
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Маликова Жадра Бейсенгалиевна «8D05323 – Техникалық физика» білім беру бағдарламасы бойынша «Импульсты электрондар шоғыры мен иондар ағыны әсерінен таза және активтендірілген LiF кристаллдарында түзілетін ақаулардың қалыптасуы» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Техникалық физика кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Ресми рецензенттер:
Сергеев Даулет Максатович – физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, подполковник, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Я. Бегелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің Радиоэлектрондық жабдықтарды құрастыру және пайдалану кафедрасының меңгерушісі, Ақтөбе қаласы, Қазақстан Республикасы;
Каптагай Гулбану Алибековна – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Физика кафедрасы, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Шункеев Куанышбек Шункеевич – физика – математика ғылымдарының докторы, профессор, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, «Материалдардың радиациалық физикасы» ҒЗО директоры, Ақтөбе қ-сы, Қазақстан Республикасы;
Ногай Адольф Сергеевич – физика – математика ғылымдарының докторы, профессор, С. Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының профессоры, Астана қ-сы, Қазақстан Республикасы;
Алдонгаров Ануар Акылханович – философия докторы (PhD), «Техникалық физика» кафедрасының доценті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы.
Ғылыми кеңесшілері:
Акилбеков Абдираш Тасанович– физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Техникалық физика кафедрасы, Астана қ., Қазақстан Республикасы;
Попов Анатолий Иванович – физика докторы, PhD, профессор, Латвия университеті, Қатты денелер физикасы институтының жетекші ғылыми қызметкері, Рига қ-сы, Латвия.
Қорғау 2026 жылғы 11 сәуір, сағат 14:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D05323 – Техникалық физика» білім беру бағдарламасы бойынша «8D053 – Физикалық және химиялық ғылымдар» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес отырысы офлайн және онлайн форматта өткізіледі.
Сілтемесі: https://clck.ru/3RyhCd
Мекен-жайы: Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 13, №3 оқу ғимараты № 310 аудитория
Аңдатпа (қаз.): Диссертациялық зерттеудің мақсаты. Диссертациялық зерттеудің мақсаты – электрондық, иондық және нейтрондық сәулелендіру жағдайында таза және активтендірілген LiF кристалдарында радиациялық ақаулардың түзілуін, эволюциясын және термиялық күйдірілуін кешенді эксперименттік-теориялық тұрғыдан зерттеу. Зерттеу міндеттері. 1. Таза және активтендірілген LiF кристалдарының бастапқы құрылымдық, оптикалық және инфрақызыл сипаттамаларын зерттеп, сәулелендіруге дейінгі қоспа-ақау жүйесінің құрамын анықтау. 2. Электрондық, нейтрондық және иондық сәулелендіру жағдайында LiF кристалдарында түзілетін радиациялық ақауларды идентификациялау және олардың оптикалық және инфрақызыл спектрлік сипаттамаларын айқындау. 3. Сәулелендірудің түрі, энергиясы және флюенсі, сондай-ақ Se и Sn шамаларының F- және агрегатталған Fn-орталықтарының түзілу кинетикасына, оптикалық жұтылу және ИК-спектрлердің өзгерісіне әсерін талдау. 4. Оптикалық жұтылу спектрлері негізінде F-орталықтардың сатылы термиялық күйдірілу заңдылықтарын зерттеу, олардың кинетикалық параметрлерін (активация энергиясы, предэкспоненциалдық көбейткіш) анықтау және әртүрлі сәулелендіру режимдері жағдайындағы қалпына келу ерекшеліктерін белгілеу. 5. Fn- жұтылудың кең жолақтарына талдау жүргізу, F2, F3, F3+ және F4- орталықтарының температуралық эволюциясын бақылау және олардың литий коллоидты кластерлеріне дейінгі түрлену тізбегін талдау. 6. F- және Fn-орталықтардың, сондай-ақ қоспалы-ақаулық кешендердің термиялық эволюциясының диффузиялық-реакциялық моделін әзірлеу және есептелген күйдіру қисықтарын эксперименттік деректермен салыстыру. 7. LiF кристалдарындағы радиациялық ақау түзілу және күйдіру механизмдері мен олардың оптикалық және дозиметриялық сипаттамалары арасындағы байланыстарды анықтау және сәулелендіру мен термиялық өңдеу режимдерін оңтайландыру бойынша ұсынымдар тұжырымдау. Зерттеу әдістері. Бұл диссертациялық жұмыста Бриджмен–Стокбаргер және Киропулос әдістерімен өсірілген жоғары тазалықтағы LiF кристалдары зерттелді. Кристалдар ДЦ-60 (Астана) және GSI (Дармштадт) үдеткіштерінде 16O (28 МэВ), 14N (23 МэВ), 84Kr (150 МэВ) және 238U (2640 МэВ)иондарымен, сондай-ақ IRT-2000 зерттеу реакторында жылулық нейтрондармен және 250 кэВ энергиялы импульстік электрондық пучкалармен сәулелендірілді. F- және Fn-орталықтарының оптикалық қасиеттері мен концентрациялары SPECORD 250, PERSEE T8DCS және СФ-2000 спектрофотометрлерінде УФ–көрінетін спектроскопия әдісімен тіркелді; гидроксилдік және радиолиз өнімдерін анықтау үшін Specord 75-IR және Vertex 70V ИҚ-спектроскопиясы қолданылды. 293–870 K аралығындағы сатылы термиялық ажырау SNOL пешінде 5 K/с жылдамдықпен жүзеге асырылып, әрбір қадамнан кейін спектрлер қайта өлшенді. Дефектілердің релаксация кинетикасы, диффузиялық-реакциялық процестері және F-орталықтардың миграциялық энергетикасы LASC суперкомпьютерлік кешенінде диффузиялық-реакциялық модель арқылы есептеліп, миграциялық энергиялардың және агрегат түзілу жылдамдықтарының сандық бағалары алынды. Қорғауға шығарылатын қағидаттар. 1.LiF:OH кристалдарын нейтрондық сәулелендіру нәтижесінде гидроксилдік және сутектік орталықтарға сәйкес дозалық тәуелді инфрақызыл (ИК) жолақтары пайда болады; аталған жолақтар ⁶Li(n,α)³H ядролық реакциясымен және OH-қоспасының бастапқы координациялық күйімен тікелей байланысты. 2.Электрондық және иондық сәулелендіруден кейінгі F-орталықтардың сатылы термиялық күйдірілуі диффузиямен бақыланатын кинетика заңдылықтарымен сипатталады; активация энергиялары мен предэкспоненциалдық көбейткіштер құрылымдық ретсізденумен бақыланатын диффузияға тән Ea–X корреляциясын анықтайды. 3. Жеке F- және агрегатталған Fn-орталықтардың күйдірілу кинетикасының теориясы, эксперименттік деректермен үйлесімді түрде, диффузиялық-реакциялық сатылар каскадын сипаттайды және әртүрлі сәулелендіру түрлерінен кейін LiF кристалдарының термиялық қалпына келуінің температуралық интервалдарын болжауға мүмкіндік береді. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы. 1.LiF кристалдарындағы радиациялық ақауларды үш түрлі сәулелену режимінде –иондармен, нейтрондармен және импульстік электрондармен – кешенді түрде салыстырмалы зерттеу алғаш рет жүргізілді. Se және Sn сипатының өзгеруі ақаутүзілу сценарийлерін анықтайтыны көрсетілді. 2.Нейтронмен сәулелендірілген LiF:OH кристалдарының ИҚ-спектроскопиясы гидроксилдік және сутектік орталықтардың (U, U1, U2, U3, және OH-…Fi комплекстері) радиациялық процестердегі рөлін ашты; OH-жолақтарының дозалық ығысуы жергілікті құрылымның өзгеруін көрсететіні дәлелденді. 