
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Кабдырова Ляйля Темиржановна «8D07361 – Құрылыс материалдарының, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша «Полимерлік компонент және ауыл шаруашылығы өнеркәсібінің қалдықтары негізінде жолдарды бетон және цементбетон жабыны үшін мұзды фобизирлеу құрамын өндіру технологиясын әзірлеу» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Ресми рецензенттер:
Ашимова Салтанат Жандарбековна – PhD, «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ Алматы қаласындағы филиалының жол-құрылыс материалдары және жаңа технологиялар бөлімінің бастығы (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Сарсембаева Асель Сериковна – «Шәкәрім университеті» КеАҚ Құрылыс және геодезия кафедрасының зерттеуші- профессоры, техника ғылымдарының кандидаты (Семей қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Кристина Москалова – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, «Metal Center Čakovec» металлургия өнеркәсібі үшін кадрларды даярлау және дамыту орталығының ғылыми - зерттеу бөлімінің басшысы (Вараждин қ., Хорватия);
Монтаев Сарсенбек Алиакбарович – техника ғылымдарының докторы, профессор, ҰИА корреспондент мүшесі, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ Индустриалды-технологиялық институт директоры (Орал қ., Қазақстан Республикасы);
Есентай Дәурен Ерланұлы – PhD, қауымдастырылған профессор, «Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты (ҚазАЖИ)» мекемесінің ректоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Лукпанов Рауан Ермағамбетович – PhD, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры
Рената Борис – PhD, Вильнюс Гедиминас техникалық университетінің азаматтық құрылыс факультетінің докторы
Қорғау 2026 жылғы 3 қыркүйек, сағат 11:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D07361 – Құрылыс материалдарының, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша «8D073 – Сәулет және құрылыс» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас форматта (онлайн, офлайн) өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://surl.li/yobalg
Мекен-жайы: Астана қ., Сәтпаев көш., 2, Оқу-әкімшілік корпусы, № 302 аудиториясы.
Аңдатпа (қаз.): Диссертациялық зерттеудің мақсаты. Полимерлік компонент пен ауыл шаруашылығы өнеркәсібінің қалдықтары негізінде бетон жолдарға арналған мұзға қарсы (ледофобты) сіңдіргіш материалдың құрамын және оны өндіру технологиясын әзірлеу, жол жабынының бетімен мұз қабығының жабысуын төмендетуді қамтамасыз ету. Зерттеу міндеттері: 1. Бетон жолдарға арналған жаңа мұзға қарсы (ледофобты) сіңдіргіш құрамды әзірлеу. 2. Кератин алу мен мұзға қарсы (ледофобты) сіңдіргіш құрамды дайындаудың жаңа технологиялық процестерін әзірлеу, сондай-ақ компоненттердің оңтайлы арақатынасын анықтау. 3. Сіңдіргіш құрам компоненттерінің физикалық-механикалық сипаттамаларын зерттеу. 4. Сіңдіргіш құрамды жағу кезіндегі өту (бүрку) саны ескеріле отырып, оның бетон үлгілерінің су сіңіру қабілетіне әсерін зерттеу нәтижелері негізінде сулы ерітіндідегі сіңдіргіш құрамның оңтайлы концентрациясын анықтау. 5. Автокөлік құралының санатына байланысты модельдік дөңгелектен бетон жол жабынына берілетін кернеулерді есептеу әдістемесін әзірлеу. 6. Автокөлік құралдарын пайдалану жағдайында мұзға қарсы (ледофобты) сіңдіргіш құрамның тозуға төзімділігін бағалауға арналған эксперименттік зерттеулер жүргізудің стандартталмаған әдістемесін әзірлеу. 7. Мұзға қарсы (ледофобты) сіңдіргіш құрамның көлік құралының дөңгелегі мен бетон жол жабыны арасындағы ілінісу күшіне әсерін бағалауға арналған сынақтарды жүргізудің стандартталмаған әдістемесін әзірлеу. Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында құрылыс материалдарын зертханалық зерттеу әдістері, су сіңіргіштікті, аязға төзімділікті, тығыздықты және мұз қабығының адгезиялық кедергісін анықтау әдістері, сондай-ақ сіңдіргіш құрамдардың физикалық-механикалық қасиеттерін бағалау әдістері қолданылды. Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар: 1. Мұз қабығының адгезиялық кедергісін төмендетуге және соның нәтижесінде бетон жол жабындарының мұздануға қарсы қорғаныс тиімділігін арттыруға ықпал ететін бетон жолдарға арналған жаңа мұзға қарсы (ледофобты) сіңдіргіш құрамды әзірлеу. 2. Кератин алудың және мұзға қарсы (ледофобты) сіңдіргіш құрамды дайындаудың жаңа технологиялық процестерін әзірлеу, сондай-ақ құрамды бетон жолдарды мұздануға қарсы қорғау құралы ретінде барынша тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін компоненттердің оңтайлы арақатынасын анықтау. 3. Полимерлік компонент пен кератинқұрамды шикізатты қоса алғанда, сіңдіргіш құрам компоненттерінің физикалық-механикалық сипаттамаларын зерттеу, сондай-ақ олардың сулы ерітіндідегі үйлесімділігін анықтау. 