрыс бағытта қамтамасыз ету мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арналған 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында ерекше тоқталып кетті: «Адам құқығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалды. Әділдікті және заң үстемдігін орнату үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың қатысу мүмкіндігі артты. Қоғамның саяси мәдениеті мүлде жаңа сипатқа ие болды. Алайда нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет».
Айтылып өткен мәселелерге Мемлекет басшысы өзінің соңғы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында тағы да тоқталып кетті: «Менің басты міндетімнің бірі – Қазақстанды қауіпсіз әрі жайлы елге айналдыру. Құқық қорғау органдарына және басқа да жауапты мекемелерге азаматтардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету жүктелді».
Республикамызда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің маңызды факторларының бірі 2022 жылғы конституциялық реформалар болды. Олар Екінші республика мен Жаңа Қазақстан құрылысының берік құқықтық іргетасын қалыптастыра отырып, адам құқықтары мен бостандықтарының, азаматтық қоғамның демократиялық құндылықтарының басымдығын айқын түрде бекітті.
ҚР Конституциясы құратын құқық жүйесі басқа нормативті институттардың ішінде қоғамдық қатынастардың ең маңызды реттеушісі болып табылатыны бәрімізге белгілі. Адамның заңнамада көзделген кез келген негізгі құқықтары мен бостандықтары оның белгілі бір қоғамдық игілікке субъективті құқығы ретінде қарастырылады. Сәйкесінше, адамның құқығы мен бостандығының объективті мағынадаға түсінетін болсақ, адам құқығы - адам және азаматқа белгілі бір құқықтық шараларды жүзеге асыра алу үшін, нақты әлеуметтік игіліктер мен құндылықтарды іске асыруға арналған, кепілденген және кепілдік берілген белгілі бір құқықтық реттеуді қажет ететін іс-әрекеттер.
Aдaмның және aзaмaттың құқықтaры мен бостaндықтaры белгілі бір ayмaққa және ұлтқa тәyелді емес, олaрды тaнy, жүзеге aсырy және қорғay мемлекеттің ішкі фyнкциясының шегінен шығaды. Олaр әлдеқaшaн xaлықaрaлық мүдде мен құқықтық реттеy объектісіне aйнaлғaн. Aдaм және aзaмaттың құқықтaры мен бостaндықтaры қaндaйдa бір aдaмдaр, топтaр, идеология және дін тобынa тәyелді болып табылмайды, олaр бaрлық aдaмдaрдың жaлпы діни және жaлпы мәдени мұрaсы болып тaбылaды.
ҚР азаматтарының құқықтары мен бостандықтары, қоғамының және тұтастай бір мемлекеттілігінің өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі (саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, психологиялық және т.б.) ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғау – біздің мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігінің негізгі міндеті екені анық.
Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі өзара байланысты үш деңгейден тұрады: жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамның қауіпсіздігі және мемлекеттің қауіпсіздігі. Олардың өзара байланысы қозғалмалы және қоғамдық қатынастардың сипатымен, саяси және экономикалық құрылымдармен, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму деңгейімен анықталып жатады. Ұлттық қауіпсіздіктің мемлекет пен қоғам қауіпсіздігі өзіндік мақсат емес, жеке адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіне айналған жағдайда толық жүзеге асырылады. Сыртқы ұлттық қауіпсіздік – ұлттық мүдделердің, ұлттық құндылықтардың, байлықтың және өмір салтының сырттан келетін қауіп-қатерден қорғалуы. Ұлттық қауіпсіздік әскери жолмен де, басқа да әдістермен бұзылуы мүмкін, мысалы, шекара арқылы заңсыз шикізат, ресурстар, валюта, көркем және өзге құндылықтарды енгізу, алып өту, өнеркәсіптік немесе өзге де тыңшылық, рухани баса көктеу, іріткілік ақпарат тарату және т.б. Міне, осындай радикалды, яғни мемлекет тәуелсіздігінің қауіпсіздігіне зардабын тигізетін іс-әрекеттермен еліміз үнемі күрес үстінде.
Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігі халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын мойындап, қорғауға негізделеді және белсенді сыртқы саяси және өзге де әрекеттермен жүзеге асырылады. Ішкі ұлттық қауіпсіздік жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің тұрақты қызмет етіп, дамуына әсер ететін қауіп-қатерден қорғануы. Ұлттық қауіпсіздігіміздің қорғалуындағы Ата заңымыз Конституцияның рөлі өте маңызы. Қазіргі кездегі Қазақстанның амбициялы ұмтылысына сәйкес жаңа мақсаттар мен міндеттерді жүктей отырып, қажетті құқықтық негіздерді бекітіп, заманауи нарықтық экономиканың тиімді моделін қалыптастырды, саяси тұрақтылық пен ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеді. Демек қоғамдағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесінің негізі қаланып, қазақстандық патриотизм мен ұлттық бірліктің идеологиялық құндылықтары бүгінде айқындалып келеді.
Алайда, күрделі халықаралық жағдай, халықаралық терроризмнің таралуы, азаматтардың, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен мүдделеріне төнетін қатерлердің күшеюі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған тиімді шараларды әзірлеуді талап етеді. Сонымен қатар ұлттық қауіпсіздік пен адам құқықтарына қауіп төндірген 2022 жылғы Қантар оқиғасының тағылымын ұмытпауымыз керек. Біз, сондай-ақ діннің радикалды жақтаушыларынан туындайтын ішкі қиындықтарды да естен шығармауымыз керек. Демек, осы заманауи жағдайларда, реформалар процесі өмірдің барлық салаларында жүріп жатқан кезде, адам құқықтары мен ұлттық қауіпсіздікті қорғау мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты теория мен практиканың мәселелері жүйелі және кешенді көзқарасты талап етеді. Бұл тәсіл жалпы теориялық зерттеулерді де, құқық салаларындағы ғалымдардың жетістіктерін де, жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесіндегі тәжірибенің қажеттіліктерін де қамтуы керек.
Бұл саладағы зерттеулер жалпы қауіпсіздік түрлерінің ұлғаюы мен өзгеруіне, жаңа қауіптер мен сын-қатерлердің пайда болуына байланысты қосымша өзектілікке ие болуда. Ал олар, біз білетіндей, жаһандық геосаяси кеңістіктегі қарқынды өзгерістердің салдары.
Сол үшін қазіргі әлемде орын алып отырған жағдайлар мен ішкі мемлекеттік жағдайлар Қазақстанның қауіпсіздік мәселелеріне жаңаша қарауға міндеттейді. Ұлттық қауіпсіздік мәселелері сыртқы саясат, қорғаныс, саяси тұрақтылық сұрақтары, әлеуметтік экономикалық дағдарысты құбылыстар, экологиялық және техногенді апаттар, мемлекет ішіндегі және жақын шетелдегі әлеуметтік, демографиялық, этникааралық мәселелер, қылмыс деңгейінің өсуі, есірткі саудасының ұлғаюы сияқты жаңа қауіп-қатерлермен қиындай түсті деуге болады. Осының нәтижесінде 1998 жылғы 26 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңының орнына 2012 жылғы 6 қаңтарда «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңы қабылданды. Сондықтан, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік мәселелері Қазақстанның ШЫҰ-ның шеңберіндегі ынтымақтастық жағдайымен тығыз байланысты. Аймақтық қарым-қатынстардың дамуы және шанхай ынтымақтастық үйымына мүше мемлекеттер арасындағы өзара байланыс жаңа қауіп-қатерлерге тойтарыс берудің арнасында жатыр және Қазақстанның қауіпсіздіктің халықаралық және аймақтық құрылымдарындағы (ШЫҰ) өзара әрекеттестігі оның сыртқы саясатының маңызды бағыты мен ұлттық қауіпсіздігінің факторы болып табылады.
Aзaмaттaрдың құқықтaрын соттaн тыс қорғay меxaнизмінің толығымен және жеткілікті болaтындaй деңгейде дaми aлмaй келе жaтқaны және бұл меxaнизмді қолдaнy кезіндегі қиындықтaрдың болyы дayлaрды соттaн тыс жолымен шешy процедyрaлaрының нaқты реттелмегендігінен тyындaп отыр деп пайымдаймыз. Дегенмен, осы мәселенің бірқaтaр өзекті және күрделі aспектілері толық зерттелмеген немесе теориялық-қолдaнбaлы жоспaрдa мүлде көтерілмеген. Біздің пікірімізше, нaрықтық қоғaмның қaзіргі зaмaнғы дaмy жaғдaйындa aдaмның негізгі құқықтaрын қaмтaмaсыз етyдің құқықтық және теориялық aспектілерін жaн-жaқты зерттеyге әр кезде де тaлaп етіледі. Бұл тaқырыптың өзектілігі соншалықты, біздің ойымшa, бүкіл әлемдегі жaһaндaнy мен aқпaрaттaндырy контекстіндегі еліміздегі aдaм құқықтaрын қорғayды қaмтaмaсыз етyде маңызды орынға ие.