3.Алғаш рет LiF кристалдарында электрондық және иондық сәулелендірудің әртүрлі режимдері үшін F-орталықтардың термиялық күйдірілу процестерінің активация энергиялары эксперименттік түрде алынды және талданды. Ea мәндері мен предэкспоненциалдық көбейткіштердің өзара келісілген корреляция түзетіні және оның құрылымдық ретсізденумен бақыланатын диффузияның көрінісі ретінде интерпретацияланатыны көрсетілді. 4. F- және Fn-орталықтардың сатылы ажырауын сипаттайтын модель әзірленді, ол оптикалық жұтылу деректері бойынша миграциялық энергияларды және реакциялық жолдарды анықтауға мүмкіндік береді. 5. 1,7–4,2 эВ диапазонындағы кең жолақтардың гаусстық ыдыратылуы негізінде бірегей эксперимент аясында жеңіл (¹⁴N, ¹⁶O) және ауыр (⁸⁴Kr, ²³⁸U) иондармен сәулелендіру кезінде F → F2 → F3/F3+ → F4 және одан әрі литийдің коллоидтық кластерлеріне дейінгі түрлену тізбегі алғаш рет жүйелі түрде бақыланды. F₃⁺ және F₄ орталықтарының тректің құрылымдық ретсіздену тығыздығы жоғары аймақтарға тән предколлоидтық күй болып табылатыны көрсетілді. 6. Әртүрлі ақау типтері мен сәулелендіру режимдері үшін практикалық маңызы бар күйдірудің температуралық интервалдары анықталды. Бұл нәтижелер LiF кристалдарын басқарылатын термоөңдеу, олардың оптикалық қасиеттерін қалпына келтіру және дозиметриялық әрі оптикалық қолданбаларда орталықтар концентрациясын мақсатты түрде реттеу үшін ғылыми негіз қалыптастырады. Нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығын сипаттау. Алынған нәтижелер LiF кристалдарын сәулеленуден кейін қалпына келтірудің температуралық режимдерін белгілеуге мүмкіндік береді, ақаутүзілу мен агрегация процестерін басқаруда электрондық энергия шығындарының рөлін айқындайды және Ea мен предэкспоненциалдық фактордың сандық мәндерін алғаш рет анықтай отырып, LiF негізіндегі оптикалық және дозиметриялық материалдардың қасиеттерін оңтайландыруға негіз қалайды. Ізденушінің әр басылымға қосқан жеке үлесі. Зерттеу тақырыбы бойынша жарияланған 11 жұмыстың ішінде 3-еуі Scopus және Web of Science базасына кіретін рецензияланған журналдарда, 8-і халықаралық конференция материалдарында жарияланған. Жарияланған мақалалар тізімі: 1. Influence of Neutron irradiation conditions on maximal frequency of IR absorption spectra of LiF:OH single crystal // Physica Status Solidi (A). – 2023. - Vol. 220(10) (Quartile – Q3, percentile – 51%, IF-1,9). 2. Thermal annealing of radiation damages produced by swift 14N and 16O ions in LiF crystals // Materials Research Express. – 2024. – Vol.11(7) (Quartile – Q3, percentile – 51%, IF-2,1). 3. Thermal Stability of Color Centers in Lithium Fluoride Crystals Irradiated with Electrons and N, O, Kr, U Ions. // Materials). – 2025. - Vol. 18(19), 4441. Quartile – Q1, percentile – 79%, IF-3,2). Осы мақалаларды дайындауға өтініш берушінің қосқан үлесі: Берілген зерттеу тақырыбы бойынша бар әдебиеттер мұқият тексеріліп, эксперименттер жүргізілді және алынған мәліметтер өңделді, сонымен қатар ғылыми басылымдардың талаптарын сақтай отырып түпнұсқа жобасы жазылды. Зерттеуші мақалалардың бастапқы нұсқасын жазу және оларды ғылыми редакциялау кезеңдеріне тікелей және елеулі үлес қосты.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=Z0ydKBR1p9M Маликова
