
«8D06103 - Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Есенова Молдир Балкаировна диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Есенова Молдир Балкаировна «8D06103 – Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақстанның далалық аймақтарында ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары мен зиянкестерінің дамуын бақылаудың интеллектуалды ақпараттық жүйесін әзірлеу» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Черикбаева Ляйля Шариповна
Бапиев Идеят Мэлсович - философия докторы (PhD)
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Аканова Акерке Сапаровна - философия докторы (PhD), С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, аға оқытушы
Ғылыми кеңесшілері:
Абдикеримова Гульзира Бахытбековна
Худойберганов Мирзоали Уразалиевич
Қорғау 2024 жылғы 6 желтоқсан, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D06103 – Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша «8D061 – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/3ELMmD
Мекен-жайы: г. Астана, ул. К. Сатпаева, 2, ауд. 302.
Аңдатпа (қаз.): Есенова Молдир Балкаировнаның «8D06103–Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Қазақстанның далалық аймақтарында ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары мен зиянкестерінің дамуын бақылаудың интеллектуалды ақпараттық жүйесін әзірлеу» диссертациялық жұмысының АҢДАТПАСЫ Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстандағы ауыл шаруашылығы жерлерін зерттеп, олардың жағдайын автоматты түрде бақылау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін (АӨК) дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында алға қойылған міндеттердің бірін негізге ала отырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және цифрлық технологияларды енгізуді қамтамасыз ету болып табылады. Диссертация аясында «ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаттарын бекіту» бағдарламасына ауыл шаруашылығына цифрлық технологияларды енгізуге байланысты ағымдағы мәселелер толықтай қаралды. Негізгі аспектілердің бірі – дәнді дақылдардың биомассасын жіктеу, вегетациялық кезеңді анықтау, дақылдардың дамуын сандық сипаттау әдістерін әзірлеу және жарықтықтың спектрлік коэффициенттерін қолдана отырып, олардың өсуіне теріс әсер ететін факторларды анықтау сияқты параметрлер үшін спутниктік деректерді пайдалана отырып цифрландыру. Бұл шаралар көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және ауыл шаруашылығын заманауи дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін (АӨК) дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қабылданады. Жалпы астық жинау елдің азық-түлік қауіпсіздігінің негізі болып табылатындығын ескере отырып, ауыл шаруашылығын дамыту ерекше маңызға ие болып табылады. Дәнді дақылдардың өнімділігін болжау және олардың жағдайын облыс немесе аймақ сияқты ірі әкімшілік бірлестіктерде бағалау өзекті міндет болып табылады. Жердегі маршруттық агрометеорологиялық зерттеулер, олардың сенімділігіне қарамастан, қамтудың жүйелілігі мен кеңдігімен шектелген. Сондықтан спутниктік мониторингті қоса алғанда, қашықтықтан зондау әдістерін дамыту ауыл шаруашылығы саласын тиімді ақпараттық қамтамасыз етудің ажырамас элементіне айналады. Дәнді дақылдардың жай-күйінің спутниктік мониторингі егістердің дамуын объективті және тұрақты бақылауды, сондай-ақ дақылдардың өнімділігін және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалануды бағалауды қамтамасыз етеді. Алайда, мониторинг жүйесінің тиімді жұмыс істеуі үшін өңірлік мониторинг шеңберінде ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктерінің жай-күйін бағалау және егіс аумақтарын анықтау мақсатында спутниктік деректерді өңдеу әдістемелерін жақсарту қажет. Бұл ғылыми міндет ерекше өзектілікке ие болады, өйткені дақылдарды бағалаудың сапасы мен тиімділігі егістік жерлерді анықтау дәлдігіне байланысты. Осылайша, диссертациялық жұмыс цифрлық технологияларды ауыл шаруашылығына енгізудің теориялық аспектілеріне ғана емес, сонымен қатар ағымдағы және болашақ кезеңдердегі Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін табысты дамытудың негізгі элементі болып табылатын егістердің жай-күйін мониторингтеу әдістерін жақсартудың практикалық мәселелеріне арналған. Диссертациялық зерттеудің мақсаты: Ауыл шаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестерінің дамуын бақылаудың интеллектуалды ақпараттық жүйесін әзірлеу. Зерттеу міндеттері: 1. Ауыл шаруашылығы саласында егістік жерлері зерттелген ғылыми еңбектерге шолу; 2. Ауыл шаруашылық дақылдарының өсуіне теріс әсер ететін факторларды (арамшөп) анықтау үшін қолданылған әдістерді салыстырмалы талдау; 3. Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері мен ауруларының ЖСК эталондық мәнін құру; 4. Машиналық оқыту әдістерін пайдалана отырып, белгілер векторының ақпараттылығының дәлдiгiн бағалау; 5. Ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары мен зиянкестерінің дамуын бақылаудың интеллектуалды ақпараттық жүйесін әзірлеу. Зерттеу әдістері: Ғарыштық суреттерді өңдеу әдістері, ауыл шаруашылығы дақылдарын және олардың зиянкестері мен ауруларын классификациялау моделі, машиналық оқыту әдістері, белгілер векторлары. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы: Аэроғарыштық суреттер мен белгілер векторы бойынша классификациялаудың моделі әзірленді. Алған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі: Зерттеудің жаңалығы ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары мен зиянкестерін анықтау үшін ЖСК эталондық мәндерін құру, Red Edge каналында мәндерді алу әдісін және ақпараттық белгілер векторын жасау арқылы жүзеге асырылды. Бұл әдістер Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін цифрландыруға айтарлықтай үлес қосып, ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуін автоматты және дәл бақылауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесінде агроөнеркәсіпте өнімділік пен тиімділікті арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендетуге бағытталған инновациялық ақпараттық жүйе қалыптасты, бұл саладағы шешім қабылдау сапасын арттыруға ықпал етеді. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі: Зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес келеді, ол ауыл шаруашылығы саласында цифрлық технологияларды енгізуді және мемлекеттік қызметтер сапасын арттыруды көздейді. Сонымен қатар, зерттеу әлемдегі агротехнологиялар саласындағы ғылыми даму бағыттарына сәйкес келеді, әсіресе ауыл шаруашылығындағы дақылдардың жағдайын қашықтықтан бақылау, зиянкестер мен ауруларды ерте анықтау, және өнімділікті арттыруға арналған цифрлық мониторинг жүйелерін жетілдіру тұрғысынан маңызды. Бұл жұмыстың нәтижелері ауыл шаруашылығын цифрландыру, автоматтандыру және тиімділікті жоғарылату бойынша ғылымның даму бағыттарына сәйкес келеді. Диссертацияда қол жеткізілген ғылыми нәтижелерге жеке автордың қатысуы: Диссертациялық жұмысты орындау кезінде алынған зерттеу нәтижелердегі ізденушінің жеке үлесі мыналар: жұмыста зерттелген мәселелерді талдау, диссертацияның мақсаты мен міндеттерін анықтау, қойылған міндеттердің шешу әдістемесі мен тәсілдерін негіздеу, қорғауға ұсынылған ғылыми қағидалар мен нәтижелерді тұжырымдау; ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері мен ауруларын ЖСК эталондық мәндері құру; математикалық модельді қолдана отырып, Red Edge каналындағы ЖСК мәнін алудың әдісі құру; ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері мен ауруларын анықтайтын ақпаратты белгілер векторының тиімділігін анықтау; зерттеу нәтижелерін практикада, яғни өндірістік жағдайларда тексеру және сынақтан өткізу.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/gNu3wV6_RKU
