
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Енкебаева Айгерим Сексембайкызы «8D07329 – Құрылыс» білім беру бағдарламасы бойынша «» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Құрылыс кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Ресми рецензенттер:
Талал Аввад – PhD, император Александр І Санкт-Петербург мемлекеттік қатынас жолдары университетінің профессоры (Санкт-Петербург қ., Ресей).
Токанов Данияр Токанович – т.ғ.к, қауымдастырылған профессор, Сәулет-құрылыс факультетінің деканы, Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Анискин Алексей – т.ғ.к., Солтүстік университетінің «Құрылыс» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Вараждин қ., Хорватия).
Жукенова Гюльнара Абаевна – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, «Сәулет және құрылыс» факультетінің деканы, Торайғыров университеті (Павлодар қ., Қазақстан Республикасы).
Молдамуратов Жанғазы Нұржанұлы – PhD, қауымдастырылған профессор, «Тараз Аркон» ЖШС инженер-конструкторы (Тараз қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Лукпанов Рауан Ермағамбетович – PhD, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Eun Chul Shin – PhD, Инчхон Ұлттық университетінің азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс кафедрасының құрметті профессоры (Инчеон қ., Корея Республикасы).
Қорғау 2025 жылғы 25 шілде, сағат 11:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D07329 – Құрылыс» білім беру бағдарламасы бойынша «8D073 – Сәулет және құрылыс» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте офлайн және онлайн өтеді.
Сілтемесі: https://surl.li/xxyamm
Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Сатпаев көшесі, 2, Оқу-әкімшілік корпусы, №206 аудиториясы.
Аңдатпа (қаз.): Зерттеу мақсаты: Геосинтетикалық арматура материалдарының топырақ үйінділерінің жалпы орнықтылығына әсерін зерттеу және арматураланған негіздерді есептеу әдістемесін әзірлеу. Зерттеу міндеттері: 1.Геосинтетикалық арматура материалдарының зертханалық сынақтарын жүргізу; 2.Арматураланбаған және арматураланған топырақ үйіндісіне модельдік (лотоктық) сынақтар жүргізу; 3.Plaxis бағдарламалық кешені арқылы модельдік (лотоктық) үйінділердің сандық модельдеуін жүргізу; 4.Plaxis бағдарламалық кешені арқылы табиғи жағдайда арматураланбаған және арматураланған үйінділердің сандық модельдеуін жүргізу; 5.Арматураланған құрылымдарды модельдеу кезінде есептердің дәлдігін арттыру және ауқымды физикалық эксперименттерді азайту мақсатында зерттеу нәтижелерін талдау және салыстыру негізінде түзетуші әрекеттерді әзірлеу; 6.Үйінділердің орнықтылығы мен сенімділігін арттыруды ескере отырып, геосинтетикалық материалдарды тиімді қолдануға арналған ұсынымдарды әзірлеу. Зерттеу әдістері: Теориялық талдау, ГОСТ және ASTM стандарттары бойынша зертханалық сынақтар, масштабтағы модельдік сынақтар (1:30), Plaxis бағдарламасында соңғы элементтер әдісін қолдана отырып сандық модельдеу. Эксперименттік және есептік деректерді салыстырмалы талдау арматуралаудың үйінділердің орнықтылығына әсер ету заңдылықтарын және сандық модельдеуді практикалық қолдануға арналған түзету коэффициенттерін анықтауға мүмкіндік берді. Қорғауға ұсынылатын негізгі ережелер: 1.Геосинтетикалық материалдардың арматуралауға жарамдылығын дәлелдейтін зертханалық сынақ нәтижелері; 2.Модельдік сынақ нәтижелері: геосинтетика қолдану арқылы деформациялардың едәуір азаюы және жалпы орнықтылықтың артуы; 3.Модельдік үйіндіге жүргізілген сандық модельдеу нәтижелері және оларды модельдік сынақтармен салыстыру; 4.