
«8D06103 - Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Амирова Акжибек Сейтжановна диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Амирова Акжибек Сейтжановна «8D06103 – Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша «Индустриалды Интернет желісінде ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін талдау жүйесін әзірлеу» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Рецензенттер:
Бапиев Идеят Мэлсович - философия докторы (PhD)
Едилхан Дидар - философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Усатова Ольга Александровна - философия докторы (PhD), доцент, Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты
Ғылыми кеңесшілер:
Тохметов Акылбек Тимербекович
Листопад Николай Измаилович
Қорғау 2024 жылғы 23 сәуір, сағат 11:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D06103 – Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша «8D061 – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/39Ss6s
Мекен-жайы: г. Астана, ул. К. Сатпаева, 2, ауд. 302.
Аңдатпа (қаз.): Амирова Акжибек Сейтжановнаның «8D06103-Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Индустриалды Интернет желісінде ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін талдау жүйесін әзірлеу» диссертациялық жұмысының АҢДАТПАСЫ Диссертациялық зерттеудің мақсаты. Анық емес логикалық әдістер негізінде өнеркәсіптік IoT жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігі саласында шешімдерді қолдау жүйесін құру. Осы мақсатқа жету үшін жұмыста келесі ғылыми міндеттер қойылды: 1. Стандарттар мен ғылыми жарияланымдар негізінде өнеркәсіптік IoT жүйелері үшін ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін анықтау және жіктеу; 2. IIoT жүйелері үшін ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін талдау және бағалау әдістемесін әзірлеу; 3. Анық емес логикалық әдістер негізінде өнеркәсіптік IoT жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігі саласында шешімдерді қолдау жүйесін құру. Келесі нәтижелер қорғауға шығарылады: 1. өнеркәсіптік IoT жүйелеріндегі ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің онтологиясы; 2. анық емес логика негізінде жұмыс істейтін IIoT жүйелеріндегі ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін талдау моделі; 3. өнеркәсіптік IoT жүйелеріндегі ақпараттық қауіпсіздік деңгейін анықтауға арналған шешімдерді қолдау жүйесі. Жұмыстың ғылыми жаңалығы: 1. Өндірістік IoT жүйелері үшін ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің классификациясы (онтологиясы) әзірленді; 2. Анық емес логика негізінде жұмыс істейтін IIoT жүйелеріндегі ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін талдау моделі әзірленді; 3. Өндірістік IoT жүйелерінде ақпараттық қауіпсіздік деңгейін анықтау үшін шешімдерді қолдау жүйесі құрылды; 4. Индустриалды Интернет желісінде ақпараттық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған ғылыми-практикалық ұсыныстар әзірленді. Зерттеудің әдіснамасы мен әдістері. Диссертациялық зерттеу қазіргі көп критериалды статистикалық әдістер, анық емес логикалық әдістер, математикалық және компьютерлік модельдеу негізінде жүзеге асырылды; сондай-ақ өнеркәсіптік жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық және нормативтік құжаттар. Автордың жеке үлесі. Зерттелетін сұрақтар өте көп жұмысты қажет етеді, ал кейбір жағдайларда олардың формальды қалыптардың болмауына байланысты белгісіздік дәрежесі өте жоғары. Диссертацияда автор әдістер мен алгоритмдерді жүйелеуге, сондай-ақ бағдарламаны іске асыруға үлкен үлес қосты. Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Бұл зерттеудің практикалық маңыздылығы жұмыс нәтижелері өнеркәсіптік IoT жүйелерінің қалыптан тыс жағдайына дер кезінде ден қоюға және мәселені шешу жолдарын ұсынуға мүмкіндік беретіндігімен анықталады. Жұмыста ұсынылған әдіс бірінші рет өнеркәсіптік IoT жүйелеріндегі ақпараттық қауіпсіздікті бағалау үшін пайдаланылды. Өндірістік IoT жүйелерінде ақпараттық қауіпсіздік деңгейін анықтауға арналған ақпараттық шешімдерді қолдау жүйесі ұсынылады. Диссертация нәтижелерін апробациялау. Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері мен зерттеу нәтижелері келесі шетелдік, халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды және талқыланды: Scopus халықаралық деректер қорына кіретін нөлдік емес импакт-факторы бар ғылыми журналда1 мақала: 1. A model for risk analysis in the industrial internet of things. Journal of Theoretical and Applied Information Technology published since (ISSN: 1992-8645, Vol 99, №14). 