
«8D11105 - Туризм» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Муканов Айдар Хамзеевич диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Муканов Айдар Хамзеевич «8D11105 – Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақстан аймақтарында туристік кластерлердің ұлттық моделін қалыптастыру» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Туризм» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Ресми рецензенттер:
Акимов Жаксылык Макмутович
Ниязбаева Алия Турсыновна - философия докторы (PhD)
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Абдиманапов Бахадурхан Шарипович - ғылым докторы
Дунец Александр Николаевич - ғылым докторы
Кадырбекова Динара Сериковна - доцент, Доцент (и.о.)
Ғылыми кеңесшілері:
Муталиева Ляйля Маратовна – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Туризм» кафедрасының меңгерушісі (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Девадзе Анзор Хемидович - экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Ш. Руставели атындағы Батуми мемлекеттік университетінің «Туризм» кафедрасының меңгерушісі (Батуми қ., Грузия).
Қорғау 2024 жылғы 25 желтоқсан, сағат 11:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D11105 – Туризм» мамандығы бойынша «8D111 – Қызмет көрсету саласы» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/3EjUQN
Мекен-жайы: Астана қаласы, Қ. Сәтпаев көшесі, 2, №302 аудитория.
Аңдатпа (қаз.): «8D11105 - Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған Муканов Айдар Хамзеевичтың «Қазақстан аймақтарында туристік кластерлердің ұлттық моделін қалыптастыру» диссертациялық жұмысы. Зерттеудің өзектілігі. Туристік нарықтағы бәсекелестіктің заманауи сипаты жергілікті туристік аймақтарды дамыту мәселелерінің маңыздылығын аймақтық және республикалық деңгейге жеткізеді, соның нәтижесінде туристік аймақтарды дамытудың интеграциялық процестеріне басқа да институционалдық құрылымдар, соның ішінде экономиканың сабақтас секторлары да белсене түрде қосыла бастады. Бұл туризмді ұйымдастыру тәсілдерін өзгертуге және туризм инфрақұрылымында, оның ішінде кластер сияқты мүлдем жаңа жүйелік құрылымдардың қалыптасуына атарлықтай күшті әсер етеді. Кластердің туристік қызмет көрсетуді кеңістіктік ұйымдастыру арқылы туристік аймақтың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға бағдарлануы осы жүйеге қатысушыларды тұрақты өзара әрекеттесу режимінде турстік келушілердің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін жаңа тәсілдерді іздеуге және енгізуге мәжбүр етеді. Нәтижесінде экономикалық, әлеуметтік-мәдени қатынастардың жаңа түрлері қалыптасады, бұл қалыптасулардың аймақтық және ұлттық экономикаға әсер ету сипаттары да өзгереді, нарықта институционалдық өзгерістер орын алады және т.б. Бұл өз кезегінде, бүгінгі таңда көптеген елдердің алдында жергілікті аумақ шекарасында бар әлеует негізінде құрылуы мүмкін туристік кластерлердің ең тиімді моделін анықтау және таңдау мәселесін туындатып отыр. Қазіргі жағдайда туризмді ұлттық экономиканың толыққанды секторы ретінде дамыту Қазақстанда әртараптандыру бағыттарының бірі ретінде қарастырылуда. Шетелдік және отандық туристер аудиториясының туристік өнімге деген қызығушылығы артып отырған жағдайда Қазақстанда бұл саланы дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Мысалы, ЮНВТО-ның соңғы мәлеметтеріне сәйкес, Ковидтен кейінгі жағдайда халықаралық туризм нарығында білім беру, тарихи және мәдени турлар мен демалыстың басқа түрлеріне қызығушылық тантқан туристер саны Ковидке дейінгі кезеңмен салыстырғанда 15%-ға өсті. Бұл Қазақстан туристік аумақтарында дамытудың тиімді тетіктерін анықтай отырып, туризм тұрғысынан тартымды елдердің біріне айналуы мүмкін дегенді білдіреді. Қазақстандағы туристік аумақтардың тартымдылығын арттыру бағыттарының бірі