Адам құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама әлеуметтік даму қажеттілігіне толығымен жауап бермейді және адам құқықтары мен қауіпсіздігі саласында жеке заңнамалық қағидаларды қайта қарауды қажет етеді. Осылайша, осы салалардағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру аса өзекті болып табылады.
Айтылған факторлардың барлығы осы диссертациялық зерттеудің өзектілігін, оның тақырыбын, құрылымы мен әдіснамасын таңдауды анықтады.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Адам құқықтарының қашанда болсын, маңызды екендігін көрсету, адам құқығын қамтамасыз ететін түрлі ұйымдардың жұмыстарын зерттеу және осы саланы қамтитын заңнаманы талдау болып табылады. Тек Қазақстан емес, сонымен қатар, өзге елдердің де осы мәселе бойынша құқықтық, нормативтік реттеулерін қарастыру. Адамның құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді кешенді зерттеу, ҚР ұлттық қауіпсіздігін адамның құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау тетігі мен оның себептерін анықтау болды.
Жоғарыда аталған мақсатымызға қол жеткізу үшін алдыға келесідей міндеттерді қойдық:
- Адамның құқықтары мен қауіпсіздігінің ғылыми тарихи құқықтық теориялық негіздерін сипаттау.
- Арнайы құқықтық таным ретінде оны теориялық талқылау.
- Адам және азаматтың құқықтары мен қауіпсіздігін жүзеге асыру аппараттарының түрлерін анықтау, талдау.
- Адамдардың түрлі сала бойынша қарым-қатынастағы құқықтарын реттеудің ерекшеліктерін талдау.
- Адамның құқықтары мен қауіпсіздігін талдаудағы қарама-қайшылықтардың туындау мәселелерін талқылау.
- ҚР Президентінің, ҚР Парламентінің және ҚР Үкіметінің азаматтар құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің негізгі аспектілерін талдау.
- ҚР Конституциялық Соты, ҚР жалпы юрисдикция соттары, ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілі, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мамандандырылған омбудсмендер қызметінің өзекті аспектілерін зерттеу.
- Еуропа елдерінің Адам құқығы жөніндегі соты шешімдерінің мәні мен маңыздылығын талдау.
- ТМД ұйымының негізгі құжаттары мен келісімдері және оның адам құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін сипаттау.
- Адам құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында халықаралық тәжірибелерді ескеру мен қолданудағы кейбір мәселелерді талдау.
- Адамның құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді заңнамалық тұрғыдан жетілдіру тұрғысында талдау.
- Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Атқарушы билік органдарының қызметін жетілдіру мәселелерін қарау.
- Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша соттар мен құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру жолдарын талдау.
Диссертациялық зерттеудің әдіснамалық негізі – қазіргі кездегі ғылыми ізденіспен белгілі бір зерттелетін обьектінің ерекшелігіне, адам құқықтарына заңды құбылыс ретінде бейімделген әдістер мен танымдық көзқарастар жиынтығы болады. Сонымен бірге құқық ғылымында қалыптасқан методологияның әдістері қолданылды, оның ішінде: салыстырмалы-құқықтық, формальды-құқықтық, формальды-логикалық, және жүйелік-құрылымдық талдау әдістері. Зерттеу аясында мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды танудағы жаңа әдістер де қолданылды: желілік талдау, құқықтық герменевтика әдісі, т.б.
Қорғауға ұсынылатын негізгі ережелер (дәлелденген ғылыми гипотезалар және жаңа білім болып табылатын басқа да қорытындылар):
Қорғауға шығарылған негізгі қағидаттар:
- Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мемлекеттің жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ құқықтық нормаларды қолдануда қиындықтар тудыратын дәлсіздіктерді жою мақсатында диссертация авторы келесі теориялылық-құқықтық түсініктерді негіздеп, нақтылады:
А. Адам қауіпсіздігі мен адам құқығы бірдей ұғымдар болып саналмайды. Бұл категориялар тоғысқанымен және мазмұны жағынан көптеген ортақ белгілер мен сипаттарға ие болғанымен, олар бөлек идеяларды білдіреді және әртүрлі қызметтерді орындайды.
