
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Абдирайымова Акдана Ернарқызы «6D030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша «Халықаралық құқық пен ЕАЭО нормаларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін құқықтық реттеуді жетілдіру» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Азаматтық, еңбек және экологиялық құқық кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Ресми рецензенттер:
Лаззат Калымбековна Еркинбаева – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің академиялық сұрақтар жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор (Тараз қ., Қазақстан Республикасы);
Шолпан Алтынбекқызы Саймова – МТҚБ «Парламентаризм институты» Жария заңнама және мемлекеттік басқару орталығының бастығы, PhD докторы (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Арайлым Куанышбековна Джангабулова – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Думан Озаманович Кусаинов – Г.С.Сапарғалиев атындағы мемлекет және құқық Институтының ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Татьяна Николаевна Михалёва – Беларусь Республикасының Ұлттық заңнама және құқықтық ақпарат орталығының конституциялық құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, доцент (Минск қ, Беларусь Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Ербол Мусинұлы Абайділданов – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Халықаралық құқық» кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, профессор (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Аслан Хусейнович Абашидзе – Патриса Лумумба атындағы Ресей халықтар достастығы университеті «Халықаралық құқық» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор (Мәскеу, Ресей Федерациясы).
Қорғау 2025 жылғы 11 наурыз, сағат 11:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6D030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша «8D042 – Құқық» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас форматта (оффлайн және онлайн) өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://gog.su/KVJG
Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі, 2, Бас ғимарат, №302 ауд.
Аңдатпа (қаз.): «6D030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Акдана Ернарқызы Абдирайымованың ««Халықаралық құқық пен ЕАЭО нормаларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін құқықтық реттеуді жетілдіру» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы Зерттеу тақырыбының өзектілігі қазіргі заманғы экономикалық, экологиялық, саяси және басқа да сын-қатерлер жағдайында Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін (бұдан әрі – АӨК) құқықтық реттеуге терең ғылыми талдау жүргізу, елдің ұлттық қауіпсіздігінің бөлігі ретінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін іске асыру, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешеннің құқықтық базасын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу қажеттілігінен туындайды. Дүниежүзі елдері экономикаларының жаһандық өзара байланысы жағдайында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қоса алғанда ішкі нарықпен қатар шетелдік нарық үшін сапалы өнім өндіруге қабілетті аймақтық және жаһандық ауқымдағы ұлттық АӨК келісімді қызметін үйлестіру қажет. Бұл үшін мемлекеттің АӨК-нің құқықтық реттелуін жетілдіру, ЕАЭК шеңберінде барлық мүше-мемлекеттерді қанағаттандыратын агроөнеркәсіптік саясат қалыптастыру, сонымен қатар мүше-мемлекеттермен келісілген аспектілер бойынша ұлттық заңнаманы біріздендіру және үйлестіру маңызды. Осыған байланысты бұл зерттеуде Қазақстанның АӨК-ін құқықтық реттеу мәселелері бүкіл агроөнеркәсіптік сектордың қызмет етуінің негізгі мақсаттарының бірі ретінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету призмасы арқылы қарастырылады. Қазақстанның аграрлы-индустриялық секторы өзінің маңызды ресурстық және адами әлеуетінің арқасында ЕАЭО-ға мүше елдердің және алыс шетелдердің агроөнеркәсіптік кешенімен тығыз байланыста бола отырып, тек ұлттық, аймақтық экономиканы ғана емес, сонымен қатар жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуға қабілетті. Отандық АӨК Еуразия кеңістігінің бүкіл агроөнеркәсіптік нарығының құрылымына интеграциялау қазақстандық өндірушілерге айтарлықтай артықшылықтар бере алады, оның