ел аймақтарының даму жағдайлары мен ерекшеліктеріне бейімделген туристік кластердің ұлттық моделін қалыптастыру болып табылады. Дегенмен, табысты кластерді құру үшін мына салаларда дұрыс тәсілдер әзірлеу қажет: ел аймақтарындағы қолда бар ресурстардың ерекшеліктеріне негізделген туризмді кеңістіктік ұйымдастыру; туристік өнімдер мен қызметтерді дамыту және жылжытумен жеке айналысатын субъектілер арасында ғана емес, сонымен қатар туристік аймақты дамытуға мүдделі мемлекеттік мекемелер арасында облыс шекарасында интеграциялық процестерді дамыту шарттарын анықтау; нарықтық ортаның дамуының ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес институционалдық құрылымды қалыптастыру; жергілікті қоғамдастықтың дамуының ұлттық ерекшеліктеріне негізделген бәсекелестік артықшылықтарды қалыптастыру және т.б. Бұл аспект осы салада, әсіресе туризмді дамытудың ұлттық басымдықтарына да, туристердің үміттеріне де жауап беретін туристік кластердің тиімді моделін қалыптастыру саласында бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігін өзекті етеді. Диссертациялық зерттеудің мақсаты. Замануи туристік кластерлердің қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын зерделеу негізінде туристік кластердің ұлттық үлесін әзірлеу, сондай-ақ оны Қазақстан аймақтарында енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу. Осы мақсатқа жету үшін келесі негізгі міндеттер белгіленді: - қазіргі заманғы кластерлердің жұмыс істеуі мен дамуының сипаттамаларын теориялық негіздеу, туристік нарықты дамыту шарттарына және Қазақстанның аймақтық экономикасының инстуционалдық құрылымына сәкес келетін «туристік кластер» анықтамасын нақтылау; - туристік кластерлердегі әлеуметтік-мәдени ортаны дамытудың негізгі аспектілерін сипаттау, қазіргі жағдайда туристік кластерлерді қалыптастыру шарттарына әсер ететін негізгі факторларды анықтау; - туризм индустриясының даму ерекшеліктерін зерделеу, статистикалық құралдар мен сараптамалық бағалау негізінде туризм саласындағы кластерлік бастамаларды құру және дамытудағы мемлекеттің рөлін талдау, туристік кластерлерді қалыптастырудағы негізгі проблемаларды айқындау; - ел аймақтарындағы туристік кластерді кеңістіктік-аумақтық ұйымдастырудың негізгі бағыттарын анықтау, туристік аймақтың ерекшелектерін көрсететін құрамдас бөліктерін негіздеу; - елдің туристік аумақтарын дамыту ерекшеліктеріне сәйкес келетін туристік кластердің ұлттық моделін әзірлеу және ел аумақтарында іске асырудың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын негіздеу. Зерттеу объектісі. Жергілікті туристік аймақтың шекарасында туризм саласында қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар, сондай-ақ ел аймақтарындағы туристік аймақтарды дамытуға мүдделі мемлекеттік мекемелер. Зерттеу пәні. Жергілікті туристік кеңістіктің туристік нарығы субъектілерінің шынайы әлеуметтік-мәдени орта мен ұлттық құндылықтар негізінде туристік аумақтың бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру шеңберінде туындайтын ұйымдық-экономикалық қатынастары. Диссертациялық зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Диссертациялық жұмыстың теориялық негізін туризм саласындағы кластерлік жүйелердің қалыптасуы мен дамуының негізгі аспектілерін, олардың қазіргі жағдайда қызмет еті жағдайларын, сондай-ақ тұрақты дамуды қамтамасыз ету шеңберінде кластер субъектілері арасындағы қарым-қатынастардың ерекшеліктерін қамтыған шетелдік және отандық ғалымдардың іргелі ғылыми еңбектері құрады. Диссертациялық жұмыстың әдіснамалық негізгі зерттеу шеңберінде ғылыми танымның теориялық және эмперикалық әдістерін пайдалануға негізделген. Осылайша, теориялық жалпылау шеңберінде абстракциялау, салыстыру және синтездеу әдістері кеңінен қолданылды, бұл кластерлік жүйелердің қазіргі заманғы қасиеттерін