Адам құқығы дегенді экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени және басқа да факторлар әсер ететін құқықтық императивтер мен құқықтық қатынастарға негізделген ең жоғары құндылық деп білсек, ал адамның қауіпсіздігін адам құқықтары мен өзін-өзі жүзеге асыруды нығайтатын барлық жолдармен адамдардың өмірлік маңызды өзегін қорғау деп түсіну керек. Бұл қорғаныстың нәтижесінде адам қорқынышсыз және мұқтаждықсыз өмір сүре алады.
Ә. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекет жауапкершілігінің мазмұны нақтыланды.
Мемлекеттің жауапкершілігін арттыру дегеніміз – адамдардың өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы үшін мемлекет барлық жағдайларды жасайтындығы және олардың орындалуын қамтамасыз етуі. Тек мемлекеттің тиімді шаралары адамдарға қорқыныш (зорлық-зомбылық, кемсітушілік, терроризм) немесе кедейлік (дұрыс тамақтанбау, аштық, баспананың болмауы, шұғыл қажетті заттарға қаражаттың жетіспеуі және т.б.) туралы ойламай, өздерін қауіпсіз сезінуге және толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді.
Осы шараларды іске асыратын мемлекет институтары: ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, ҚР Конституциялық соты, ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілі, ҚР сот және құқық қорғау органдары ерекше рөл атқарады. Мемлекеттiк билiктiң жекелеген өкiлдерiнiң бұл шарттарды сақтамауы мемлекеттiк лауазымды адамдардың заңды жауапкершiлiгiн көздейдi.
Оның алдын алатын әкімшілік сот төрелігі, өйткені әкімшілік сот арқылы азаматтар мемлекеттік шенеуніктердің барлық әрекеттері мен шешімдеріне, егер олар адам құқықтары мен қауіпсіздігін шектейтін немесе бұзатын болса, шағымдана алады.
Адам құқықтарының жүйелі түрде бұзылуы және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеу биліктің өкілетті органдарына сайлау кезінде биліктің ауысуына әкеліп соқтыруы керек. Халықтың жаңа өкілдері (депутаттар) одан әрі жаңа атқарушы билікті құруға қатысады.
Б. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігінің ұлттық қауіпсіздігі түсінігімен байланысының маңызы айқындалды.
Адам қауіпсіздігі, оның құқықтары мен ұлттық қауіпсіздік түсінігі қазіргі заманғы мемлекеттің функцияларындағы өзара байланысты және бірін-бірі толықтыратын мақсаттар болып табылады. Адам құқықтары мен қауіпсіздігі қаншалықты жетілдіріліп, кеңейсе, ұлттық қауіпсіздігі де соншалықты нығаяды. Адам құқықтары мен қауіпсіздігін ұлттық қауіпсіздіктің негізгі аспектілерімен бәсекелестік ретінде қарастыруға болмайды. Адам құқығы мәселесімен тек ұлттық қауіпсіздікке қауіп төніп тұрған кезде айналысу керек деп есептелетін ескі көзқарастарға жол берілмеу керегі негізделді. Сонымен бірге адам құқықтарының кеңеюі, экономикалық мақсаттар мен ұлттық қауіпсіздік арасындағы қажетті тепе-теңдік сақталуы айқын көрсетілді.
Адам қауіпсіздігі және қоғам қауіпсіздігі ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың шешімдерімен және іс-әрекеттерімен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын негізсіз шектеуге тыйым салынады. Осы құқықтық талаптарды тиімді іске асыру мақсатында, «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылса дұрыс деп санаймыз: «19-баптың 2-тармағының 7) бөлігін бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады».
- Ұлттық қауіпсіздікке қауіп төнген жағдайда шектеу шараларын қолдану мүмкіндігі халықаралық-құқықтық жүйенің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Шектеу шаралары адам құқықтары мен қауіпсіздігіне мемлекеттің әлеуметтік функцияларын ескеруге және анықтауға мүмкіндік беретін түзету әрекеттерінің бірі ғана болуы керек. Алайда, бұл тетіктерді теріс пайдалану заңдылыққа, сот қауіпсіздігіне және заңның үстемдігіне үлкен қауіп төндіреді.