Табиғи үйінділердің сандық модельдеу нәтижелері және модельдік нәтижелермен салыстыру; 5.Арматураланған құрылымдарды модельдеу дәлдігін арттыруға мүмкіндік беретін түзетуші әдістемелер. Зерттеу нәтижелерінің сипаттамасы: Диссертациялық зерттеу нәтижесінде геосинтетикалық материалдардың физика-механикалық сипаттамалары мен олардың топырақпен өзара әрекеттесу параметрлері анықталды, арматураланған және арматураланбаған үйінділерге модельдік сынақтар жүргізілді, Plaxis 2D бағдарламасында кернеулі-деформациялық күйдің сандық модельдеуі орындалды. Арматуралаудың үйіндінің орнықтылығына әсер ету заңдылықтары мен кернеу таралу сипаттары анықталды. Арматураланған үйінділерді есептеу және жобалау әдістемесі әзірленіп, Қазақстан Республикасының жағдайларына бейімделген практикалық ұсынымдар ұсынылды. Зерттеу нәтижелері ғылыми және қолданбалы маңызға ие және әлсіз әрі ылғалды топырақтарда көлік, өндірістік және инженерлік инфрақұрылымды жобалауда қолданылуы мүмкін. Ғылыми жаңалық пен маңыздылықтың негіздемесі: 1.Геосинтетикамен арматураланған үйінділердің орнықтылығын зерттеуге кешенді тәсіл ұсынылды, ол зертханалық, модельдік және сандық әдістерді біріктіреді; 2.Plaxis бағдарламалық ортада модельдік сынақтар нәтижелері негізінде сандық модельдеуді түзету әдісі әзірленді; 3.Үйінділердің деформациялық сипаттамаларының геосинтетикалық материал түрі мен конфигурациясына тәуелділігі анықталды; 4.Қазақстанның күрделі климаттық және геологиялық жағдайларында арматураланған үйінділердің орнықтылығы эксперименттік түрде дәлелденді; 5.Геосинтетикалық материалдарды арматуралау үшін қолдануға арналған технологиялық ұсынымдар әзірленді. Осылайша, жұмыстың ғылыми жаңалығы эксперименттік зерттеулерді, сандық модельдеуді және практикалық ұсынымдарды біріктіретін кешенді тәсілде көрінеді. Бұл геосинтетикалық материалдарды қолдана отырып, үйінділерді жобалау мен нығайту тәсілдерін айтарлықтай жетілдіруге мүмкіндік береді. Ғылымды дамыту басымдықтарына сәйкестік: Зерттеу Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы аясында (грант №BR21882278) жүзеге асырылуда. Әр мақалаға ізденушінің қосқан үлесінің сипаттамасы: Ізденуші барлық жарияланымдарды дайындауға тікелей қатысып, зерттеу нәтижелерін отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда жариялады. 1.Comparative analysis of design solutions of a reinforced railroad embankment using various calculation methods // International Journal of GEOMATE. – 2021. – Vol. 21, No. 87. – P. 58-63 (Cite core 1.7, Процентиль 40). 2.Additive for improving the quality of foam concrete made on the basis of micro silica and quicklime // Комплексное использование минерального сырья (Журнал КИМС. Satbayev University) – 2022. – No. 4(323). – P. 30-37. 3.Модельные испытания насыпи золошлаконакопителя для оценки влияния геосинтетических материалов армирования на общую устойчивость // Труды университета (ҚарТУ). – 2022. – №2(87). – С. 162-168. 4.Оценка устойчивости насыпи золошлаконакопителя с использованием геосинтетических материалов армирования методом конечных элементов // Труды университета (ҚарТУ). – 2022. – №3(88). – С. 173-178. 5.Assessment of ash-storage collector stability using geosynthetic reinforcement elements by tray testing and numerical modeling // Известия Национальной академии наук Республики Казахстан. Серия геология и технические науки. – 2022. – Т. 3, №453. – С. 212-225.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=b_BesKP6eNA