сипаттауға мүмкіндік береді. Туризм саласының даму ерекшеліктерін зерделеу және туристік кластерлерді қалыптастырудың негізгі бағыттарын анықтау барысында статистикалық және кластерлік талдау, сондай-ақ сараптамалық бағалау құралдары пайдаланылды. Туристік кластерді кеңістіктік-аумақтық ұйымдастырудың негізгі бағыттарын анықтау кезінде негізгі құралдардың бірі ретінде таксономиялық тәсіл қолданылды. Ақпараттық база ретінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің Ұлттық статистика бюросының, Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің, «KazakhTourism» ҰК АҚ-ның, Сауда және интеграция министрлігінің, Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының, Ақмола облысының туризм басқармасының, Дүниежүзілік экономикалық форумының, «Әлемдік саяхаттар және туризм кеңесі» халықаралық платформасының, Дүниежүзілік туристік ұйымының (ЮНВТО) ресми дереккөздері бойынша ұсынылған деректері болды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы төмендегідей: - қазіргі жағдайда туристік кластерлердің қалыптасуы мен қызмет етуінің теориялық принциптері тереңдетіліп, жүйеленді, «туристік кластер» анықтамасының авторлық түсіндірмесі ұсынылды; - кластерлік ортаның өзіндік ерекшеліктері қарастырылды, кластердің шынайылығына әсер ететін негізгі факторлар анықталды, туристік кластерлердің классификациясы толықтырылды; - қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының туристік индустриясының дамуын талдау, туризмді дамытудың негізгі тенденцияларын анықтау, кластерлік талдауды қолдану, туристік кластерлерді қалыптастырудың негізігі бағыттары негізінде елдің аймақтары айқындалды; - сараптамалық сауалнама негізінде республика өңірлерінде туристік кластерлердің қалыптасуы мен дамуына әсер ететін негізгі факторлар анықталды; - ауданның ерекшеліктерін және елдегі туристік индустрияны дамытудың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, туристік кластердің ұлттық моделі ұсынылыды. Қорғауға ұсынылған диссертациялық жұмыстың ережелері: - туристік кластерлердің заманауи сипаттамаларын зерттеу және кластерлік жүйелердің салыстырмалы сипаттамаларын зерттеу негізінде анықталған «туристік кластер» анықтамасының авторлық түсіндірмесі. Кластер анықтамасы шегінде локализацияланған экономикалық-географиялық кеңістік ретінде ұсынылағн өзара тығыз әрекеттесетін мүдделі тараптардың (білім беру ұйымдарының, ғылыми-зерттеу институттарының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар басшылығының, қауымдастықтардың, қоғамдық бірлестіктердің) белсенді қатысуымен әртүрлі дәрежедегі кәсіпорындар (тураператорлар, турагенттер, орналастыру орындары, көлік ұйымдары және т.б.) жергілікті ресурстар мен әлеуметтік-мәдени ортаның ерекшеліктері негізінде өндірілген туристік қызметтерді тұтыну үшін бірегей жағдайлар жасады; - туристік кластердің классификациясы, қазіргі жағдайда туристік кластерлердің қалыптасуына әсер ететін факторлар. Зерттеу шеңберінде туристік кластерлердің классификациясы толықтырылды, кластерлерді қалыптастырудың негізгі шарттары, сондай-ақ аймақтағы кластерлердің қалыптасу процесіне әсер ететін факторлар анықталды; - өңірлік туристік қызмет көрсету нарығын зерттеу негізінде жүзеге асырылатын өңірлердегі туризмді дамытудың кластерлік талдауы. Талдау көрсеткендей, Қазақстан аймақтарын туризмді дамытудың негізгі көрсеткіштеріне сүйене отырып, жергілікті туристік объектілерінің бірегей қасиеттері мен басқа да артықшылықтары негізінде кластерлердің әртүрлі түрлерін қалыптастыру және дамыту мүмкін болатын бірқатар топтарға бөлуге болады, сонымен қатар елдің ұлттық ерекшеліктерін ескеу қажет; - жергілікті жердің туристік ресурстары мен инфрақұрылымының ерекшеліктерін ескере отырып, туристік аумақтарды кластерлеуге таксономиялық көзқарас. Зерттеулер