Адам құқықтары мен қауіпсіздігі және оны Еуропалық Одақ елдеріндегі ұлттық қауіпсіздікті қорғаумен теңдестіру тәжірибесінің өзіндік қиындықтары бар. Адам құқықтарын қорғаудың әлсіреуін негіздеу үшін мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне жүгінуі ЕО-ның барлық мемлекеттері үшін абсолютті проблема болып табылады, өйткені теріс пайдалану қаупін толығымен жою мүмкін емес.
Экстремизм мен терроризмнің күрделі түрлері мемлекеттерден өздерін қорғау үшін тиімді шаралар қабылдауды талап ететініне қарамастан, Еуропалық Одақ елдері бұл күрестің атымен шектен тыс шаралар қолданбауға тырысады. Себебі, мұндай шаралар адам құқықтары мен қауіпсіздіктеріне елеулі түрде нұқсан келтіруі мүмкін. Бұл бағытты негізінен Еуропалық адам құқықтары соты қамтамасыз етеді.
- Көптеген посткеңестік елдерде әлемдік деңгейдегі халықаралық актілермен қатар ТМД-ға мүше мемлекеттердің халықаралық келісімдері азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үлкен маңызға ие. Осы халықаралық келісімдер азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ТМД елдерінің ұлттық заңнамасын дамыту векторын айқындайды.
- Адам құқықтары мен қауіпсіздігінің бұзылуы ұлттық қауіпсіздікке әсер етуі күмәнсіз. Ауқымды қуғын-сүргін немесе кемсітушілік оқиғалары елдегі тұрақсыздыққа әкелетін әлеуметтік толқуларға ықпал етуі мүмкін. Төтенше жағдайларда бұл толқулар елдің жалпы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қақтығыстарға ұласуы мүмкін. Осылайша, адам құқықтары мен оның қауіпсіздігін қорғауды ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін ішкі қақтығыстардың алдын алу шарасы ретінде қарастыруға болады.
Бұл тұжырымның дәлелі 2022 жылғы Қантар оқиғасы болды. Қазақстандағы бар болғаны 162 адамның Қазақстан байлығының жартысынан астамына ие болуы ұлттық байлықты пайдалануға қатысты адам құқықтарының жүйелі түрде бұзылуын көрсетті.
Болашақта қазақстандықтардың басым бөлігінің құқықтарының осындай бұзылуына жол бермеу үшін заңсыз мүлкі бар тұлғаларға, тіпті олар өз еркімен қайтарылған жағдайда да тиімді шаралар қолдану қажет. Өйткені заңсыз мүлкін өз еркімен қайтарған тұлғалар жауапкершіліктен толық босатылса, басқа тұлғалардың жазасыз қылмыс жасап, заңсыз баюына қашанда жағдай болады. Қазіргі қолданыстағы заң нормаларына сәйкес, тұлғалардың толық жауапкершіліктен босатылу жағдайы әлдеқайда көп, егер олар мүлікті өз еркімен қайтарып жатса.
Осыған байланысты «Мемлекеттік заңсыз сатып алынған мүлікті қайтару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 3-тармағының мазмұны мынадай редакцияда жазылғанын қалаймыз: «Тұлғалар мүлікті өз еркімен қайтару шарттары бойынша жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Олар активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға берген ақпаратты өзі, өзге уәкілетті мемлекеттік, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар осындай жағдайлар үшін пайдалана алмайды:.. .».
- Қазақстан Республикасында көптеген елдерден үлгі ала отырып, отбасы, әйелдер және балалар мәселелерімен айналысатын жеке министрлік құру қажет екендігі дәлелденді. Себебі, қабылданған шараларға қарамастан, Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Бұл тұрғыда шет елдердің тәжірибесі пайдалы: Германияда Отбасы істері, қарт адамдар, әйелдер және жастар министрлігі, Ұлыбританияда Әйелдер және тең мүмкіндіктер министрлігі бар. Өзбекстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласындағы жұмысты Өзбекстан Республикасының Отбасы және әйелдер істері жөніндегі мемлекеттік комитеті үйлестіреді.