2. Fuzzy logic and its application in the assessment of information security risk of Industrial Internet of Things. Symmetry (2023, Vol 15, №10). Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитеті ұсынған рецензияланатын ғылыми басылымдарында 5 мақала: 1. Исследование требований для построения модели обеспечения безопасности промышленного интернета вещей (Известия научно-технического общества «КАХАК». – 2020. – №3(70)). 2. Разработка онтологии информационных атак и угроз промышленного интернета вещей в программной среде PROTÉGÉ 5.0 (Известия научно-технического общества «КАХАК». – 2020. – №4 (71)). 3. Основные проблемы безопасности в промышленном интернете вещей (Вестник Восточно-Казахстанского технического университета им. Д.Серикбаева. – 2021. – №1 (91)). 4. Анализ рисков информационной безопасности в сетях промышленного интернета вещей (Вестник Национальной инженерной академии Республики Казахстан. – 2022. – № 1 (83)). 5. Заттар өнеркәсіптік интернетіндегі қауіпті анықтаудың аралас моделі (Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Физико-математические науки». – 2022. – №1(77)). Алыс шетелдер мен ҚР-дағы халықаралық конференциялардың материалдарында 4 мақала: 1. Проблемы безопасности промышленного интернета вещей. «Наука и образование в современном мире: вызовы ХХI века»: материалы V международной научно-практической конференции, (Нур-Султан, 2019 – 10-12 декабря) 2. Проблемы и перспективы использования Big Data в промышленности Казахстана. Big data and advanced analytics. Big data и анализ высокого уровня. VI международная научно-практическая конференция (Минск, 2020 – 20-21 мая). 3. Комбинированная модель обнаружения угроз в сетях промышленного интернета вещей. Global science and innovations 2022: Central Asia, (Нур-Султан, 2022) Диссертациялық жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының кеңейтілген отырысында және диссертациялық кеңестің ғылыми семинарында талқыланды. Диссертацияның көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс орыс тілінде жазылған, кіріспеден, өзара байланысты бес бөлімнен, өз кезегінде, олар ішкі бөлімдерге бөлінген, қорытынды және пайдаланылған дереккөздер тізімінен тұрады. Кіріспеде зерттеудің ғылыми аппараты көрсетіледі, тақырыптың өзектілігі, оның теория мен практикадағы даму дәрежесі негізделеді, зерттеудің мақсаты, объектісі, пәні мен міндеттері айқындалады, зерттеудің ғылыми жаңалығы, жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы ашылады, зерттеу әдістері анықталады, қорғауға ұсынылған тұжырымдар көрсетіледі, автордың жеке үлесі, жарияланымдар тізімі және жұмыс нәтижелерінің апробациясы ұсынылады. Бірінші бөлімде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасының ағымдағы жай-күйін талдауды қамтиды. Шабуылдардың таксономиялары, қорғалған активтердің жіктелуі және IIoT осалдықтары зерттелді. Екінші бөлім анық емес логикаға негізделген ақпараттық қауіпсіздік тәуекелін бағалау моделін әзірлеуге арналған. Анық емес қорытындылар жүйесін құрудың негізгі кезеңдері сипатталған, бұлыңғыр ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау жүйесі Fuzzy Logic Toolbox пакетінің көмегімен модельденген. Үшінші бөлімде өнеркәсіптік IoT жүйелеріндегі ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау жүйесіне арналған бағдарламалық жасақтаманы әзірлеудің сипаттамасына және бағдарламаны іске асыруға арналған. Қорытындыда зерттеу нәтижелері жинақталып, қорғауға ұсынылған тұжырымдар негізгі қорытындылардың ақиқаттығын растайды және дәлелдейді. Қосымшада практикалық зерттеу материалдары берілген. Автор отандық ғылыми жетекшісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының доценті Тохметов Акилбек Тимербекұлына диссертациялық зерттеу барысында алға қойған мақсаттарды негіздеуде үлкен көмек көрсеткені үшін алғысын білдіреді. Автор өзінің шетелдік кеңесшісі, техника ғылымдарының докторы, Беларусь мемлекеттік информатика және радиоэлектроника университетінің профессоры (Беларусь Республикасы, Минск) Листопад Николай Измайловичқа зерттеу барысында кеңес бергені үшін алғысын білдіреді.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/IbPsQ2wgAnw
