
«6В01511-Информатика» «Атамекен» ҰКП ұйымының бағалауы бойынша жеңімпаз атанды

«Атамекен» ҰКП ұйымының бағалауы бойынша Қазақстандық жоғары оқу орындарының 2024 жылға арналған білім беру бағдарламалары рейтингінің қорытындысы жарияланды.
Информатика кафедрасының «6В01511-Информатика» БББ қатысып, жеңімпаз атанды. «6В01511-Информатика» БББ, 2021 жылдан бастап үзіліссіз 1 орынды иеленуде.
Информатика ғылымына қызығушылық танытқан білім алушыларды тәрбиелеп келе жатқан ИНФОРМАТИКА кафедрасының ұжымын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Білім алушыларға информатика ғылымының негізін үйретіп, олардың ғылыми, қолданбалы және кәсіби педагогикалық жетістіктерге жетуіне үлес қосып келе жатқан кафедра ұжымының елімізге қажетті білікті мамандар дайындап жатқанын ерекше атап өтеміз. Осы игі жолда сіздерге зор табыстар мен жаңа биіктерге жетуді тілейміз!