- Адам кауіпсіздігін және мемлекет шараларының заңдылығын қамтамасыз етуде тәуелсіз сот жүйесі маңызды рөл атқарады. Сот сараптамасы ықтимал теріс пайдалануды тексеруді қамтамасыз етеді және ұлттық қауіпсіздік шаралары белгіленген заң стандарттарына, адам құқықтары мен кауіпсіздігіне сәйкес болуы керек деген қағиданы нығайтады. Мұндай сот бақылауы сот жүйесі мен судьялардың тәуелсіздігі болған жағдайда ғана мүмкін болады. Дегенмен, судьялардың тәуелсіздігінің жекелеген тетіктерінің болмауы олардың қауіпсіздік шараларының заңдылығын адам құқықтарымен теңгерімдеудегі рөліне елеулі кедергі келтіруі мүмкін. Оның біреуі, тәртіптік сот ісін жүргізу кезіндегі судьялардың өздерін сот қорғауының жоқтығы. Бұл жағдай Конституция нормалары бойынша (Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағы) әрбір адамның сот арқылы қорғалу құқығына ие болғанына қарамастан орын алып отыр. Сондай-ақ судьялыққа кандидаттардың конкурстық іріктеу кезінде, Жоғарғы Сот Кеңесінің шешімдеріне сотқа жүгіну арқылы шағым жасау мүмкіндігі жоқ.
Осы тұрғыда «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 44-1-бабының 3-тармағын мынадай редакцияда баяндау ұсынылады: «Судья Жоғары Сот Кеңесіннің жанындағы Сот жюриінің шешіміне соттардың бірінші инстанциаларында құрылған судьялардың тәртіптік істерін қарайтын мамандандырылған сот алқаларына шағым жасай алады».
- Қазақстанда конституциялық мәртебеге ие Адам құқықтары жөніндегі Уәкілмен қатар, әртүрлі салалардағы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен байланысты уәкілдер (омбудсмендер) бар. Бүгінгі таңда республикамызда бірнеше Уәкіл институттары құрылған: Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Уәкілі, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Уәкілі, Әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі Уәкілі, банк Омбудсмені. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Уәкіл институтын енгізу жоспарлануда. Сондай-ақ Еңбек құқықтары жөніндегі Уәкіл сияқты маңызды институт құру қажеттілігі де туындап отыр. Ол қазақстандықтардың бұзылған еңбек құқықтарын қорғау мәселелерін толық шеше алатын еді. Дегенмен, қазіргі омбудсмендердің мәртебесі мен тағайындау тәртібі әртүрлі деңгейде бекітіліп келе жатыр. Осыған байланысты республиканың барлық омбудсмендерінің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының біртұтас Заңы қажет екені дәлелденді.
- Демократияның басты критерийі – мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік пен адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қалай теңестіретіні дәлелденді. Діни, этникалық және экстремизмнің басқа да түрлерімен, сыбайлас жемқорлықпен, терроризммен және кемсітушілікке қарсы күресте ұлттық қауіпсіздік стратегиясы контексінде заң үстемдігі мен адам құқықтарын қамтамасыз ету демократиялық, құқықтық мемлекеттің берік негізін жасайды.
Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы заңының рөлін конституциялық заң дәрежесіне көтеру қажет. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабының 3-тармағын мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтыру ұсынылады: «Ұлттық қауіпсіздік негіздері конституциялық заңмен реттеледі».
- Азаматтардың жеке қауіпсіздігін нығайту, сондай-ақ адам құқықтарының бұзылуына жол бермеу ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететіні анықталды. Құқық бұзушылықтың алдын алу құралдары мемлекеттік құқықтық тетіктердің (құқықтық жүйе, Конституциялық сот, сот және құқық қорғау органдары, Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл) жиынтығы ғана емес, сонымен бірге азаматтық қоғам институттары болып табылады. Оларға адам құқықтарының тәуелсіз тетіктері кіруі керек: әртүрлі қадағалау кеңестері, қызметтің әртүрлі салаларындағы омбудсмендер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы институттар, кемсітушіліктің кез келген түріне қарсы іс-қимылды қамтамасыз ететін ұлттық және халықаралық ұйымдар және т.б. Азаматтық қоғам институттарының адам құқықтарын қорғаудағы және ұлттық қауіпсіздікті нығайтудағы елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы Заңын «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ететін азаматтық қоғам институттары» атты 9-1-баппен толықтыру ұсынылады: «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосатын азаматтық қоғам институттарына үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдары, қоғамдық омбудсмендер, комплаенс-менеджерлер және өмірдің әртүрлі салаларындағы қоғамдық кеңестер жатады».