ішінде басқа елдермен қатар аймақтық және әлемдік ауыл шаруашылығы нарығына тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Саланың тиімділігін арттыру, оның экспортқа бағдарлануы мен импортқа тәуелділігін төмендету мақсатында бірлескен ғылыми әзірлемелер мен зерттеулер жүргізу мүмкіндігі туындататындығы да маңызды болып табылады. Агроөнеркәсіп кешенін әрі қарай мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі, отандық агрошаруашылықтарға жеңілдетілген және төмендетілген мөлшерлемемен несие беру мүмкіндігі Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында атап өтілді. Диссертациялық зерттеу объектісі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мен ұлттық, аймақтық және жаһандық деңгейде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетішілік, аймақтық және халықаралық жария-құқықтық қатынастар болып табылады. Зерттеу пәні: агроөнеркәсіптік кешенді реттеу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ұлттық заңнама, БҰҰ Жарғысы және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша қабылданған халықаралық құқық нормалары, аймақтық бірлестіктер құқығы (Еуропалық Одақ, ТМД, ЕАЭО); зерттелетін саладағы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ішкі заңнамасы. Диссертациялық зерттеудің мақсаты болып Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің қазіргі жағдайына жан-жақты ғылыми талдау жүргізу мен халықаралық құқық нормаларын, ЕАЭО құқығын есепке ала отырып агроөнеркәсіптік кешенді құқықтық реттеу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Қойылған мақсат негізінде келесі міндеттер анықталды және шешілді: Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешенін және азық-түлік қауіпсіздігін реттеудің қазіргі жағдайы және оны жетілдіру перспективалары халықаралық құқық нормалары мен мемлекеттердің аймақтық бірлестіктерінің интеграциялық құқығы мен шетелдік тәжірибені ескере отырып зерттелді; ЕАЭО азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік кешенді реттеу, сондай-ақ ЕАЭО заңнамасының осы құқықтық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жаңғырту мен жетілдіруге ықпалы зерттелді; Қазақстан Республикасының жаңа заман тарихындағы агроөнеркәсіптік кешен саласын құқықтық реттеудің эволюциясы қарастырылды; азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экономиканың агроөнеркәсіптік секторын қолдау бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық институттар және ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды; бұл ынтымақтастықтың осы саладағы Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына әсері аргументтелді және негізделді; Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігі және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстар әзірленді және ұсынылды. Зерттеу тақырыбының әзірлену дәрежесі. Агроөнеркәсіптік кешен және азық-түлік қауіпсіздігі саласын зерттейтін қазақстандық ғалымдардың еңбектері талданды, мысалы, «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін (құқықтық нормалар мен халықаралық институттар көмегімен) басқару және дамыту мәселелерін шешу» атты (М.А. Сарсембаев пен С.Н. Сарсенованың жалпы редакциясындағы авторлар ұжымы, 2020 ж.) екі томдық ғылыми-тәжірибелік басылым. Жұмыста отандық агроөнеркәсіп кешенін халықаралық ұйымдармен және өңірлік бірлестіктермен бірлесіп дамыту мәселелері қарастырылған. Зерттеуде отандық агроөнеркәсіп кешенін халықаралық ұйымдармен және өңірлік бірлестіктермен бірлесіп дамыту мәселелері қарастырылған. Профессор Л.Қ.Еркінбаева «Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы кооперациясын құқықтық реттеу» (2018 ж.) атты мақаласында еліміздегі ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құқықтық жағдайының теориялық және тәжірибелік аспектілері мен олардың азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешудегі әсерін қарастырған. С.Несіпбаева өзінің диссертациялық жұмысында халықаралық және ұлттық тәжірибені ескере отырып жер реформасының жаңа кезеңі жағдайында Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы кооперациясының құқықтық реттелуіне салыстырмалы зерттеу жүргізді (2022 ж.). Қазақстанның еуразиялық интеграцияға қатысуы, азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық реттеу және отандық агроөнеркәсіп кешенін дамыту тұрғысынан зерттеулер қазақстандық ғалымдар: М.