4. Сіңдіргіш құрамды жағу кезіндегі өту (бүрку) саны ескеріле отырып, оның бетон үлгілерінің су сіңіру қабілетіне әсерін зерттеу нәтижелері негізінде сулы ерітіндідегі сіңдіргіш құрамның оңтайлы концентрациясын анықтау. 5. Нормативтік ең жоғары осьтік жүктемені, шинадағы қысымды және резеңке дөңгелектің серпімділік-икемділік қасиеттерін ескере отырып, автокөлік құралының санатына байланысты модельдік дөңгелектен бетон жол жабынына берілетін кернеулерді есептеу әдістемесін әзірлеу. 6. Автокөлік құралдарын пайдалану жағдайында мұзға қарсы (ледофобты) сіңдіргіш құрамның тозуға төзімділігін бағалауға арналған эксперименттік зерттеулер жүргізудің стандартталмаған әдістемесін әзірлеу. 7. Мұзға қарсы (ледофобты) сіңдіргіш құрамның көлік құралының дөңгелегі мен бетон жол жабыны арасындағы ілінісу күшіне әсерін бағалауға арналған сынақтарды жүргізудің стандартталмаған әдістемесін әзірлеу. Ғылыми жаңалығы. Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы полимерлік компонент пен ауыл шаруашылығы өнеркәсібінің қалдықтарын пайдалану негізінде бетон және цементбетон жол жабындарына арналған жаңа мұзға қарсы (ледофобты) сіңдіргіш құрамды әзірлеуде болып табылады. Теориялық маңыздылығы. Жұмыстың теориялық маңыздылығы бетон жабындарының төмен температуралар мен ылғалдың әсеріне төзімділігін арттыру мақсатында мұзға қарсы (ледофобты) сіңдіргіш материалдарды қолдану мүмкіндіктері туралы ғылыми түсініктерді кеңейтуде болып табылады. Практикалық маңыздылығы. Жұмыстың практикалық маңыздылығы әзірленген құрамды бетон және цементбетон автомобиль жолдарын, көпір құрылыстарын және мұз қату қаупіне ұшырайтын басқа да көлік инфрақұрылымы нысандарын пайдалану кезінде қолдану мүмкіндігімен айқындалады. Ғылымды дамыту бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі. Диссертациялық жұмыс Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің AP26197579 «Латекс эмульсиясы мен ауыл шаруашылығы өнеркәсібінің қалдықтарына негізделген бетон жолдардың мұзға қарсы агентінің құрамын және өндіріс технологиясын әзірлеу» атты гранттық жобасы аясында орындалды. Зерттеу қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізілді. Ізденушінің әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Зерттеу нәтижелерін алуда автордың үлесі елеулі болып табылады. Диссертациялық жұмыстың нәтижелері мен негізгі қағидалары төмендегі жарияланымдарда жарық көрді: – Web of Science Core Collection және Scopus дерекқорларында индекстелетін халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақала: 1. Ice-Phobic Keratin-Polymer Impregnation for Concrete Pavements: Performance, Adhesion, and Durability Assessment // MDPI. Infrastructures. – 2026. – Vol. 11. – Article 113. (CiteScore 6.0; Impact Factor 2.9; Q1). – Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген журналдардағы мақалалар: 1. Calculation of Model Stresses from a Motor Vehicle Wheel on the Contact Patch Depending on Tire Pressure // Bulletin of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. Technical Science and Technology Series. – 2026. – №1(154). – P. 23–34 (ҚР ҒЖБМ ҒЖЖСБК ұсынған тізімнің 2-тізбесі). 2. Stress Analysis of Cement Concrete Pavements under Traffic Loads // Bulletin of the Leading Kazakh Academy of Architecture and Construction. Construction. – 2026. – №1(99). – P. 205–219 (ҚР ҒЖБМ ҒЖЖСБК ұсынған тізімнің 2-тізбесі). – Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар материалдарының жинақтарындағы мақалалар: 1. Оценка ледофобизирующего состава цементно-бетонных дорог на водопоглощение // «Ǵylym jáne bilim – 2023» студенттер мен жас ғалымдардың XVIII халықаралық ғылыми конференциясының материалдар жинағы. – 2023. – Б. 5986–5991. 2. Ледофобизирующий пропиточный состав для бетонных дорог на основе полимерного компонента // «XVII Сағынов оқулары. Білім, ғылым және өндіріс интеграциясы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері. – 2025. – 3-бөлім. – Б. 375–377. – Авторлық куәліктер, патент (өнертабысқа берілген өтінім мәні бойынша сараптама сатысында): 1. Патент алу құқығын беру кезінде өтініш берушілер құрамына өзгерістер енгізу туралы өтінішхат. 2. Қазақстан Республикасы өнертабыс патентін беру туралы өтінім. «Бетон жолдарға арналған мұздануға қарсы сіңдіргіш құрам», 21.11.2025 ж. (жариялану сатысында). 3. №62457 авторлық куәлік. «Цементбетон жолдың сіңдіргіш құрамының тозуын ауқымды сынақтарда модельдеу үшін автокөліктің модельдік дөңгелегінен түсетін есептік кернеулерді бағалау», 2025 жылғы 26 қыркүйек. 4. №62456 авторлық куәлік. «Бетон жолдардың физикалық-механикалық сипаттамаларын зерттеу», 2025 жылғы 26 қыркүйек.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=1PgdDMuSZbI
