
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ахметова Айжан Сеелкановна «8D05323 – Техникалық физика» білім беру бағдарламасы бойынша «CdTe квази екі өлшемдік наножүйелер: электрондық қозу энергияларын тасымалдау, оптикалық және электрондық қасиеттері» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Физика-техника ғылымдары институтының «Техникалық физика» кафедрасында, «Энергетика және функционалдық материалдар» ғылыми зертханасында және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің материалтану факультетінің Жалпы пайдалану орталығының спектрлік талдау зертханасында (Мәскеу қ., Ресей Федерация) орындалған.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Ресми рецензенттер:
Аймуханов Айтбек Калиевич – ф.м.ғ.к., Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінің радиофизика және электроника кафедрасының профессоры, профессор-зерттеуші, (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы);
Ильясов Бауржан Рашитович – философия докторы (PhD), Astana IT University Интеллектуалды жүйелер және киберқауіпсіздік кафедрасының қауымдастырылған профессоры, (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Шарипов Талгат Ишмухамедович – ф.-м.ғ.к., Уфа ғылым және технология университетінің электроника және наноқұрылымдар физикасы кафедрасының доценті, (Уфа қ., Башқұртстан Республикасы, Ресей Федерациясы);
Наурузбаев Досбол Кабдрашиевич – ф.м.ғ.к., «Nazarbayev University Research and Innovation System» ЖМ аға ғылыми қызметкері, (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Бекмырза Кенжебатыр Жағыпарұлы – философия докторы (PhD), «Техникалық физика» кафедрасының оқытушы-зерттеуші, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Қайнарбай Асет Жұмабекұлы – ф.м.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Техникалық физика кафедрасының профессоры, (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Елисеев Андрей Анатольевич – х.ғ.к., М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің материалтану факультетінің доценті, (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы).
Қорғау 2025 жылғы 31 қаңтар, сағат 14:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D05323 – Техникалық физика» білім беру бағдарламасы бойынша «8D053 – Физикалық және химиялық ғылымдар» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас (оффлайн және онлайн) форматта өткізіледі.
Сілтемесі: http://surl.li/hncjpc
Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі, 2, № 302 ауд.
Аңдатпа (қаз.): Жұмыстың мақсаты CdTe нанопластиналарының оптикалық, люминесценттік және электрондық қасиеттерін зерттеу; температураның, уақыттың, концентрацияның және прекурсорлар түрінің нанопластиналардың өсуі мен қалыптасуына әсерін зерттеу. Зерттеу міндеттері: • CdTe нанопластиналарын жоғары температуралы коллоидтық синтез әдісімен алу; • CdTe нанопластиналарының оптикалық қасиеттерін оптикалық спектроскопия әдістерімен зерттеу; • CdTe нанопластиналарының электрондық қасиеттерін электронды микроскопия әдістерімен зерттеу; • CdTe нанопластиналарындағы электрондық қозулар энергиясының тасымалдануын зерттеу; • CdTe нанопластиналарының кристалдық құрылымының морфологиясын зерттеу. Зерттеудің әдістемелік негізі Зерттеу объектілері ультракүлгін, көрінетін және инфрақызыл диапазонда оптикалық спектроскопия әдістерімен зерттелді. Нанопластиналардың өлшемдері мен кристалдық құрылымы аз бұрыштық рентгендік шашырау (SAXS) және жоғары рұқсатты электрондық дифракция әдістерімен анықталды. Синтез кезінде инертті ортада магнитті араластырғыш, центрифуга және басқа да құралдар қолданылды. Жұмыстың ғылыми жаңалығы 1. CdTe НПЛ құрылымы мен оптикалық қасиеттеріне синтез температурасы және кадмий прекурсорларының (кадмий пропионаты, кадмий ацетаты, кадмий миристаты) көмірсутек тізбектерінің молекулалық ұзындығы әсер ететіні алғаш рет анықталды. Оптималды температуралар: кадмий пропионаты үшін 180°C, кадмий ацетаты үшін 200°C, кадмий миристаты үшін 180°C. 2. CdTe нанопластиналарының өлшемдері 10 нм-ден 120 нм-ге дейін ұлғаюы мүмкін немесе ортада тұрақтырақ агрегаттар қалыптастыруы мүмкін екені алғаш рет эксперименталды түрде анықталды. 3. SAXS әдісімен және оптикалық спектроскопия нәтижелерімен сәйкес, синтез температурасының 180°C-тан 200°C-қа дейін жоғарылауы кванттық-өлшемдік әсердің күшеюін көрсететін тыйым салынған аймақ енінің 2,8 эВ-тан 2,4 эВ-қа дейін тарылуына және НПЛ моноқабаттарының санын 3 МҚ-дан 4 МҚ-ға дейін арттыруына алып келетіні алғаш рет анықталды.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=sGWAPLuKUcg