А. Сәрсембаев, Б.Ж.Абдраим, А.Е.Бектұрғанов, Л.К.Еркінбаева, М.Ж.Күлікпаева, А.Қ.Кукеев, Е.Н.Нұрғалиева, Р.Қ.Сарпеков және басқа да заңгер ғалымдармен жүргізілді. Зерттеудің нормативтік негізі. Диссертациялық зерттеу қазақстандық заңнамаға, халықаралық шарттарға, халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің бағдарламалық және статистикалық құжаттарына, Еуропалық Одақ, Еуразиялық Экономикалық Одақ және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына негізделген. Зерттеудің әдістемелік негізін анализ және синтез, индукция және дедукция, аналогия, тарихи, диалектикалық және жүйелік әдістер сияқты жалпы ғылыми әдістермен қатар салыстырмалы-құқықтық, құқықтық модельдеу және т.б. нақты ғылыми әдістер құрайды. Зерттеуде отандық сот тәжірибесінің жағдайлары қарастырылды. Зерттелетін саладағы шет мемлекеттердің, ЕАЭО елдерінің заңнамасының нормаларына және Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына салыстырмалы талдау жүргізілді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қазіргі қазақстандық заңнаманы жан-жақты талдаудан, халықаралық құқық, Еуропалық Одақ және Еуразиялық Экономикалық Ынтымақтастық құқықтарының нормаларын, озық шетелдік тәжірибені ескере отырып қазақстандық заңнаманы жетілдіру бойынша теориялық ережелер мен тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеу мен негіздеуден тұрады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы қорғауға шығарылатын келесі негізгі ережелерде көрсетілген: 1. ЕАЭО құқығындағы құқықтық олқылықты жою және мүше-мемлекеттермен ЕАЭО-тың келісілген агроөнеркәсіптік саясаты терминіне біркелкі түсінікті қалыптастыру мақсатында, ғалымдардың еңбектері, қолданыстағы заңнама, шет мемлекеттердің тәжірибесі негізінде «ортақ ауыл шаруашылығы нарығын қалыптастыру үрдісін мемлекетаралық реттеудің, Одаққа мүше-мемлекеттер арасындағы адал бәсекелестікті қамтамасыз етудің, ұлттық агроөнеркәсіптік кешендерді инновациялық дамытудың, ұлттық және өңірлік азық-түлік қауіпсіздігінің қағидаттары мен әдістерінің жиынтығы» авторлық анықтамасы ұсынылады. 2. Мемлекеттiң ұлттық аграрлық саясатының мазмұнын бiрыңғай ұғынуды қамтамасыз ету мақсатында «агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді қызмет етуіне әсер ету, ауылдық аймақтарды дамыту мен ғылыми негізделген физиологиялық тұтыну нормаларына сәйкес ел халқын сапалы және қауіпсіз азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында аграрлық сектордың қызметін қолдаудың кешенді шараларын қамтитын мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының құрамдас бөлігі» авторлық анықтамасы ұсынылады. («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу» туралы ҚРЗ 1-бабы.). 3. «Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйінің мониторингі- азық-түлік өнімдерін өндіру көлемін, олардың қозғалысы мен қорларының қолжетімділігін, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын бағалауға бағытталған іс-шаралар кешені» ұғымын құқықтық қолданысқа енгізуді ұсынылады. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңы 1-бабы (6-4) тармақшасы. 4. АӨК саласын судсидиялаудың тиімділігін арттыру мақсатында уәкілетті органның құзыреттерін және АӨК-ді дамытуды мемлекеттік реттеу құралдарын кеңейту ұсынылады. Осыған байланысты «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңы 6-бабы 1-тармағы 7-тармақшасын келесідей мәтінде «7) агроөнеркәсіптік кешенді; азық-түлік тауарларын; азық-түлік қауіпсіздігі жағдайын; субсидиялау жүйесінің тиімділігін дамытуды мониторингтеуді жүргізу; 6-баптың 1-тармағын «агроөнеркәсіптік кешен саласындағы субсидиялау жүйесін бағалау бойынша әдістемелік нұсқамаларды құрастыру және бекіту» 41-15 тармақшамен толықтыру. АӨК-нің шешуші саласы ретінде фермерлерді қолдау маңызды мәселе болып табылады. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңының 9-бабы 2-тармағын 2-1 тармақшасымен «2-1) ауылшаруашылығы кооперативтерінің өндірістік қызметтерін мемлекеттік тіркелген күннен бастап 3 жыл бойына субсидиялау» толықтыру ұсынылады. 