
2025 жылдың 14-16 сәуірінде ЕҰУ-да «Ғылымдағы, техника мен индустриядағы жасанды интеллект және кері есептер» атты Еуразиялық халықаралық ғылыми конференция өтеді.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2025 жылдың 14-16 сәуірінде Ақпараттық технологиялар факультетінің ұйымдастыруымен «Ғылымдағы, техника мен индустриядағы жасанды интеллект және кері есептер» атты Еуразиялық халықаралық ғылыми конференция өтеді.
Конференцияның мақсаты аталған салалардағы көрнекті ғалымдар мен жас зерттеушілерді тәжірибе алмасу және жаңа нәтижелерді талқылау үшін біріктіру болып табылады: жасанды интеллект, жаратылыстанудың кері және дұрыс емес қойылған есептері; ақпараттық коммуникациялық технологиялар; криптография және киберқауіпсіздік саласындағы есептеу интеллектісі.
Қатысуға тіркелу (сілтеме): https://forms.gle/AiGXuHhAFX1eC52u7
Халықаралық бағдарламалық комитет
Конференцияның негізгі бағыттары
Баяндама тезистерін рәсімдеуге қойылатын талаптар
