
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Елькенова Ботакоз Зейноллаевна «8D05208 – Экология және табиғатты пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақстанның Солтүстік және Шығыс аймағындағы қарағайлы ормандардың экологиясы, таралу ерекшеліктері және оларды қорғау» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қоршаған ортаны қорғау саласында басқару және инжиниринг кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Еликбаев Бахытжан Кошкинбаевич – биология ғылымдарының докторы, «Қ. Сатпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» химиялық процесстер және өндірістік экология кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Аубакирова Бахыт Нупбаевна – философия докторы (PhD), Назарбаев Университеті Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінің құрылыс және қоршаған ортаны қорғау инженериясы кафедрасының нұсқаушысы (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Канаев Ашимхан Токтасынович – биология ғылымдарының докторы, «Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ, Биология және биотехнология факультетінің «Биоалуантүрлілік және биоресурстар» кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Исаева Акмарал Умурбековна – биология ғылымдарының докторы, профессор, «Экология және биология» ғылыми – зерттеу иститутының директоры, «Шымкент университеті» жеке мекемесі (Шымкент қ., Қазақстан Республикасы);
Игнасио Менендез Пидаль де Наваскуес – техника ғылымдарының докторы, профессор, Мадрид политехникалық университетінің Жол, канал және порт инженерлері жоғары техникалық мектебінің профессоры (Испания мемлекеті, Мадрид қ.).
Ғылыми кеңесшілері:
Бейсенова Райхан Рымбаевна – биология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг» кафедрасының профессоры м.а. (Астана қ., Қазақстан Республикасы)
Королёв Александр Николаевич - биология ғылымдарының кандидаты, Омск қаласының Сібір мемлекеттік автомобиль және автомобиль жолдары университеті, «Техносфералық және экологиялық қауіпсіздік» кафедрасының доценті (Омбы қ., Ресей)
Қорғау 2025 жылғы 23 маусым, сағат 15:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D05208 – Экология және табиғатты пайдалану» мамандығы бойынша «8D052 – Қоршаған орта» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас форматта (оффлайн және онлайн) өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://surl.lu/qlshhj
Мекен-жайы: Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 13, №3 оқу-әкімшілік ғимараттың №333 аудиториясы.
Аңдатпа (қаз.): Зерттеудің жалпы cипаттамаcы. Диссертациялық жұмыс Қазақстанның Солтүстік және Шығыс аймағындағы қарағайлы ормандардың экологиясы, таралу ерекшеліктері және оларды қорғауды зерттеуге бағытталған. Зерттеу тақыpыбының өзектілігі. Республика аумағында қарағайлы ормандардың таралуы біркелкі емес, ормандарды игеру және орман өрттері олардың таралу аймақтарын, қорларын азайтты, бұл апаттардың экологиялық әсерлерінің нақты көлемі осы күнге дейін анықталмаған. Қарағайлы ормандарды фермерлер, жер иеленушілер, кәсіпкерлер, туристер шамадан тыс пайдалануда, сонымен қатар ормандарға жақын жерлерде ірі көлемде құрылыстар салынуда, олар қоршаған ортаны ластаудың негізгі көздері болып саналады. Қазақстандағы қылқанды ормандарының өрттену деңгейі өте жоғары. Жоғарыда көрсетілген әртүрлі факторлардың әсер етуі қарағайлы ормандардың жылдан – жылға кемуіне әкелуде, осыған байланысты мемлекет көлемінде қарағайлы ормандарда экологиялық мониторинг негізінде зерттеу жұмыстары жүргізілуге тиісті. Қазақстан егеменді ел болғалы ғылыми-экономикалық, әлеуметтік, құқықтық салаларда үлкен өзгерістер жасалынды. Кәзіргі нарықтық жағдайда Қазақстан экономикасының жаңа бағыттарының бірі табиғат қорларын пайдалануды тегін түрден төлемді жүйеге ауыстыру. Оның негізгі себебі табиғат қорын тегін пайдалану негізінде, қоршаған ортаның ластануы әртүрлі экологиялық апаттарға әкелуде. Планетаның өкпесі саналатын ормандар, оның ішінде қарағайлы ормандар экономикалық-географиялық тұрғыда дұрыс бағаланып, оларды пайдалану үшін төлемдік жүйені қалыптастыру өзекті мәселе болып есептеледі. Осы жайды ескере отырып, түбегейлі экономикалық реформа жүргізуге арналған құжаттарды басшылыққа ала отырып, оған қоса Қазақстан Республикасының Конституциясын, табиғи ресурстардың негізгі түрлерін пайдалану бойынша жасалған кодекстерді, қоршаған табиғи ортаны қорғау заңына сәйкес табиғатты төлемді пайдалану принциптерін енгізу арқылы іске асыру мүмкіншілігі қарастырылады. Қазақстандағы қарағайлы ормандарды сақтау мен қорғаудың негізгі мақсаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамассыз ету, оның ішінде адамның теріс іс-әрекеттерін шектеу және табиғаттағы төтенше апатттарды болдырмау. Оны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Конституциясы және табиғатты қорғау заңдары. Табиғатты, оның ішінде қарағайлы ормандарды қорғауды жүзеге асыруға байланысты көптеген ғылыми жұмыстар жүргізілген. Қазақстандағы ормандардың таралуына, экологиясына арналған ғылыми жұмыстардың санына қарамастан, Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіндегі қарағайлы ормандар бойынша деректер өте аз. Осыған байланысыты бұл диссертациялық жұмыстың өзектілігі Қазақстанның солтүстік және шығыс аймағындағы қарағайлы орманның экологиясын, таралуын және қорғау проблемаларын зерттеу. Қазақстан 2030 жылға дейін жылыжай газдары шығарындыларын 15%-ға қысқартуға ниетті. 2020 жылы Қазақстан Үкіметі БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) және Bitfury Халықаралық IT-компаниясымен бірлесіп ормандарды сақтау және олардың аумағын ұлғайту жолымен "көміртегі ізін" азайту жөніндегі жобаны іске асыруға кірісті. Сондай-ақ, Қазақстан 2018 жылы қабылданған Бонн конференциясы аясында республиканың ормандылығын 2030 жылға қарай 5%-ға дейін арттыруға міндеттенді (қазіргі уақытта 4,9%). Кейінірек 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында республиканы ауқымды көгалдандыру мақсатында 5 жыл ішінде орман қорына 2 млрд ағаш және елді мекендерге 15 млн ағаш отырғызуды тапсырды. Бүгінгі таңда ормандарды қорғаудың көптеген себептері бар. Ормандарды сақтау және оларды қалпына келтіру бірлескен күш пен шешуші әрекетті қажет етеді. Осыған байланысты докторлық диссертацияның өзектілігі Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарындағы қарағайлы ормандардың экотоптарын зерттеп, өсімдік жамылғыларындағы түрлерді анықтап, олардың таксономиялық жүйесін құру және қарағайдың биоиндикациялық маңызына морфологиялық сараптама жасау. Қоршаған ортаның әртүрлі техногенді жолдармен ластану әсерін, қарағай ағзасында жиналған ауыр металлдардың мөлшерін анықтау арқылы зерттеу. Зерттеу мақсаты: Қазақстанның солтүстік және шығыс аймағындағы қарағайлы ормандардың экологиясын, таралу ерекшеліктерін және оларды қорғаудың жолдарын зерттеу. Зерттеу міндеттері: 1. Қазақстанның солтүстік және шығыс аймағындағы қарағайлы орман өсімдік типтері, оларға экологиялық тұрғыда салыстырмалы сипаттама жасау. 2. Қарағайлы ормандардағы өсімдік түрлеріне систематикалық сараптама жасап, олардың таксономиялық тізімін құру. 3. Қарағайлы орман жамылғыларындағы сирек кездесетін, қорғауды қажет ететін өсімдік түрлерін анықтау. 4. Қазақстанның солтүстік және шығыс аймағында таралған кәдімгі қарағайдың биоиндикациялық роль атқаруына морфологиялық негізде сараптама жасау. 5. Ауа ластану деңгейін карағай қылқандарының құрғақтану және зақымдануы деңгейлері бойынша бағалау. 6. Қарағайдың тіршілік жағдайын бағалауда ағаш тәждерінің таксациялық сипаттамаларын және бонитет класын анықтау. 7. Қоршаған ортаның әртүрлі техногенді жолдармен ластану әсерін, қарағай ағзасында жиналған ауыр металлдардың мөлшерін анықтау арқылы зерттеу. Зерттеу нысандары. Зерттеу нысандары ретінде Қазақстанның солтүстік және шығыс аймағындағы қарағайлы ормандар және олардың өсімдік жамылғылары болды. Зерттеу әдістері. Солтүстік және шығыс аймақтардағы қарағайлы ормандардың экологиясын, таралуын, қорғау мәселелерін зерттеуде әртүрлі ботаникалық және экологиялық әдістер қолданылды. Солардың ішінде өсімдіктерді жинаудың техникалық әдісі, анықтау әдісі, этикеткалау әдісі. Қарағайдың биоиндикациялық, тәжінің таксациясын зерттеу әдісі. Қоршаған ортаның әртүрлі техногенді жолдармен ластану әсерін, қарағай ағзасында жиналған ауыр металлдардың мөлшерін анықтау арқылы зерттеу әдісі. Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақстанның реликтілі қарағайлы ормандары антропогендік факторлардың әсерінен айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Орман көлемдерінің азайуы адамзат өміріне және онда тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлардың биоалуантүрлілігіне әсерін тигізуде. Қарағайлы орманның жойылу көлемі мен қарқыны тоқталмаса, республика территорясы келешекте далалы массивтерге айналуы мүмкін. Осыған байланысты, Қазақстанның қарағайлы ормандарының экологиялық жағдайлары жан-жақты зерттелуге тиісті. Ұсынылып отырған диссертациялық жұмыста, оның мақсаты бойынша солтүстік және шығыс аймақтарында таралған қарағайлы орман өсімдіктерінің түрлері анықталып, таксаномиялық сараптама жасалынды. Сонымен қатар, қарағайдың биоиндикациялық маңызы зерттелді. Қоршаған ортаның әртүрлі техногенді жолдармен ластану әсері, қарағай ағзасында ауыр металлдардың жиналу мөлшері бойынша анықталды. Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Зерттеу нысаны ретінде алынған солтүстік және шығыс аймақтардағы қарағайлы ормандардың табиғаттағы және адам өміріндегі практикалық маңызы өте зор. Ормандар биосфераның қалыптасу негізінде топырақтың құрылысына, су алмасуына, онда органикалық және минералдық заттардың жиналуына тікелей әсер етеді. Орманды жерлерде ылғал жеткілікті, сондықтан оның құрамында шірінді заттар жиналып, оның физикалық және химиялық құрамына тікелей әсер ету арқылы биосфера деңгейінде топырақтың қалыптасуына ықпал жасайды. Қарағайлы ормандар демалыс және сауықтыру орындары, жан – жануарлардың мекені, ондағы өсімдік түрлері халықшаруашалағының әртүрлі салаларында пайданылады. Сонымен қатар қарағайлы ормандарды қорғау мекемелері үшін өсімдік жамылғыларындағы сирек кездесетін, жойылу қаупі бар түрлер анықталып және кең таралған түрлерді тиімді пайдалану жөнінде ғылыми-теориялық негізде ақпараттар берілді. Бұл аймақтағы табиғи-ландшафтылық зерттеу жұмыстары жер ресурстарын, оның ішінде орман ресурстарын пайдалану, табиғи ландшафтыларды қорғау және дамыту негізінде жүргізілді. Қарағайлы орман экотоптарында әртүрлі бағыттарда жарияланған жұмыстардың көп болғанымен, қоршаған ортадағы экологиялық жағдайлардың күрделі өзгеруі жаңа ғылыми зерттеулерді қажет етеді. Зерттеудің алынған нәтижелері қарағайлы ормандарға қоршаған ортаның теріс әсерін азайту үшін жүргізілетін жұмыстардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған зерттеу жұмыстарының нәтижелері КеАҚ «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті», Жаратылыстану ғылымдарының жоғарғы мектебі, «Химия және биология кафедрасының оқу үрдісіне, «Биология» мамандығының ғылыми-педагогикалық бағытында білім алушы бакалавриат, магистранттарға өткізілетін «Ботаника» курсында зерттеу нәтижелері дәрістерде, тәжірбиелік сағаттарда және өздік жұмыстарына оқытуда пайдаланылады. Зерттеудің қорғауға ұсынылатын қағидалары: 1. Ертіс өңірінің аумағындағы қарағайлы орманның өсімдік жасылғысында анықталған 168 өсімдік бұл аймақтың ксерофиттілігін және Бурабай ұлттық саябағының аумағында анықталған 77 өсімдік түрі орманның өсімдік жамылғысының мезофиттілігін көрсетті. 2. Семейдегі Ертіс маңындағы және Бурабай Ұлттық табиғи саябағындағы ауа ластағыш көздерден арақашықтыққа байланысты кәдімгі қарағайдың (Pinus sylvestris L.) жылдық өсімі мен инелернің өсуінің тежелуі байқалды және инелерінің сақталу мерзімі 2-3 жылға қысқарған. 3. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде "Бурабай" МҰТП, "Семей орманы" МҰТР территориясындағы қарағайдың тіршілік жағдайының мәні 51,2-69,5%-тең, бұл көрсеткіш негізінде қарағайлы ормандар "әлсіреген" немесе «тұрақсыз» деп бағаланды. Қарағайдың тіршілік жағдайы ағаштың диаметрі, ауданы мен көлеміне тәуелділігі дәлелденді. 4. Семейдің Ертіс өңірі және Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы қарағай (Pinus sylvestris L.) инелеріндегі интенсивті сіңірілетін элементтер (Cd, Cs) инелерде аз жинақталғаны, ал өсімдіктер үшін қиын сіңірілетін элементтер (Fe, Ba) және әлсіз сіңірілетін элементтер (Mn, Ni) инелерде жинақталудың жоғары дәрежесін көрсетті. 5. Семейдің Ертіс өңірі және Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы қарағай инелеріндегі (Pinus sylvestris L.) ауыр металдардың құрамын зерттеу келесі кезінде элементтер қатарымен жинақталатынын көрсетті: MnAlFeZnBaNiPbCuCrCoCdAs Ізденушінің жеке үлесі. Зepттeлeтін мәceлeгe қатыcты әдeби дepeктepгe талдаy, жұмыcтың мақcат - міндeттepін анықтаy, далалық – практикалық зepттeyлepді жүpгізy, нәтижeлepді өңдey жәнe талдаy, диccepтацияны жазy мeн қoл жазбаны pәcімдey автopдың жeкe қатыcyымeн opындалды. Зерттеу нәтижелерінің апробациясы. Зерттеу нәтижелері мен диссертацияның негізгі ережелері халықаралық және республикалық журналдар мен конференцияларда баяндалды және басылып шықты. Диссертация құрылымы мен көлемі: Диссертация кіріспеден, анықтамалардан, белгілеулерден және қысқартулардан, әдебиетке шолу, материалдар мен әдістерден, өзіндік зерттеу нәтижелерінен, қорытындыдан, қосымшалардан тұрады. Диссертацияның көлемі 95 жазба беттен, 12 кестеден, 23 суретпен дәлелденген. Диссертациялық жұмыста 193 сілтеме пайдаланылды.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/uwNu4gNwFv4