5. ҚР АӨК даму мәселесіне азаматтық қоғамның шынайы қатысуын заңнамалық тұрғыдан бекіту ұсынылады. Осы мақсатта 2018 жылғы 5 қазандағы «Стандарттау туралы» ҚРЗ 11-бабы 4-тармағын 13-тармақшамен: «13) өздерінің интернет-ресурстарында стандарттау бойынша техникалық регламент жобаларын және өзгеде құжаттарды орналастырады және олардың жария талқыға түсуін қамтамасыз етеді» толықтыру ұсынылады. 6. 2024 жылғы мәліметтерге сәйкес Қазақстандағы тұтыну себеті халықты жеткілікті мөлшерде теңдестірілген тамақтанумен қамтамасыз етпейді. Осыған байланысты тұтыну себетінің құрамын сапалы түрде кеңейтіп, ең төменгі күнкөріс деңгейін арттыру ұсынылады, бұл өз кезегінде дамушы мемлекеттердің тамақтану стандарттарына жақындауды қамтамасыз етеді. (ҚР Әлеуметтік кодексінің 120-бабы 3-тармағы). 2024 жылғы 10 маусымдағы «Органикалық өнімдерді өндіру және олардың айналымы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары үшін тамақ өнімдерін мемлекеттік сатып алуды әдісімен жүзеге асыру кезінде немесе бағалау ұсынысына әсер ететін бағалау сұраныстарының критерилер тізбесін, конкурстық құжаттамаға әлеуетті өнім берушіде шартты жеңілдікті қолдану үшін негіз болып табылатын органикалық өнімді өндіруге отандық сәйкестік сертификатының болуын енгізуді міндеттейтін екінші бөлікпен толықтыру ұсынылады. 7. Ауылшаруашылық секторының қызметінің тиімділігі мен ауылшаруашылық секторы кәсіпорындарының табысының артуына әсер етуші фактордың бірі ауылшаруашылығы кәсіпорындары басшылары мен жұмыскерлерінің біліктілік деңгейлері болып табылады. Ауылға білікті кадрларды кеңінен тартуды ынталандыру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік қолдау алушылардың қатарына жеке секторда жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы мамандарын қосу ұсынылады. Осыған байланысты «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 18-баптың 4, 5 және 7-тармақтарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі қажет. 8. Ауылшаруашылық секторы қызметтерін бақылау мен қадағалау қазіргі уақытта әртүрлі мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметіне агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру мәселелері кіреді, ал ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы өкілеттіктер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің құзыретінде. Біздің пайымдауымызша ауыл шаруашылығын дамыту ауылды дамытумен ұштасатындықтан, агроөнеркәсіп кешені мен ауылды дамыту мәселелері бір мемлекеттік органның құзырында болуы керек. Осыған орай, алдыңғы қатарлы елдердің (мысалы, АҚШ) тәжірибесіне сүйене отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігін ауылдық аумақтарды дамытуды басқару бойынша толық өкілеттікпен қамтып, сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігінен тиісті функцияларды Ауыл шаруашылығы министрлігіне беру ұсынылады. Қауіпсіздік кеңесінің еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі қызметін заңнамалық тұрғыдан бекіту және нақтылау, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі құрамына Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі мен Ұлттық экономика министрін қосу ұсынылады. Зерттеудің ғылыми және тәжірибелік маңызы оның нәтижелерін ҚР АӨК басқару саласында заң жобаларын даярлау кезінде қолдану, сонымен қатар бакалавр, магистратура және докторантура білім алушыларына оқу және ғылыми материалдар ретінде қолдану мүмкіндігінде. Зерттеу нәтижелерінің апробациясы. Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Конституциялық және азаматтық құқық» кафедрасында дайындалды, кафедрада диссертациялық жұмысты талқылау және рецензиялау жүргізілді (2024ж.). Жұмыстың мазмұнын құрайтын диссертацияның негізгі теориялық идеялары мен қорытындылары, сонымен қатар зерттелетін саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстар 9 (тоғыз) ғылыми мақалада, оның ішінде 4 (төрт) мақала халықаралық конференциялар материалдарында, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті бекіткен журналдарда - 3 (үш) мақала; Scopus базасына кіретін - 1 (бір) мақала, халықаралық танымал ғылыми журналда 1 (бір) мақала жарияланды. Жұмыстың құрылымы. Диссертация машинкамен басылған мәтіннің 178 бетінде баяндалған, дәстүрлі қағидат бойынша құрылған, анықтамалар мен белгілерден, кіріспеден, 8 бөлімшеден тұратын 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және 5 қосымшадан тұрады.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/PbF8UGzbIH8