- Цифрландыру жағдайында адам құқықтары мен қауіпсіздігіне қауіп төнуі жоғары деңгейде. Технологиялық дамуға байланысты азаматтардың құқықтарын бұзатын, елеулі материалдық және ақшалай шығындарға әкелетін киберқылмыстар мен жалған банктік операциялардың саны қарқынды өсуде. Осыған байланысты «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 4-тармағын жаңа абзацпен толықтырып, өзгерту ұсынылады: «Транзакцияны тек төлеушінің банкі ғана емес, сонымен қатар, алушының банкі де алаяқтық белгілеріне тексереді».
Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Конституциялық және азаматтық құқық» кафедрасында дайындалып, талқыланды.
Диссертациялық зерттеудің негізгі қағидалары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Комитетімен ұсынылған ғылыми журналдарда жарияланды.
Жұмыстың мазмұнын құрайтын диссертацияның негізгі теориялық идеялары мен қорытындылары, практикалық ұсынымдары - 13 (он үш) ғылыми мақалаларда баяндалған, оның ішінде 7 (жеті) республикалық және халықаралық конференциялар материалдарындағы және халықаралық рецензияланған журналдардағы мақалалар, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комитеті ұсынған журналдардағы 3 (үш) мақала, Scopus және Web of Sciense Core Collection халықаралық рецензияланған ғылыми журналдарда 3 (үш) мақала жарияланды.
Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығын негіздеу.
Қазақстандағы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты мәселелердің диссертациялық деңгейде адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты қарастырылуында. Осыған байланысты, жұмыстың ерекшелігі адам құқықтарын қорғаудың кешенді тәсілін қолдану мен қарастырудан көрінеді, оны тиімді жүзеге асыру, біріншіден, кейіннен ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін әлеуметтік қайшылықтардың түпкі себептерін жояды. Екіншіден, мұндай кешенді тәсіл әлеуметтік қайшылықтардың алдын алу үшін алдын ала ескерту мен әрекет етудің маңызды процестерін көрсетуді қамтамасыз етеді. Үшіншіден, жұмыста қолданылған кешенді тәсіл зорлық-зомбылық қақтығыстар қаупінің төмендейтін жағдайларын көрсетеді. Төртіншіден, алынған қорытындылар мен нәтижелер адам құқықтары мен бостандықтарын, демек, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететін заңнамалық және құқық қолдану шараларын ұсынады. Бесіншіден, диссертацияда жүргізілген талдау ықтимал ішкі және геосаяси қайшылықтарды шешу үшін адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы тұжырымдамаға ықпал етеді.
Сонымен бірге, диссертацияның ғылыми жаңалығы құқық пен мемлекет теориясын дамыту, сондай-ақ дербес ғылыми бағытты адам құқықтары ғылымын қалыптастыру туралы ұсыныстарды негіздеу мақсатында олардың кешенді (әлеуметтік-гуманитарлық) көрінісімен байланысты құқықтардың жалпы құқықтық көрінісінде адам құқықтары мен қауіпсіздігі теориясын жаңа қырынан сипаттау мәселесін қоюға негізделген.
Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі. Диссертациялық зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы – қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған авторлық тұжырымдар мен ұсыныстар анықталады. Диссертациялық зерттеу жұмысымда жүргізілген зерттеулер адам мен азаматтың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша құқықтық қарым-қатынас жасайтын мемлекеттік органдардың жұмысында қолданылуы мүмкін. Диссертациялық жұмыстың материалдары осы салада әрі қарай оқу үшін, оқыту және дәрістік теориялық зерттеулерде қолдануға болады. Адамның құқықтары мен қауіпсіздігінің жалпы теориялық анықтамасы олардың жаһандық әлеуеті тұрғысынан ұсынылған. Мемлекеттік құқықтық жүйенің гуманистік дамуының, құқықтың прагматизациясы мен саясаттануының алдын алудың катализаторлары болуы мүмкін құқықтардың сипаттамалары мәлімделді.
Өтініш берушінің әр жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Докторанттың жарияланымдары тақырып бойынша өзекті, тәуелсіз және толық зерттеу болып табылады. Зерттеудің ғылыми нәтижелері докторанттың жарияланымдарында көрсетілген. Ғылыми мақалалар азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мемлекет жауапкершілігін арттырудың теориялық-құқықтық мәселелері бойынша жан-жақты ғылыми-тәжірибелік ұсынымдарды береді және құқық шығарушылық, құқық қолдану қызметінде, сондай-ақ ғылыми педогогикалық қызметте пайдаланылады.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/4081HjVaNis