көрсеткендей, аймақтарда таксондарды сәйкестендіру негізінде аумақтарын кластерлеуге болатын бірқатар бағыттар бар. Әрбір таксон аумақтық бірлік ретінде әрекет етеді. Бұл бірліктерді олардың жергілікті жер үшін маңыздылығы мен сипаттамаларына негізделген жинаққа біріктіру кластер түзелу процестері орын алуы мүмкін кеңістіктің әлеуетті шекараларын белгілеуге мүмкіндік береді; - Ақмола облысының межелі шекарасында «Этноауыл» тарихи-мәдени кешенді түріндегі туристік кластердің ұлттық үлгісін құру. Бұл модельді жүзеге асыру баратын жердің тартымдылығын айтарлықтай арттыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілердің интеграциялық байланыстарын ретке келтіруге және тұтастай алғанда аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етуі мүмкін. Диссертациялық зерттеудің практикалық маңызы. Диссертациялық зерттеу барысында алынған нәтижелер туристік кластерлерді қалыптастыру және дамыту саласындағы отандық ғылымдағы теориялық ережелерді толықтыра алады. Туристік кластерлердің ұлттық үлгісін құру бойынша әзірленген және ұсынылатын ұсынымдарды елдің өңірлеріндегі жергілікті билік органдары дестинация және басқа туристік аумақтар шекараларында туристік қызметті кеңістіктік ұйымдастыру шеңберңнде пайдалана алады. Кейбір нәтижелерді туристік аймақты дамытуға мүдделі жеке нарық субъектілері, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілер пайдалана алады. Диссертациялық жұмысты магистратура мен докторантурада туризм секторы үшін кадрлар даярлауда оқу материалы ретінде пайдалануға болады. Зерттеу нәтижелерін енгізу. Зерттеу нәтижелері операциялық жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеу шеңберінде «KazakhTourism ҰК» АҚ қызметінде, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриасы комитеті туризмді дамыту бойынша іс-шараларды әзірлеуде, Астана қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту жоспарын әзірлеу мақсатында Қазақстан өңірлеріндегі туристік аймақтар, «Astana Development Center» ЖШС-де пайдаланылды. Аталған субъектілердің зерттеу нәтижелерін пайдалану енгізу актілерімен (сертификаттармен) расталады (Қазақша А). Зерттеу нәтижелерін апробациялау және жариялау. Диссертациялық жұмысты дайындау шеңберінде белгілі ережелермен ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған журналдарда, SCOPUS халықаралық деректер базасында индекстелген жарияланымдарда және басқа да халықаралық мерзімді басылым жинақтарында жарияланды: 1. Особенности и признаки современных туристских кластеров // Вестник ЕНУ им. Л.Н. Гумилева. Экономическая серия. – 2022. ‒ №2. – С. 262-273. 2. Зарубежный опыт формирования и развития туристских кластеров // Вестник университета Туран. – 2022. ‒ №3(95). – С. 132-144. 3. Формирование туристских кластеров на территории Щучинско-Боровской курортной зоны // Вестник КазНУ. Серия географическая. – 2022. – Т. 67, №4. – С. 106-124. 4. Туристік өңірдің экономикалық белсенділігін арттырудағы брендингтің рөлі // Вестник Казахского университета экономики, финансов и международной торговли. – 2023. ‒ №1(50). – С. 172-178. 5. Formation of Tourist Clusters in Ecotourism Centers: Case of Zerenda Resort Center in Kazakhstan // Journal of Environmental Management and Tourism. Fall. - 2023. – Vol. 14, Issue 6(70). - Р. 2641-2659. 6. Branding of tourist cluster systems: case of Almaty mountain cluster in the republic of Kazakhstan // GeoJournal of Tourism and Geosites. – 2023. ‒ Vol. 49, №3. - P. 1152-1164. Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Диссертацияның негізгі бөлімдері ұсынылған ережелерді визуалды қабылдау үшін кестелік және графикалық материалдармен қоса беріледі. Жұмыс машинкамен басылған мәтін түрінде 188 бетті құрады.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/LYk6qPOIM5Q?si=CFTQtdKCXlw47LB1
