
Беларусь мемлекеттік университетінің заң факультеті біздің университетпен ынтымақтастыққа, әсіресе ғылыми зерттеулер саласында үлкен қызығушылық танытты
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң факультеті әлемнің 400 үздік университетінің қатарына кіретін Беларусь мемлекеттік университетінің заң факультетімен ынтымақтастықты бастады (QS World University Rankings бойынша 387 орын).
Беларусь мемлекеттік университетінің заң факультеті біздің университетпен ынтымақтастыққа, әсіресе ғылыми зерттеулер саласында үлкен қызығушылық танытты. Олар оқытушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстарының бірлескен басылымдарына қатысуға дайын. Болашақта ғылыми кадрларды даярлау және бірлескен ғылыми жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруды қамтитын ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отырмыз.
Осы ынтымақтастық аясында Беларусь мемлекеттік университетінің заң факультеті біздің студенттерді ғылыми мақалаларын университеттік конференция материалдарында тегін жариялауға шақырды. Біз 15 ақпанға дейін 3-4 үздік студенттік жұмысты жариялауға жіберуді жоспарлап отырмыз.
Төменде ғылыми жұмыс жазу талаптары көрсетілген:
